Мектепке дейінгі жаста ойын әрекетінің маңызы

0
275

ЖОСПАР:

Кіріспе

1 Ойынның тәрбиелік аспектілерінің теориялық негіздері
1.1 Ойын түсінігі
1.2 Мектепке дейінгі жаста ойын әрекетінің маңызы

2 Ойын арқылы балаларды жан жақты тәрбиелеу
2.1 Ойын – балалардың ойлау қабілетін арттыратын іс- әрекет
2.2 Ұлттық мұраның бай қазынасы – халықтық ұлттық ойындар

3 Тәжірибелік бөлім

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Мектеп жасына дейінгі балалар болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.
Зерттеу жұмысының мақсаты: мектеп жасына дейінгіт балалардың ойын әрекетін дамыту
Зерттеу мақсатына сай келесі міндеттер анықталды:
– Ойынның тәрбиелік аспектілерінің теориялық негіздерін зерттеу;
– Ойын түсінігін ашу;
– Мектепке дейінгі жаста ойын әрекетінің маңызын көрсету;
– Ойын арқылы балаларды жан жақты тәрбиелеуді талдау;
– Ойын – балалардың ойлау қабілетін арттыратын іс- әрекет ретінде зерттеу;
– Ұлттық мұраның бай қазынасы – халықтық ұлттық ойындарға сипаттама беру;
– Ойын – баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы ретінде қарастыру.
Зерттеу объектісі: тәрбие ретіндегі ойын әдістері
Зерттеу әдістері: фактілерді талдау, жүйелеу, ғылымилылық, тарихилылы әдістер қолданды
Зерттеу болжамы: Мектеп жасына дейінгі немесе мектепке дейінгі мекемелерде ойын әдісі тәрбиелеу және оқытудың басты нәтижелі құралыболып табылады, сондықтан да оларды жетік зерттеп игеру арқылы ғана қарастырылып жатқан жастық шақта тәрбие жұмысының нәтижелілігіне жетуге болады.

1 Ойынның тәрбиелік аспектілерінің теориялық негіздері
1.1 Ойын түсінігі

Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі – ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.

1.2 Мектепке дейінгі жаста ойын әрекетінің маңызы
Мемлекеттік тілге үйрету сабақтарын құру және оны оқыту мағынасын іріктеу кезінде бірқатар принциптерді ескеру қажет. Басты принциптердің бірі — тәрбие мен оқуды бірыңғай үрдіске біріктіру. Бұл тіл дамыту қазақ тілі сабақтарының негізгі мақсаты ретінде ғана болады дегенді білдіреді, алайда сабақта шешілетін міндеттер бұл мақсатпен шектеліп қалмайды.

2.1 Ойын – балалардың ойлау қабілетін арттыратын іс- әрекет
Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар), биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді.
Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуғаынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.
Ойын – дегеніміз не? Ойын дегеніз – халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын қүралдың бірі.
Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.
Сондықтан кез- келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу керек. Мысылы Сауат ашу оқулығында тақырып соңында тапсырмалар берілген. Осы тапсырмаларды ойын арқылы ойынарқылыөткізугеболады. Ұйқасын тап, Сиқырлы қоржын, Өлең жолын құрастыр т.б. ойындар.
Тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында да ролдік ,сюжеттік ойындарды қолдануға болады. Ролдік ойындар мектепке дейінгі балалармен өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та , қысқа да болу мүмкін. Сюжетті- рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктену, шындық ты көрсету болып табылады.Мысалы Дүкен ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы әрекеттеріне еліктейді., ал Мектеп болып ойнағанда мұғаліммен оқытушының әрекетіне еліктейді. Отбасы ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады.
Ұлттық қазақ ойындары: Қыз қуу, Орамал тастау, Асықтар, Бәйге ойындары. Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі. Ойындар әр топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Мен өз тәжірибемде ойындарды көп қолданамын. Сабақ барысында да, күннің жартысында да … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz