Мемлекет пен бизнес арасындағы қатынастың шетелдік тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері

0


Тақырыбы: Мемлекет пен бизнес арасындағы қатынастың шетелдік тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері
Орындаған: Әукенов Ә.Д.

Жоспар

Мемлекет пен бизнес арасындағы қатынастың бірнеше шетелдік тәжірибелері … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .3
Шетелдік тәжірибелердің Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері … … … …6

Заң тек оған бағынатындарға өзінің игілікті ықпалын ашады.
Демокрит

Мемлекет пен бизнес арасындағы қатынастың бірнеше шетелдік тәжірибелері
Мемлекет ұзақ уақыт өмір сүру және даму, гүлдену үшін көптеген факторларды ескеру қажет. Саясат, билік, экономика, әлеумет, қорғаныс, білім және ғылым, дін, мәдениет салалары өзара байланысты, бір нәрсе өзгергенде басқалары да өзгеруі мүмкін. Соңғы уақыттарда бұларға бизнес қосылды, оның қазіргі мемлекет бейнесіне қалай әсер ететінін біз анық көре аламыз. Жалпы мемлекет және бизнес қатынастары әр мемлекетте әртүрлі, әрқайсысы тиімді, оңтайлы жақты іздейді.
Қазіргі таңда бұл екі субъекттің арасындағы байланыстың бірнеше мемлекеттік модельдері бар. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекет пен бизнестің серіктестігі екі жаққа да пайдалы екені белгілі. Кәсіпкерлік құрылымдарға — бұл ұтымды ортақ жобаға қатысудан мемлекеттің шаруашылыққа қолайлы жағдай жасауы. Мемлекет үшін — бұл ұлттық маңызды жобаларға жеке капиталды тарту болып табылады. Серіктестік қатынас оңай құрылмайды. Батысқа бірнеше онжылдықтар қажет болды, ал Қазақстанға мерзім қандай болатынын әзірше болжамдай ғана аламыз, себебі біз жолдың басындамыз.
Шетелдік тәжірибелерге назар салсақ, олардың ішінен АҚШ, Израиль, Германия, модельдерін мысалға келтіруге болады.
АҚШ-ғы мемлекет және бизнес моделі
Шағын және орта бизнесті қолдау қағидалары 1953 ж. құрылды, ол уақытта АҚШ-ғы шағын бизнес істері бойынша Әкімшілік пайда болды. Бұл ұйымға мынадай міндеттер қойылған:
Кәсіпкерлерге қаржылық және консультативтік көмек беру;
Мемлекеттік тапсырыс және ірі кәсіпорындардан контрактілер алған кезде жәрдемдесу.
Ұйымның өкілдіктері барлық ірі қалаларда орналасқан, яғни шағын және орта бизнестің саясатын тек негізгі экономикалық орталықтарға емес, сонымен бірге барлық штаттарға таратады.
ШБӘ (Шағын бизнес әкімшілігі) негізгі мақсаттары:
Бизнеске несие алуға көмек және несиелер бойынша кепілдіктерді беру;
Өзінің бюджеті арқылы шағын және орта бизнесті субсидиялау немесе несие беру;
Бизнесті техникалық және ақпаратттық қолдау;
Бәсекелестік ортаны сақтау және оны дамыту.
Қазіргі момент бойынша несиеге кепілдемелер бағдарламасында ШБӘ мемлекет шоты арқылы 90% несиелік міндеттемелерді жаба алады. Ол банктік несиелерді алғанда несие мерзімін 5 жылға, ал тікелей қарызды ұсынғанда 15 жылға дейін созуға мүмкіндік береді.
Маңызды орынды төтенше жағдайлар кезінде шағын және орта бизнеске қаржылық жәрдемдесу және шағын кәсіпорындармен жасалатын құрылыстық мердігерлікті мемлекеттік жалгерлік пен сақтандыру алады.
АҚШ-да шағын және орта бизнеске арнайы салықтық жеңілдіктер таралады, мысалы, бірінші жыл бонусы, яғни салық жартылай ғана төленеді. Федералды салықтардың абсолютті және салыстырмалы көлемдерін төмендетілуі шағын бизнестің дамуына әсер етеді, ол мөлшері аз кәсіпорындарды құруды ынталандырудан, олардың экономикадағы позицияларын жоғарылатудан, жаңа жұмыс орындарынан көрінеді.
ШБӘ нақты мақсаты, әрекет сегменті, клиенттері, қатысу талаптары бар бағдарламармен әрекет ете алады. ШБӘ қазір негізгі 2 бағдарламасы бар:
7а бағдарламасы:
мақсаты — банкке жүгінгенде жай жолмен кепілдікті ала алмайтын шағын кәсіпкерге оны пайдалануға беру
кепілдік көлемі: 750 мың доллардан аспайтын 75% қарыз үлесімен кепілдік беріле алады.
504 бағдарламасы:
мақсаты — жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындарға кеңеюге және модерницизациялануға көмек беру;
кепілдік көлемі: 40% қарыз көлемі бойынша ШБӘ 1млн доллар кепілдік сомасын бере алады.
ШБӘ бағдарламалық функциялары:
капиталға қол жеткізуді қамтамасыз ету;
кәсіпкерлікті ақпараттық қызмет, техникалық көмек және оқыту арқылы дамыту;
үкімет пен шағын кәсіпкерлік арасындағы контрактілерді жасасуға жәрдемдесу;
шағын кәсіпкерліктің мүдделерін қорғау.

Германиядағы мемлекет және бизнес моделі
Германдық экономикалық моделінде мемлекет экономикалық мақсаттарды қоймайды, олар экономикалық ынтаны жүзеге асыру үшін сенімді құқықтық және қоғамдық жағдай жасайды. Мемлекеттің ең басты міндеті — нарықтық тиімділік пен қоғамдық әділдіктің тепе-теңдігін сақтау. Германдық модельдің ерекшеліктері:
индивидуалды еркіндік, яғни нарықтық механизмдерді жұмыс істеу шарты және шешім қабылдауды децентрализация;
қоғамдық теңдік;
антициклдік реттеу, бұл тәсіл циклдық ауытқуды болдырмас үшін экономикалық конъюнктураға әсер ету болып табылады;
технологиялық және ұйымдық инновацияларды ынталандыру;
құрылымдық саясатты ұйымдастыру;
бәсекелестікті көтермелеу және қорғау.
Германдық модельдің тағы бір ерекшілігі — рейндік капитализм. Бұл ерекшілік мемлекеттің экономикасына банктердің жоғары үлесімен белгіленеді. Германиядағы банктер өнеркәсіптік компаниялардың және қызмет жасау сферасында ірі акционерлер болып табылады, сондықтан бизнес шешімдерге олардың қатысуы кездейсоқ емес. Сондықтан Германияда банктердің бизнеске ықпалы басқа елдерден гөрі … жалғасы

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!