Мектепке дейінгі педагогика ғылымының ерекшелігі

1


Курстық жұмыс

Тақырыбы: Мектепке дейінгі педагогика ғылымының ерекшелігі

Жоспары:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. Педагогика ғылымының басқа ғылым салаларымен байланысы
2.2. Мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы.
2.3. Мектепке дейінгі мекемелерге арналған бағдарламаның мақсат –
міндеттері.
2.4. Мектепке дейінгі тәрбиенің міндеттері және даму жолдары.
2.5. Мектепке дейінгі мекемелердің күн тәртібінің ерекшелігі.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Педагогика өркениетті қоғамның даму тарихынан, жас ұрпақ тәрбиелеу
тәжірибесінен бастау алады. Педагогика ұғымы екі мағына береді. Біріншіден
— білімнің ғылыми аумағы, ғылым; екіншіден — өнер, қолөнер, педагогикалық
іс-әрекет аумағы. Педагогика атауының түп-төркіні гректің пайдос — бала
және аго — жетектеу деген сөздерден алынған. Пайдагогос сөзін тура
мағынасында аударса, бала жетектеуші деген ұғымды білдіреді. Яғни баланы
өмірге жетектеу, оқыту, оны тәрбиелеу, жан мен тәннің дамуына бағыттау.
Ежелгі Грекияда қожайынның баласын мектепке жетектеп апарып, алып қайтатын
құлды педагог деп атаған. Барлық кезде педагогтар адамдарға олардың
өздеріне табиғат берген мүмкіндіктерді пайдалануына көмектесудің, олардың
бойында жаңа адами сапаларды қалыптастырудың дұрыс та, таңдаулы жолдарын
іздеді.
Жазу пайда болғаннан бастап, педагогикалық пайымдаулар ауызша тұрмыстық
және біздің заманымызға дейін мақалдар, мәтелдер, афоризмдер, қанатты
сөздер түрінде жеткен. Халықтық педагогиканың қайнар көздері, педагогиканың
бірінші даму кезеңдерін біз ертегілерден, әндерден, мысалдардан және т.б.
табамыз. Содан соң жазу пайда болғаннан кейін олар құрғақ жаттау, басқаша
формаға еніп, жазудың ережелері мен емлелеріне айналып, жазбаша сипат алды.
Мыңдаған жылдар бойына қажетті білім негіздері жиналып қордаланды, ең
өміршеңі, ең пайдалысы қалып, берік орныққанша талай педагогикалық жүйелер
кезектесе өмірге келіп, уақыт сынынан өтті, жарамсыздары тарих сахнасынан
кетті.
Педагогика — қоғам мен табиғаттың теңдесуін, өмірге қанағаттандыруда
толық белсенді шығармашылық, рухани байлығына көмек беру, адамды
тәрбиелеуді зерттейтін ғылым. Педагогикалық білім адамды жан-жақты
дамытудың тәсілдері мен жолдарын әмбебап оқытуды тұтасымен зерттейді.
Педагогика басқа ғылымдар сияқты дамушы ғылым, оның негізгі
категорияларының ойлау аспектілері үнемі кеңейтіліп қарастырылып отырылады.
Ал педагогикалық шығармашылық тәрбие мен оқу күшінің шектеусіз көпқырлы
тәжірибесінде дамиды.
Ғылыми педагогика XVII ғасырдың екінші жартысында пайда болды, яғни
бірінші ғылыми-педагогикалық жұмыстар мен жаппай мектептер пайда болған
кез. Бұл жаңалықтар чех педагогі Я.А. Коменский атымен байланысты. Ол
бірінші рет оқушылардың жүріс-тұрыс ережелерін, сонан соң өзінің ең ірі
Ұлы дидактика атты еңбегін жазды. Оның барлық еңбектері біздерге ешқандай
мағынасын жоғалтпай жеткен. Эксперименталды педагогика ХІХ-ХХ ғасырлардың
тоғысында пайда бола бастады.
Педагогика тәрбиелеудің қатынастары туралы тәрбиелеудің өзара
байланысының процесінде пайда болған, білім беру және оқыту өзін-өзі
тәрбиелеу, өз-өзіне білім беру және өзін-өзі оқытумен бірге жеке адамның
дамуына бағытталған.
Педагогика ғылым ретінде төмендегі барлық белгілерді қамтиды. Ол өзінің
басқа ғылымдардан айрықшалайтын түсінікті аппаратымен де ерекшеленеді.
Сонымен, педагогика терминінің мағынасына не кіреді?
Біріншіден, педагогиканың тұрмыстық мағынасы айқындалады. Әрбір адам
өзінің балаларын, отбасы мүшелерін, ұжым мүшелерін тәрбиелеуде және оқытуда
өмір ағымында педагог рөлінде ойнайды.
Екіншіден, педагогиканың практикалық мағынасын анықтайды. Педагогика
адамзат әрекеттерінің аймағы, үлкен ұрпақтың кішіге берілген өмірлік
тәжірибесімен байланысты. Бұл жерде халықтық (житейлік) педагогиканың
педагогикалық шеберлігімен және тәрбилеу өнерімен өзара байланысы туралы
айту жарасымды. Жоғары педагогикалық іс-әрекеттердің пайда болуын өнер деп
атау кездейсоқ емес. Педагогиканың басқа кез келген ғылымдардан басты
айырмашылығы осыда. Оқытушы тек қана білімді алып жүруші, тек қана
студенттер үшін ақпараттардың көзі болу қажет емес, ол әртүрлі рөлдерді
ойнаушы — актер, мұғалім, тәрбиелеуші, педагогикалық процестің қатысушысы,
жолдас, дос. Педагогикалық процесс оқытушы тарапынан қателікті жібермейтін
әрекет немесе оқытушы қатесі өте қымбатқа түседі. Педагогиканың өнерге
қатыстылығын күнделікті өмірден көріп жүрміз, сондықтан оқытушы студентке
тек өзінің кәсіби күші арқылы ғана емес, сонымен қатар өз тұлғасының
ерекшеліктері де әсер етеді (мінездік қасиеті, іске, адамдарға, қоғамға
және т.б. қатынасы).
