Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Мен өмірді қалаймын
Автор: Сейлхан Аделя Серікқызы
Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Эссе, шығарма, мазмұндама Сыныбы: 3 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-13
Материал туралы қысқаша түсінік
» Мен өмірді қалаймын » тақырыбына жазған оқушы шығармашылығы.
Мен өмірді қалаймынМіне , Қазақстан өркендеу үстінде.Әрине еліміздің арайлы таңының ертеңгі күні , болашағы біздер жастар. Әр адамның келешегі және өмірі өз қолында. Өмір бұлақ … біз бәріміз сол бұлақтың ағысымен талмай еңбектене отырып жетістікке жетеміз. Елді биікке көтереміз. Егерде жаман жолға түссек, өміріміздің маңызын өз қолымызбен жіберіп аламыз.Қазіргі кезде, жастар өздерін көрсеткісі келіп көп жағдайда бұрыс жолға түседі. Бұл жастардың бойындағы тәрбиесі мен мәдениетінің негізі болмағанының белгісі. Бұл негіз , біріншіден әр отбасынан басталады. Отбасы- бұл тәрбиенің отаны. Есірткі адам өмірін жалмап , тағдырын күл талқан ететін қасірет. Есірткіге елігіп өз балалық шағына , болашағына балта шабу біздің «адам » деген атымызға мүлдем жат. Қазіргі таңда есірткінің зиянын біле тұра оған қарсы шығуға дәрмені жетпейтін жастар көбейді. Бұл жолға түскенде адам тек өзін бақытсыз етпейді , сонымен қатар аяулы ата- анасын , туған –туыстарын, достарын жерге қаратып , жігерін құм етеді. Өмірді мәнді , бақытты ету үшін ең алдымен адамға мықты денсаулық қажет. Мықты денсаулық адамға салауатты өмір салтын сақтаған жағдайда ғана болады. Және әр адам өмірді сүйе білу керек. Мен жақсы өмірді қалаймын.