Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры слайд,презентация
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры слайд,презентация
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры» акционерлiк қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 237 қаулысына сәйкес құрылды.
Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу, әлеуметтік аударымдардың сақталуы мен мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету болып табылады.
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың әлеуметтiк төлемдердi жүзеге асыруы үшiн қаражаттың уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге;
Қордың уақытша бос қаражатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына орналастыруға;
Жыл сайын аудит өткiзудi қамтамасыз етуге;
Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де мiндеттердi атқаруға мiндеттi.
1. Қор инвестициялық қызметтi Қор мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арасында жасалатын шарт негiзiнде Қордың активтерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына орналастыру жолымен жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қордың активтерiн шоғырландыру және орналастыру жөнiндегi, инвестициялық кiрiс алу жөнiндегi барлық операциялардың есебiн жүргiзедi және жасалған шартқа сәйкес Қор шоттарының және оның активтерiмен инвестициялық қызметтiң жай-күйi туралы Қорға тоқсан сайын есеп берудi табыс етiп отырады.