Тарихтан белгілі көне түркілер ұрпағы – қазақтардың этногенезі туралы
сөз қозғасақ, олар жоғарыда айтылған Енисей жазба ескерткіштеріндегі
мәліметтерге қарағанда және көне Қытай, Ұйғыр, Моңғол жазбалары бойынша
арғы тегі Моңғол тектес Ғұндар мен Үнді-Иран тектес Қыпшақтар мен
Сақтардың, түркі тектес Үйсін, Қаңлылардың қосындысынан пайда болған
Еуразия даласының көшпенділері екені байқалады. Қазақтың этногенезінде
Керейттер мен Наймандардың, Арғындар мен Қоңыраттардың, Алшын, Жаппас,
Шектілердің де болғанын тарих дәлелдеп отыр. Ол жөнінде атақты тарихшы
В.В.Бартольд, Л.Н.Гумилев, Х.Арғынбаев, Ә.Марғұлан т.б. еңбектерінде
дәйекті дәлелдер келтірілген.
Қазақ хандығы ХҮ ғ. орнағанымен қазақ ұлтының аты одан әлдеқайда ерте
ҮІ ғ. өзінде-ақ төңіректің төрт бұрышына белгілі болған. Ол жөнінде
М.Шоқайдың, түрік профессоры З.Ұ.Тоғанның, фольклорист-ғалымдар: Ә.Диваев,
Ә.Қоңыратбаевтың, тарихшы-ғалымдар М.Х.Дулатидің, Ш.Уәлихановтың,
А.Н.Бернштамның, М.Ақынжановтардың зерттеу еңбектерінде айтылған.
Ал қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу дәстүрі – халық педагогикасынан, оның
ауыз әдебиеті үлгілері мен тұрмыс-тіршілігімен байланысты туындаған салт-
дәстүрінен, ұлттық музыкасы мен өлең-жырларынан, қолөнер түрлері мен ұлттық
ойындарынан бастау алған.[1]

2.1. Педагогиканың басқа ғылым салаларымен байланысы

Педагогика ғылымы басқа ғылымдармен тығыз байланыста дамып отырды.
Еңбасты философия, психология ғылымдарымен тығыз байланысты. Педагогика
ғылымының әдіснамалық негізі философия ғылымымен байланысты анықталып,
педагогиклық концепциялар мен оқыту-тәрбиелеу туралы жаңа теориялар
қалыптасуына ықпал етеді. Соңғы уақыттарда педагогика ғылымына әлеуметану
ғылымы ықпал етіп, қоғамдық өмірдің әртүрлі жағын қарастырады.
Философия — табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын, түбегейлі
мәселелерін зерттейді, өмір шындығын танып-білу жөніндегі көзқарастың
негізгі жүйесі болып табылады, адамды күшті идеялық сенімге, айқын түсіне
білушілікке тәрбиелейді. Ғылыми философия тұрғысынан қарағанда, мысалы,
теріске шығару зақының мәнін былайша түсіндіруге болады: ескінің орнын жаңа
басады, дамудық бір кезеңі екінші кезеңімен ауысады. Мысалы, қоғамның
тарихи даму барысында бір формация екінші формациямен ауысады. Ғасырлар
бойы табиғи дамудық негізінде жануарлар мен өсімдіктердің ескі түрлерін
жаңа түрлері теріске шығарады. Ғылыми философия әр түрлі заттарды,
құбылыстарды, оқиғаларды терең және жан-жақты зерттей білуді талап етеді.
Сондықтан ол басқа ғылымдар сияқты педагогиканы диалектикалық әдіспен
қаруландыра отырып, тәрбие және оқыту мәселерін ғылыми тұрғыдан шешуге
көмектеседі. Кейбір жалпы мәселелер философия мен педагогика ғылымдарының
бірігіп зерттеуін қажет етеді.Оларға тәрбиедегі жұртшылықтың рөлі, адамды
қалыптастыруды тұқым қуалаушылықтың, ортаның және тәрбиенің рөлі, т.б.
жатады.
Педагогика психологиямен тығыз байланысты. Педагогика тәрбие мен
дидактика мәселелерін әр уақытта психологиялық ғылыми мәліметтерге сүйене
отырып зерттейді. Егер психология психикалық процесті (түйсік, қабылдау,
зейін, ес, ойлау, т.б.) және адамның дербес ерекшеліктерін (темперамент,
мінез, қабілет), демек, адам психологиясының даму заңдылықтарын зерттейтін
болса, ал, педагогика осы мәселелерді терең пайдалана отырып, адамды
қалыптастыру үшін тәрбие мен оқыту және білім берудің тиімді әдістері мен
құралдарын анықтап ашады. Мектептегі білім және тәрбие беру жүйесінің
негізі жас ерекшелігі физиологиясы ғылымына байланысты. Мұғалім балалар
ағзасындағы жоғары жүйке қызметін, тыныс алу және қан және жүрек-тамыр
жүйесінің физиологиялық ерекшеліктерін жете білуі қажет. Ол осы
мәліметтерге сүйеніп, тәрбие мен оқу процесін, әсіресе, дене тәрбиесінің
практикалық және теориялық мәселелерін дұрыс шешу жолдарын іздестіреді. Жас
ағзаның дамуы барысындағы анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерді, әсіресе
жоғары жүйке қызметінің негізгі заңдылықтарын (қозу, тежелу) жете түсіну
педагогикалық процесті ойдағыдай басқарудық негізі болады.
Педагогика ғылымы мектеп гигиенасымен тікелей байланысты. Мектеп
гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту және дамыту жайындағы
ғылым. Оқушылардың денсаулығы әр түрлі факторларға байланысты. Мектеп
ғимаратында, сынып бөлмелерінде ауаның жеткіліксіз болуы оқушыларды бас
ауруына, жалпы әлсіздікке, демек түрлі сырқатқа ұшыратады. Жарықтың
нашарлығы баланың көзіне әсер етіп, көру мүшесінің қызметін нашарлатады.
Осылардың нәтижесінде балалар сабақ үстінде селқос, сылбыр болып, зейіні
нашарлап, ойлау қабілеті төмендейді. Бұл жағдай үлгермеушілікті туғызады.
Педагогика ғылымы тәрбиеге
байланысты этнографиялық және архео логиялық деректерді
пайдаланады. Этнография ғылымы – белгілі бір халықтың экономикасын,
қоғамдық және рухани мәдениетін, тұрмысын зерттейді. Археология — өткен
ғасырдағы ескерткіштер арқылы халықтардың әдет-ғүрпын, мәдениетін
зерттейді.
Соңғы кезде педагогика ғылымы кибернетика жетістіктерін де пайдалана
бастады. Кибернетика — (грек сөзі) — басқару өнері. Кибернетика – жас
ғылым, ол XX ғасырдық 40-жылдарының аяғында қалыптаса бастады. Кибернетика
– күрделі машиналардағы, тірі ағзадағы және қоғамдағы процестердің жалпы
заңдылыңтарын зерттеп басқаратын, олардағы ақпараттарды беретін ғылым.
Кибернетиканың негізгі салалары: ақпарат теориясы, автоматтар теориясы,
бағдарламалау теориясы. Әлеуметтану(социология) — ғылымы мен тығыз
байланысыты. Педагогика ғылымы нақты мәселелерді зерттеп жинақтауға
әлуметтану ғылымы әлуметтік ортаның адамға қатысын қарастырады. Жас ұрпақты
тәрбиелеу мәселесін қарастырғанда педагогика ғылымы әлуметтік ортамен
тәрбие жайындағы мәліметтерді әлеуметтану ғылымы негізінде қарастырады.[2]

2.2. Қазақстандағы мектепке дейінгі педагогиканың дамуы

Елімізде Қазан революциясына дейін Алматы, Орынбор, Астана, Пртропавл,
Семейде жетім балаларға арналған үйлер ашылды. 1917 жылы мамырда Алматы
қаласында мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиенің тұңғыш негізін қалаған
балабақшасы ашылып, 100-ге жуық балалар барды.
1919 жылы Торғай губерниясында 37 балабақша ашылып, 1000 баланы
қамтыды.Сол кездегі қазақ әйелдерінің өндіріс орындарына жұмысқа шығуы,
мектепке дейінгі балаларды тәрбиелейтін балабақшалардың ашылуына сұраныс
жоғарылай түсті. 1920 жылы елімізде 115 балабақша ашылып, оған 600-ге жуық
бала тартылды. Қазақ тілінде мамандар дайындалмауына байланысты қазақ
балаларына арналған топтар ашылмады. Дегенмен, Республикамызда мектепке
дейінгі балаларды балабақшаға тарту, ел арасында мектепке дейінгі
балаларды тәрбиелеу туралы түрлі бағытта жұмыстар жүргізілді.
Осы жылы Қостанай, Орынбор, Семей т.б. губернияларында мектепке дейінгі
бөлім ашылып, желтоқсан айында “Балалар апталығы” өткізіліп, оның мақсаты
көпшілік арасында насихат жүргізу. Халық ағарту бөлімдерінң қызметкерлері
ауылдарды аралап,. Халық арасында белсенді үгітшілер мен насихатшылады
даярлады. Баспасөз беттернде мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу
жөніндегі мақалар жарияланды. Мектепке дейінгі тәрбие жұмысының мақсаты мен
міндеттерін, балабақшалар, оның құрылымын, оның бала тәрбиесіндегі орнын,
озық тәжірибелер мен әдістемелік еңбектерді сол кездегі “Әйел теңдігі”
журналында арнайы айдармен жарияланып отырды. Журналдың мектепке дейінгі
тәрбие бөлімін басқарған, тұғғыш мектепке дейінгі тәрбие теориясынның
негізін салған Н.Құлжанованың ”Мектептен бұрынғы тәрбие”, “Ана мен бала”
еңбектері сүбелі болып саналды. Елімізде М.Жұмабаевтың “ Педагогика”,
Н.Құлжанованың “Мектептен бұрынғы тәрбие”, “Ана мен бала” атты еңбектерінде
мектепке дейінгі тәрбие мәселелері көтеріліп, ғылыми-пдагогикалық ,
әдістемелік тұрғыдан ашып берген.
1917 жылдан кейін де қазақ әйелдері баланың денсаулығына
медициналық көмек көрсету туралы білімдерінің жоқтығына байланысты бала
өлімі де көп болған. Осыған орай 1922 жылы “Ана мен баланы қорғау ғылыми-
зерттеу институты” ұйымдастырылды. Осы салада 1959-1980 жылдар аралығында
институтта басшылдық жасаған А.Бейсенованың 1965 жылы “Ана болу және
балалық шақ”, 1968 жылы “ Ана мен баланың денсаулығын сақтау” еңбектері
жарық көрді.
1922 жылыОрынборда және 1924 жылы Қызылорда қаласында әйелдер курстары
ашылыып, екі жылда 80 тәрбиеші даярланды.
1926-1929 жылдары халықшаруашылығынң өркендеуіне байланысты
балабақшалар, титік балабақшалар, мерзімді балалар үйлері ашылып, “мектепке
дейінгі киіз үй”, “көшпелі киіз үй”, “ қызыл отау” атты мектепке дейінгі
ұйымдардың жаңа формалары ашылып, алыс малшылар ауылында, қырман басында
жұмыс істеді.
1927 жылы Қаз АССР Халық ағарту комиссариатының шешімі бойынша
өткізілген мектепке дейінгі тәрбие туралы конференцияда балалармен
жүргізілетін тәрбие жұмысын жоспарлау, тәрбие әдістері, мектепке дейінгі
ұйымдас сауат ашу, мектеппен байланысы, жүргізілген жұмысты есепке алу
бойынша өзекті мәселелер қарастарылды. Осы жылдары “Мектепке дейінгі
саяхат” деп аталатын мектепке дейінгі ұйымдарды салу құрлысы жүргізіліп
көпшілік қатысты. 1929 жылы 85 балабақшаболды.
1933 жылы республи бойынша балабақша мамандарын дайындайтын 8 айлық
курстар жүргізіліп, ресейдің белгілі мамандары лекция оқыды.
Алматыда, Оралда, Семейде педтехникумдардың жанынан мектепке дейінгі
бөлімдер ашылды. 1938 жылы РСФСР Халық ағарту комиссариаты шығарған
балабақшаның уставы және ”Балабақшаның тәрбиешісіне жетекші құрал”, “Колхоз
балалар алаңдарының жұмысына басшылық” аударма түрінде пайдаланылды.
1964 жылы 2-7 жасқа дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу туралы
тұңғыш бағдарлама жарық көрді. 1955 жылы Г.П.Охотская ” Қазақстандағы
мектепке дейінгі тәрбие очеркі” деген тақырыпта кандидаттық диссертация
қорғаса, 1961 жылы В.И.Андросова “Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың
поэзиялық шығармаларға қызығушылығын арттыру”, 1969 жылы Б.Баймұратова “
Сәбилердің сөздік қорымен сөз игеру ерекшеліктері”, 1970 жылы Л.И.Давиденко
”Қазақстанның селолық балабақшалары”, Р.М.Жұмағожина ”Соғыс жылдарында
Қазақстанда балалар мекемелерінің дамуы” дессертациялық жұмыстар жазды.
1980-2000 жылдар аралығында Қ.М.Меңдаяқова, М.Т.Тұрыскелдина,
М.С.Сәтімбекова, Г.Ж.Меңлібекова, Р.К.Аралбаева, А.К.Меңжанова,
Ф.Жұмабекова, Ә.С.Әмірова, С.Н.Жиенбаева, Т.Иманбеков, С.Ғ Бәтібаева,
Г.Метербаева, Ғ.З.Таубаева және т.б. зерттеу жұмыстарын жүргізіп, мектепке
дейінгі ұйымға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар дайындады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы «Мектеп жасына дейінгі және мектеп
жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы» халықаралық адам құқығы туралы
нормаларға сәйкес жазылған.
1996 жылы алғашқы ұлттық Балбөбек бағдарламасының жобасы дайындалып,
2006 жылы өңделіп қайта баспадан шығарылды.
1999 жылы Елбасының жарлығымен Балаларды міндетті мектепалды дайындау
тұжырымдамасы қабылданды. Оның негізінде Мектепалды дайындау (Семей),
балабақшада және отбасында баланы мектепалды дайындау (2000)
бағдарламалары әзірленді. Кейін Қайнар, Қарлығаш Жеке тұлға атты
балама бағдарламалар іске қосылып, эксперименттен өткізілді. 2004 жылы
алғашқы мектепке дейінгі білім беру стандарты дайындалды. 2008 жылы
мектепке дейінгі білім беруге тұлға бағдарлы, құзыреттілік тұғыры негізінде
жалпыға міндетті білім беру стандарты дайындалды. Оның негізінде Алғашқы
қадам, Зерек бала, Біз мектепке барамыз атты бағдарламалар дайындалды.
Елбасының ұсынысымен 2010 жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және
оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған Балапан
бағдарламасын жарияланды.[3]
Алғашқы қауымдық қоғамда тәрбие ісі балаларын өмірге дайындау, аға
ұрпақ тәжірибесін жалғастыру, еңбекке араластыру, кейбір балаларды жөн-
жораларға, салттарға, басқаруға үйретті.. Құл иеленуші қоғамда тәрбие беру
сапа жағынан басқа сипатқа ие болды. Тәрбиені жүзеге асыратын арнаулы оқу-
тәрбие беру мекемелері құрылды. Біздің эрамыздан бірнеше ғысырлары бұрын
Ежелгі Шығыс елдерінде пайда болып, сауат ашу, математика, музыка, этика,
дене жаттығулары, поэтика, логика атты пәндерді оқыды. Оқудың сипаты және
көлемі оқушының әлеуметтік жағдайына қарай анықталды.
Педагогика тарихында ( б.э.д. YI-IY) Ежелгі Грецияда афиналық
және спартылық тәрбиенің екі жүйесі қалыптасқан. Спарта үш жүз жылдықта
қоғамдық күші күшті, әскери мемлекет болып келді. Сондықтан спартада
басқыншылық соғыстар жүргізуге және өздері жаулап алғандарын қорғауға
даярланған құл иеленушілер балаларының тәрбиесінде әскери іске, дене
шынықтыру жаттығуларына, әскери-спорттық ойындарға үлкен орын берілді.
Қоғамдық тәрбие баланың өмірге келген күнінен басталды. Үлкендер
нәрестелерді қарап, әлсіз және кемтар балаларды өлтіріп лақтырса,
мықтыларын асыраушыларға берді. Асыраушы алғашқы кәсіби тәрбиеші ретінде
Грецияда қалыптасты. Олар балаларды өмірдің қиындығы: қараңғыдан
қорықпауға, аштыққа шыдамдылық көрсетуге, суықтан және ауырғанда жыламауға,
айқайламауға үйретті.
Афиналық жүйе балалардың ақыл-ойын, адамгершілігін, денесін
дамытуға бағытталды. Балалар оқу, жазу, санау, музыкалық аспаптарда ойнауға
үйретілді. Балаларды мәдениетке, өнерге араластыру басым болды.
Бағдарламада поэзия, би, музыка, классикалық әдебиеттерді оқу үйлестірілді.
Дене және рухын тәрбиелеу гимнасти, жүгіру, күрес,лақтырумен ұштастырылып
жүргізілді. Афинада құл иеленушінің балалары үйдің әйелдер тұратын
бөлігінде өткізіліп отырды. Олар спартаға қарағанда неғұрлым биязы тәрбие
алды. Мектепке дейінгі тәрбие теориясы біздің эрамызға дейінгі ғасырдан
бастап қылыптаса бастаған.
Сократ ( б.э.д 470-399 жылдар) балаларды сыртқы ортаны танытуда
сұрақ қоюды ұсынып, әңгімелесу арқылы адамгершілікке тәрбиелеу жолын
көрсетті.
Платон ( б.э.д 427-347 жылдар) Балаларды ерте бастан мемлекеттік
жүйемен тәрбиелеуді ұсынып, мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу құралы
ойын және тәрбиешілерге қойылатын талаптарды көрсетті. Білім беру жүйесін
төмендегідей ұйымдастыруды ұсынды:
– 3-6 жасқа дейін балалар әйелдердің жетекшілігімен бірлесіп ойнауға
жиналады;
– 6-12 жасқа дейін балалар мемлекеттік мектептерде оқуға, жазуға, санауға,
ән айтуға, музыкалық аспапта ойнауға үйретіледі;
– 12- 16 жаста палестр-мектепте оқып, үйлесімді дене дамуына көңіл бөлді:
– 16 жастан бастап, арифметика, астрономия, геометрияға көңіл бөлініп,
әскери дайындық жүргізілді;
– 18-20 жастан арнайы әскери-дене дайындығы жүргізілді.
Аристотель ( б.э.д 384-322) мектепке дейінгі кезеңді жеке
адамның қалыптасуындағы ерекше және маңызды шақ деп бағалады. Мектепке
дейінгі балаларды тәрбиелеуде ойынмен қатар ақыл-ойын дамытатын әңгімелер
қолданып, бес жастан бастап мектепке дайындау қажеттілігін айтқан.
Аристотельдің тәрбиесі бойынша дене, адамгершілік, ақыл-ой тәрбиесі қатар
жүргізілетін процесс.
Рим педагогі Марк Фабий Квинтилиан (42-118) “ Шешенді тәрбиелеу
туралы” атты педагогикалық трактаттында ата-ана, асыраушы, педагогтарға
бала тәрбиесі туралы сөз қозғай отырып, асыраушы мен педагог дені сау,
адамгершілігі биік, сөздік қоры мол, тілі жатық болу керек деген. Педагогті
таңдау ең күрделі іс деп санады. Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу
құралы ойын деп санады. Бала 6 жастан оқу керек, бірақ оқу бала үшін
қызықты болуы шарт екендігін айтты. Мектепке дейінгі балалар қоршаған
ортамен араласу арқылы бастапқы түсініктері қалыптасып, олармен жүйелі
сабақ жүргізуді және балалардың шамасына қарай білім берілу керектігін
ескертті.
Бірінші социолист-утопист Томас Мор (1478-1535) “ Утопия” және
Томмазо Кампонелланың “Күн қаласы” деген еңбектерінде мектепке дейінгі
балаларды мемлекет тарапынан қоғамдық тәрбие беруді және оқу-тәрбие
процесін ойын арқылы жүргізуді, оқытуда көрнекіліктерді кең қолдануды
ұсынды.
Ян Амос Коменский (1592-1670) тұңғыш рет үздіксіз білім беру
жүйесін қолдаған, мектепке дейінгі және мектептегі оқыту және тәрбиелеу
жүйесін ұсынды. Мектепке дейінгі балаларға тәрбие беру туралы ”Ана мектебі”
деген арнаулы еңбегі тұңғыш мектепке дейінгі ұйымдарға араналған бағдарлама
және әдістемелік құрал болып саналды. Я.А.Коменский мектепке дейінгі
кезеңді балаларды мектепке жүйелі даярлық жүргізу сатысы деп қарап, білім
мазмұнын, біліктілігін көрсетіп берді. Кітаптың соңғы тарауы “Ата-аналар
балаларын мектепке қандай бейнеде дайындау керек” деп аталып, бұл тақырып
бүгінге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Мектепке дейінгі тәрбие туралы Дж.Локк, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Пестолоцци,
Ф.Фребель, жалғастырып, оқыту-тәрбиелеу туралы теориялық мәселердің
шешілуіне үлес қосты.
