Мектепке дейінгі мекемеде табиғаттану материалдарын балаларға тиянақты меңгерту жолдары
Жоспар:
Кіріспе
1 бөлім. Мектепке дейінгі мекемеде табиғаттану сабақтарын ұйымдастыру
1.1 «Табиғаттану» ұғымының ғылыми негізі
1.2 Мектепке дейінгі мекемеде табиғаттануды оқытудың маңызы және оның
басқа пәндермен сабақтастығы
2 бөлім. ТІРІ ТАБИҒАТТЫ ТАНЫСТЫРУДА ЖОБА ӘДІСІН ҚОЛДАНУ
2.1 Мектепке дейінгі ұйымдарда жоба әдісін қолдану
2.2 Жоба әдісі арқылы сабақтарды ұйымдастыру.
2.3 Балалардың танымдық қабілетін арттыруда жоба әдісінің тиімділігі
1. Зерттеу жобалары
2. Ақпараттық жобалар
3. Шығармашылық жобалар
4. Озық жобалар
3 бөлім. ТАБИҒАТТАНУДЫ ОҚЫТУДА ӨЛКЕТАНУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
3.1 Мектепке дейінгі мекемеде табиғаттану материалдарын балаларға
тиянақты меңгерту жолдары
3.2 Табиғаттану сабақтарында ойын тәсілдерін және танымдық
материалдарды пайдалану
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Бүгінгі танда Қазақстан Республикасының қоғамдық өмірінде жүріп жатқан
демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі әлеуметтік шарттарды ескере
отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруды көздеген білім беру жүйесіне қойылатын
талаптар күшейе түсуде. Сол талаптардың бірі — оқушының дүниетанымын
қалыптастыруда елеулі ықпал жасайтын білім мазмұнын жетілдіру. Білім
—табиғаттанудың кәусар бұлағы. Ол неғұрлым тереңдеген сайын дүниетаным да
қалыптасып, тұрақтана түседі.
Дүниетанымның қалыптасуына адам, табиғат, қоғам туралы білімдер тірек
болады. Адам, табиғат, қоғам — біртұтас дүние. Адам, табиғат, қоғам
арасындағы байланысты және оларды үнемі бірлікте дамитынын балалар бастауыш
сыныптан бастап оқып, түсінуі жолға қойылып отыр. Өйткені табиғаттануды
мектепке дейінгі мекемеде оқытудың барысында оқушының таным процесі дамиды.
Танымға көмегін тигізетін оқушының сезім мүшелерінің жұмысы арқылы олар
сыртқы дүниені қабылдайды. Әртүрлі оқу әрекеттері нәтижесінде олар дүниені
біртұтас бірлікте сезініп, қабылдау арқылы санасында білім қоры жиналып, ой-
өрісі кеңейеді.
«Дүниетаным», «таным», «қазақ дүниетанымы» саласында көптеген құнды ой-
пікірлер мен көзқарастар философ ғалымдардың (С.Б.Крымский, Б.М.Кедров,
Ә.Нысанбаев, А.Қасабеков, М.Орынбеков, Ж.Алтаев, Кішібеков және т.б.)
еңбектерінде жан-жақты талқыланып келеді.
Балалардың танымдық әрекеттерінің түрлері болса бірқатар психологтар
мен педагогтардың еңбектерінде (М.А.Данилов, И.Я.Лернер, Л.В.Занков,
М.И.Махмудов, А.А.Люблинская, А.Н.Леонтьев, Н.Б.Мшчинская, П.Я.Голперин,
Д.Б.Эльконин, М.И.Левина, Ю.К.Бабанский, Т.И.Шамова, С.П.Баранов) зерттеу
объектісіне қарай жүйелі талданған.
Г.И.Шукина оқып білу жаңадан шындық ашу емес, бұрыннан белгілі
адам тәжірибесінен өткен шындықтардың жиынтығын меңгеру. Сондықтан бұл
шындықтарды балалар санасына жеткізу үшін ең алдымен тәрбиешілер осы
білімдерді шәкіртке жеткізудің әдіс-тәсілдерін меңгеруі керек деп
дәлелдейді. Б.П.Баранов оқытуды жеке бастың психологиялық дамуын тездету
үшін және тірі табиғаттың бұрыннан белгілі заңдылықтарын балаларға меңгерту
үшін жасанды ұйымдастырылған танымдық іс-әрекеттердің жиынтығы деп санайды.
Осы жайында тіпті өз кезінде Я.А.Коменский болса, «мүмкіндігінше адамдар
білімді кітап бойынша ғана емес аспаннан, жерден, еменнен, жөкеден, яғни,
басқа біреудің байқағанынан, не сол жайында берген мәлімдемесінен емес,
заттың өзінен алсын» — деп тұжырымдайды.
Балалардың танымдық әрекетін арттыруда проблемалық оқытудың атқаратын
ролінің ерекше екендігін, оны ұйымдастыру әдістері балалардың ойлау процесі
мен ізденушілік әрекетінің дамуына елеулі әсерін тигізетінін қазақтың
белгілі дидактері И.Нұғыманов, Т. Сабыров және т.б. өз еңбектерінде
дәлелдеп отыр. Бұл пікірлер оқытудың басты мақсаты — балаларға айқын дүние
зандылықтарын, фактілерін таныту деген түсінік береді.
Әлбетте, бұл пікірлермен толығымен келісуге болады. Өйткені,
қоршаған заттар мен құбылыстар жайында білім алу, оны нақты қабылдау
барысында балалар әртүрлі оқу әрекеттерін қолданады. Алдымен затты не
құбылысты көру әрекеті арқылы түрі, түсі, пішінін, көлемін анықтап, таныса,
ұстап сезіну әрекеті арқылы оның күйін, қатты-жұмсақтығын және басқа да
сапасын айқындау, онан әрі затты не құбылысты бақылау іс-әрекеттері
негізінде ой қорытып, заттарды салыстырып, айырмашылығы мен ұқсастығын
табады. Міне, осындай түрлі таным әрекеттері нәтижесінде балалар затты не
құбылысты қабылдайды және олардың ғылыми ұғымның негізі қаланады. Осы
аталған әрекеттер арқылы түсінік алған балаларда келешекте эмоциялық,
іскерлік, интеллектуалдық дағдылардың дамуына жағдай туады.
