Мемлекеттің пайда болуын қарастыратын негізгі теориялар
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Мемлекет түсінігі және негізгі белгілері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ ОБЪЕКТИВТІК
ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
1.1 Алғашқы қауымның рулық-тайпалық ұйымнан біртіндеп
мемлекетке ауысуы
1.2 Мемлекеттің пайда болуын қарастыратын негізгі теориялар
2. МЕМЛЕКЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ТАҒАЙЫНДАЛУЫ, СИПАТЫ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАЗМҰНЫ
2.1 Мемлекеттің түсінігі және оны алғашқы қауымдық құрылыстағы
әлеуметтік биліктен ажырататын белгілері
2.2 Мемлекеттің мәні мен типологиясының өзара байланысы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3-4
5-16
5-8
9-16
17-30
17-21
22-30
31
32
КІРІСПЕ
Мемлекеттің пайда болуын, түсінігін зерттеу тек қана танымдылық және ғылыми тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге саяси тұрғыдан да қарастырылады. Ол мемлекеттің әлеуметтік жағын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге мемлекеттің гүлденуі мен дамуының себептері мен жағдайларын сараптауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезге дейін және нақты уақыттарда да мемлекет пен құқықты зерттеушілердің арасында мемлекеттің пайда болуы туралы ортақ көзқарастары болмаған. Осы сұрақты қарастырсақ, мысалы, әйгілі тарихи жағдайларға сүйене отырып ежелгі Грецияда, Египетте, Римде және басқа да елдерде алғашқы мемлекеттік — кұкықтық жүйе, құлиеленушілік жүйе болғандығын білеміз.
Мемлекеттің пайда болуына байланысты басқа да көптеген тарихи деректер бар. Дүниеде мемлекеттің калыптасуы мен дамуын түсіндіретін көптеген теориялар бар және қазір де кездеседі. Мемлекеттің пайда болуы заман заманға, ғасыр ғасырға, қоғам өркендеген сайын дамып келеді. Сонымен бірге әртүрлі және бір ғана әлеуметтік ортаның мемлекеттің дамуы мен қалыптасу үрдісі туралы өз пайымдаулары бар.
Адамдардың қарым-қатынас жасауының алуан түрлі формаларының ішінде бірінші кезекті маңыз, даусыз жағдайда мемлекет үшін қарым — қатынасқа берілуі тиіс. Ол адам өмірінің барлық жақтарын қамтыды, өйткені антикалық әлемде адам айрықша түрде мемлекеттің азаматы болып саналады. Қандай жағдайда болсын адамзат тарихы басты түрде мемлекеттің қызметімен жасалады. Сондықтан да, қандай бір құбылысты зерттей отырып, жұртшылықтың мемлекеттің қызметі мен ұйымдарының формалары туралы сұрақтармен тұрақты түрде бетпе-бет келуіне тура келеді. Біз осыған дейін ұзақ уақыт айтып келгендей, мемлекет, саясат туралы ілім, жұртшылық, қоғам таралуы барлық ілімді қозғады. Осындай жағдайларда мемлекеттің жалпыға бірдей танылған анықтамасы көп уақыт бұрын-ақ жасалуға тиіс болатын. Оның үстіне біз әдебиеттерден мемлекет анықтамасының көп алуан түрлілігін кездестіреміз. Бұл мынадай жағдайлармен түсіндіріледі: көпшілік жағдайларда мемлекет анықтамасына мүлде оған жатпайтын міндеттерді танытады. Мәселен, ең алдымен, бірі мемлекетке анықтама бере отырып, олардың пікірі бойынша мемлекет қандай болуға тиіс екенін атап көрсетеді, яғни мемлекет туралы анықтаманы ол туралы айтылған пікірлер мен пайымдауларға айналдырады. Мемлекетке берілген өзге анықтама аталмыш философиялық жүйеде мемлекет түсінігі қандай орын алатындығын көрсетумен ғана шектеледі. Мәселен, Гегель мемлекетке: «нақты бостандық болмысы » ретінде анықтама береді. Ең сонында, мемлекет анықтамасын, мемлекеттің еңбегін тұрақты сіңіретін, ал екіншісі басқаның еңбегін қанайтын адамдардың топтарына бөлінуі кезінде мемлекет пайда болған. Барлық маңызды негізгі деген мәселелері өздігінен шешілетіндей, аталмыш анықтамадан шығара отырып, логикалық қорытындылардың қажетті қатары ретінде мемлекет туралы бүкіл ілім тұрақты бола алатындай етіп дәл беруге, қисындауға ұмтылушылық жиі кездеседі. Шын мәнісінде, мемлекеттің мақсаты мен шығу тегі немесе оның басқа да табиғаты әлі күнге дейін даулы мәселелер болып саналады.
Мемлекеттің пайда болуын зерттеу мемлекеттің әлеуметтік табиғатын, олардың ерекшеліктері мен белгілерін анықтауға, олардың пайда болу және даму себептерін зерттеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мемлекеттің негізгі қызмет бағыттарын, қоғамның саяси жүйесіндегі алатын орны мен ролін анықтауға жағдай жасайды. Қазіргі уақытта әрекет етіп жатқан мемлекеттер мен құқықтық жүйелердің мәні мен ерекшеліктерін терең және жан-жақты түсіну үшін осы мемлекеттер мен мемлекеттік кұрылымдардың пайда болу және даму жолдарын зерттеуіміз керек. Курстық зерттеу жұмысымның тақырыбының таңдалу ерекшелігі де осыған байланысты түсіндіріледі.
1 МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
1.1 Алғашқы қауымның рулық-тайпалық ұйымнан біртіндеп
мемлекетке ауысуы
Адамзаттың даму сатысының ең алғашқы кұрылымы алғашқы қауымдық кұрылыс болып саналады. Дүние жүзіндегі барлық халықтар осы сатыны бастарынан кешірді. Жалпы адамның пайда болуы туралы ғылымда осы күнге дейін екі пікір қалыптасқан. Біріншісі — креационизм, екіншісі эволюция теориясы. Креационизм (латын тілінен аударғанда — жасау) бүкіл әлемнің барлығын, соның ішінде адамды да аяқталған күйінде құдайдың жаратуымен түсіндіреді. Құран, Библия сияқты касиетті кітаптар осы теорияны уағыздайды. Мысалы, қасиетті Құран-кәрім былай дейді: Ол: Бол деген күні бола кетті. Оның сөзі шын (әнғам сүресі, 73-аят). Көктер мен жердің кілттері Оның иелігінде… жер бүтіндей Оның уысында (зүмәр сүресі, 63, 67 аяттар) [1].
Эволюция теориясы жалпы әлемнің жердің пайда болуын Үлкен Жарылыс теориясымен түсіндіреді. Эволюционистердің пайымдауы бойынша әлемдік кеңістікте осыдан 9-18 миллиард жыл бұрын тығыз массалы, температурасы триллион градус болған әлемдік дүниедегі материяның үлкен Жарылысы болған. Соның нәтижесінде ұзақ уакыт аралығында шашыраған атомдар мен молекулалар планеталар мен жерді қалыптастырды. Келе-келе дамудың барысында молекулалар бір-бірімен қосылып, қарапайым өмірдің пайда болуына себепші болды. Миллион жылдар өте олар күрделі өмірдің формаларын қалыптастырды. Бірақ, жарылыс жасап, басқа күрделі зат немесе өмір пайда болады дегенге сену қиын. Осыған байланысты жер бетінде адамдардың пайда болуы туралы мәліметтер де бір-біріне қарама-қайшы келеді. Көптеген тарихи әдебиеттерде адамзаттың тарихы осыдан 2,6 миллион жыл бұрын бастағаны тілге тиек етіледі [2].
Алғашқы қауымдық құрылыстың даму эволюциясының өзіне тән ерекшеліктері бар. Алғашқы қауымдық құрылыстың экономикалық негізін барлық ру мүшелерінің өндірістік құрал-жабдыққа коғамдық меншігі құрады. Өнім жинайтын егістіктер, балық, аң аулайтын жерлердің бәрі ру мүшелерінің еркін пайдаланатын меншіктерінде болды. Сонымен қатар өндіргіш күштердің әлсіз, дамымаған жағдайларына байланысты алғашқы адамдар жеке адам болып өмір сүре алмады. Табиғи апаттар, жыртқыштарға жем болу қаупі олардың бастарын біріктіріп, тамақ тауып жеуге мәжбүр етті. Коллективтік түрде өндірілген өнімдер бәріне ортақ болды және теорияда бұл көрініс өзара — реципроктлы деп аталынды.
Екінші ерекшелігі — редистрибуция — жиналған барлық өнімдердің ру, қоғам мүшелері арасында тепе-тең болып бөлінуі. Осылай коллективтік түрде өнімді пайдалану олардың ынтымақтастығын арттырып, бір-біріне деген қамқорлықтарын күшейтті. Ешкімнің үстемдігі болмағандықтан қауымның мүшелері барлық иеленетін құрал-жабдықтарды теңдік дәрежесінде пайдаланған. Бұл — коллективтік өндірістің алғашкы тұрпаты, әлбетте, өндіріс құрал-жабдықтарын қоғамдастырудың емес, жеке кісінің әлсіздігінің нәтижесі болды.
Алғашқы қауымдық құрылыс рулық-тайпалық катынастарды топтастырумен қатар бұл шеңбердің талаптарына сай келмейтін көзқараспен әрекеттерді әдепсіз, қауіпті деп жариялады. Бір сөзбен айтқанда коғамдық сана-сезімімен өмір сүріп күнелтті. Тайпа, — деп жазды Ф.Энгельс, — басқа тайпадан келген шет адам жөнінде де, өзі жөнінде де адамның ең барып тұрған шегі болып қала берді: тайпа, ру және олардын мекемелері қасиетті және қол сұғуға болмайтын нәрсе болды, табиғаттың өзі орнатқандай жоғарғы өкімет болды, әрбір адам өз сезімдері, ақыл-ойы мен істейтін істер жағынан оған сөзсіз бағынышты күйде қала берді. Сол заманның адамдары бізге қаншама айбарлы болып көрінсе де, олардың бір-бірінен ешбір айырмасы жоқ еді, олар Маркс айтқандай, алғашқы қауым тұтастығынан кіндігі әлі ажыраспағанды[4].
Мұндай пікірді соңғы кездерде дүние жүзі ғалымдарының зерттеулері де растап отыр. Алғашқы адамдар орман-тоғайларда топ-топ болып өмір сүрген. Алғашында олар өсімдіктердің жемістерімен және тамырларымен көректенген, ал келе-келе аңшылық кәсібін меңгеруді үйренген. Соның нәтижесінде алғашқы адамдардың еңбек құралдары да жетіле түскен, ал соңынан садақты ойлап тапқан. Қауымдық құрылыстың ең алғашқы ұясы — ру болып саналады. Ру дегеніміз — қандас топтардан құралған және қоғамдық меншікті бір болып пайдаланылатын, әйел жағынан тұқым жалғасатын коллектив (матриархат). Себебі тайпа ішінде шектеусіз жыныс қатынастары үстем болған алғашқы қалып болды, сондықтан әрбір әйел әрбір еркектің еркінде болып, сондай-ақ әрбір еркек әрбір әйелдің еркінде болды. Мұндай жағдайда баланың шешесі белгілі де, әкесі белгісіз болып қала береді. Ары қарай Ф.Энгельс тұқымның таралуы шеше жағынан ғана анықтала алады…-деп атап көрсетті. Бірнеше қандас рулар тайпа құрады. Ру басында қауым жиналысында сайланған көсемдер мен ақсақалдар билік жүргізді. Егер олар ру мүшелерінің сенімдерін ақтамаған болса, жиналыста ру мүшелері, қайта, кері шақыруға хақылары бар болады. Қауымдық биліктің және қауымдық жалпы пікірдің рөлі орасан зор беделге ие болған еді. Қоғамда моральдық билік үстемдік етті. Себебі қауымды басқаруға негізінде күшті, ақылы жетілген көсемдер сайланды. Мәні жағынан алып қарағанда алғашқы қауымдық құрылыстағы билік потестарлық (билік, өкімет) болып қалыптасты. Бұл билік қоғамды бедел арқылы басқарумен қатар күш колдану әрекеттерін де тиімді пайдаланып отырған, (мысалы, рудан қуу, кажет болса жеп қою). Потестарлық биліктің мемлекеттік биліктен айырмашылығы күш қолдану бүкіл ру атынан жүргізіледі.
Мемлекеттің түпкі мәні қандай болса оның ұғымының, белгілерінің, нысандарынын, механизмінің, атқаратын қызметтерінің мазмұны да сондай болады. Демек, осы тұрғыдан қарағанда мемлекетті оқып-білуді оның мәнін ашып көрсетуден бастау дұрыс әдіс. Мемлекеттін мәні дегеніміз — оның табиғатын, мазмұнын, қызмет ету мақсатын, қоғамдағы қажеттілігін анықтайтын барынша маңызды, тұрақты ішкі және сыртқы жақтары мен қасиеттерінін жиынтығы. Мемлекеттің мәнін ашып көрсетудің екі жолы қалыптасқан: таптық (маркстік-лениндік) және жалпы әлеуметтік. Маркстік-лениндік ағым мемлекеттің мәні жиынтығы қоғамның экономикалық негізін кұрайтын өндірістік қатынастардың сипатымен анықталады-дейді. Өңдірістік қатынастардың сипаты осы қатынастарға тікелей араласатын таптардың алатын орны мен атқаратын рөлдерінен байкалады. Сөйтіп, марксизм-ленинизм мемлекеттің әлеуметтік құбылыс ретіндегі мәнін аша отырып, таптық қоғамда оның үстем етүші таптың мүддесін қорғайтынын көрсетеді. Сонымен, марксизм мемлекет — коғам бір-біріне қарама-қайшы таптарға бөлінген кезенде пайда болады-деп түсіндіреді. Адамзат қоғамындағы алғашқы таптық мемлекет ол құл иеленүшілердің үстемдігіне негізделген құл иеленүші мемлекет болды. Бұл мемлекеттің мәні қоғамның алғаш рет таптарға — құл иеленүшілер мен құлдарға бөлінгенін көрсетті. Осы тұрғыдан қарағанда мемлекет дегеніміз — бір таптың екінші тапқа өзінің үстемдігін жүргізудің құралы. Мемлекеттің әлеуметтік мәнін жақтаушылар мемлекет адамзат қоғамына ортак, әмбебап, жалпы ұйым болғандықтан ол халыктың барлық топтарының мүддесін, ешкімге артықшылық кемшілік жасамай бірдей қорғау керек-деген пікір айтады.
Мемлекеттің қалыптасу жолдарына: шығыстық, батыстық , аралас сипаттағы даму жатады. Шығыстық қалыптасу жолы қоғамдық меншікті қорғаумен, ірі құрылыстардың болуымен тығыз байланысты.
Мысалы: ірі су каналдарын жүргізу, су арналар жүйесін құру, құрғақшылықпен күресу. Батыстық қалыптасу жолы бойынша мемлекет жеке-меншіктің шапшаң дамуымен, қоғамның тапқа бөлінуімен тығыз байланысты. Мемлекеттің пайда болуы қоғамның ұйымдық құрылымды объективті түрде қажет ететін ішкі эволюциясымен байланысты [17].
Мемлекеттің пайда болуына байланысты басқа да көптеген тарихи деректер бар. Дүниеде мемлекеттің калыптасуы мен дамуын түсіндіретін көптеген теориялар бар және қазір де кездеседі. Мемлекеттің пайда болуы заман заманға, ғасыр ғасырға, қоғам өркендеген сайын дамып келеді. Сонымен бірге әртүрлі және бір ғана әлеуметтік ортаның мемлекеттің дамуы мен қалыптасу үрдісі туралы өз пайымдаулары бар.
Мемлекеттің пайда болуының бірнеше түсіндірмелері бар. Ең алдымен — теологиялық теория ол мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен байланыстырады. Бұл теорияның негізгі идеологтары Августин (554-450) және Фома Аквинский (1225-1274жж) болып табылады. Оның негізгі мынадай постулаттар бар, мемлекеттің айнымайтындығы және қасиеттілігі, барлық билік құдайшылық бастаушылардан шықты, оны ешкім де шайқалта алмайды. Осы теорияға сәйкес барлық мемлекеттердің басшылары өздерінің биліктерін құдайдың ерік-жігерін орындаушылар ретінде жүзеге асырады.
Патриархалық теория бойынша мемлекет отбасының өсіп -өркендеуінен пайда болады деп түсіндіріледі. Оның өкілдеріне ежелгі грек философы Аристотель б.д.д. 384-322 жж сонымен бірге орыс социологы Михайловский (1842-1904жж) жатады. Мемлекеттілік құрылысының орнына келеді. Алғашқы қауымдық теңдік пен шешенің қоғамдық формасы өз-өңірін ескереді де қашан әлеуметтік қабаттарда бөліне бастайды. Ұжымдық өндірістік қатынастар қалыптан тыс шығады. Оның еңбек бөлінісі келеді, тайпалық құрылым қиындай түседі. Бұдан келіп әлеуметтік құрылымдарды бөлу дами бастады. Яғни еркектердің орны артып, мемлекет сияқты отбасының да басшысы біреу ғана болды және ол ер адам болды
Психологиялық теория — XIX ғ. бұл теорияны уағыздаған: Ч.Тард, Л.И. Петражицкий. Коғам мен мемлекетті бұл теория адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі — бәрі келісіп ұжымдық түрде басқаруы. Коғам мен мемлекет адамдардың табиғи психологиялық даму заңдылық процесінің нәтижесінде пайда болды деп түсіндіреді.
Күштеу теориясы — XIX ғ. қалыптасқан пікір. Өкілдері: Л. Гум-плович, К. Каутский, Е.. Дюринг т.б. Мазмұны: күшті рулар, тайпалар өздерімен шектес әлсіз руларды, тайпаларды күштеп, зорлық озбырлық жасап өзіне бағындырып, бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады — деп түсіндіреді.
Материалистік теория — мемлекет пен құқықтың пайда болуын экономикалық тұрғыдан түсіндіреді, себептері: қоғамдық еңбектің бөлінуі, қосымша өнімнің, жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның қарама-қарсы екі тапқа бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы. Мемлекет пен құқықтың мазмұнының тарихи өзгеріп отыруы қоғамдық мүдде-мақсатты қорғауы [15].
Табиғаттың эволюциялық дамуы барысында осыдан 10-15 мың жыл бұрын жер бетінде климат күрт өзгерістерге ұшырайды адамның тамақ тауып жеуін, өмір сүруін қиындықтарға ұшыратады. Соның нәтижесінде олар миграция арқылы қолайлы аумақтарға қоныс аударуға мәжбүр болды. Бұл процесс жердің климаты, мегафаунасына байланысты адамдарды арнайы шаруашылықпен айналысуға мәжбүрледі. Ендігі уақытта жерді өндеумен қатар мал өсіру қалыптасты. Осылай адамзат тарихында еңбектің бөлінуі басталды. Соның нәтижесінде өндірістік экономика қалыптасып, дами келе, қосымша өнімнің пайда болуына себепші болды. Қолөнер, өндеу мен мал өсіруден бөлінеді. Осылай мамандандырылған адамдар тобы арасында айырбас әрекеттері кең етек жая бастайды. Өндірістен пайда болған қосымша өнім біртіндеп жеке отбасы мен көсемдердің қолында шоғырланады. Қауым сайлаған ақсақалдар мен көсемдердің орнына енді жаңа, бұрын болмаған байлар мен күштілердің билігі үстем болды.
1.2 Мемлекеттің пайда болуын қарастыратын негізгі теориялар
Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.
Мемлекет деген күрделі саяси ұйым. Мемлекет пайда болғаннан кейін ол туралы көптеген тұжырымдамалар мен теориялар қалыптасты. Олардың барлығы бір-біріне мүлдем ұқсамайды және мемлекетті әртүрлі плюралистік мағынада түсіндіреді. Ойшылдардың әр ғасырда ұсынған идеялары негізінде таптық мүдделер мен теория пайда болған қоғамның тарихи жағдайларына, заман талабына байланысты қалыптасқан.
Мемлекет пен құқықтың шығуы туралы түрлі теориялар осы құбылыстардын пайда болуын түрліше түсіндіреді. Рулық қауым құлдырап, жеке меншік пайда болып, қоғам екі тапқа — қанаушы және қаналушы таптарға бөлінген соң, олардың арасында шешілмейтін қайшылықтар, ымырасыздық орын алады. Сол екі тап нәтижесіз, тоқтаусыз күресте бірін-бірі жойып жібермеуі үшін рулық биліктің орнына жаңа саяси құрылым — мемлекет пайда болды. Мемлекет аталған қайшылықтарды шешу үшін емес, кедей тапты байлардың еркіне көндіріп, оны басым көпшілігін құрайтын еңбекші таптың мүддесін корғайды. Енді мемлекеттің қанауға, езуге жадай туғызу үшін құрылған. Сондықтан қандай да мемлекет болсын тек қанауды мақсат тұтып, бай, үстем таптың игілігіне көздеп, мүддесін корғайды. Социалистік мемлекет те таптық мемлекет. Бірақ ол саны жағынан қоғамның пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.
Мемлекет ұғымы жалпы көпшілікке жақсы белгілі. Мемлекет алғашқы, қауымдық қоғамда құрылған жоқ. Саяси ғылым мемлекеттің пайда болуын адамзат қоғамы дамуының белгілі бір тарихи кезеңімен, яғни әлеуметтік топтар мен таптардың пайда болып, қоғамда саяси-әлеуметтік теңсіздіктердің орнығуымен байланыстырады [13]. Экономика саласындағы үстемдік етуші таптың саяси үстемдігін қамтамасыз ету және басқа таптардың қарсылығын болдырмау қажеттілігінен мемлекет пайда болды деген пікір саяси ғылымдардағы негізгі көзқарас. Мемлекет құл иеленуші дәуірде де қазіргідей дәрежеге жетті. Бірақ тарихи ұзақ мерзім бойы «мемлекет» деген түсінік «қоғам», «ел» деген түсініктен ажыратылған жоқ. Мемлекет деген атауды рулық, тайпалық қауымнан ажырату, яғни, алғашқы қауымдық емес деген ұғымды белгілеу үшін пайдаланды. Мысалы, патшалық, қаған, хандық, князьдік, халифат, Алтын орда, Ақ орда, Ноғай ордасы, Сібір ордасы деген сөздер екі түсініктің орнына (біріншісі мемлекет, екіншісі қоғам) пайдалана берілді. Алайда, мемлекеттің пайда болуы әртүрлі әлеуметтік пікірлердің қалыптасуына негіз болды. Саяси өмірдің дамуына байланысты қоғамда мемлекеттің ролі күшейе түсті. Ойшылдар, ғалымдар мемлекетке — «ел», «қоғам» түсінігі тұрғысынан емес, «өкімет», билік тұрғысынан қарайтын болды.