Ресейде мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің пайда болуы
А.С.Симонович, Е.Н.Водовозова, Л.К.Шлегер, Н.К.Крупская, Е.И.Тихееваның
мектепке дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу туралы ой-пікірлері
мектепке дейінгі педагогика ғылымының дамуына ықпалын тигізді.[4]

2.3. Мектепке дейінгі мекемелерге арналған бағдарламалардың мақсат –
міндеттері

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу
бағдарламасы жоғарыда аталған құжаттарда анықталған негізгі міндеттерді
тиімді орындауды қамтамасыз етеді.
Бағдарламаның мақсаты: балалардың жас ерекшеліктері мен жеке
мүмкіндіктеріне, қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес білім, білік және
дағдыларын қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарын, Мәңгілік ел
жалпыұлттық идеясына негізделген сәйкес жалпыадамзаттық  құндылықтарды,
патриотизм мен төзімділікті  тәрбиелеу.
Міндеттері:
— баланың өмірін қорғау және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін
заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құру;
— мектепке дейінгі білім берудің сабақтастық және үздіксіз ұстанымдарын
қамтамасыз ету;
— балалардың дене, зияткерлік, адамгершілік, эстетикалық,
коммуникативтік дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіру;
— әр жас топтарында бағдарлама материалының мазмұнын игеру бойынша
мониторингті ұйымдастыру;
— мектепке дейінгі ұйым мен отбасының өзара ықпалдастығы.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламасы:
— мектепке дейінгі жастағы балалардың денесін және психологиялық
саулығын нығайтуға, оларды салауатты өмір салтының құндылықтарына баулуға;
— баланы тұлғалық және әлеуметтік, зияткерлік дамытуда тәрбие мен
оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын қолдануға;
— балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәрбиелік, дамытушылық, оқыту
міндеттерінің бірлігін қамтамасыз етуге;
— мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеуде ата-аналар
қауымдастығының қажеттілігін қанағаттандыруға ықпал етеді.
Бағдарламасының мазмұны барлық жас топтарын қамтиды:
1)   Бөбек
жасы – 1 жастан 3 жасқа дейін:
ерте жас тобы – 1 жастан 2 жасқа дейін (ерте жастағы топ);
кіші жас – 2 жастан 3 жасқа дейін (бірінші кіші топ);
2)   Мектепке дейінгі жас – 3 жастан 6 (7) жасқа дейін жас; мектепке
дейінгі кіші жас – 3 жастан 4 жасқа дейін (екінші кіші топ); мектепке
дейінгі орта жас – 4 жастан 5 жасқа дейін (ортаңғы топ); мектепке дейінгі
ересек жас ─ 5 жастан 6 (7) жасқа дейін (5 жастан 6 жасқа дейін ─ мектепке
дейінгі ұйымдағы ересектер тобы, 6 жастан  7 жасқа дейін  ─ жалпы білім
беретін мектептегі, лицейдегі, гимназиядағы мектепалды даярлық сыныбы).
Бағдарлама балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп, оларды жан-
жақты дамытуға бағытталған Денсаулық, Қатынас, Таным, Шығармашылық,
Әлеуметтік орта бес білім беру саласы және білім беру салаларының
мазмұнын кіріктіру  арқылы іске асырылады.
Бағдарлама мазмұнын іске асыру жас ерекшелігі психологиясы мен мектепке
дейінгі педагогика және білім беру салаларын кіріктіру негізінде жүзеге
асырылады. Барлық білім беру салалары бір-бірімен байланысты: бала оқи
отырып таниды; тани отырып не білгені туралы айтады; зерттеу және пайымдау
барысында құрбыларымен бірлесіп әрекет етеді. Осылай білім беру салаларының
өзара кірігуі және өзара байланысы балада қоршаған ортаның тұтас бейнесін
қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Денсаулық білім беру саласының мазмұны балалардың толыққанды денесі
мен психикалық дамуына, ағзаларын шынықтыруға, негізгі қимылдарын дамытуға,
баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға, өзінің тіршілік әрекетінде
қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға, салауатты өмір салтына баулуға
жағдайлар жасауға бағытталған.  
Қатынас білім беру саласы балалардың айналасындағы қоршаған
адамдармен өзара қарым-қатынастарының коммуникативтік дағдыларын
қалыптастыруға, әлеуметте қарым-қатынас жасау үшін ауызекі сөйлеуді,
диалогтік сөйлеуді дамытуға, сауат ашу негіздерін меңгертуге, қазақ және
басқа халықтардың мәдениеті, дәстүрлері мен салттарын құрметтеуге
тәрбиелеуге, мемлекеттік тілді білуге, басқа тілдерді үйретуге, көркем
әдебиетке қызығушылыққа баулуға бағытталған.
Таным білім беру саласы балалардың коммуникативтік-танымдық
қабілеттерін, математикалық және логикалық ойлауын қалыптастыруға, қоршаған
ортаға қызығушылығын, шығармашылық қиялдауын, интелектуалдық мәдениетін,
табиғаттың тірі нысандарына эмпатия сезімін  дамытуға бағытталған.
Шығармашылық білім беру саласы мектеп жасына дейінгі балаларда
эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін, қиялдауын, қоршаған ортаны
бақылауын және бейнелі қабылдауын қалыптастыруға, өзінің көркем түрде
елестетулерін, жанашырлықтары, сезімдері мен ойлауын іске асыра білуге
бағытталған.
 Әлеуметтік орта білім беру саласының мазмұны балаларда қоғам туралы
алғашқы түсініктерді меңгертуге және балаларды әлеуметтік қатынастар
жүйесіне қосуға, жалпыадамзаттық нормалар мен ережелер негізінде тұлғаның
әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға, қоршаған ортада,  әлеуметтік мәдениет
негіздеріне,  эмоционалдық елгезектікке, өзін жағымды ұстау және жағымды
қарым-қатынас жасау қабілеттілігіне бағытталған.
Бағдарлама мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа ҚР МЖМБС негізінде
құрастырылған және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының негізгі
функционалды тасымалдаушысы болып табылады.
Бағдарламаға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ҚР МЖМБС сәйкес бес
білім саласы: Денсаулық, Қатынас, Таным, Шығармашылық, Әлеуметтік
орта енгізілді.
Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі міндеттері:
— әрбір баланың жеке тұлғалық сапасын жетілдіру және оларды әрі қарай
дамыту;
— практикалық, танымдық, шығармашылық және балалар іс-әрекетінің басқа
да түрлерінің тәжірибесін қалыптастыру;
— әрбір баланың интеллектуалдық қабілеттіліктерін, шығармашылық
әлеуетін дамыту;
— Қазақстан Республикасының патриоттық, мәдени-тарихи салт-дәстүрлер
негізінде мәдени және адамгершілік құндылықтарды дарыту;
— ұжымда тәрбиеленушілердің ұлтаралық мәдениетін қалыптастыру;
— баланың толыққанды дене бітімінің дамуына, негізгі құзіреттіліктің
маңыздылығын қалыптастыруға мүмкіндік беретін қолайлы, заттық-дамытушы
ортасын құру;
— баланы тәрбиелеу және дамыту мақсатында отбасы, мектепке дейінгі ұйым
ортасының ынтымақтастығы.
Мектепке дейінгі кіші жастағы баланы дамыту мен тәрбиелеудің нәтижесі
негізгі құзіреттілікке ие, ересектер және құрдастарымен өзара әрекет ете
білетін, дене шынықтыру және салауатты өмір салты негіздеріне ие тұлға
болып табылады.
Бес білім беру саласының базалық мазмұны балалардың танымдық
қабілеттіліктерін, жеке басының бейімділігін, қызығушылықтары мен
қажеттіліктерін дамытудың негізі болып табылады. Барлық білім беру салалары
және оның тараулары өзінің мазмұнында мазмұны қоршаған әлемнің қыр-сырын,
адамдардың ішкі жан дүниесін, қоғамдық, әлеуметтік және жеке қатынастар,
табиғи және маусымдық құбылыстар, техника және ойыншықтар әлемі, әдебиет,
өнер, сезім, көңіл күй және т.б. қамтиды.
Бағдарламаның айырмашылық белгісі пәнаралық байланысқа және мектеп
жасына дейінгі балалардың білімі мен білігінің тұтастығын қалыптастыруға
негізделген білім беру материалдарының мазмұнын біріктіру болып табылады.
Бағдарламаның құрылымы:
— түсіндірме жазба;
— балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама;
— күн тәртібінің үлгісі;
— бес білім беру саласының базалық мазмұны: Денсаулық, Таным,
Қатынас, Шығармашылық, Әлеуметтік орта;
— әрбір жас кезеңдері үшін ойын және еңбек іс-әрекетіндегі баланың даму
бағыты.
Бағдарламада әрбір тарау бойынша бағдарламаның базалық мазмұнын меңгеру
көрсеткіштері ұсынылған.
Қосымшада:
— дидактикалық және қимыл-қозғалыс ойындар тізімінің үлгісі;
— ұсынылған көркем әдебиет шығармалары;
— зерттеу-іздестіру және бейнелеу өнері іс-әрекеті бойынша
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптар үлгісі;
— бейнелеу өнерімен танысу үшін шығармалар үлгісі;
— музыкалық репертуар және музыкалық дидактикалық ойындары ұсынылады.
Денсаулық білім беру саласында педагогикалық іс-
әрекетінің міндеттері, мазмұны және шарттары анықталған, олар, балалар
денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтының қарапайым ережесін
қалыптастыруға, балалар ағзасының, қимыл дағдыларының мүмкіндіктерін
жетілдіруге, дене және ерік қасиеттерін дамытуға әсер етеді.
Қатынас білім беру саласында мектепке дейінгі кіші жастағы баланың
коммуникативтік қабілеттерін, байланыстырып сөйлеуін дамыту бойынша
міндеттері мен жұмыс мазмұны анықталған.
Таным білім беру саласында баланың қоршаған орта туралы түсініктерін
кеңейту және байыту бойынша; зерттеу, салыстыру, талдау, қарапайым
іздестіру әрекетімен шұғылдана білуін дамыту бойынша; қолжетімді ақпарат
көздерінің жұмыс дағдыларын меңгеруі бойынша педагогикалық жұмыстардың
міндеттері, мазмұны және шарттары анықталған.
Шығармашылық білім беру саласында балалар шығармалары арқылы
көркемдік қабілеттіліктерін қалыптастыру бірлігі, балалардың бейнелеу және
музыкалық іс-әрекеттерінің алуан түрлілігінің өзара
әрекеттестігі, баланың дүниеге эстетикалық көзқарасы және оның өнер
құралдарымен дамуы ұсынылған.
Әлеуметтік орта білім беру саласы баланың әлеуметтік және мәдени
тәжірибелерін кеңейту және байыту, оны қоғамдық қатынас жүйесіне қосу,
тұлғаның әлеуметтік қасиеттерін – еңбек дағдыларын, білімін, нормаларын,
ережелерін қалыптастыру бойынша педагогикалық қызмет міндеттері, мазмұны
және шарттары анықталған.