Зерттеу проблемасы саласында жарық көрген арнайы ғылыми
еңбектерге, оқу-әдістемелік құралдарға, олардың мектепке дейінгі мекеме
балаларының оқу-тәрбие процесіне сіңірілу тәжірибесіне жасаған талдау
барысында табиғаттануды оқытудың теориялық негізіне байланысты кемшіліктер
жағдайлар байқалды:
— балалар дүниетанымын қалыптастырып, оларға қоршаған дүниеден ғылыми
және экологиялық білім негізін меңгертуде пәннің маңызы сараланғанмен, осы
кезге дейін осы бағдарламалық талаптардың өз деңгейінде жүзеге аспай
отырғаны;
— мектепке дейінгі мекемеде табиғаттан берілетін білімнің адам
өмірімен, қоғаммен байланысы толық ашылмағандығы, мектептердің үнемі
аударма оқулықтарды пайдаланумен шектеліп келгендігі;
— балалардың шығармашылық белсенділігін арттыратын өздігінен жұмыс
істеу әрекеттерін ұйымдастыруға негіз болып, бағыт беретін оқытудың әдіс-
тәсілдерін зерттеуге арналған әдістемелік жұмыстардың жеткіліксіздігі;
— бастауыш сыныптағы табиғаттануды оқытудың ең бастысы, негізгісі
ретінде сөздік әдіспен шектелуі, балалар белсенділігін арттыратын,
ізденушілігін дамытатын жағдаяттардың жасалмауы, осының салдарынан
балалардың шығармашылық қабілеттерінің төмендеп, көріп байқағандарын
қайталап айтумен шектелетіндігі:
— осы кезге дейін мектепке дейінгі мекеме балаларына тірі табиғаттан
білім берудің әдістемелік мәселелерін жүйелі зерттеген монографиялық
еңбектердің жоқтығы.
Бүгінгі күні білім мазмұнын кіріктіріп оқыту арқылы оның ғылыми
деңгейін көтеру мәселесі қойылып отырған жағдайда мектепке дейінгі мекемеде
балаларға табиғат, адам, қоғам жайында беретін білім негізінде олардың
дүние танымын қалыптастыру үшін табиғаттануды оқытудың ғылыми әдістемелік
жүйесін жасау орынды талаптардың бірі.
Мектепке дейінгі мекемеде «Табиғаттану» пәні оқылмағанымен, оқу
бағдарламасына қоршаған дүниеден ұғым беретін материалдар, яғни,
табиғаттану материалдары бастауыштың бірінші сыныбында «Айналамен
таныстыру», екінші сыныбында «Табиғаттану» пәндері арқылы меңгерілсе, соңғы
жылдары мазмұны да, мақсаты да жаңа «Табиғаттану» пәні республиканың барлық
бастауыш сыныптарына еңдіріліп отыр. Бұл пән бойынша балаларға еліміздің
табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, ғылымы мен мәдениеті, этика, әдеп,
эстетика, құқық пен өнері, адам-адам, адам-қоғам, адам-табиғат арасындағы
қарым-қатынас түрлері жайында ғылыми-сарамандық ұғымдар беріледі. Пәнді
оқып меңгеру барысында балалар дүниенің үш құрамдас бөлігі: адам, қоғам,
табиғат саласынан білім алады. Атап айтсақ, қоршаған дүние заттары,
құбылыстары, табиғат, экология туралы ғылыми түсінік қалыптасады. Тарихи
деректер жайында жалпы мағлұмат алып, халықтың салт-дәстүрі, тұрмыс-
тіршілігі, табиғат байлығы, мәдени-әдеби, көркем-қолөнер шығармашылығы
арасындағы байланысты, сабақтастықты көре білуге үйренеді. Пәннен алған
ұғымдарын басқа пәндермен кіріктіре оқу арқылы дүниенің тұтастығы жайында
жүйелі білім негізі қалыптасады.
1 бөлім. Мектепке дейінгі мекемеде табиғаттану сабақтарын ұйымдастыру
1.1 «Табиғаттану» ұғымының ғылыми негізі
Қазақстан Республикасының егемендік алған алғашқы жылдарынан бастап
білім беру мәселесінің дамуына аса мән берілуде. Білім беру барысында
оқушының жеке тұлғасын жан-жақты жетілдіруге, олардың танымдық әрекетін
дамытуға, ой-санасын қалыптастыруға ерекше назар аударылып отыр. Мұның
дәлелі республикамыздағы «Білім туралы» заңының қабылдануы.
Президент Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» атты Қазақстан халқына
Жолдауында болашақ қоғам мүшелері — жастардың қавдай болуға тиіс екендігін
айта келіп, «Біздің балаларымыз білігі жоғары жұмысшылар мен фермерлер,
инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, магазиндердің иелері,
тәрбиешілер мен дәрігерлер, зауыттар мен фабрикалардың иелері, биржа
делдалдары және спортшылары болады. Олар мұнай, газ бен электр қуатын,
тамақ өнімдерін өндіретін, әрі олармен әлемдік экономиканы қамтамасыз
ететін болады…», — дейді.
Жастардың болашаққа деген бағыт-бағдары отбасында, мектепке дейінгі
мекеме қабырғасында, Жалпы қоғамдық деңгейде алсақ, бүкіл қоршаған дүние
ортасында қалыптасады. Әрине, қоршаған дүниенің әр саласының көзқарасқа
тигізетін әсері, беретін білімі, тәрбиеге ықпалы әртүрлі. Мемлекетіміз
осының бәрін ескеріп, білім беру жүйесін баса дамытуға, оның дүниежүзілік
деңгейге көтерілуіне аса мән беруде. Осындай аса маңызды сенім жүктеліп
отырған жастарымыздың болашақта мемлекеттік жауапты қызметтерді
атқаратындай, өз мүддесінен гөрі халықтық мүддені жоғары қоятын деңгейде
өсіп жетілуі үшін оларға сапалы білім беру, саналылыққа тәрбиелеу, жеке бас
құндылығын көтеру оқу-ағарту саласының үлесіне тиеді.
Осыған байланысты білімнің мазмұнын, оқыту әдістері мен сабақты
ұйымдастыру нысандарын жетілдіруді нақтылай түсу қажеттілігі туындайды.
Білімнің әрбір бөлігі балалар дүниетанымын қалыптастыруға септігін тигізіп,
олардың әлем туралы ой жүйесін дамытуға негіз салуы тиіс. Орта білім
стандартында «Мектепке дейінгі мекеменің әрбір саласында жеке тұлғаны
дамыту міндетіне сай білім мазмұнының толық жүзеге асуын қамтамасыз ету»
талабы қойылып отыр. Мұнда әсіресе, балалардың дүниетанымын қалыптастыру
мәселесі басты орынды алмақ.
«Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз — айнала қоршаған орта, бүкіл
әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктін мәні, мағынасы
туралы көзқарастың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы».
Дүниетанымның көзі — білім. Білім неғұрлым тереңдеген сайын дүниетаным да
қалыптасып, тұрақтанады. Мектепке дейінгі мекеме қабырғасыңца алған
білімнің шындығы мен ғылымилығы практика жүзінде қолдану барысында
айқындала түспек. Осы арқылы адам, заттар, құбылыстар арасындағы қарым-
қатынас пайда болады.
«Адамзаттың, қоғамның пайда болып қалыптасуы қоршаған табиғи
ортаның қажетті алғы шарттардың, жағдайлардың болуына байланысты…»,
«…адамның өмір тіршілігінің қызмет әрекетінің негізі табиғат заттары мен
табиғи процестер» — дейді, философтар Д.Кішібеков пен Ү.Сыдықов. Табиғатты
танып, білу, игеру барысында адам тірі табиғатқа ауқымды, қуатты ықпал ете
алатын күш екенін және осы қарым-қатынас барысында дүниетанымы
қалыптасатынын АТ.Спиркин, В.С.Степин, Д.П.Горский, А.П.Шептулин,
А.Ф.Файзуллаев еңбектері де әр саладан дәлелдейді. Адам тіршілігінің көзі —
табиғат. Осы табиғат заттары туралы оқып, оны танып білу арқылы адам сол
табиғатпен қатынасқа түседі, оның заттарын пайдаланып, екінші бір қолдан
жасалған заттар шығарады. «Екінші затты жасау үшін ол ақылын, білімін
жұмсайды, соның нәтижесінде «екінші табиғат» заттары пайда болады. Бұл
«екінші табиғат» дүниелері қоғамның дамуына тікелей әсер етеді. Табиғат
заттары туралы ғана емес, оның құбылыстары жайында ұққандарын да ой
елегінен өткізіп, табиғаттың даму зандылықтарын ашатын да — адам. Мұндай
жетістіктерге ол тірі табиғатқа бақылау жүргізу, ой қорыту, ғылыми-
зерттеулер жүргізу нәтижесінде жетеді.
Табиғат заттарын оқып білу арқылы адам табиғат байлығын керегіне
пайдаланады. Сонымен қатар бүкіл білімін, дағдысын, шеберлігін жұмсап, оны
өндіру үшін еңбек етеді. Осының нәтижесінде жасалған заттарды әлеуметтік
өмірде қолданып, қажетіне жаратады.
Ғылым мен техника дамыған сайын әлеуметтік өмір деңгейі де өзгереді.
Осының бәрі табиғат байлығын игерудегі адам миы мен күшінің жұмысы. Адам
табиғат, қоғам — біртұтас дүние. Тұтас дүниені өз мәнінде бір-бірімен
байланысты қабылдау таным үрдісі арқылы жүзеге асады.
Табиғаттану ұғымы диалектикалық дамудың қарама-қарсылығы мен
біртұтастығына сүйенбей өте алмайды. Дүние — ол тек бізді қоршаған табиғат
қана емес, ол — адам, адам мен адамның қарым-қатысы, ол — табиғат, табиғат
заттары мен құбылыстары, ол — қоғам. Әр қоғамның өркендеуіне адамның ойы
мен білімі қандай керек болса, табиғат пен оның байлығы да сондай керек.
Осының өзі дүниенің бір-бірімен байланысты дамитын, оны бір-бірінен бөліп
қарауға болмайтын орта екенін көрсетеді.
Табиғаттану — «дүние» және «тану» деп аталатын екі бөліктен тұрады.
Алдымен нені танып-білу керектігін анықтауымыз керек. Балаларға танытқалы
отырғанымыз — дүние. Сол дүниені танып-білу әдістері мен оларды қаруландыру
жолын іздестіріп, тиімділерін іс жүзінде қолдануға ұсынбақпыз. Дүние —
қоршаған орта, табиғат, бүкіл әлем, олай болса бұған енбейтін, оның
құрамына кірмейтін бірде бір зат не құбылыс жоқ. Адам дүниені өмір бойы
танып, білумен, оның таусылмас ерекшеліктерін бақылап, байқаумен
айналысатыны анық. Бірақ оның сырын түгел біліп шегіне шыға меңгеру мүмкін
емес. Дүниені өз дәрежесінде танып-білу әр адамның меңгерген білім деңгейі
мен оның мазмұнына байланысты жүзеге асады.
Адамның әрбір даму кезеңіне байланысты дүниені тану шеңбері мен
оның мәнін ұғыну дәрежесі тереңдей түседі. Әр кезеңнің психологиялық
ерекшелігіне байланысты дүние тану мүмкіндігі де өзгереді. Дүниені өз
мәнінде тану үшін адамның санасы, ой-пікірі, білім деңгейі дамуы керек.
Керісінше дүниені танып-білуге байланысты білім көлемі мен ұғым деңгейі,
сана-сезімі кеңейе түседі, адамның көзқарасы қалыптасады. Сөйтіп,
диалектикалық дамудың қарама-қарсылығы мен біртұтастығы жүзеге асады.
«Материалды дүниеге айналадағы қоршаған заттардың бәрі, яғни адамның
санасынан, ой-жүйесінен тысқары, әрі одан тәуелсіз, объективті түрде өмір
сүретіннің бәрі жатады».
Қоршаған дүниені білу танымға байланысты. Таным — адам санасын
дамытуды» негізі және ол арқылы адам өзін тірі табиғатты игеруге де
үйренеді.
«Таным» — философиялық ұғым, «…айналадағы материалдық шындықты» адам
санасында бейнеленуі». Қоршаған дүние объективті түрде өмір сүретін
болғандықтан, оның заттары мен құбылыстары санада бейнеленеді. Көру,
сезіну, түйсіну арқьыы сезім мүшелерімізге материалдық заттар әсер етеді
де, біз оларды қабылдаймыз. Қабылданған дүниені танып білеміз. Сезім арқылы
таныған дүниені ғылыми біліммен байланыстырғанда ғана білім қалыптасады.
Қабылдау барысында сыртқы сезім мен ішкі сезімдер біріге отырып, танымды
нақтылай түседі. Сезінуді ойлау процесі құптау арқылы танымның логикалық
формасы дамиды.
Адам баласы таным арқылы білмеуден білуге көшіп отырады. Ол затты
құбылысты танығаннан кейін, енді таныс емес-терін білуге ұмтылады,
ізденеді. Сөйтіп, әлде де толық емес білім, толығырақ, дәлірек білімге
қарай дамиды. Тану үшін адам дүниеге белсенді әсер етеді, оған ықпал жасап,
өзгертеді, екінші зат өндіреді, соның нәтижесінде өзі де өзгереді.
Таным арқылы заттар мен құбылыстардың басты белгілері, ұқсастықтары
мен айырмашылықтары жайындағы бейнелі қабылдау нәтижесінде ұғым туады.
«Таным… практикалық қызмет барысында іске асады».
Осылайша таным нақты дүниеге, тірі табиғатта бар заттарға негізделсе,
оны өз мәнінде танып-білу үшін ғылым керек. Дүниетанымды қалыптастыру үшін
биологиялық, химиялық, тілдік және басқа ғылым салаларынан, өз ұлтымыздың
мәдениеті, әдебиеті, қазіргі таңда рухани өмірде жеткен жетістіктерін бір-
бірімен байланыстыра отырып білім беруді қамтамасыз ету керек.
Дамыған қоғам мен биологиялық ғылымның, техниканың ара қатысынан айқын
тартылған шекараны табу қиын.
Академик В.В.Струминский философия ғылымы мен Гшологиялық ғылымның
бірін-бірі толықтырып, біріне-бірі сүйене отырып, дүниетаным шекарасын
күшейте түсетінін айта келіп, «Искать границу раздела — это значит
воздвигнуть стену между естественными и общественными науками» дейді.
Қазіргі танда адамның дүниені тани білу ауқымын тіпті күшейте, кеңейте
түсу талабы туып отыр. Бүкіл әлемді, галактиканы, жұлдыздардың пайда болуы
мен дамуын зерттеп отырған астроайналамен танысу ғылымы болса, маман емес
адамдардың өзі онда болып жатқан жаңалықты біліп, түсінуге тырысады.
Табиғаттану ұғымына диалектикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, қазіргі
таңдағы ғылым мен техниканың дамуын, ірі ашылыстарды ғана есепке алып
қоймай, өндіріс күштерінің, ондағы адам мен қоғамаралық қатынасты да
қадағалай білген жөн.
Жаңа заманда ғылым қоғамның үлкен өндіріс күшіне айналуына байланысты
өндіріс күшін өндірістік қатынастан бөліп қарауға болмайды. Керісінше,
қадағалау арқылы ғылыми-техникалық революцияның қоғамға тигізер пайдасымен
қатар, табиғи ортаға, адам тіршілігіне келтіретін қиындығын түсіну қажет.
Ғылым мен техниканың дамуына байланысты адам баласы табиғи дүниемен
қарама-қайшылыққа түсіп отыр. Себебі дамыған техниканың әсерінен айнала
қоршаған орта ластанып, табиғи объектілердің, заттардың түрлері азайып,
адам денсаулығы мен өміріне қауіп төнуде. Түрлі машиналардан, зауыттар мен
өндіріс орындарынан шыққан улы газдар көбейіп, тіршілікке қауіп туғызуда.
1.2 Мектепке дейінгі мекемеде табиғаттануды оқытудың маңызы және оның
басқа пәндермен сабақтастығы
Философиялық ұғымда «Дүниеге көзқарас дегеніміз — айнала қоршаған
орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-
мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген
жиынтығы». Осы философиялық қағида табиғаттану көзқарасының түп нұсқасы
ретінде оның қалыптасу жолын көрсетеді.
Философия көзқарастың қалыптасуының теориялық мәселелерімен айналысса,
оның дидактикалық жағымен педагогика ғылымы айналысады. Дүниеге көзқарас
тірі табиғатпен, қоғамдық өмірмен, тіршілікпен байланысты туатын болса, ол
үнемі дамуда болатыны занды. Даму өз өзінен тумайды. Ол — тынымсыз ізденіс,
қателіктер мен қиындықтарды жеңе отырып, шындыққа жақындау және жету жолы.
Қоғамдық өмірдің дамуы, рухани дүниеде болатын өзгерістер, осыған
байланысты адамның өмірлік тәжірибесінің молаюы, өзгеруі дүниеге
көзқарастың да өзгеруіне әкеліп соғады. Философиялық тұрғыдан алғанда адам
қоршаған дүниенің ішінде тіршілік етеді. Оның көзқарасы бүкіл дүниемен,
табиғатпен қоғаммен қатынас жасау арқылы дамиды. Қазіргі өркендеген қоғам
өзгерісі (түрлі техника, ғарышты игеру және т.б., адам мен қоғам арасындағы
жаңа байланысты тудырьш, олардың дүние туралы көзқарасын өзгертуге себепші
болып отыр.
Көзқарастың қалыптасуы мектепке дейінгі мекеме қабырғасында білім алу
барысында жүзеге асады. Сондықтан да, мектепке дейінгі мекемеде дүние
туралы білім беру, яғни, балалардың дүниетанымын қалыптастыру мақсаты
жүзеге асады. Балалар адамның, табиғаттың және қоғамның бірлігі, ондағы
адамның алатын орны жайындағы білім жүйесін нақты заттар мен құбылыстарды
меңгере отырып, абстракциялық ойға көшу арқылы ұғынады. Олардың ара
қатынасын таңдап, жинақтап, ой қорытатын деңгейге көтеріледі. 1-сыныпта
дүниенің тұтастығы жайында қарапайым ұғымдардан бастаған балалар 4-сыныпта
дүниенің әрбір заңдылықтарын талдауға, олардың себебін ашу дәрежесіне
жетеді.
Балалардың табиғаттану көзқарасы ғылыми білім негізінде, оны тиянақты
меңгеру нәтижесінде ғана қалыптаспақ. Жоғарыда айтқандай, қоғамның даму
дәрежесі төмен, оқу-ағарту жұмыстар әлде де жетіле қоймаған кездің өзінде
де балаларда дүниеге деген қызығушылық, оны білуге, үйренуге талпынушылық
болды. Бірақ, ол ғылымға негізделмегендіктен, үстіртін көзге бірден
түсетін, тез шалынған белгілер мен байланыстар жайындағы пікірлер
болғандықтан, көбіне қате ұғымдардың қалыптасуына әкеліп соғып отырды.
Өйткені балалар байқап көргендерін өз қалпында, өр затты не құбылысты тек
сыртқы түріне, көрінісіне байланысты қабылдайды.
Қоғам дамуы, оқу-ағарту ісінің ғылыми деңгейге көтерілуі нәтижесінде
көзқарастың ғылыми мәні жоғарылады. Білім мазмұнының тереңдеуіне байланысты
дүниеге көзқарас та нақтылана түсті. Білім арқылы ғана әр заттың не
құбылыстың шынайы мәні ашылады. Осыны білген ойшылдарымыз ертеде-ақ халыққа
білім берудің маңызын түсініп, «көзі ашық» болуы тек біліммен байланысты
екенін айтып кетті. Білімсіздіктің мүшкіл халін Абайдың мына бір шумағынан-
ақ түсінуге болады:
«Білмеген соқыр,
Қайғысыз отыр,
Тамағы тойса, жатуға» — деп, білімсіздіктің аянышты халін күйіне
жырлайды. Білім жоқ болса, көзқарастың дұрыс дамуы мүмкін емес.
Табиғаттанудан білім беру барысында ғылыми ұғымды меңгерту арқылы дүние
заттарының, құбылыстарының нақтылығын, олардың біздің санамыздан тыс өмір
сүретінін және бір-бірімен байланыстылығын, заттар мен құбылыстардың даму
заңдылықтарын түсіндіріп, шындыққа сенімдерін арттыру мақсаты жүзеге асады.
Білімнің ғылымилығы балалар сенімінің көзі деуге болады. Себебі әрбір
ғылыми ұғымды меңгеру үшін балалар іс-әрекеттер жасап, практикалық
жұмыстар, тәжірибелер арқылы проблемалық ахуалдарды шешу барысында шындыққа
жетеді. Шындыққа жету жолында өз іс-әрекеттерін қорытып, ой толғайды, оның
нәтижесін тұжырымдайды. Белгілі дәлелділікке жеткеннен кейін алған
ұғымдарына сенімі артады. Сонымен қатар, әрекет жасап, ізденіп, талпыну
арқылы өз-өзіне, алдына қойған мақсатты шеше алатындығына деген сенімі
артады.
Мектепке дейінгі мекемеде «Дүниені» танытуға байланысты материалдарды
оқытуда бірнеше мақсат көзделеді.
Біріншіден, адам баласы саясатпен, ғылыммен, өнермен және т.б осы
сияқты саяси, рухани мәселелермен айналысу үшін олардың көңіл күйі
көтеріңкі, дені сау, рухани дүниесі бай болуы қажет. Материалдық дүние,
яғни, киім-кешек, ішім-жем, баспана және т.б. тіршілікке керекті жағдайлар
сай болмаса, адамның рухани мәселелермен айналысуға мүмкіндігі келмейді.
Өзіне қолайлы жағдай жасау үшін адамның еңбек етуі, өз өмірін өзі
ұйымдастыра білуі, материалдық игіліктерді өндірумен айналысуы қажет.
Материалдық игілікті өндіруге адам күш жұмсайды және күшті қолданатын
нақты зат болуы керек. Ол заттар табиғаттан алынады. Сонымен қатар, өнімді
дұрыс өндіруге, оны қоғам игілігіне және жеке бас игілігіне пайдалануға
білімділік, ұйымдастырушылық қабілет пен күш керек. Табиғат байлығының мән-
мағынасын түсініп, оны орынды, үнемді, тиімді пайдалану шеберлігіне адам
баласы білім мен біліктілік арқылы жетеді. Бұл сияқты қоғамдық өмір
талабына икемділік, бейімділік, шеберлік, білімділік балаларға бастауыш
сыныптағы табиғаттану материалдарын оқыту арқылы қалыптаса бастайды.
Балалардың дүниетанымының қалыптасуында эмоция мен логикалық ойдың
мәні зор. Қазіргі тандағы ғылыми еңбектерде адам эмоциясының және логикалық
ойдың бір-бірімен тығыз байланыстылығы дәлелденіп отыр. Бұл екеуі де —
адамның ішкі сезімі, жан әрекеті. Сыртқы шындықты сезімге әсер етуінен
түрлі хабарлар миға жетіп, эмоция тудырады да, ой осыған орай шешім
қабылдайды. Ой — қорытынды шығарып, шешім қабылдау тірегі десек, эмоция
оның көзге түсетін нәтижесі ретінде сыртқа шығатын күйі (қобалжу, ренжу,
қуану, құптау не жоққа шығару және т.б.), түрі. Осыған қарап, эмоция мен
ойдың көзқарасының қалыптасуына тікелей әсер ететінін көруге болады. Бір
затты не құбылысты танып білуде олар үнемі қатар жүреді. Ал танып білу
нәтижесінде дүниетаным қалыптасады.
Дүниетанымдық қабілеттің керектігі адам баласының бүкіл өмірі табиғат
аясында, қоғам ортасында, олармен қарым-қатынаста өтетіндіктен, ол
қатынастардың әдіс-тәсілін меңгеруі тиіс. Мұндай әдіс-тәсіл бала жастан
қоршаған орта туралы білім алу арқылы меңгеріледі. Мәселен, әр затты
байқау, бағдарлап қарау, олардың түр-түсін сезіну арқылы қасиеттерін
айқындай түсу — мұның бәрі адамда бірден пайда болатын икемдік пен
іскерліктер емес. Ол жүйелі меңгерілген білім нәтижесінде қалыптасады.
