Мемлекеттің экономикалық саясатының тұжырымдамасы | туралы қазақша

0

Мемлекеттің экономикалық саясатын практикалық тұрғыдан қарастырғанда, бұл саясат мемлекеттің экономикалық реттеуді жүргізу бойынша нақты шаралар жүйесін жасаумен байланысты. «Экономиканы мемлекеттік реттеу» терминін қолданғанда «мемлекет-тік экономикалық саясат» (МЭС) термині көп кездеседі. Теориялық көзқарастан «МЭС-ты» кең ұғымда қарастыруға болады, өйткені оның құрамына экономиканы реттеу, мемлекеттің экономикаға араласпауы (экономикалық либерализм принциптері) енеді. Бірақ қазіргі кездегі нарықтық экономика шындықтарын есепке алатын болсақ, бұл көзқарас дұрыс емес. Қандай да əлеуметтік-экономикалық жүйеде мемлекет фискалдық, əскери күштері мен басқару аппаратын қаржыландыру, сыртқы экономикалық байланыстар мен ақша айналымын реттеу, құрылыс жүргізумен айналысады. Ал қазіргі жағдайда мемлекет міндетті түрде əлеуметтік-экономикалық үдерістерге қатысып, ғылыми зерттеулерді, білім беруді, əлеуметтік қамту, қоршаған ортаны қорғауды қаржыландырады. Сондықтан «ЭМР» жəне «МЭС» терминдерін тең деп атауға болады.

Негізінен мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізуде мына жағдайларды ескеру қажет: 1. Экономикалық саясат, негізгі екі фактордың əсерінен, яғни үнемі өзгеретін экономикалық жағдайлардың жəне экономикалық ойлардың деңгейін ескеріп отыруы қажет; 2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімділігі, елдің даму ерекшеліктерін ескерген уақытта жоғары деп саналады; 3. Елдің экономикалық саясаты, елдің саяси бағыттарын қолдаудағы негізгі шешуші құрал болып табылады.

Осыған орай, мемлекеттің экономикалық саясаты дегеніміз — ұлттық мүдделерге қол жеткізу үшін нақты уақыт аралығында сол құралдарды жүзеге асыруды реттеуші тетік деп айтуға болады. Мемлекеттің экономикалық саясаты екі тұрғыдан, теориялық жəне практикалық тұрғыдан қарастырылады. Мемлекеттің экономикалық саясатын теориялық тұрғыдан қарастыр-ғанда, ұлттық экономиканың тиімді дамуын қамтамасыздандыру үшін жəне экономикалық ойларды қалыптастыру үшін жүйелі түрде жүргізілетін ғылыми- зерттеу əдістерін, іс-əрекеттерін, шараларын қолдану болып табылады.

Мемлекет орындайтын қызметтерге ең алдымен мыналар жатады: — экономиканың қызмет етуі үшін құқықтық негіздерді құру мен реттеу; — монополияға қарсы реттеу; — макроэкономикалық тұрақтандыру саясатын жүргізу; — ресурстарды орналастыруға ықпал ету; — табыстарды бөлу аясындағы қызмет; — мүліктік қатынастар субъектісі ретіндегі мемлекет қызметі.

Заңдық базаны құру бұл барлық тауар өндірушілер, тұтынушылар жəне мемлекеттің өзі іс əрекетінде жетекшілікке алуға тиісті экономикалық агенттің тəртібінің ережесін, экономикалық араласудың заңдық қағидаларын белгілеу.

Макроэкономикалық тұрақтану экономикалық өсумен, жұмыспен толық қамтамасыз етілумен жəне бағаның тұрақты деңгейімен байланысты. Ресурстарды қайта бөлу өнеркəсіптік жəне ауыл шаруашылығы өндірісіне қатысты болуы мүмкін. Əрбір нақты жағдайда мемлекеттік ықпал етудің белгілі бір түрлері қолданылады. Салықтар, демеу қаржылар, тікелей реттеу жəне т.б. – құралдар ретінде қолданылуы мүмкін.

Бəсекелестік тетіктерін қамтамасыз етудегі бөлу – əлеуметтік топқа жіктелуге жəне кедейлікке əкеледі. Қоғам əлеуметтік қорғау бағдарлама-сында қабылданған, таабыстарды салықты қайта бөлу арқылы ауқатсыз азаматтарға қамқорлық жасауды өз мойнына алады. Мемлекеттік меншік – сату – сатып алу объектісі болмайтын жəне пайда əкелмейтін ұлттық игілікті көрсетеді. Мемлекеттік меншіктің қалыптасу көзі мемлекет меншігіне айналдыру жəне мемлекеттік кəсіпкерлік болып табылады.

ΧΧ ғасырда əлем елдерінің экономикасындағы мемлекеттің рөлі өсті. Бұл экономикасы орталықтан басқарылатын елдердің рөлінің өсуімен ғана емес, сонымен қатар көп елдерге тəн нарықтық экономиканың аумағының өсуімен жəне оның ішіндегі байланыстар мен үдерістердің күрделенуімен байланысты, нарықтық шаруашылықтың дамуымен қатар, жеке меншік негізінде автоматты түрді шешілмейтін экономикалық жəне əлеуметтік мəселелер туындады. Соның негізінде ұлттық экономиканың дамуына қажетті, бірақ жеке тұлғалар үшін тиімсіз, пайдалылығы төмен салаларға ірі инвестицияларды тарту қажеттілігі пайда болды.

Капитализм кұрыла бастаған кезеңде пайда болған классикалық экономикалық теория өкілдерінің табыстар икемділігі жəне қамтылу негізінде бəсеке мен бағаны нарық өз бетімен реттей алады деген ой-пікірлері əлемдік сипатқа ие болған экономикалық дағдарыстардың күшейіп өсуі одан əрі күмəн тудырды. Жаппай жұмыссыздық, ақша айналымындағы бұрмалаушылықтар, монополиялардың озбырлығы, экологиялық мəселелер, əлемдік нарықтардағы бəсекенің шиеленісуі сияқты экономикалық өмірдің осындай ақиқаттары нарық өз тетігі бойынша автоматты түрде өзін-өзі реттеуді қамтамасыз ете алмайтынын сендіре дəлелдеді. Барлық айтылған мəселелер «нарық фиаскосы» деп аталды. «Нарық фиаскосы» ретінде нарық жұмыс істеу тетігіндегі жолдан тайдыруларды, олардың тиімді шешімдерінің қамтамасыз етілмеуі түсіндіріледі. Бұл жолдан тайдыруларды келесі түрде түйіндеуге болады.

1. Ішінара жұмыспен қамту кезіндегі ұзақ мерзімдік нарықтық тепе-теңдік. Дж.М.Кейнс осыны зерттеу негізінде жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеудің қажеттілігі туралы қорытынды жасады.

2. Классикалық теорияға сəйкес нарықта тепе-теңдіктің кез келген бұзылуынан кейін өзгерген жағдайларға сай бейімдеу тетіктері жұмыс істей бастайды. Соның нəтижесінде жаңа тепе-теңдік орын алады. Алайда, шындығында, бұзылған макроэкономикалық тепе-теңдік кумулятивтік үдерістермен тереңдетілуі мүмкін. Нарықтық тетіктің жаңа жағдайға бейімделуі барысында бағалар жəне өндірілетін тауарлар мен қызметтер арасында ерекше арақатынас орын алуы мүмкін, яғни нəтижесінде дағдарыстың ұдайы өндірісі пайда болады.

Тауарлар мен қызметтерге сұраныстың қысқартылуы өндірістің қысқартылуына əкеледі, ал ол жұмыспен қамтудың, табыстардың жəне халықтың төлеуге қабілеті бар сұранысының қысқартылуына əкеледі. Фирмалар жаңа қысқартылған сұранысқа бейімделеді жəне одан əрі жұмыс күші бойынша үнемдейді, бұл сұраныстың кезекті қысқартылуына əкеледі. Нəтижесінде, инвестиция көлемі азаяды, өндіріс тез қысқартыла бастайды жəне бұл үдеріс барлық жаңа салаларды қамтиды. Сонымен, сұраныстың бастапқы қысқартылуы тізбек түріндегі реакцияға əкеледі. Бұл жағдайда бағалар мен еңбекақы төмендей бастаса да, өндіріс жəне жұмыспен қамтудың төмендеуі əлі біраз уақыт созылуы мүмкін.

3. Экономикалық өсу салалық құрылымдағы өзгерістермен тығыз байланысты, өндірісті қысқарту ескі, «болашақсыз» салалардың жоюына əкеледі. Сонымен қатар, ғылым мен техниканың жетістіктеріне негізделген жаңа салалар пайда болады.

Нарықтық тетік салалық құрылымдағы сондай прогресстік өзгерістерге мүмкіндік туғызады. Бірақ осындай өзгерістерді іске асыру уақыты созылуы мүмкін, демек, төлем балансы мен жұмыспен қамтудағы біршама мəселелерімен анықталатын экономикалық тепе-теңсіз жағдайы созыла түседі. Кумулятивтік əсердегі дағдарыстарды болдырмау үшін бұл жағдайда тиімді мемлекеттік экономикалық саясат қажет.

4. Нарықтық тетіктің əлсіз жерлеріне өндірісті тиімді орналастыруды қамтамасыз ету, күрделі қаржы қаражаттарын, табыстарды жəне жұмыспен қамтудың тиімді аумақтық үйлесімдерін қамтамасыз ету жатады.

Нарықтық тетіктің жұмыс істеу нəтижесінде басқа аудандар есебінен шағын аумақтарда (шаруашылық агломерациялардың дамуы) өндірістің, капиталдың жəне жұмыспен қамтудың шоғырлануы сияқты тұрақты үдерістер болып тұрады. Нашарлау дамыған аймақтарда табыс жəне инвестиция табыстылығы да нашар болады. Мұндай аймақтарда төлеуге қабілетібар сұраныс қысқартылады, соның нəтижесінде, салыстырмалы төмен еңбекақы мен жер бағасына қарамастан, күрделі капитал салымдарына дегенынталылық азаяды. Бəсекеге қабілеті бар жұмыс күші, кəсіпкерлер біршамадамыған агломерацияларға ұмтылады, бұл жеке аймақтардың дамуындағысəйкессіздіктерді тереңдетеді. Бұл мəселенің шешімі мемлекет-тің катысуынталап етеді.

5. Өнеркəсіп салаларының сандық жағынан дамуы қайта өңделмейтінресурстарды толассыз жұмсауымен, қоршаған ортаға ауырлық тигізуіментікелей байланыста болып келеді. Болашақ ұрпақтар үшін шаруашылықтысандық дамудан сапалық дамуға айналдыру керек. Осындай айналымды ортамерзімдік мемлекеттік бағдарламалар қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, нарық кемшіліктеріне нарық тетігінің əлеуметтікмəселелерді шешуге қабілетсіздігін жатқызуға болады. Табиғи монополиялардың болуы жəне олардың қызметін реттеу – шешудіталап ететін мəселелер. Экономиканы мемлекеттік реттеу себептерінің біріне қоғамдық игіліктерге деген қажеттіліктердітиімді қамтамасыз ету жатады (толығырақ бұл мəселе алда қарастырылады).

Экономикаға мемлекеттің араласуын талап ететін мақсаттарға, соныменқатар, сыртқы əсерлерді тегістеу қажеттілігі, инфрақұрылымның дамуы,экономиканың кейбір салаларының жаңғыртылуы, ҒЗТКƏ-ні (НИОКР) жалпы мемлекеттік ауқымда қаржыландырылуы жатады. Бұл мақсаттардың шешімі мемлекеттік сектор шектерінде қамтамасыз етіледі.

Мемлекет шешім қабылдау барысында субъектілердің жеке немесе топтық ұстанымына сүйенбейді. Тиімді экономикалық саясатты жүргізу үшін мемлекет келесі факторлардың əсерін есепке алуға мəжбүр болады: — қоғамдағы əлеуметтік күштердің арақатынасы; — салалар, аймақтар жəне компаниялар мүдделерінің өзара байланысы; -орталық жəне жергілікті органдар арасындағы қатынастар; — Орталық банктің ұстанымы; — Ұлттық органдардың, партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың ұстанымдары.

Осы жəне басқа факторлар əсерін есепке алу негізінде экономиканы мемлекеттік реттеу міндеттерінен тұратын мемлекеттік экономикалық саясаттың (МЭС) тұжырымдамасы жасалуы тиіс. Мемлекеттік экономикалық саясатының тұжырымдамасы немесе елдің əлеуметтік-экономикалық дамуының тұжырымдамасы – бұл елдің əлеуметтік- экономикалық даму стратегиясы мен тактикасын, қойылған мақсаттарға жету əдістері мен құралдарын сипаттайтын мақсаттар жəне көрсеткіштер жиынтығы.

МЭС тұжырымдамасы қоғамдық құрылым шектерінде ең көп игілікке жету мақсаты мен қоғамдағы сан қилы жəне алуан түрлі экономикалық мүдделердің арасында мəмілеге жетуді қамтамасыз етуі тиіс. МЭС-тің кез келген тұжырымдамасы əрқашан белгілі құрылым шектерінде жасалынады, себебі ол осы құрылымды нығайтуға, оның экономикалық жағдайына жəне үстемдік етуші əлеуметтік топтардың мүдделеріне бейімдеуге арналады. Егер нақты елде қоғамдық құрылым өзгеретін болса, онда, əрине, МЭС тұжырымдамасы да өзгеруі тиіс.

Қорытынды:

1. Экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мемлекет барлық құралдарын жəне сəйкес фискалды, қаржы-несиелі, ғылыми-техникалық жəне инвестициялық саясат жүргізу жолы саясатының əдістерін қолдануға міндетті. Егер мемлекет экономиканың тұрақтылығына құлшынбаса, онда ол кəсіпкерлік қызметке, елдің жалпы экономикасына, əлеуметтік жағдайға жəне т.б. процесстерге əсер етуі мүмкін.

2. Экономиканы мемлекеттік реттеу жөнінде жекелеген көзқарастар барлық қоғамда орын алған. Əр түрлі кезеңде жəне түрлі елдерде экономистердің жасаған теориялары ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу тəжірибесінде қолданылды.

3. Мемлекеттің экономикалық саясаты əрқашанда əрбір елдің саяси ұстанымдары мен бағыт бағдарына байланысты қалыптасып дамиды.

Экономиканы мемлекеттік реттеу– ұлттық экономиканың тиімді қызмет етуіне бағдарланған, ұлттық экономиканы тұрақтандыру, елдің əлеуметтік дамуын қолдау, ұлттық экономиканы дамытудағы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу, қоғам мүшелерінің мүдделерін біріктіру мақсатындағы мемлекеттік құрылымдармен жəне қоғамдық ұйымдармен жүзеге асырылатын заңдық, орындаушылық жəне бақылау сипатындағы іс-шаралар жүйесі.

#Мемлекеттің #экономикалық #саясатының #тұжырымдамасы

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз