Мен елімді сүйемін балабақшадағы ашық сабақтар

0

                        Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы.

                           

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекет түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы:«Мен елімді сүйемін»

Мақсаты:Туған ел, Отан туралы балалардың  түсініктерін кеңейту. Туған елге деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін тәрбиелеу. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін , сөздік қорларын дамыту.

Оқу іс- әрекетінің әдіс – тәсілі:  сұрақ- жауап, өлең жолдары, ойын.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, асық , суреттер.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

 

Мотивациялық     қозғаушы күш

Шаттық шеңбер құрады:

Туға  мойын бұрамыз,

Елтаңба деп тұрамыз.

Әнұран боп асқақтап,

Біздің елдік рәміздер.

(әнұран орындалады)

Балалар шаттық шеңбер құрып, әнұранды орындайды.

 

 

 

 

 

Іздену ұйымдастырушы

 

Тәрбиеші балаларға Қазақстанның рәміздері:

Ту, елтаңба,әнұран туралы түсінік береді.

 

Тәрбиеші балаларға

Ө.Тұрманжановтың

«Отан» өлеңін

оқиды:

Бәрі сенің Отаның,

Бойыңды биіктететін.

Рухына балап атаның,

Өлгенше сүйіп өтетін.

Тәрбиеші сұрақтар қояды.

-Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-Туған ауылымыз қалай аталады? Ауылдарың өздеріңе ұнай ма?

-Отан туралы кім өлеңдер оқиды?

Сергіту сәті үйымдастырылады.

Тату- тәтті достармыз,

1-2-3

Қол шапалақтап,

Отырмаймыз босқа біз,

 

1-2-3

Қол шапалақтап,

Оқу оқып, білім алып,

Би билейміз,

Ән шырқап,

1-2-3

Қол шапалақтап,

Оң жақтағы досына, сол жақтағы досыңа қолыңды бер, тосылма.Жоғары қарап, күн көрдім,

Төмен қарап, жел көрдім.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім.

-Балалар, кім туған жер, Отан туралы мақал- мәтелдер оқиды?

 

 

 

 

 

 

Балалар өлеңді тыңдап,

 

бірге жаттайды.

Отан деген – туған жер, туған қалам, туған ауылым.

Боранқұл —  біздің туған ауылымыз. Біз сол ауылда туып өстік.

Ауылымыз өзімізге ұнайды.

Наурызбек:

Отаным – менің ауылым,

Әкешім, ана, бауырым.

Отанның сүйем құм, тасын,

Сүйемін, қарын, жауынын.

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бейбарыс:

Туған жердің күні де ыстық, үні де ыстық.

 

Ақжібек:

Отан үшін отқа түс , күймейсің.

Рефлексті коррекциялаушы

 

Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?»

Мақсаты: Берілген сұраққа шапшаң,  әр дұрыс жауап беру керек.Ойын шарты:

Көк түсті асықты көтергенде, еліміздің қалаларын атау керек.

Сары түсті асықты көтергенде, еліміздің байлықтарын атау керек.

Қызыл түсті асықты көтергенде, елімізде тұратын ұлттарды атау керек.

Қорытындылау.

 

 

Балалар ойынды ойын

 

шартымен ойнайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар мадақталады.

 

 

Күтілетін нәтиже: Білуі керек: Туған еліміз,Отанымыз туралы білуі керек;

Болуы керек:Туған еліміз туралы түсінігі;

Баланың қолынан келуі:Тәрбиешінің қойған  сұрақтарына дұрыс  жауап беріп,туғанеліміз, Отанымыз туралы өлеңдерді жатқа білуі;

 

 

 

                                                                 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

                                                                  технологиялық картасы.

Білім беру саласы: « Таным» , «Қатынас», «Шығармашылық».

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Айналамен таныстыру,математика,

тіл дамыту, сурет.

Тақырыбы: «Әдептілік -тәрбие мекені»

Мақсаты: Білімділік: балаларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа,

                   кішіпейілділікке,  әдептілікке,еңбек сүйгіштігіне,өз халқының

                   салт- дәстүрін үйрете   отырып,жаман әдеттерден аулақ

                  болуға тәрбиелеу.

                  Дамытушылық: балалардың сөздік қорларын дамыту,толық

                  сөйлем  құрап айтуға  үйрету,өз ойларын еркін

                  жеткізуге    дағдыландыру. 

                 Тәрбиелік:таным белсенділігін арттыру, логикалық ойлау қабілетін  

                 дамыта отырып,шығармашылық қабілетін көрсету.

Көрнекілігі: Адамгершілікке байланысты түрлі суреттер,көрініс «Көшеде»,  

                    «Автобус ішіндегі бала», бейнетаспадан «Жаман жолдас» әңгімесін

                     көрсету

Әдіс – тәсілдері:Көрсету, түсіндіру,сұрақ – жауап.

 

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

 іс-әрекеті

 

Мотивациялық қозғаушы күш

 

 

 

                Шаттық шеңбер

Амандасу-үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал,қәнеки, бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

Сәлеметсіздерме,апайлар!

 

Балалар амандасады.

 

 

 

 

 

 

Іздену ұйымдастырушы

 

-Балалар, біздерге бүгін айналамен таныстыру ашық оқу іс-әрекеті өтеді.Біздер өткен оқу іс-әрекетімізде қысқы табиғат тіршілігін тамашалағанбыз.Қыста бізді қандай қызықты ерекшеліктер қызықтырады.

 

-Өте дұрыс.Ойын кезінде тату-тәтті ойнап,әдептілік сақтаймыз.

-Әдептілік деген не? Оны қалай түсінесіңдер?

 

-Әдепті бала қандай бала деп ойлайсың?

 

-Әдепсіз бала қандай бала деп ойлайсың?

 

Көрініс: «Көшеде»

Көрініс: «Автобус ішіндегі бала»

 

-Кім әдептілік туралы тақпақ оқиды?

 

 

 

 

 

-Кім әдептілік туралы мақал-мәтелдер біледі?

 

 

 

 

-Жарайсыңдар!

 

 

-Енді мен сендерге Ы. Алтынсариннің «Жаман жолдас» әнгімесін айтып берейін.Теледидарға қарай отырып, мені құлақ салып тыңдаңыздар.

Екі досқа ат қойып алайық

Әнгімені қорытындылау.

-Әнгіме сендерге ұнадыма?

-Қанат пен Мұрат қайда келе жатыр еді?

-Олардың алдынан не шықты?

-Қанат қайда тығылды?

-Мұрат не істеді?

-Аю Мұраттың құлағына не деп сыбырлап кетті?

 

 

Мұндай жолдасты қандай жолдас дейміз?

Балалар біздер математика оқу іс-әрекетінде санауды да үйреніп қалдық.

-Орманда қанша бала бар екен?

-Неше аю бар?

-Аюдың түсі қандай?

-Көлемі ше?

-Орманда қанша ағаштар өскен екен?

-Кімдер әдептілік тақпақ біледі?

 

 

 

 

Сергіту сәті ұйымдастырылады:

(«Қуырмаш» әнімен)

Қуыр,қуыр,қуырмаш,

Балапанға бидай шаш.

Әй-әй,балақан,

Жамандықтан қаш.

 

Балалар сіздер бүгінгі оқу іс-әрекетке жақсы жауап беріп,көңілді қатыстыңыздар.

Ақ қағаздағы салынған суреттің ішіне көз,мұрын,ауызды сала отырып,көңіл күйлеріңді білдіріңдер.

Тәрбиеші үлгісін көрсетеді.

 

Балалардың салған суретін  тәрбиеші көрсетеді

 

Д/қ ойын: «Жалғасын тап»

Мақсаты: Тәрбиеші бастапқы сөзін айтады, балалар ойланып жалғастыру керек.

а)Үлкендердің алдынан-

ә)кішкене баланы-

б)құстарды-

в)топта-

г)үлкендердің-

ғ)үлкендерді-

 

Д/қ ойын: «Ойлан тап»

 

Мақсаты: Жаман әдетті суреттерді қара қалташаға,жақсы әдетті суреттерді қызыл қалташаға салу.

 

Сабақты қорытындылау.

Сабаққа қатысқан балаларды әр дайымда көңілді жарқырап жүрсін деп күннің суретімен мадақтаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Балалардың жақсы,жаман әдеттерді ажырата білуі.

Болуы керек: Әдептілік туралы түсінігі

Баланың қолынан келуі:

Балалардың әдептілігіне байланысты

мақал- мәтелдер,тақпақтар білуі,тәрбиешінің сұрақтарына жауап бере білуі;

 

 

 

 

Балалар жауабы: Қыста қармен ойнап,шанамен сырғанаймыз.

 

 

 

Балалар өз ойларын айтады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Назерке:

Алдын үлкен кісінің,

Кесіп өтпе, көлденең.

Жөніменен кішілік,

Әдеппенен қол берем.

 

Клара:

Жақсы бала жол сілтейді,

Жаман бала қол сілтейді.

Меруерт:

Әдепті бала арлы бала, Әдепсіз бала сорлы бала

 

 

 

Балалар әнгіме ынта қойып тыңдайды.

 

 

Қанат пен Мұрат

 

ия

 

Орманға

Аю

Ағаш басына

Жерге жата қалды.

Екінші рет тар жерде жолдасын тастап қаша -тын достармен жолдас болма деп сыбырлады.

Жаман жолдас дейміз

 

 

 

Екі

Бір

Қоңыр

Үлкен

көп

Балерке:

Атам менің аманда

Кішіпейіл бол деген

Ақыл сөзі санамда

Мақтанбауды жөн көрдім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар тапсырманы орындайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

кесіп өтуге болмайды

жылатуға болмайды

атуға болмайды

айқайлауға болмайды

тілін алуы керек

сыйлау керек

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!