Мемлекеттік басқарудың мақсаттары | Скачать Реферат

0
149


Реферат

Мемлекеттік басқару процесінде мемлекет пен қоғамның өзара іс-әрекеті

Мазмұны

Кіріспе
1. Мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың әлеуметтік механизмі
2. Мемлекеттік басқарудағы қызығушылықтар өкілділігі
3. Жария саясат мемлекет пен қоғамның өзара іс-әрекет процесі ретінде
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Демократия жолындағы қоғамның дамуы қоғам мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас сипатының өзгерісіне алып келеді. Мемлекеттің дамуы қоғамның демократиялық қондырғысан және тиімді басқаруға келіп тіреледі. Сондықтан қазіргі таңда мемлекет пен қоғам демократияны бір-бірінсіз құра алмайды. Азаматтық қоғамның институты, саяси партиялар, пресса, қоғамдық бірлестіктер бұлардың барлығы демократиялық процестен шығып кетулері мүмкін емес. Заманауи демократиялық мемлекет өзінің саясатын азаматтық қоғамды тарта отырып қана өндіріп, жүзеге асыра алады. Сондықтан заманауи демокартиялық мемлекеттердегі мемлекеттік саясатты қоғамдық саясат немесе жария саясат деп атайды. Аталмыш ара-қатынас қоғам қызығушылықтарын тұтастай қамтиды.
Демократиялық мемлекеттің негізгі мәселелерінің бірі мемлекет пен адам қызығушылықтарының өзара үйлесу мәселесі. Аталған процестің жетекші субьектісі ретінде мемлекет саналады, тек қана ол аталмыш мақсатқа қол жеткізетін саясатты жүргізеді. Кез келген диспропорция немесе қоғамның дамуындағы қиындықтар саяси мәселеге айналады. Экономикалық мәселелер, мектеп реформасы, салықтар және т.б.- мұның барлығы соның ішінде саяси мәселелер қатарына жатады және үкіметтің араласуын талап етеді және ерекше саяси шешімді қажет етеді.
Осы мақсаттарға жету үшін қазіргі таңда тек қана мемлекет қана емес, сонымен қатар әлеуметтік қызмет алаңына басқа да ойыншылар шықты – мемлекеттік емес субьектілер. Қазіргі заманауи жағдайларда олардың өзара іс-әрекеті аса маңызды болып табылады. Олардың өзарат әрекеттесуі барлық қоғамдық ағзаның қалыптасуына ықпалын тигізеді. Жария саясатқа мемлекеттік емес субьектілердің қатысуы оның көптеген салаларының дамуына ықпал етеді, атап айтсақ, денсаулық сақтау, білім беру саласы, әлеуметтік қамтамасыз ету және т.б [1].
Жоғары айтылғанны барлығы көкейкесті болыап табылады және рефыерат тақырыбын таңдауыма ықпал етті. Оның негізгі мақсаты мемлдекет пен қоғам арасындағы өзара әрекеттесудің қырларын анықтау болып табылады.
Аталған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу көзделеді:
– мемлекеттік басқаруды қалыптастырудың әлеуметтік механизмін ашу;
– мемлекеттік басқарудағы қызығушылықтар өкілділігі игеру;
– жария саясат мемлекет пен қоғамның өзара іс-әрекет процесі ретінде көрініс табатын жария саясатты анықтау.

1. Мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың әлеуметтік механизмі

Адамзатты басқаратын нәрселер көп: климат, дін, заңдар, басқарма ұстанымдары, өткеннің өрімдері, салт-дәстүрлер; мұның нәтижесі ретінде халықтың жалпы рухы қалыптасады.

