Мемлекеттің дамуы | Скачать Материал

0






Жұмыс түрі: 
Материал

Көлемі: 3 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге

Таңдаулыға:   




Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырды. Малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның тәжрибесі өсіп молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісін асырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды.
Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. Олар төмендегі негізгі обьективтік заңдардың — қосымша өнімнің пайда болуы; жеке меншіктің қалыптасуы; топтар мен таптардың арасындағы кұрестің басталуы әсерінен туындайтын қайшы- лықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін өмірге мемлекет пен құқық келді.
Мемлекеттің дамуы — мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны мен оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда мемлекеттің күш- қуатына ұйренетін басқару жүйесі.
Мемлекеттің пайда болуының, дамуының бірнеше турлері бар:
1. Шығыс елдерінде (Иран, Индия, Қытай, Араб т. б. шығыс типті елдерде) мемлекеттің қалыптасуы негізінен қоғамдық меншікті қорғаумен байланысты. Себебі алғашқы қоғам ыдырау кезінде бұл елдерде күрделі қүрылыстар болды: ірі су каналдарын жасау, суармалы ирригациялық жүйелер құру, құрғақшылықпен күресу. Міне осы күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық-мемлекеттік меншік қалыптасты, Сол меншіктің иелері: шенеуніктер, ру, тайпа басшылары, хандар, корольдер мен императорлар болды.
Сонымен, Шығыс елдеріндегі мемлекеттердің қалып тасу себептеріне:
— ірі ирригациялық жүйелерді жасау;
— оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі тұрде топтастыру, біріктіру;
— барлық жұмыстарды бір орталықтан басқару жатады.
Мемлекеттің басқару аппараты бұрынғы ру, тайпаны басқарған аппараттан өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың бұқарадан алыстай түсіп әділетсіздікті, қанаушылықты күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте бәсең дамып, ХІХ-ХХ ғасырларға дейін көп өзгермей, сақталып келді (Қытай, Иран т. б.).
2. Еуропалық елдерде мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.
Афина мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық кұшті топтар мен таптар мемлекеттік билікті өз қолдарына алып, өз мүдде-мақсаттарын орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер, көбінесе, демократиялық жүйедегі саяси бір- лестік болып қалыптасты.
Германияда мемлекеттің қалыптасуы басқаша болды. Қалың бұқара байларға тәуелді болды, феодалдық қатынастар дами бастады. Осы типті мемлекеттер Европаның бірнеше елдерінде Ресейде, Ирландияда және т. б. қалыптасты.
Құқықтың дамуы — адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол — әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым- қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңга тәуелді кесімдер, шарттың пормалар, заң куші бар соттың шешімдери
Құқық екі жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық-діни нормаларға сұйенді. … жалғасы

Ұқсас жұмыстар


Пәндер

  • Іс жүргізу
  • Автоматтандыру, Техника
  • Алғашқы әскери дайындық
  • Астрономия
  • Ауыл шаруашылығы
  • Банк ісі
  • Бизнесті бағалау
  • Биология
  • Бухгалтерлік іс
  • Валеология
  • Ветеринария
  • География
  • Геология, Геофизика, Геодезия
  • Дін
  • Ет, сүт, шарап өнімдері
  • Жалпы тарих
  • Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
  • Журналистика
  • Информатика
  • Кеден ісі
  • Маркетинг
  • Математика, Геометрия
  • Медицина
  • Мемлекеттік басқару
  • Менеджмент
  • Мұнай, Газ
  • Мұрағат ісі
  • Мәдениеттану
  • ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
  • Педагогика
  • Полиграфия
  • Психология
  • Салық
  • Саясаттану
  • Сақтандыру
  • Сертификаттау, стандарттау
  • Социология, Демография
  • Спорт
  • Статистика
  • Тілтану, Филология
  • Тарихи тұлғалар
  • Тау-кен ісі
  • Транспорт
  • Туризм
  • Физика
  • Философия
  • Халықаралық қатынастар
  • Химия
  • Экология, Қоршаған ортаны қорғау
  • Экономика
  • Экономикалық география
  • Электротехника
  • Қазақстан тарихы
  • Қаржы
  • Құрылыс
  • Құқық, Криминалистика
  • Әдебиет
  • Өнер, музыка
  • Өнеркәсіп, Өндіріс