Мен әдепті баламын балабақшадағы ертеңгіліктер

0

Тақырыбы:      Мен әдепті баламын.
Мақсаты:          Балаларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, 
                            кішіпейілдікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқынынң 
                            салт-дәстүрін үйрене отырып жаман әдеттен аулақ болуға
                            тәрбиелеу.
Білімділігі:       Адам бойындағы ұнамды ұнамсыз қылықтарды айыра 
                           отырып,әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, 
                            таным белсенділігін арттыру.
Тәрбиелілігі:    Әдептілікке, сыпайылылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:     Сюжетті суреттер, нақыл сөздер, автобус 
Түрі:                  Саяхат
Ұйымдастыру кезеңі:  І. Кіріспе бөлім.
Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік тақырыбында өтіледі. әдептілік-адамдардың  өзара жақса қарым-қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі. Осы әдептілік ережесін сақтау керек. Мысалы: уәде беріп, оны орындамаса, басқа кісіге дөрекі жауап берсе, үлкенді сыйламаса, ондай адамды жұрт 
«Әдепсіз екен» дейді. Онымен басқа адамдар қарым-қатынас жасаудан қалады. Оны сыйламайды.  Кейбір балалар әдептілік ережесін байқамай немеме білмей бұзады. Әдепті бала әрдайым кездескендермен сәлемдеседі. Автобусқа мінгенде үлкен кісіге орын береді. Сөйлескен кезде сен демей, сіз деп сөйлескен жөн. Ол әдептіліктің белгісі болыцп табылады. Үйде әжелерің, аталарың «Үлкенді сыйла, әділ бол, өтірік айтпа, жалқау болма, кішкентайларға көмектес» деп үйретіп отырады. Міне, осы ереженің бәрін ұстап, бұзбай жүрген бала- нағыз әдепті бала. Егде және сырқат адамдарға, кішкентай балаларға, үлкен ауыр жүк көтеріп келіп жатқан адамдарға жол беру қажет. Балалар, сондықтан бүгін біз сендермен «Әдептілік әлемі еліне»  саяхат жасаймыз. Саяхатымызға әр түрлі аялдамалар бар. Келесі аялдамаға өту үшін ондағы тапсырмаларды орындап отыруымыз керек. Саяхатқа автобуспен шығамыз.
ІІ. Негізі бөлім.
1-аялдама: «Сәлем сөздің анасы»
Бұл аялдамада мынадай тапсырмалар беріледі. 
А) «Сәлем бере білейік!» (көрініс)
Автор: Көшеде кездесіп сөйлеп тұрған әкім мен байдың қастарынан бір жарлы мұжық өтіп бара жатыр иіліп, бар ұрып сәлем береді. 
Мұжық: Ассалаумағалейкум.
Автор: Үлкен әкім мұжыққа одан да төменірек бас ұрып сәлем алады.
Әкім: Уағалейкумассалам.
Мұжық: Деніңіз сау ма? Аман-сенсіз бе?
Әкім: Құдайға шүкір аманбыз.
Автор: Қасындағы бай.
Бай: -Тақсар, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, осы бір мұжыққа  
           неге сонша бас ұрасыз? Дейді.
Автор: Сонда әкім:
Әкім: Ешбір ілім-білім үйренбеген  мұжық сонша иіліп әдептілік көрсеткен-
           де,  мен одан әдепсіз болып қалайын ба?
Автор: депті
» Әдептілік белгісі- иіліп сәлем бергені,
Жақындықтың белгісі- келіп-кетіп жүргені»- деп халқымыз бекер айтпаған болар.
Сәлемдесуге байланысты жағы қандай сөздерді білесіңдер?
1-бала:   Көшелерден біз өткен
               Ата көрсем
               Жақын кеп
               Сәлем берем ізетпен
               Ассалаумағалейкум!-деп
               Алдан әже жолықса
               Бөгелем де әдейлеп
               «Есенсіз бе, әжей!-деп
               Кім кезіксе көшеде
               «Таныс емес» демеймін
               Аға, тәте көше
               Сәлематсыз ба! деймін.
Сәлемдесуге байланысты мақал-мәтелдер айту
2-бала: Алыстан сәлем береді
              Әдепті елдің баласы
              Аманы түзу-заманы түзу
              Сәлем сатулы емес.
2-аялдама: «Кішіпейілділік-кісілік белгісі»
Бұл аялдамада үлкен кісілерді қалай күту креек екенін көрсетеді.
Бала: Ата, әже, келіңіздер, төрлетіңіздер! Астарыңызға көрпешелер салайын, отырыңыздар.
Ата: Оу, балам, үлкен азамат бол!
Әже: Алланың нұры жаусын, жақсы азамат болып өс!
Бала: Әпке, сәлеметсіз бе? Жоғары шығыңыз.
Әпке: Рахмет, інішек
Бала: Аға келіңіз, төрге шығыңыз
Аға: Көп жаса, бауырым
Бала: Оу, нағашы аға! Қош келдіңіз, төрлетіңіз.
Нағашы: Жиенжан, көп рахмет. Арманыңа жет. 
Ал балалар осы кішіпейілділік туралы қандай сөздер білесіңдер:
1-бала:               Анам маған үлкенді сыйла,-деген
Сол сөз маған ізгілік құйған екен
Үлкендермен ауысқан кішілікті
Үлкендердің өзіне сыйға берем
Атамнан қалған мұра-ізеттілік
Арымды соған қойған күзеттіріп
Адалдық- менің сәби айбарым ғой
Маңдайынан жүргені жүз өптіріп.
3-аялдама: «Сиқырлы сөздер әлемі.»
А) Бұл «Сиқырлы сөздер әлемінде» сиқырлы конверттер бар. Ол конвертте мынадай сөздер жазылған: рахмет, кешіріңіз, рұқсат па, өтінемін. Осы сөздерге байланысты мысалдар айту керек.
1-Бала:               Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді
Ең үлкенін, жақсысын
Саған таңдап әперді
-Не деп барып жеу керек? Рахмет!
2-бала:               Балалар жүр көшеде
                            Естіледі айқай-шу
                            Сенде шықтың көршіңді,
                            Қағып кеттің байқамай
                           -Мұндайда не деу керек? Кешіріңіз?
3-бала:               Әжең сенің түскі асқа
                            Қант-кәмпит салды мол
                            Жұрттан бұрын ыдысқа
                            Өз бетіңмен салдың қол
                            -Жөн еді не айтқаның? Рұқсат па    
Добын апар назардың!
Деді ағаң, бармадың          
Тапжылмадың, сазардың
Аған тілін алмадың? Жарайды!
4-аялдама:»Үлкенге құрмет, кішіге ізет»     
Бұл аялдамада «Автобустағы оқиға»  көрініс көрсету
Автор: Автобус іші лық толы адам. Есет жан-жағына қараса, жанында көзілдірікті атай мен сөмке көтерген әжей тұр екен. Есет ларды көрмеген болып терезеге бұрылды. Сөйтіп орнынан тұрмастан теріс қарап отыра берді. Баланың әдепсіз қылығына үлкен кісілер қайран қалды. Үлкен кісілердің қиналып, әзер тұрғанына Есеттің беті бүлк еткен жок. 
Автобустың оң жақ терезесінің  жанындағы орындықта отырған Есен таяқ ұстаған қарт адамды көре сала ұшып тұрды. 
-Отырыңыз ата,- деді ол үлкен кісіге
— Рахмет балам. Көп жаса, өркенің өссін,- деп жатыр.
-Отырың әжей- деп Айман да өз орнын берді
-Ой рахмет айналайын, сабағыңды беспен оқы
Автобус ішіндегі жолаушылар Есен мен Айманға қатты риза болды. 
—    Не деген әдепті бала!-десті олар сүйсініп
Балалар әдептілік туралы кім не біледі?
1-бала:       Әдептілік дегенің 
                   Әрқашанда керегің
                   Әсемпаздық дегенің
                   Әуре сарсаң әлегің

 

2-бала:       Әдепті бала сүйеніш
                   Төбең бір көкке жетеді
                   Әдепсіз бала күйеніш
                   Төбендеп басын кетеді.
3-бала:       Әдепті бала — арлы бала
                   Әдепсіз бала -сорлы бала
4-бала:       Әдепті бала ата-анасын мақтатар
                   Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар
                   Сіз деген әдеп,
                   Біз деген көмек .
5-аялдама: «Күндей болып жарқырайық»
Бұл аялдамада күнді бұлттар басып кеткен. Осы бұлттардан күнді тазартайық. Бұлттардың артында ата, әже, аға, апа, іні. әке, ана суреттері бар. Сол суреттерді жақса тілектер айтып тақтаға іледі. 

Ата-    Мен атамды жақсы көремін. Атамның айтқан тілін аламын. 
Әже-   Мен әжемді өте жақсы көремін. Әжемді мен қамқорлап жүремін. 
Ана-   Мен анамды жақсы көремін. Анама мен үнемі көмектесемін.
Әке-    Мен әкемді жақсы көремін. Мен әкеме көмекші боламын.
Апа-    Мен апамды жақсы көрем. Апам маған қамқоршы болады.
Аға-    Мен ағамды жақсы көремін. Мен ағамның айтқан тілін аламын.
Іні-      Мен інімді жақсы көремін. Інімді жылатпаймын. Ойнатамын.

Ал балалар, бі осы күндей жарқырайық. 
Хор:   Біздің топта ұл – қыздар
           Тату – тәтті ойнаймыз
           Әлемдегі бар адамға
           Тек жақсылық ойлаймыз
                               Ата-ананы тыңдайық
                               Айтқанынан шықпайық
                               Ал, достарды қолдайық
                               Қиын шақта қорғайық
Топ-топ 2 басайық 
Жалаудан күн жасайық
Жаса-жаса жарқын күн
Жаса-жаса алтын күн.

Қорытынды: Балалар сонымен әдептілік деген ар-ұяттың белгісі, адамдық қасиеттердің көрінісі. Адам бойында жақсы және жаман қасиеттерболады екен. Бізге адамдықты, қарапайымдылықты, кішіпейілдікті үлкендер үйретеді. Оны бізге ақжаулықта аналарымыз ақ сүтін бере отырып ана тілімен үйретеді. Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден аулақ болуымыз керек. Сонда біз әдепті бала боламыз. 

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!