Әрбір білім беру саласының мазмұнында мектепке дейінгі кіші жастағы
балаларды дамытуда күтілетін нәтижелер анықталды.[5]

2.4. Мектепке дейінгі тәрбиенің міндеттері және даму жолдары

Тәрбие, тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-
құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі
процесс.
Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі,
жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады.
Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және
тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады.
Қоғамдық тәрбие — тарихи аренада адамдар қоғамының пайда болуымен бірге
туды. Қоғамдық тәрбиенің мақсаты, мазмұны, құралы мен әдістері қоғамдық
қатынастардың қарқынымен, қандай қоғамдық-экономикалық формацияның
шарттарында іске асатынымен анықталады
Ізгілік тәрбиесі — жеке тұлғаның моральдық қасиеттерінің, көзқарастары
мен сенімдерінің қалыптасу үрдісі. Ізгілікті деп жалпы адамзаттық моральдың
ережелері мен талаптарын, нормаларын өз көзқарасы мен сенімі ретінде, мінез-
құлығының үйреншікті формасы ретінде көрсететін адамды есептеуге болады.
· Адамға ғылымнан бұрын тәрбие беру керек. Тәрбиесіз ғылым зұлымдыққа
апарады.
· Тәрбие — адамға сапалы өмір сүргізеді.
· Тәрбие — адамның жүріс-тұрысын, сөйлеу мәнері мен мәнін, ой өрісін
қамтиды, адамға оң мен солды, жақсы мен жаманды танытады.
· Адам дүниеге келгеннен бастап өмір сүруге, дүние тануға құқылы.
Адамның ерік-тілектері, іс-әрекеттері басқа адамның құқығын бұзбауы тиіс
Грек философы Аристотель (Aristotle, б.з.д. 384 — б.з.д. 322 жылдар)
тәрбиенің 3 түрін бөліп көрсеткен: дене, адамгершілік және ақыл тәрбиесі.
Өзінің Саясат (Politica) атты еңбегінде басшы жастарды тәрбиелеуге баса
назар аударғанын айта келе, саясаткерлер адамгершілігі мол тұрғындарға
қарағанда, азаматтарды қайырымдылыққа тәрбиелеу керектігін айтады.
Тәрбие мәселесін зерттеушілер арасынан әлемге әйгілі ойшыл, философ,
әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, музыка
зерттеушісі Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950) орны ерекше. Қайырымды қала
тұрғындарының көзқарасы трактатында тәрбие туралы нақты ғылыми анықтама
берді: тәрбиелеу дегеніміз — халықтардың бойына білімге негізделген
этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз; тәрбиелеу кезінде
халықтар мен қала тұрғындарына білімге негізделген қасиеттерден тұратын іс-
әрекеттер дағдысы сіңіріледі; этикалық ізгіліктерді — білім, тәрбие арқылы
дарыту керек, сол арқылы адам игілікті істерге талпынады. Аталмыш еңбекте
елдің басшысы өз бойында туа біткен 12 қасиетті ұштастырса көптеген
жетістіктерді бағындыратындығы жайында баяндайды: 1) … адамның мүшелері
мүлде мінсіз болуға тиіс, бұл мүшелерінің күші өздері атқаруға тиісті
қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделген болуы керек, сонда
егер адам әлдебір мүшесінің жәрдемімен әлденедей бір іс істемек болса, ол
мұны оп-оңай атқаратын болады; жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете
түсінетін, айтылған сөзді сөйлеушінің ойындағысындай және істің жай-
жағдайына сәйкес ұғып алатын болуы керек; 2) өзі түсінген, көрген, естіген
және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардан ешнәрсені
ұмытпайтын болуы керек; 3) әйтеуір бір заттың кішкене ғана белгісін
байқаған заматта сол белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да
аңғарымпаз ақыл иесі болу шарт; өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін
айдан-анық айтып бере алатын тілмар болу шарт; өнер-білімге құштар болу,
оқып-үйренуден шаршап-шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып
азаптанбай, бұған оңай жететін болу керек; 4) тағамға, ішімдік ішуге, сыр-
сұхбат құруға келгенде қанағатшыл болу керек, жаратылысынан
сауыққұмарлықтан аулақ болып, бұдан алатын ләззатқа жирене қарауы шарт; 5)
шындық пен шыншыл адамдарды сүйіп, өтірік-жалған мен суайттарды жек көру
керек; 6) жаны асқақ және ар намысын ардақтайтын болуы шарт; жаны
жаратылысынан пасық істердің бәрінен жоғары болып жаратылысынан игі істерге
ынтазар болуы тиіс; 7) жаман атауға, жалған дүниенің басқа да белгілеріне
жирене қарау керек; 8) жаратылысынан әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп
әділетсіздік пен озбырлықты және осылардың иелерін жек көру керек; 9)
жақындарына да, жат адамдарға да әділ болып жұртты әділеттілікке баулып,
әділетсіздіктен зардап шеккендердің залалын өтеп, жұрттың бәріне де өз
білгенінше жақсылық пен ізгілік көрсетіп отыруы қажет; 10) әділ болу керек,
бірақ қыңыр болмау керек; 11) әдептілік; 12) өзі қажет деп тапқан істі
жүзеге асырғанда шешімпаздық көрсетіп, бұл ретте қорқыныш пен жасқану
дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек… [3].
Парадигма – ғылым дамуының белгілі бір кезеңдерінде ғылыми қоғамның
қабылдаған әдіснамалық және теориялық қағидаларының жиынтығы, ғылыми
зерттеудің үлгісі, стандарты, зерттеу мәліметтерін,болжамдар мен ғылыми
міндеттердің жиынтық үлгісі ретіндегі көрінісі.
Чех елінің … жалғасы

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!