Мен және менің отбасым

0
250



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

ІI- кіші тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім саласы: Әлеуметтік орта
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Мен және менің отбасым.
Мақсаты: Отбасы мүшелерінін атауларымен таныстыру, отбасы мүшелеріне сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.
Билингвизм: Менің отбасым-Моя семья-My family, әке-отец-father, ана-мать-mother, аға-брат-brother, апа-сестра-sister.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы
Балалар, шаттық шеңберіне жиналайық.
Бір-біріміздің қолымыздан ұстасып, бірге қайталайық.
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік! Бір-бірімізге күле қарап, қуаныш сыйлайық, орындарымызға отырайық..
Шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірімен қол ұстасып, тәрбиешінің айтқанын қайталайды. Бір-біріне қуаныш сыйлайды, орындарына барып отырады.

Ұйымдастыру кезеңдері
Ендеше, балалар, мына суретке қараңдаршы. Кімдерді көріп тұрсыңдар?
Бұларды бір сөзбен отбасы мүшелері деп атайды. Қайталайықшы.
Әже не істеп жатыр?
Атасы мен әкесі не істеп отыр?
Анасы не істеп жатыр?
Қызы не істеп жатыр?
Баласы не істеп отыр?
Суретке ат қояйықшы Менің отбасым деп қоюға болады.
Енді балалар бүгінгі үйренген сөздеріміздің орысшасын және ағылшыншасын қайталап үйренейік:Менің отбасым-Моя семья-My family, әке-отец-father, ана-мать-mother, аға-брат-brother, апа-сестра-sister. Ал қазір, балалар, Анам тақпағын бәріміз бірге жаттайық. (3 рет қайталайды.)
Анам менің сүйкімді,
Қарақаттай көздері.
Жаныма жылы тиеді,
Ақылмен айтқан сөздері.
Атаны, әжені, ананы, әкені, балаларын.
Отбасы мүшелері қайталайды.

Әжесі биялай тоқып отыр.
Олар телевизор қарап отыр.
Анасы тамақ әзірлеп жатыр.
Анасына қөмектесіп жүр.
Баласы кітап оқып отыр.

Менің отбасым

Сөздердің орысшасын, ағылшыншасын тәрбиешімен бірге қайталайды.

Тәрбиешімен бірге тақпақты жаттайды.

Рефлексивті коррекциялаушы
Дидактикалық ойын ойнату.Өз туыстарыңды таны (суреттері бойынша)

Суреттері бойынша отбасы мүшелерін атайды.

Күтілетін нәтиже: Отбасы мүшелерін атайды.
Бала игеру керек:Жаңа сөздердің орысшасын, ағылшыншасын
Бала жасай білу керек:Сурет бойынша сұрақтарға жауап береді, тақпақты бірге қайталайды.


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.