Мемлекет органдары туралы түсінік | туралы қазақша

0

Мемлекеттің көп қырлы қызметі мемлекет органдары арқылы жүргізілетіні бәрімізге мәлім. Бірақ олардың әр түрлілігіне қарамастан ортақ белгілері бар. Олардың әрқайсысы мемлекеттік апараттың құрамдас бөлігі, мемлекеттік органдар жүйесіне кіреді. Сөйтіп, мемлекет органы дегеніміз -белгіленген тәртіппен құрылған азаматтар үжымы, мемлекеттік билік өкілділігіне иелі өзінің құзыреті шеңберінде қызмет атқаратын бірыңғай мемлекеттік аппараттың бөлігі болып табылады. Оған мынадай белгілер тән: біріншіден, орган мемлекет орнатқан тәртіпте құрылады; екіншіден, органға мемлекет өз міндеттері мен қызметін жүзеге асыруы үшін уәкілеттік береді; бұл орайда ол жекедеген қызметті де, қызметтер жиынтығын да (мысалы, Парламент) орындауы мүмкін; үшіншіден, органға мемлекеттік билік өкілеттілігі берілген. Ол басқа мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар, азаматтар орындауға тиісті міндетті актілер шығара алады және өздері шығарған актілердің орындалуын қамтамасыз етеді; төртіншіден, мемлекет үшін белгіленген ережелерге сәйкес әрекет етулері тиіс. Мысалы, сот төрелігі органдары үшін азаматтық және қылмыстық істерді қараудың белгілі бір тәртібі белгіленген. Бүлар бір жүйеге біріктірілген, бірақ олардың әрқайсысының функциясы бөлек, бір-бірінен өздеріне тән белгілерімен оңай ажыратылады. Сондықтан да болар мемлекеттік органдардың түрлерінің көптігі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мемлекет қызметін іске асыру нысаны бойынша — өкілді, атқарушы, сот, прокуратура және өзге де бақылаушы-қадағалаушы органдарға бөлінеді. Бұл органдар заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлу қағидатына негізделген; дәрежесіне қарай — орталық және жергілікті болып жіктеледі, өкілеттіктің мерзімі бойынша — тұрақты (қызмет мерзімі шектелмей құрылады) және уақытша (қысқа мерзімді мақсаттарға жету үшін құрылады); құзыретін жүзеге асыру тәртібі бойынша — алқалы (Парламент) және дара (Президент) басшылық; қызметінің құқылық нысаны бойынша — құқық шығарушы, қүқық қолданушы және құқық қорғаушы, қызметінің сипатына қарай — жалпы (Үкімет) және арнаулы (министрліктер) органдар болып бөлінеді.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдарды құру және олардың қызмет етуін айқындаушы негізгі қағидат билікті бөлу теориясы болып табылады. Заң шығарушы биліктің тармағы — бұл Қазақстан Республикасының өкілді органы: Парламент.

ҚР атқарушы органдарына ҚР Үкіметі, министрліктер, комитеттер, агенстволар, департаменттер, әкімшіліктер және оның басқарушы органдары жатады.

Сот билігін тек соттар, мысалы ҚР-ның Жоғарғы Соты, жергілікті соттар атқарады. ҚР Президенті мемлекеттік органдар жүйесінде айрықша орын алады, ол Конституция бойынша бірде-бір билік тармақтарына жатпайды, тек олардың қызметін үйлестіріп отырады. Ол заң шығарушы органдармен бірігіп қызмет істейді, атқарушы органмен тығыз байланысты, оларға ықпал жасау үшін көптеген өкілеттілікке ие.

Мемлекеттік органдар жүйесіне мінездеме бере отырып, біз осылардың ішіндегі айрықша орын алатын Прокуратура органдарына да назар аударуымыз қажет. Прокуратура қүқық қорғаушы органдарының қатарына жатады, оның ең басты құзыреті — ҚР-ның аумағында заңдардың біркелкі және дәлме-дәл орындалуын қадағалау — кінәлі деп танылған азаматтарға, мекемелер мен ұйымдарға, мемлекеттің өзге де органдарына тиесілі шаралар қолдану.

Сөйтіп, Прокуратура қызметі барлық мемлекеттік өкімет пен басқару органдарының жұмысымен тығыз байланысты, әсіресе сот органдарының қызметімен, бірақ сот өкілеттілігіне ие бола алмайды.

Қорыта келе біз мемлекет органдарын олардың құрылуына қарай, сайланбалы (соттар) немесе өзге де мемлекет органдары арқылы құрылуын (прокуратура), ажырата аламыз. Мемлекеттік органдар, сонымен бірге, коллегиалды және жеке басшылық болып та бөлінеді.

#Мемлекет #органдары #туралы #түсінік

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз