Мен өз Отанымның патриотымын!
Мен- өз Отанымның патриотымын!
1. Отанды сүюге, туған жеріне, еліне дегенсүйіспеншілігін арттыруға, халқымыздың салт -дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға,болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетугебілімді адам керек екенін түсіндіру, оқушылардыңсөйлеу мәдениетін, тілдерін дамыту.2. Оқушыларды ұлтжандылыққа, инабаттылыққа,достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Мақсаты:
Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан:Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек.Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай.
«Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік. Жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын, өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді сезіну, қысқасын айтқанда патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын біріктіреді» Б.Момышұлы