Мен концепциясының тұжырымын анықтау өлшемдері
Мен концепциясының тұжырымын анықтау өлшемдері
Тұлға әлеуметтенуі — бұл тұлғаның қоғамдық құндылықтар мен адамзаттық ұнамды әрекет-қылық әдістерін меңгеруі негізінде қауым тіршілігіне қажет қабілеттерді қалыптастыруы.
Әлеуметтену үдерісінде адам әлеуметтік қалыптарды меңгереді, әлеуметтік рөлдерді пайдалану әдістері мен қоғамдық әрекет-қылық дағдыларын игереді. Тұлғаның әлеуметтенуі әлеуметтік шындықты тану негізінде қалыптасып барады.
Тұлға әлеуметтенуінің негізгі көздері:
1) ерте балалық шақ тәжірибесі — психикалық қызметтер мен әрекет-қылықтық қарапайым формаларының қалыптасуы;
2) әлеуметтік мекемелер — тәрбие, оқу, білім жүйелері;
3) қарым-қатынас және іс-әрекет үдерісіндегі адамдардың өзара ықпал-әсері.
Әрқандай әлеуметтік роль өз ішіне көптеген мәдени қалыптар, ереже — лер және әрекет-қылық үлгілерін қамтиды. Өмір барысында әрбір адам жасы мен қызмет бабының өсуіне орай бір емес, бірнеше әлеуметтік рөлдерді меңгеруіне тура келеді.
Өз мазмұны бойынша әлеуметтену құбылысы — екі тарапты үдеріс. Бір жағынан, ол — қоғам тарапынан әлеуметтік тарихи тәжірибені, рәміздерді, құндылықтар мен қалыптарды келесі әулетке жеткізу болса, екінші жағынан, — оларды тек өкілінің игеруі, өз меншігіне өткізуі (ин — териоризациялауы).
Бұл орайда интериоризациялау дегеніміз сырттай көріністі қоғамдық өмір үдерістерінің ішкі саналық үдерістерге өтіп, тиісті өзгерістерге келуі, яғни жалпылануы, сөздік (вербалды) формаға енуі, бұдан былайғы даму қабілетін иемденуі.
Тұлға үшін әлеуметтену үдерісінің алғашқы кезеңдердегі басты мәні — өз әлеуметтік орнын іздеп, табуы. Бұл үдерістегі тек өкілі үшін өзекті мәселе: 1) өз Менін тану; 2) өз Менінің мән-мағынасын түсіну.
Өз Менін тану мен оның мәнін түсіну тұлға дербестігінің орнығуы мен Мен — бейнені қалыптастыру үдерісінде әрқайсысы өз мағынасымен ажыралады.
Өз Менін тану ерте балалық шақта өтеді: 2-ден 5-жасқа дейін тік жүруге және сөйлеуге үйренеді, ойы мен санасы дамиды, күрделі іс-әрекет (сурет салу, таным қабілеті, еңбектену) дағдылары қалыптасады, ең бас — тысы — орта және соңғы балалық шақта мектеп оқуымен айналысу.
Өз Менінің мән-мағынасын түсіну — бұл тұлғаның құндылықты бой көтеріп, кемелденуі. Бұл үдеріс орта балалық шақта басталып, Мен-ге (яғни маған) ұқсаған басқа адамдармен өзін ұдайы салыс — тыра бағалау негізінде жүріп жатады. Осы үдеріс барысында тұлғаның жақсылық пен жамандық, өмір мақсаты мен мәні және басқа да рухани — адамгершілік пен дүниетанымдық ұстанымдары жөніндегі түсініктері қалыптасады.
З. Фрейд әлеуметтенудің келесідей психологиялық тетіктерін ажы — ратады: ұқсау (имитация), теңестіру (идендификация), ұят және кінә сезімдері.
Ұқсау (имитаця) — баланың қандай да белгілі әрекет-қылық үлгісін саналы қайталауға тырысуы. Мұндай үлгі ата-ана, жақын-жуық, достарының және т.б. әрекеттері болуы мүмкін.
Теңестіру (идентификация) — қандай да қауымдастық мүшесі екенін сезіну. Өзін теңестіру арқылы бала ата-аналарының, ағайын-туыстарының, достарының, көршілерінің және т.б. әрекет-қылық үлгілерін, олар бойындағы құндылықты өнегелерді өзінің меншікті сапа-қасиеттері ретінде қабылдайды.
Психологиялық ұқсау мен теңестіру ұнамды тетіктер ретінде танылған, себебі бұлар белгілі әрекет-қылық қалыптарын қабылдауға бағдарланған. Ал ұят пен кінә — кейбір әрекет-қылық үлгілерін қабылдауға шек қояды немесе тіпті қабылдатпайды, осыдан мұндай тетіктер болымсыз не кері деп есептеледі.
Ұят, әдетте, адамды масқара, әшкере ету сезімімен бірге жүреді. Бұл сезім тұлға әрекетін басқалар көзімен бағалауға негізделген.
Кінә сезіну — әр адамның өз айыбын өзі бағалауымен іштей күйзеліске түсуі. Адам өз жазасын өзі береді, ал мұны қадағалау әр тұлғаның өз ар-намысына байланысты.
Амеркан психологі Ч.Кули бала санасы мен оның өзіндік санасының қалыптасуында сол баланы қоршаған бастапқы ұжымдардағы өзге адамдар (ата-аналар, туыстар, көршілер, достар және т.б.) пікірлері мен түсініктерінің маңызды болатынына назар аударады.
Қоршаған орта адамдарының пікірлері тұлға үшін соншалықты маңызды да мәнді, себебі солардың ықпал-әсері арқасында тек өкілінің Мен сезімі дамиды. Ч. Кули бұл құбылысты айналы (зеркальное) Мен деп атаған.
Өзге адамдар — тек өкілінің көрінісін беретін айна іспетті, осы өзге адамдармен ұдайы қарым-қатынасқа келуден баланың өз Мені қалыптасады, яғни адам Мені әрбір тек өкілінің басқалармен ықпалдасты байланысынан туындайды.
Шынында да айналы Мен баланың өзіндік санасының маңызды элементі есептеледі. Осының арқасында балада өзіндік баға беру қабілеті дамиды, өз бойына басқалар көзімен қарауға үйреніп, өзін олардан саналы түрде ажырата біліп, өз қадірін мақтанышпен тануға немесе өз Менін қадірлемеуге дағдыланады.
Уақыт өтумен, бастапқы ұжымдардғы әлеуметтік ықпалды байланыстардың кеңеюімен субъективті Мен нығайып, тұрақтана бастайды: қоршаған адамдар ықпалымен тек өкілінің өзіндік қадағалау, бақылау қабілеті артады, әлеуметтік топ қалыптары мен құндылықтарын жоғары дәрежеде игеруге қол жеткізеді.
Ч. Кули теориясының ұнамды тарапы — адами Мен қалыптасуында әлеуметтік қарым-қатынастарға үлкен мән беріп, кіші әлеуметтік топтардың (ата-аналар, жақын-жуықтар, көршілер және т.б.) ықпалын жоғары бағалауында. Дегенмен, ол бала өміріндегі Мен дәрежесінің кемелденуінде бастапқы ұжымдардың ролін әсірелей отырып, әлеуметтік мекемелер (оқу, білім, тәрбие орындары) ықпалына ақау түсірді. Мем — лекеттік тапсырыс және арнайы тәрбие болмаған жерде болымды Мен қалыптаспайтынын Ч.Кули ескермеді
Американдық ғалым- психолог Дж.Мид баланың әлеуметтік кемелде — нуінде әлеуметтік қарым-қатынастармен бір қатар, адамдармен араласу барысында қолданылатын рәміздер және ым-ишараларды түсініп әрі пайдаланудың үлкен маңызды болатынына баса назар аударды.
Өзара түсінісу мен әлеуметтік қатынастарға келуде Дж.Мид балалық шақтағы басқа адамдар рөлін қабылдау қабілетіне байланысты екеніне ден қойды. Мұндай қабілеттің орнығуында балалық шақтағы ойындар маңызды болатынын алға тартты. Ұжымдық ойынға енуден бала белгілі рөлді атқаруға кіріседі, соң өсіп тәжірибе жинақтай отырып, ол ойынға қатысқан бірнеше адамдардың рөлін орындауға тырысады.
Сонымен бірге, оның ақылы, өзіндік санасы дамиды, келе-келе әлеуметтік топ қалыптары мен құндылықтарын меңгере бастайды, өзіне болған талаптар мен ұстанымдардың мәнін түсінетін болады.
Кемелге жетіп, Мен дәрежесіне көтерілген тұлғаның көрсеткіші — әлеуметтік топ қалыптары мен құндылықтарын, сол әлеуметтің өзіне қойған талаптары мен ұстанымдарын қабылдауы, яғни Дж. Мид пікірінше, бұл нақты тек өкіліне қойылған талаптар мен ұстанымдардың жалпыланған ұжымдық бейнесі.
Өзі қатысып отырған әлеуметтік топ талаптары мен ұстанымдарын қабылдағаннан бастап, тек өкілі өзінің кемелденген субъектив Меніне ие болады.
Осы сәттен бастап, ол топтың басқа да мүшелерімен бірге топ мүдделеріне ортақтасып, жалпы проблемаларды шешуге араласады.
Әлеуметтену — бұл белгілі әлеуметтік шарттармен үйлескен тұлғаның белсенді түрде өзін-өзі қалыптастыруы. Әлеуметтенуден тұлға қоғамның толыққанды мүшесі ретінде танылады.
Адамның сән көрінісі, талғам, қажетсіну бағдары ауыспалы болса, ал дүниетанымдық көзқарастары, жалпыадамзаттың мәдени құндылықтары тұрақтылау келеді. Әр әулет өкілінің өмірге араласуы өз проблемаларын пайда етеді. Әлеуметтену — бұл жаңа әулетті өткен салт-дәстүрлер мен құндылықтарға бағындыру емес. Егер бұлай болса, тарихи үдеріс өз да — муынан қалады, әке мен баланың айырмашылығы жоғалады. Әлеуметтену — әрбір ұрпақтың өз дәуіріне сай жасай білуі, өз қоғамына орай әлеуметтік — психологиялық ұстанымдарды түсініп, тіршілік қызметін орындауы.
Әміршіл-әкімшіл қоғамдағы әлеуметтену — жас әулеттің ересек — тер ұстанымын бұлжытпай қайталап, орындауы. Ал өркениетті де — мократияшыл қоғамдағы әулеттер арасындағы қатынастар теңдік пен қызметтестік негізінде болып, жаңа әулеттің жалпыадамзаттық құндылықтар шеңберінде дамуына жол ашуы басты шарт.
Тек өкілінің әлеуметтік мұраға ортақтасуы — оның қоғам мәдениетін қабылдауы.
Мәдениет — бұл рухани және материалды құндылықтарда, әлеуметтік және тұлғааралық қатынастарда көрініс берген адам — зат табысы. Адамдардың әрқилы өмір саласындағы (еңбек, тұрмыс, қоғамдық және саяси тіршілік, т.б.) қажетті әрекет-қылық, қалып, талаптарының бәрі — мәдениетте көрінеді. Тек өкілінің әлеуметтену нәтижесі оның әлеуметтік құнды деп танылған ерекшеліктерінде: ақыл, мінез, іс-қимыл әрекеттерінде, тәрбиелілігі мен оқымыстылығында, қоғамдық бейімдесе білуінде байқалады.
Тек өкілінің әрқилы жас даму кезеңдеріндегі психикасы белгілі сапалардың дамуына бейім келеді. Әлеуметтену үдерісінде тұлғаның өмірлік ұстанымдары мен мінез бітістері, жалпыланған әрекет-қылық әдістері … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz