Мемлекеттік шекара — Қазақстан және қазақтар туралы — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

Дала ойшылдарының афоризмдері.

Жеріңді жат баспағай. (Тоныкөк. VIII ғасыр).

Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ (Білге қаған.)

1-тапсырма. Ойшылдар сөзінен не түсіндіңіз?

 2-тапсырма. Ой шақыру.

–    Шекара дегеніміз не? Шекара не үшін керек?
–     Қазақстан құрлықта және суда қандай мемлекеттермен шектеседі?
 
3-тапсырма. Дәптерлеріңізге жазыңыздар. 

Дипломатиялық сөздіктен:

 Делимитация – келіссөздер жолымен шекара сызығының жалпы бағытын айқындау. Шекара сызығы өтуінің сипаттамасы. Айқындалған шекара сызығы картаға түсіріледі.
Демаркация – Арнаулы шекаралық айырым белгілерін көрсете отырып, шекараны айқындау туралы құжаттар негізінде жергілікті жерде шекараны орнату.

Қазақстан Республикасының шекарасы дегенiмiз – Қазақстан аумағының шегiн,  құрлығын, суын, жер қойнауын және әуе кеңiстiгi айқындайтын сызық және осы сызық бойынша тiгiнен өтетiн жазықтық. 

Мемлекеттiк шекара Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгiленедi. 

4-тапсырма. Тірек сөздермен жұмыс. Сөздіктің немесе оқытушының көмегіне сүйеніңіз.

Хатталған, мойындалған, шарттар, шекара сызығы, мызғымастығы, тұтастығы, мүлтіксіз.

5-тапсырма. Оқыңыздар.

      Заңдық негізде хатталған және халықаралық тұрғыда мойындалған шекара – бұл кез келген мемлекеттің аса маңызды сипаты. Егер елтаңбасын, туын, әнұранын, астанасын және тағы басқаларын әр ел өзі дербес айқындайтын болса, ал мемлекеттік шекара сызығының өтуі тиісті халықаралық шарттардың жасалуын талап етеді.
     Ал ең бастысы – заңдық негізде хатталған шекара халықаралық құқықтың екі маңызды қағиданың: шекараның мызғымастығы қағидасы мен мемлекеттің аумақтық тұтастығы қағиданың мүлтіксіз сақталуына жәрдемдеседі. 1945 жылғы БҰҰ Жарғысы бойынша, кейінірек 1970 жылғы Халықаралық құқық қағидасы туралы Декларация бойынша қатысушы мемлекеттер бір-бірінің аумақтық тұтастығын құрметтеуі тиіс (З. Күзекова. Қазақ тілі).

6-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.

1.     Мемлекеттің аса маңызды сипаты не?
2.     Заңдық негізде хатталған шекара неге жәрдемдеседі?

7-тапсырма. Оқыңыздар.

Қазақстан Республикасының шекара саясаты

    Қазақстан Республикасы аумақтық тұтастықтың және Мемлекеттiк шекараға қол сұғылмайтындығының халықаралық принциптерiн негiзге ала отырып: 

Мемлекеттiк шекараны Қазақстан Республикасы егемендi құқықтарының бүкiл билiгiне ие болатын аумақтық (құрғақ, су, жер қойнауы, әуе кеңiстiгiнiң) заң жүзiнде баянды етiлген кеңiстiгi шегiн анықтайтын сызық ретiнде қарастырады; 

бұрынғы КСРО жөнiнде жарияланған құқылық мирасқорлықты негiзге ала отырып, осы Заң қолданысқа енгiзiлген кезiнде қолданылып келген халықаралық шарттармен, соның iшiнде Қазақстан Республикасының және КСР Одағының бұрынғы республикалары болған басқа да мемлекеттердiң әкiмшiлiктiк-аумақтық межеленуi туралы актiлерде белгiленген өз Мемлекеттiк шекарасының өтуiн қуаттайды; 

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын белгiлеген және оның өтуiн өзгерткен, Қазақстан Республикасының шекарадағы шектес мемлекеттермен құқықтық қатынастар орнатқан және қолдап отырған, Қазақстан шекаралық аудандарындағы (су айдындарындағы) және Қазақстан аумағынан өтетiн халықаралық жолдардағы құқық қатынастарын реттеген кезде Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгi мен халықаралық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсаттарын, шектес мемлекеттермен өзара тиiмдi жан-жақты ынтымақтастық мүдделерiн, шекара мәселелерiн бейбiт, күш қолданбай шешу принциптерiн басшылыққа алады; 
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттермен Мемлекеттiк шекара тәртiбiн белгiлеудi және оны қорғау жөнiндегi қызметтi үйлестiрiп отырады. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы  туралы Қазақстан Республикасы заңдары

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы Қазақстан Республикасы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, Мемлекеттiк шекараны белгiлеу мен оның өтуiн өзгерту және оның көрсетiлу тәртiбiн, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын белгiлеу ретiн және ұстау тәртiбiн, шекара тәртiбi мен Мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерiндегi тәртiптi белгiлейдi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзету саласындағы қатынастарды реттейдi. Ол заңдар осы Заңнан және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасы мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының соған сәйкес шығарылатын басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнен құрылады. 

7-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Түсінігіңізді тексеріңіз.

1.    Мәтіннен тірек сөйлемдерді табыңыз.
2.    Әр абзацқа сұрақ қойып, түсініктеріңізді айтыңыз.

8-тапсырма.  Мәтінге сүйене отырып, сөйлемдерді толықтырыңыз. 

1.    Қазақстан Республикасының шекарасы дегенiмiз – Қазақстан аумағының ………… айқындайтын сызық және осы сызық бойынша тiгiнен өтетiн жазықтық. 
2.    Мемлекеттiк шекараны Қазақстан Республикасы …….. ие болатын аумақтық  заң жүзiнде баянды етiлген кеңiстiгi шегiн анықтайтын сызық ретiнде қарастырады; 
3.    Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттермен Мемлекеттiк …  және оны …… үйлестiрiп отырады. 
4.    Ол заңдар осы Заңнан және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасы мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының соған сәйкес шығарылатын басқа да ………  құрылады. 

9-тапсырма. Грамматикалық анықтағыш. Мұны білгеніңіз жөн! Шығыс септігі. 

Шығыс септік қимыл-әрекеттің қайдан басталғанын, қайдан шыққанын, яғни шыққан орнын, себебін, мезгілін, мөлшерін білдіреді. Сұрақтары: кімнен? Неден? Қайдан? Жұрнақтары: -нан, -нен, -дан, -ден,-тан, -тен. Мысалы: Бір жылдан бері қарап жүрмін. Бүгін үйден ерте шықтым. Шығыс септігі де басқа септіктердей үндестік заңына бағынып жалғанады.

10-тапсырма.  Жоғарыдағы мәтіндерден шығыс септігінде тұрған сөздерді табыңыз. Сұрақ қойыңыздар. 
11-тапсырма. Мына сөздерге лексикалық түсініктеме жазыңыздар. 

Мызғымастық –
Тұтастық –
Аумақ – 

12-тапсырма. Шекара сөзімен тіркесетін сөздерді жазыңыз. Олармен сөйлем құрастырыңыздар.

Студенттердің білімін тексеруге арналған бақылау сұрақтары:

1. Аумақтық тұтастықты құрметтеу туралы Декларация қай жылы қабылданды?
2. Шекара саясатында қандай қағидалар  басшылыққа алынады?
3. Шекара сызығының өтуі нені талап етеді?
4. Шығыс септігі дегеніміз не? Қосымшалары қандай?
5. Шекара туралы заңдар неге негізделеді?

СОӨЖ тапсырмасы: Оқытушы көмегімен топ болып Қазақстанмен шектесетін мемлекеттер туралы пікірлесіңіздер. 

СӨЖ тапсырмасы: «Қазақстан-Ресей» шекарасы туралы реферат дайында.
 

Рахмет ретінде жарнаманы басыңыз!