Сөйтіп, нәтижесінде мемлекет пен өкімет туралы ойлар, қағидалар бірте-біртебіздің заманымыздан бұрынғы VI-V ғасырларда теориялық деңгейге жетті.
Мемлекет пен қоғам мәселелері адамзат өмірінде әрбір тарихи кезеңге сай өзгерістерге ұшырап отыратыны және оларды адамзаттың шама-шарқынша сәтті түрде шешуге ұдайы ықыластық танытатыны белгілі. Егер өткеніміздіойша шолар болсақ, адамзат тарихы мемлекет жөнінде сан түрлі саяси ойтізбегі мен даналыққа толы екендігін байқаймыз. Солардың ішіндегі ең мәндісі де, өзіндік ерекшеліктерімен айқындалатыны да ғұлама ойшыл Конфуцийдің идеялары. Бұл ойшылды негізінен мемлекетті басқару мәселелері көп толғандырғанын атап өткен жөн. Конфуцийдің осынау күрделі мемлекет мәселелерін қатаң тәртіп пен бір тәрбиелік ұстанымдардың көмегімен жүзеге асырмақ ниеті және оған қоса шектен шыққан қызулыққа берілмей, көбіне-көп «тепе-теңдік» пен «орталық» принциптерді ұстанғаны белгілі.
Түрлі ұсақ иеліктерге бөлініп, бір-бірімен қырқысып жатқан Қытайдағы патшалықтарды бір орталыққа бағынған мемлекетке біріктіруді басты мақсатқа айналдырған ол, сонымен бірге, халықтың тәлім-тәрбиелік күш-қуатын жоғары деңгейге көтеру мен оны «бақытты» ету үшін бар күш-жігерін сарп етті.Конфуцийдің ойынша, б.з.д. VI ғасырда Қытайдағы әлеуметтік тәртіптің негізі — қоғамдық тәртіп пен тұрақтылыққа сүйенуге тиіс болатын. Және мұндай 58 қоғамда әркім өз құқығы мен мемлекет алдындағы міндеттерін терең сезінуі тиіс. Яғни, әр адам өзінің орнында болуы керек: патша-патша, бағынышты- бағынышты, әке-әке, ұл-ұл болуға тиіс. Мемлекетті басқарушы құдай дәрежесіндегі Аспан ұлы — адамдар әлемінің өкілі. Ол әулие, император бола отырып Аспан алдында ғана жауапты. Өйткені ол тақ пен билікті тек осы аспаннан алады. Билеуші әділ болып, барша халыққа мейірім төгуі міндетті, ал олай болмай ел аштық пен қайыршылыққа ұшырап жатса, халықтың бүлік шығарып, билеушіні тәубесіне келтіруі құдайшылыққа жатады.
Конфуцийлік әлеуметтік саяси ілім — халықтың ой-арманымен, бақытты болашақты көксеген қиялдарымен терең ұштасып жатыр деуге толық сенім бар. Мемлекет — халықтың талап тілегін іске асыратын құрал. Халықтың шынайы сенімінсіз мемлекет те болмақ емес. Демек, оның сеніміне тек адамдарға жасалынған қамқорлық арқылы ғана қол жетпек. Ел басқарушысы алдымен халықты ішер аспен қамтамасыз етіп, содан соң жоғары мақсаттарға шақыруға міндетті.
Жалпы ежелгі дүниедегі мемлекеттердің қалыптасуы кезінде экономдау, басқару, қорғану мәселелерін шешу барысында адамдар бірлестігі жаңа сапалық қасиеттерді бойына сіңіріп, реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғаны байқалады. Ал адамдар қауымдастығының не үшін реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғанының себебі әр түрлі елдердегі мемлекет туралы ұғымның сол кезеңдегі түсініктерінде жатыр. Ежелгі грек ойшылы Платон » Мемлекет дегеніміз адамдардың қажеттілікті өтеу үшін бірігуі» деп анықтама беріп, оның пайда болуына еңбек бөлінісі әсер етті десе, ал оның шәкірті Аристотель » Мемлекет дегеніміз адамдардың пайда табуы үшін бірігуі» деп түсіндірді.
Ежелгі Грекиядағы мемлекет туралы саяси ойдың ерте кезде дамуы (б.з.д.IX — VI ғғ) көне мемлекеттердің қалыптасуымен байланысты болды. Бұл ойлар Гомер, Гесиод поэмаларында кездеседі. Пифагор (б.з.д. 580-500 жж.) менГераклиттің (б.з.д. 544-483 жж.) мемлекет пен құқық мәселелеріне әлеуметтік- саяси тұрғыдан талдау жасауы да осы тұста қалыптасты. Гераклит: өз отбасың үшін қалай күрессең, мемлекет белгілеген тәртіпті іске асыру үшін де солай күресу керек — деген пікір айтып мемлекеттік билікке үлкен құрметпен қарады.
Ежелгі Грекия мемлекетінің нығайып — дамуы мемлекет туралы ілімнің қарқынды дамуына жағдай жасады. Бұған үлкен үлес қосқан даңқты ойшылдар Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель, Полибий болды.
Мемлекет туралы саяси ойдың қалыптасуындағы айрықша кезең саналатыны — жалпыға бірдей бостандық идеясының өзекті орын алу тұсы.
