Мен тәуелсіз Қазақстанның білімді ұрпағымын — Сценарилер — Bilim

0

Мен тәуелсіз Қазақстанның білімді ұрпағымын

«Қ.Байменов атындағы жалпы орта мектеп» МКМ-сінің

Технология пәні мұғалімі: Нысанбекова Айгүл Болатқызы

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! 

Міне, көзді ашып жұмғанша, осы жылы Қазақ халқы тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлайды. Тәуелсіздікке жету  – оңай жолмен келген жоқ, ол бәрімізге мәлім. Бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалуы.

Биыл үлкен мереке. Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды. Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз. 16 желтоқсан тарихтағы ең ұлы күн. Бұл күн Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған күн. Тәуелсіздіктің қалыптастыру жылдарында Қазақстан Республикасы көптеген жетістіктерге жетті. Тәуелсіздіктің бізге бергені ұшан теңіз, әлі де берері мол екеніне сенеміз.

Тәуелсіздікке тарту ретінде мектебіміздің 7а – 7ә – 6 сынып оқушылары арасында өткелі отырған «Мен тәуелсіз Қазақстанның білімді ұрпағымын» атты қолөнер сайысына қош келдіңіздер.

Бастарыңа қонсын дәйім бақ құстары,

Күн қуатын тілейміз ғарыштағы.

Ұзақ ғұмыр, қуаныш, нұр сыйласын,

Өмірдің тоқтамайтын ағыстары,  — дей отырып, өмірдегі, өнердегі шеберлігін шыңдауға ортаға ару қыздарымызды шақырамыз.

Сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.

1 сайыс. «Сәлем сөздің атасы» деп аталады, әр топ өздерін таныстырып өтеді.

2 сайыс. «Ана көрген тон пішер» деп аталады, қолөнер бұйымдарын жасап көрсету.

3 сайыс. «Ою ойғанның ойы ұшқыр» Бұл сайыста оқушылар ою — өрнек үлгісін қырқып көрсетеді.

4 сайыс. «Білімді мыңды жығар» сұрақ – жауап кезеңі.

5 сайыс. «Ас адамның арқауы»

6 сайыс. Сән үлгісін көрсету.

Өнер, білім өнеге тұнған дарын,

Өнерліге өз басым таңқаламын.

Өнерді әділдікпен бағалайтын,

Таныстырайын әділқазы алқаларын.

Сыздықова Назира апай – мектептің педагог ұйымдастырушысы

Ахметова Гүлзира апай – мектептің психологы

Нысанбекова Айгүл апай – технология пәні мұғалімі

Әлім Гүлжазира апай – технология пәні мұғалімі

 

І. Қыздарымыз дайын болса сайысымызды бастаймыз.

1 бөлім. «Сәлем сөздің анасы»

Тасқындатып біз бүгін жыр бұлағын.

Өзімізше өзгеріп сән құрамыз.

Бұл сайыстың алғашқы кезеңінде,

Таныстырсын өздерін аруларым.

Әділқазылар алқасынан бағалауды сұраймыз.

ІІ. Қандай жақсы майысып тұрғандарың,

Бойларыңа жиғандай өнер бағын.

«Ана көрген тон пішер» деген бер ғой,

Ару қыздар көрсетсін бұйымдарын.

Шеберлерім өнер тамып қолынан,

Жаңылмаған та – баба жолынан,

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,

Біз айтайық төрелігін соңынан, — дей отырып келесі кезекте «Ана көрген тон пішер» деп аталатын сайысымыздың күрделі шарттарының бірі қолөнер бұйымдарын жасап көрсету сайысын бастаймыз.

Әділқазылар алқасынан бағалауды сұраймыз.

ІІІ.- Қошқармүйіз, құс қанаты баяғы,

Әдемілік әсемдікке саяды.

Он саусағы әр өнерге икемді,

Бойжеткендер жарыса ою ояды.

Қазақтың ою — өрнегі,

Қолөнеріміздің келбеті.

Ою ойғанның ойы ұшқыр,

Қыздардың бұл да өнері.

Қыздарымыз қазақтың ұлттық ою — өрнектерін қағаздан қиып, ою — өрнек композициясын аз уақыт ішінде бейнелеп шығады.

Әділқазылар алқасынан бағалауды сұраймыз.

ІV. Ақылдылық аруға жарасады,

Көзі ашыққа кім бүгін санасады.

Келесі сұрақ жауап сайысында,

Сыналар білім мен парасаты,

Бұл сайыстың шарты кеспе қағаздарды таңдап алып сұрақтарға жауап бересіздер.

Әділқазылар алқасынан бағалауды сұраймыз.

V. жақсы ісі шығарар адам атын,

Танытқандай мөр қасқаны маңдайымнан,

Тәтті қолмен жасалған дәмді астың.

Дәмі кетпес талай уақыт таңдайымнан.

Қыздарымыз үйден дайындап әкелген ұлттық тағамдарды ұсынады.

Сайысымыздың соңғы шарты сән үлгісін көрсету.

Әділқазылар алқасынан бағалауды сұраймыз.

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Ою ойып, ал біреуі ас әзірлепті,

Осы бір сайыстардан бәйге алуға,

Барлығы аянбай – ақ жан салыпты.

Міне, бүгін сайыста мектебімізде көп өнерлі жастарымыздың   Бар екеніне көз жеткіздік.

Қыздар бүгін сендер «Мен тәуелсіз Қазақстанның білімді ұрпағымын» атты сайысымызда өз білімдеріңді ортаға салып, жан–жақты өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан барлық қыздарға «Өнерлерің өрге жүссін» дейміз.