Шарль Монтескье
государственный управление социальный механизм
Әлеуметтік механизм – әлеуметтік институттар – әлеуметтік нормалар – саяси бостандық – мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың әлеуметтік механизмі: қалыптасу блогы, жүзеге асыру блогы.
Табиғаты жағынан мемлекеттік басқару әлеуметтік басқарудың белгілі бір бөлігі бола тұра адамзатпен, оның қызметімен тығыз байланысты қоғами институт болып табылады. Ол қоғамның дамуына ықпал ететін заңдылықтармен анықталған.
Жалпы мемлекеттік басқару жүйелі қоғамдық құбылыс ретінде әлеуметтік қатынастар жүйесіне енеді. Иерархиялық қоғамдық-саяси құрылымда жоғары тұрған субьектінің оның қарамағындағы субьектіні басқаруқабілеті орын алады. Мемлекеттік билікпен жүзеге асырылатын басқарушылық іс-әрекеттің өзінің ішкі мазмұны мен сыртқы келбеті болады, бұл дегеніміз мемлекеттік басқарудың қозғалысқа ие нақты механизмінің нәтижесі болып табылады. Оның іс-әрекеті басқару обьектілері мен субьектілері арасындағы мемлекеттік-басқару қатынастарының нәтижесінде көрініс табады.
Мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың әлеуметтік механизміне сипаттама бермес бұрын, ең алдымен әлеуметтік механизм түсінігін талдап көрелік. Әлеуметтік құбылыстар және процестер адамдар, қоғам, әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынастың салдарынан құралады және белгілі бір өзара байланыс жетегінде жүреді. Мұның барлығы адамның қоғамдық өмірінде қозғалысқа ие әлеуметтік механизмінің көмегімен жүзеге асырылады және әлеуметтік механизм түсінігін белгілі бір нәтижелерге жетуге бағытталған әлеуметтік мақсаттарды жүзеге асыратын технологиялар немесе сипаттар жиынтығы ретінде қарастыруымызға болады.
Мемлекеттік басқару адам-қоғам-мемлекет-адам өзара кері байланыс жүйесінде іске асады. Аталған жүйе қаншалықты күрделі болмасын, ол белгілі бір үлгінің негізінде қалыптасады және әрекет етеді. Аталмыш байланыста мемлекеттің ажырамас функциясы ретінде көрініс тапқан мемлекеттік басқару адамзаттың ұйымдасқан өркениетінің барлық тарихында дамып келеді. Сондықтан мемлекеттік басқарудың практика жүзінде іске асуы әрдайым белгілі бір қоғамның дамуының тарихи кезеңімен, оның мәдениетімен, саясатымен, экономикасымен шартталған.
Егер де қоғам бір жақты болатын болса, әрбір азаматы үшін біркелкі қажеттіліктергі ие болатын болса, онда мемлекетік басқарудың мақсаттарын айқындауда ешқандай да қиындықтар тумас еді (сурет 1).

Ішкі іс-әрекет

Басқару жүйесі
Басқарушы қондырғы
Қоғам
Ұлттық идея
Мемлекеттік басқарудың мақсаттары
Ұлттық қызығушылықтар

Топтық және мемлекеттік идеологиялар, қызығушылықтар, мақсаттар арасындағы өзара іс-әрекет

Басқарушы
іс-әрекет

Ішкі іс-әрекет

Адамдар тобы
Топтық қызығушылықтар
Топтық мақстаттар
Топтық идеологиялар

Сурет 1. Жалпыұлттық және топтық қызығушылықтар арасындағы өзара іс-әрекет [2, 10 б].

Алайда қоғамның әрбір мүшесінің өзінің жеке қажеттіліктері мен ниеттері бар, өз мақсаттарын үнемі қадағалап отырады және оларды жүзеге асыру барысында ерекше мүмкіндіктерге ие. Адамдар тобының мемлекеттік басқару мақсаттарын айқындауда үлкен ықпалын тигізері сөзсіз, яғни мемлекет мақсатын өз мақсаттарын жүзеге асыруда максималды түрде бағындыруға ұмтылады. Ол үшін қажет басқарушылық қызметке ие болу қажет [3, 11 б].
Қоғамда өмір сүріп, одан аластап кетуге, басқа адамдармен тілдеспеуге болмайды, тіпті адамның бас бостандығы басқа адамдардың бостандығы басталған мезетте аяқталады. Сондықтан қоғамда адамдардың тәртібін бағалайтын, бағыттайтын әлеуметтік нормалар қызмет атқарады.
Осылайша, мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың әлеуметтік механизмі ретінді әлеуметтік құбылыстардың,и іс-әрекеттер мен оқиғалардың заңды түрде өзара байланысын атауға болады. Аталмыш байланыс қоғамның ішкі саяси жүйесінде жүзеге асады және мемлекеттік басқарудың мазмұны мен құрылымына, оны іске асырудың әдістері мен формаларына және оның мақсатты бағытталғандығына және тиімділігіне әсер етеді.

2. Мемлекеттік басқарудағы қызығушылықтар өкілділігі

Адамның барлық қызметі нақты қажеттіліктермен шартталған. Адамдар бір нәрсеге жетуге талпынады немесе бір нәрседен арылуға ұмтылады. Сондықтан мемлекеттік басқарудың әрдайым қоғаммен байланысты және оның сұраныстарын қанағаттандыратын маңызды институты болып қызығушылықтар өкілділігінің жүйесі табылады. Оның көмегімен мемлекеттік шешімдер өзгерістер мен түзетулерге ұшырайды.
Мемлекеттік басқару мен қоғам арасында өзара әрекеттесу барысында әлеуметтік қызығушылықтардың келесі топтарын ерекшелеуге болады:
* қоғамдық;
* мемлекеттік;
* аймақтық;
* ұлттық;
* кәсіби;
* жеке [4, с. 47].
Мемлекетік басқару жүйесіндегі өкілділік институты әрекетінің негізгі обьектісі болып мемлекеттік басқару органды табылады. Шешімдерді қабылдау процесіне ықпал ете отырып, өкілділік субьектілері қоғам мен мемлекет арасындағы тығыз байланысты қамтамасыз етеді, бұл дегеніміз әлеуметтік әсері бар құрылымдарың белгілі бір бағытына төтеп бере алатын қабілеттің бар екендігін білдіреді. Мемлекеттік басқарудың субьектісі ретінде жеке … жалғасы