Нәтижесінде Ежелгі Рим мемлекетінде бұл ілім жедел қарқынмен дамыды. Оның тарихы: патшалық (б.з.д. 754-510 жж.), республикалық (б.з.д. 509-28 жж.) және императорлық (б.з.д. 27 — б.з. 476 жж.) болып үш дәуірге бөлінеді. Осы кезеңде саясат, өкімет және мемлекет туралы ілімге елеулі үлес қосқан Тит Лукреций Кардың (б.з.д. 99-55 жж.) шығармалары, әсіресе оның «Табиғат заттары туралы» поэмасы. Сол сияқты мемлекет пен құқық туралы Цицеронның ілімі жарық көрді. Ол ежелгі грек дәстүріне сүйене отырып «Мемлекет туралы» және «Заңдар туралы» деген еңбектер жазды. Ол мемлекеттік құрылыстың әр түрін талдай отырып, мемлекет қызметіндегі монархиялық, аристократиялық және демократиялық бастауларды біріктіру керек деген тұжырымға келді. Ол өз ойына, талаптарына сол кездегі Рим конституциясы сәйкес келеді деп есептеді.
Цицеронның мемлекет туралы негізгі тұжырымдамасы — заңның үстемдігі. Оның «Біз заңның құлы болғанда ғана еркін бола аламыз», — деген қанатты сөзі қазір де өзекті пікір болып саналады.
Мемлекет туралы мәселедегі Әл-Фарабидің ой-пікірлерінің маңызы өте жоғары. Ол «Рахымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы» деген еңбегінде осы мәселені теориялық тұрғыдан тереңінен зерделейді. «Мемлекет, — 59деп көрсетеді ойшыл, — адамдардың өз қажетін бірлесіп қоғамдық жолмен толық қанаттандыруға арналған ұйым». Сол сияқты Әл-Фарабидің мемлекет туралы айтқан мына сөздері ерекше көңіл аударады: «Адамдарды бір-біріне көмектестіріп, халықтың жақсы тұрмыс құруына жағдай туғызып, қамқорлық жасаған мемлекет — өз міндетін атқара алады». Ойшылдың осы пікірі қоғамдағы мемлекеттің орны мен қызметі қазіргі нарықтық жағдайда қандай болуы керек деген сұраққа берген нақтылы жауапқа ұқсайды.
Кейін саяси өмірдің күрделенуіне, дамуына байланысты мемлекетті қоғамдық, әлеуметтік тұрғыдан емес, өкілеттік, билік ретінде зерттеу қалыптасты, көзқарас жетіле түсті. Мемлекет халықты басқарушы ұйым деген түсінік кең орын алды. Мемлекет және қоғам деген түсініктерді ажырата білуде әсіресе Н.Макиавеллидің орны ерекше. Ол мемлекет деген түсінікті бөлек ұғымға айналдыру үшін «stato» деген термин енгізді. Стато — қазіргітүсінік бойынша, автономия, дербес, өз алдына деген мағынаны білдіреді.
Макиавелли мемлекетті тек ғана қоғамды басқаратын ұйым ретінде түсінумен шектелмей, оның дамыуы, халықтың мұқтаж-мүдделеріне сәйкес қызмет атқаруы туралы тұжырымдамалар жасады.
Кейінгі ғасырларда қоғам мен мемлекетті дербес, өзара ажыратып, мемлекетті қоғамның басқарушы ұйымы ретінде дамыту мәселесі саяси ғылымда айрықша орын алды. Саясаттануда осы мәселе жөнінде әртүрлі, құндытұжырымдамалар жасаған Гоббс, Локк, Руссо, Гегель, Кант, Мэдисон және т.б.болды. Мемлекет қоғам өмірінің дербес саласы ретінде танылғаннан кейін ғалымдар мемлекет пен адамның өзара қатынасын зерттей бастады. Оныңнегізгі себебі — мемлекет шеңберіндегі адамның орны, ролі жөніндегі мәселелердің туындауы. Қоғамда, мемлекетте адам жалпы дамуға ешбір әсер ете алмайтын тіршілік иесі ғана ма, әлде ол (адам) қоғам, мемлекет өміріндегі шешуші күш пе?
Осы мәселе бойынша бірнеше ғасырға созылған ғылыми пікірталастың нәтижесінде саясаттануда этатизм деген бағыт пайда болды. Этатизм дегеніміз — мемлекетке табыну, кейбір жағдайдағы қоғам мен жеке адам бостандығына әкелетін қиянатына, зорлық-зомбылығына төзіп шексіз билікті мойындау.
Әсіресе XVI ғасырдан бастап ғалымдар арасында этатизмге қарсы пікірлер күшейді. Мақсат — қоғам мен мемлекеттегі адам ролін көтеру, мемлекет жағынан адамның еркіне қарсы тұратын кедергілерді жою.
Саясаттануда бұл мәселені зерттеудегі ағылшын ғалымы Томас Гоббстың үлесіерекше. Ол «Левиафан» деген еңбегінде мемлекетке дейінгі қоғам өмірін суреттейді. Оның ойынша, әрбір адамның жаратылысынан өмір сүруге «табиғи құқығы» бар. Олардың құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан берілген. Бірақ табиғи заңдылықтар ешкімді де қауіпсіздіктен құтқармайды, ешкімнің өміріне кепілдік бермейді. Мемлекетсіз дәуір — ол барлық адамдардың барлық адамдарға қарсы соғысы. Сол себептен табиғи, қатал өзара қарым-қатынас жағдайында адамдардың өмірін қорғауға кепілдік беретін ұйым іздеу 60 керек деген қорытындыға келді. Мемлекеттің пайда болуы — ол адамдардың келісім-шарты. Адам сыртқы қатерден сақтануы үшін өз құқықтарын мемлекетке тәуелді етті.
Т.Гоббс қоғамдық тәртіпті табанды, қатал ұстайтын мемлекетті жақтайды. Сондықтан ғалым өз теориясын Англиядағы монархияны қайта құруға, жаңғыртуға бағыттағаны белгілі. Сонымен қатар, Гоббстың ойынша: Мемлекеттік билік — жоғарғы заң шығарушы және оған бағыну. Басшы өзіне бағыныңқы адамдардың арасында теңдік болуы қажет екенін қадағалап отыруы тиіс және оларды сотта қорғай білуі қажет. «Левиафан» — библия мифологиясы бойынша ғажайып, барып тұрған жауыз, рақымсыз, жан түршігерлік аң. Оған қарсы тұратын ешбір нәрсе де жоқ.
Ал ғалым «Левиафанмен» — мемлекетті теңестіріп сипаттайды, себебі мемлекет адамдарға зорлық жасайды, күш көрсетеді, ал адамдар соған төзеді. Дегенмен, Гоббстың ойынша, мемлекет қандай мықты болса да — ол «ажалды құдай», себебі ол жасанды. Мемлекет адамдардың ақылы мен қолынан туындайды, ал адам — табиғаттан жаратылған. Сол себепті қоғамда адам бірінші орында, ал мемлекет — екінші орында тұруы тиіс.
Мемлекеттің қалыптасуының негізгі теорияларына жекеше тоқталып өтсек:
Күштеу (зорлау) теориясы — XIX ғ. қалыптасқан пікір. Өкілдері: Л.Гумплович, К.Каутский, Е..Дюринг т.б. мазмұны: күшті рулар, тайпалар өздерімен шектес әлсіз руларды, тайпаларды күшпен, зорлық озбырлық жасап өзіне бағындарып, бакылауды жақсарту үшін мемлекет құрады — деп түсіндіреді. Озбырлық теориясына баға бере келіп, озбырлық, мәжбүрлеу мемлекеттің пайда болуы үрдістеріне қатысқанымен, аталған теорияда олардың абсолюттендіріліп, шектен тыс өсіңкіреп кеткендігін айта кету керек. Ал бұл, шындыққа жанаспайды.
Шарт теориясының негізін қалаушылыр Б.Спиноза, Д. Локк, Т. Гоббс, Г. Гроций, Ж.Ж. Руссо, Д. Дидро, Ш.Л. Монтескье, П.А. Гольбах, А. Радищев. Бұл теория ХҮІІ-ХVIII ғасырларда феодалдық мемлекеттік-құқықтык институттар мен жүйеге қарсы күрес кезеңінде қалыптасып дами келе көптеген елдерде кеңінен тарады. Теорияның тұжырымы бойынша адамдар ерте кезде қақтығыстар мен шиеленістерден көздерін ашпаған. Оларды болдырмай, өздерін сақтап қалу мақсатында саналы, әділетті түрде басқару үшін адамдар бір-бірімен шарт жасап, билікті өздері қалаған адамдарына берген. Келісім шарттық теория мемлекет пен құқықтың шығуын, пайда болуын адамдар арасындағы келісім — шартпен байланыстырады.
Психологиялық теория — XIX ғасырда дамыған, оны уағыздағандар: Фрезер, Г.Тард, Р. Пампериен, Л.Петражицкий, З.Фрейд, М.Ковалевский, Н.Коркунов. Аталмыш теорияны жақтаушылар мемлекет пен жалпы билік жүргізуді адамдардың ерекше психикалық қабілеттерімен байланыстарып карайды. Олардың пікірінше, билік жүргізетін адам ерекше сыйқырлы күшпен психикалық энергияға ие. Алғашқы адамдар ру көсемдері мен бақсыларға сенімдік білдіріп, табынған болса, мемлекеттік билік тұлғалары алдында да адамдар өздерінің бағыныш қылығын танытады, бағынуға құлшыныс білдіреді. Бағындыру,бағындырушының ерекше психикалық қабілеттеріне байланысты. Мемлекеттік билік осы жолмен қалыптасады.
Органикалық теория — бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған (б.з. IV -ҮІ ғ.). бірақ теория толық түрде XIX ғасырда қалыптасты, өкілдері: А.Шеффле, Р.Вормс, Д.Фортескью, Г.Спенсер. Теорияның мазмұны мемлекетті біртұтас организмге теңейді. Кайсыбір тірі организмнің қалыптасуын Г.Спенсер эволюциялық дамудың жемісі ретінде бағалайды. Ағзада әр түрлі функциялар атқаратын жасушалар мен органдар болады. Олардың барлығы біртұтастықты құрап, тіршілік етуді қамтамасыз етеді.
Инцесттік теория (К.Леви-Стросс). Тұңғыш рет бұл теорияны француздың зерттеушісі К.Леви-Стросс ашылған ғылыми жаңалық ретіңде ұсынды. Бұл теория бойынша мемлекеттің пайда болуы адамдардың алғашқы қауымдық құрылыс кезінен қалыптасқан эндогамия орнына экзогамиялық табудың енуі қоғамда мемлекеттің нышандарын калыптастырады. Оның ойынша ру ішінде жыныстық қатынастарға тыйым салу адамзаттың жабайылықтан жоғарғы сатыға көтерілуіне мүмкіндіктер жасады. Қан араласудан сақгады, соның нәтижесінде салауатты, ақылды адамдар өмірге келді, басқа ру, тайпалармен қатынас жасап, айырбас жасауларына, тіпті соғысуға жол ашады. Қатынастар күрделене түскен сайын басқару қажеттігі туды.
Ал қазіргі генетика ғылымы және медицина қандас туыстар арасында неке қиюдың нәтижесінде сәбидің жалпы денсаулығы, ой-өрісімен дене бітімінің кемтар, әлсіз, дәрмені жоқ болып қалыптасатынын дәлелдеп отыр. Кейбір зерттеулердің нәтижесіне көз салсақ, қандас адамдардың бір-бірімен некеге тұруы тұкым қуалайтын аурудың — жүз есе ұлғайтуына себепкер болатынын аңғартады.
Бірақ, экзогамиялық табу мемлекеттің шығуына тікелей себепші бола алмайды Ол қоғамның жалпы моральдық деңгейінің, ар-ожданының биік сатыға көтергенін айқындайды. Ал мемлекеттің шығуы негізінде өндірістік экономиканың пайда болуымен тікелей байланыста.
Табиғи құқықтық теория — ХҮІІ-ХҮШ ғғ. қалыптасқан теория. Өкілдері: Г.Гроцкий, Т.Гоббс, Д.Локк, Ж.Ж Руссо, Б.Спиноза, А.И.Радишев т,б, Теорияның мазмұны: адамдардың өздерінің табиғи құқықтары болады (бостандық, теңдік, еңбек т.б.). Оны ешкім жоя алмайды, оған зиян келтіре алмайды. Қоғамның тарихи даму үрдісінде адамдардың арақатынасында қайшылықтар басталады. Сондықтан, қоғамда бостандықты, әділеттілікті, теңдікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасап мемлекетті құрады. Бұл шарттың мазмұны көп елдің Конституциясына кірді деп түсіндіреді.
Ирригациялық (гидравликалық) теорияның пайда болуы шығыс елдерінің ежелгі тарихын зерттеумен тікелей байланысты. Оны уағыздаушы К.Виттфогель тұңғыш рет өткен ғасырдың соңында жазған Шығыс деспотизмі: тотальдық билікті салыстырмалық зерттеу деген еңбегінде осы теорияны ұсынды. Бұл тұжырымдама бойынша мемлекеттің пайда болуы үлкен өзендердің суларын пайдаланудан жөне оны игеруден туындайды.
Дифузиялық теория (Гребнер). Бұл теория мемлекеттің пайда болуын, қалыптасуын халықтардың бір-бірімен жасаған қарым-қатынастарынан болатын құбылыс ретінде бағаланады. Соның тікелей әсерінен бір халық басқа халықтың тәжірибесін алады, басқарудың жетістіктерін өз орталарына енгізеді. Гребнер теориясының негізінде кезінде П.Сорокин, Д.Гэлбрейт, О.Флейтхейм сияқты зерттеушілер ұсынған Конвергенция теориясы бар. Адамдар мен халықтардың бір-бірімен жасаған байланыстары мемлекетті қалыптастырмайды, тек озық тәжірибелері мен басқарудың тиімді әдістерін ғана еңгізеді.
Нәсілдік теория. Өкілдері: Шыңғыс хан, Наполеон, Ф.Ницше, А.Гитлер, Ж.Габино. Бұл теорияның концепцуальдық мазмұны бойынша күшті мемлекет құру тек жоғарғы нәсілдерге ғана тән қасиет. Олар ғана басқа төменгі (екінші, үшінші сорттағы) нәсілдермен ұлттарға билік жүргізуге құқылы. Жаратылысынан төменгі санатта тұрған этнос өкілдері жоғарғы нәсілдер ұйымдастырған, құрған мемлекеттік билікке тырп етпей бағынулары тиіс және олар орнаткан тәртіп бәріне міндетті.
Материалистік теория мемлекет пен құқықтың пайда болуын экономикалық тұрғыдан түсіндіреді, себептері: қоғамдық еңбектің бөлінуі, қосымша өнімнің, жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның карама — қарсы екі тапқа бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы. Мемлекет пен құқықтың мазмұнының тарихи өзгеріп отыруы қоғамдық мүдде — мақсатты корғауы.
Таптық теория мемлекет қоғамның экономикалық дамуының объективтік үрдістері әрекеттерінің нәтижесі деп есептейді. Бұл теорияны негіздеген теоретиктер К.Маркс (1818-1883 жж), Ф.Энгельс (1820-1895жж) М. Морган (1818-1881жж) болды. Олар мемлекеттің пайда болуын таптардың,бай, кедейлердің пайда болуымен тікелей байланыстырады. Мемлекет таптар шиеленістері өршігеңде қаналушы тапты басып-жаншуға арналған машина ретінде ғана бағаланады.
Диалектикалық теория мемлекеттің пайда болуын табиғи-тарихи себептермен — өндіріс қаржысына жеке меншіктің пайда болуымен, шиеленіскен әлеуметтік келіспеушіліктер мен қарсыласулар тудыратын олардың теңсіздігімен, таптық қарама-қайшылықтың ымырасыздығымен түсіндіреді. Экономикада шешуші позицияда отырған тап, өзінің экономикалық билігін сақтап қалуға тырысады. Осы мақсатпен ол саяси билікті қолға алып, соның көмегімен өзінің еркін бүкіл қоғамға таңады. Сөйтіп ол қоғамда өзінің диктатурасын, яғни саяси билігін орнатады. Бұл көзқарас Ф.Энгельстің «Жанұяның, жеке меншігі және мемлекеттің пайда болуы» деген еңбегінде және В.И.Лениннің «Мемлекет туралы» деген лекциясында кең түрде негізделеді. Оларда, сондай-ақ К.Маркстің кейбір еңбектерінде мемлекеттің пайда болуынын күрделі үрдісінің көптеген сипаттары дұрыс көрсетілген [8].
Адам мен мемлекеттің арақатынасын сараптай келе, Т.Гоббс: «Адамға құқықты үлестіріп беретін мемлекет емес, мемлекеттің өзі жеке адамдардың құқықтарынан жинақталады — деген қорытынды жасайды. Яғни, адамның қоғамдағы орны ең жоғарғы сатыда, әрбір адамның «табиғи құқығы» бар, «мемлекет оны заң арқылы қорғауға тиісті». Сөйтіп, ұлы ойшылдың тұжырымдамалары қазіргі замандағы адамның «табиғи құқығы» идеясына негіз болып халықаралық деңгейде қолдау тапты.
1948 … жалғасы