Адамның болмысы туралы философтар анықтама бергенде, «Адам — еңбек
әрекетімен шұғылдана түсетін, өзара байланыс жасауға толық қабілеті бар
тіршілік иесі», — дейді. Олай болса, сол қатынастарды ғылыми негізде
этикалық, эстетикалық, адами тұрғыда жүзеге асыру үшін адам қоршаған
дүниеден білім жүйесін меңгеруі тиіс.
Адамның бүкіл болмысы үш түрлі өлшемнен (биологиялық, психологиялық,
әлеуметтік) тұратынын білеміз. Әр өлшемнің өз деңгейі мен мазмұны бар.
Биологиялық өлшем адамның дене бітімін, түр-тұлғасын, ой-өрісін
қамтиды. Дамуды биологиялық тұрғыдан айсақ, ол — дененің дамуы, деннің
саулығы, мидың жұмыс істеу қабілеті. Бұл өлшемнің түпкі шығу тегі
генетикалық болғанымен, оны керегінше шындау адамның өзіне байланысты. Адам
өзін-өзі тәрбиелеудің, жетілдірудің жолын меңгерсе ғана, бұл талаптарды
орындай алады. Өзін-өзі тәрбиелей білетін, жетілдіру жолында еңбек етіп,
тер төгетін адам білімді болуға тиіс. Бұл — дүниетанымдық деңгейдің
көтерілуіне қажет алғы шарттың бірі. Табиғаттануды оқытудың мәні де осында.
Адамның екінші өлшемі — психологиялық өлшем. Бұл адамның жан
дүниесі, темпераменті, санасы, есі және т.б. Қысқаша айтқанда, ағзасында
жүріп жатқан процестер. Адамның бұл өлшемі биологиялық өлшеммен тығыз
байланысты. Мәселен, адамның көңіл-күйінің өзгерісін мидан бөлек алып қарай
алмаймыз. Психикалық тұрғыдан бір нәрсеге өзінің қатысын көрсету үшін адам
алдымен ойланады. Сол ойдан келіп оның сүйсіну, ренжу және т.б сияқты
сезімдік қатысы байқалады.
Адамның бүкіл болмысын әлеуметтік ортадан бөліп алып қарауға
болмайды. Адамның жеке бас ретінде дамуына биологиялық өлшем қандай маңызды
болса, әлеуметтік орта да сондай маңызды. Адам қоғамдық ортада дамиды.
Сонымен қатар, «Қоғам дамуының қозғаушы күші — адам». Қоғамның алғашқы
сатысы — жанұя, ағайын-туысы. Онан әрі оқу-тәрбие беретін арнаулы ұйымдар,
еңбек ететін ортасы, өз елі, туған жері, Отаны. Осы әлеуметтік орта адам
дамуының, оның рухани дүниесінің азығы.
Адамның жеке бас ретіндегі ерекшілігі осы үш өлшемнің бірлігінен
туады. Ал бұл өлшемдердің дұрыс қалыптасуы білім алу арқылы жүзеге асады.
Табиғаттануды оқытып, адамның табиғатпен, қоғаммен қатысын түсіндіру
барысында олардың әлеуметтік өлшемін кеңейту мүмкіндігі туады. Адамның
дұрыс қалыптасуыңца қоғамдық еңбекгің мәні зор, осы тұрғыдан алсақ та,
табиғаттануды оқытудың маңызын түсінуге болады. Табиғаттануды оқыту
барысында бір жағынан қоғам туралы білім беріп, қоғамның адаммен,
табиғатпен байланысын айқындау, екінші жағынан, қоғамды дамытудағы адам
еңбегінің маңызын ұғындыру мақсаты алға қойылады.
Қоғамның дамуы еңбекпен тығыз байланысты оған ой еңбегі де, қол еңбегі
де жатады. Қоғам материалдық игілікті өндіру арқылы ғана өркендейді деуге
болмайды. Ой еңбегінің нәтижесінде ғылым мен техника жетіліп, өндіріс
өнімдерінің молаюы қоғамңың дамуын тездетеді. Осы тұрғыдан алғанда да
табиғаттануды мектепке дейінгі мекемеде оқытудың зор маңызы бар.
Дүниені тану, білу барысында бала эмоциясының рөлі күшті. Ол затқа,
құбылысқа қызыға қарау, қуану, өкіну, қажеттілігін ажырату сияқты өз
қатыстарын аңғартады. Өз кезегінде көрген, байқаған объектілеріне қатысын,
оған деген көңіл күйін білдіру ақыл-ойға әсер етеді.
Табиғаттануды мектепке дейінгі мекемеде оқытудың барысында оқушының
таным процесі дамиды. Олардың танымына сезім мүшелердің қызметі көмегін
тигізеді. Балалар сыртқы дүниені сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Сезініп,
қабылдау нәтижесінде оның ой-өрісі дамып, тиянақты ұғым алады.
Психологиялық тұрғыдан алғанда, адамның бірнеше даму кезеңі бар екені
белгілі. Сол даму кезеңінің әрқайсысында бір жетекші әрекеттің басым болуы
тән. Мысалы, үш жасқа дейінгі сәби кезеңінде коммуникативті әрекет, яғни,
қарым-қатынас әрекеті басым. Баланың маңайы мен адамдар арасындағы қарым-
қатысының нәтижесінде тілі дамиды. Заттарды танып, қажеттілерін сұрап, атын
атайды, өз әлінше пайдасына жаратады. Осы коммуникативті әрекет нәтижесінде
білмеуден білуге көшеді. Тілдің дамуы оның маңайымен қатысын күшейтеді де,
енді басқа әрекеттерді меңгере бастайды. Одан кейінгі екінші кезең үш
жастан басталады. Бұрын маңайымен қарым-қатынас әрекетін меңгерген бала
енді ойын әрекетінің басқа да әрекеттермен қабысқан ерекше түріне көшеді.
Бала ойын арқылы маңайымен қарым-қатынас жасап қана қоймайды, сонымен бірге
оның таным әрекеті қатар жүреді. Үшінші кезең — мектепке дейінгі мекеме
өмірінен басталады. Бұл кезеңдегі бүкіл әрекеттердің ішіндегі жетекшісі —
таным әрекеті. Оқудың мақсаттылығы, жүйелілігі және оны меңгеруге
балалардың міндеттілігі өріле бірігіп, оқушының оқуға байланысты
әрекеттерінің бәрі осы таным әрекетіне тіреледі. Онан әрі жасөспірім
кезеңінде құндылық-бағыттылық әрекет басым орын алады.
2 бөлім. ТІРІ ТАБИҒАТТЫ ТАНЫСТЫРУДА ЖОБА ӘДІСІН ҚОЛДАНУ
2.1 Мектепке дейінгі ұйымдарда жоба әдісін қолдану
Қарқынды дамып келе жатырған зорлық-зомбылық көрсетпеу педагогикасы
ересектердің балаларға қатынасын өзгертті. Баланы дамыту деңгейі педагогтың
және тұтастай алғанда барлық білім беру жүйесінің жұмыс сапасының өлшемі
болып саналатын болды. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің
педагогтерімектеп алды даярлыққа сүйеніп қоймай, дамып келе жатырған
тұлғаның психофизиологиялық ерекшеліктеріне сай толыққанды балалық шақты
сақтауға да сүйенеді. Балаға деген сыйластық, оның мақсат-мүдделерін,
қызығушылығын қабылдау, жан-жақты дамуына жағдай жасау –гуманистік
педагогиканың бұлжымас шарттары.
Ересектер баланың білім, икем, дағдыларын қалыптастыру мен оның
әлеуметтік өмірге бейімделуіне назар аударумен шектелмей, шешімді бірлесіп
іздеу арқылы оқытып, баланың мәдениет нормаларын өз бетінше игеруіне
мүмкіндік берулері керек. Д.И.Фельдштейн былай деп жазады (М., 1997):
Баламен субъект-субъект ретінде қатынас жасау барысында өзіміздің бастапқы
позициямызды анықтай отырып, баланың субъект екендігін жариялай отырып,
біздер, ересектер, шын мәнісінде балаға өзіміздің әсер етуіміз бағыттылған
объект ретінде қарап, өзара әректтесу емес, балаға қатысты өзіміздің
әрекетіміз жайлы әңгімелейміз.
Баланың өзін өзі тәрбиелеуіне, тұлғалық дамытуына көмектесе
отырып, мектепке дейінгі білім беру мекемесінің педагогтері мен ата-аналар
көп жағдайда олардың қажеттіліктерін, көңіл-күйлерін зерттеп, белсенді
позицияда болуына назар аудармайды, кері әрекеттерді талдамайды, баланың
шынайы субъектілігін анықтай алдмайды. Субъектілік – адамның өзін сезіп-
білуі, саналы түрде таңдауы, өз іс-әрекеттеріне есеп беруі, өз болмысының
стратегі атануы, өз Менінің өзге адамдармен байланыстарын сезінуі.
Н.Е.Щуркова айтқандай (М., 2000), бұл қабілет әлеуметтік өмірде, баланың
рухани жетілу процесінде қалыптасып, педагогтердің алға қойған міндеттері
арқылы мақсатты түрде тәрбиеленеді.
Субъектілік өздігінен пайда болмайды, оның процессуалдық жағы
бар. Бастапқыда бұл – ерікті түрде өзінің Менін көрсету, кейін өзін
мәдениет және әлеуметтік өмір ережелерімен салыстыру. Субъектілік өзге
адамды түсіне білумен байытылады. Одан кейінгі табыс: өзгелердің іс-
әрекетін алдын ала сезіне білу қабілеті, яғни болжанатын нәтижеге сүйене
отырып, таңдау жасау. Жасалған іс-әрекетті бағалай, түзетулер енгізе
отырып, бала өзінің іс-әрекеттерін жоспарлауды үйренеді. Н.Е.Щуркованың
пікірінше, баланың өзін саналы сезінуге баспалдақты өрістеуі шартты түрде
төмендегідей:
— өзімнің Менімді еркін білдіре аламын;
— өзге Мендермен диалог құра аламын;
— өз іс-әрекеттерімнің нәтижесін алдын ала білемін;
— еркін таңдау жасаймын;
— нәтижені бағалаймын, жаңа жоспар құрамын.
Бала біртіндеп өзіне маңызды өмірдегі еңбек ету салаларын анықтауды
үйреніп, оларды өзгелермен әрекеттесу арқылы жүзеге асыра алатын болады. Ол
іс-әрекеттің бірнеше нұсқасын қарастырып, таңдау жасай алады. 6-7 жасар
баланың бойында белгілі бір ситуацияға қажеттіпсихикалық ресурстарын
белсендіру және қажетсіз ресурстарды бейтараптандыру есебінен туындаған
түрлі жағдайларға таңдаулы түрде әрекет ету мүмкін болады. Мектепке дейінгі
жастағы бала өз бетінше шамасына қарай адамгершілік, әдептілік тұрғыда
пікірін білдіре алады; ересек адам ұсынған нұсқадан өзге пікір айта алады.
3 жастан бастап бала ересектер ұсынған ой-пікірлерді оң қабылдай бермей, өз
бетінше ой елегінен өткізетін болады.
Баламен өзара әрекет етудің қандай жолдарын таңдаған жөн? Осы және
басқа да сұрақтарға гуманистік педагогика мен психология жауап береді.
Қазіргі заманғы зерттеушілер (В.П. Бедерханова, О.С.Газман, В.Г.Маралов,
В.А.Ситаров) қолдайтын тәрбиенің маңыздылығына гуманистік көзқарас тәрбиені
ересектер мен балалардың бірлескен іс-әрекеті деп түсінумен байланысты.
Бүгінгі таңда ғылым мен тәжірибеде баланы өздігінен дамитын жүйе
тұрғысында қарастыру пікірі қарқынды дамуда, бұл жағдайда ересектердің күші
балалардың өзін дамытуына бағытталуы керек. Балалар мен ересектердің
бірлесе әрекет етіп, шығармашылықпен айналысуын қамтамасыз етудің, тұлғаға
бағытталған білім беруді жүзеге асырудың бірегей тәсілі – жобалау
технологиясы.
Жобалау – жобаға қатысушылар өмірдің түрлі салалары – өндірістік,
жеке, әлеуметтік-саяси – туралы жаңа ұғымдар мен түсініктерді автоматты
түрде (ұйымдастырушылар тарапынан арнайы жарияланған дидактикалық
міндеттерсіз) игеретін кешенді іс-әрекет. Жобалауға қатысу балалар мен
ересектерді жаңа позицияға қояды, яғни адам өзі және өзгелер үшін жаңа
жағдайлар жасап, оларды өзгерте отырып, өзі де өзгереді. Басқаша айтқанда,
жобалау өмірге араласудың объектілі (айтқанды орындаушылық) емес,
субъектілі нысаны болып табылады.
Жобалау жаңаша, ерекше шешімдерді, сонымен бірге ұжымдық
шығармашылықты да талап етеді. Топтық шығармашылық режимінде жұмыс жасау
есебінен рефлексияға қабілеттілік, түпкілікті шешімдер қабылдау,
бөліктерден бүтін құрастыру икемдері қарқынды дамиды. Осылайша жобалау
білім беру субъектілерінің (ересектер мен балалар) әлеуметтік және
зияткерлік шығармашылық өзін-өзі дамытудың тәсілдерінің бірі болып
табылады.
Тақырыптық жобаларға мысалдар
Шетелдік әріптестеріміз ұсынған үш сұрақ үлгісін қолданумен
байланысты тақырыптық жоба жасау тәсілі қызықты. Оның мәні – тәрбиеші
балаларға үш сұрақ қояды: Біз нені білеміз? Нені білгіміз келеді? Нені
білдік?Бастапқыда балалар қандай да бір зат немесе құбылыс туралы нені
білетіндігін түсініп алу үшін жаппай талқылау жүргізіледі. Тәрбиеші
балалардың жауаптарын топтың барлық мүшелері көре алатындай ватманға үлкен
етіп жазады. Балалардың жауаптарының жанына олардың есімдерін де қоса
жазады. Тәрбиеші енді екінші сұрақты қояды: Біз нені білгіміз келеді?
Жауаптар дұрыс-бұрыстығына қарамастан тағы да тақтаға жазылады да, тәрбиеші
келесі сұрағын қояды: Біз сұраққа жауапты қалай табамыз?
Ақпарат жинау тәсілдері: кітап оқу, ата-аналардан, мамандардан көмек
сұрау, сынақтар, тақырыптық экскурсиялар жүргізу. Тәрбиеші түскен
ұсыныстарды оқу жоспарына енгізеді. Біз нені білдік? сұрағына жауап
берутәрбиешіге балалардың нені үйренгендігін білуіне көмектеседі. Кейбір
сабақтарды талдау болашақта жасалатын жобаларды жақсартуға мүмкіндік
береді. Тәрбиеші төмендегі сұрақтарға жауап беруі тиіс: Жобаның қай бөлігі
сәтті шықты? Келесі жолы нені өзгерткен дұрыс? Балалар нені үйренді? Жүзеге
аспай қалған тұстар бар ма? Не себепті?
Әрбір жобаның нәтижелері топ болып талқыланады. Балаларға талқылау
барысында төмендегі сұрақтарды қоюға болады:
— Бұрын білмеген нәрселерді білдіңдер ме?
— Өздеріңді таң қалдырған нәрсені білдіңдер ме?
— Қай сабақ сендерге ерекше ұнады?
— Келесі жобаны ұйымдастыруда нені өзгерткен жөн?
Балалар арнайы кітапқа жобаны жүзеге асырудың кезеңдеріне өз
бағалауларын жазып, тиесілі суреттерін сала алады. Жоба туралы кітапта
жобаны жүзеге асыруға ата-аналардың қатысқандығы жөнінде де жазылуы тиіс.
Қорытынды жасай отырып, тәрбиеші жақсы нәтижеге жету үшін сабақты
ұйымдастыруды қалай өзгерту керектігін; әр балаға қатысты сабақты
түрлендіруді; ерекше қабілетті балаларды жобаны жүзеге асыруға қалай
енгізуді; болашақта қандай сабақтар жоспарлауды ойластырады.
Жүзеге асырылатын жобаларды құжаттандыру үшін тақырыптық жоспар
журналы арналады, мысалы:
Тақырыптық жоба жоспары
1. Тақырып және оның шығу тегі ___________________________
2. Жобаны жүзеге асыру барысында зерттелетін аралас сабақтар мен
ұғымдар ___________________________________ _______
3. Қажетті материалдар ___________________________________
4. Жоба бойынша балаларға сұрақтар
Біз нені білеміз? ___________________________________ ____
Нені білгіміз келеді? ___________________________________
Сұрақтарға жауапты қалай табамыз?______________________
5. Бағалау. Балалар нені білді? (Балалар мен тәрбиешінің
пікірінше). ___________________________________ _________
6. Жобаны кеңейту мен жетілдіру бойынша ұсыныстар
Мектепке дейінгі жастағы бала тәрбиесіндегі жобалау технологиясының
бір нұсқасы жапондық авторлар М.Хондзе, Т.Сисидо, М.Исикаваның Как
организовать коллектив дошкольников (М., 1991) кітабында баяндалған.
Авторлар ұсынған Тоған қазамыз, Бірге тұрамыз, Түскі ас даярлау,
Егістікті өңдеу жобалары балаларды өз бетімен әрекет етуге үйретіп, өз
шығармашылық күштеріне деген сенімдерін нығайтуға мүмкіндік береді. Тоған
қазамыз жобасын қарастыралық: балабақша ауласында балық өсіру үшін үлкен
тоған қазылды. Бұл жоба өмір қажеттілігінен пайда болды: балалардың
көпшілігінің үйінде балық өсіретін шағын тоғандар болды. Тоғанның қандай
болуы керектігі балалармен талқыланды. Тоған дөңгелек болуы керек деп
ұйғарылып, жұмыс тәртібі белгіленді, еңбек құралдары сайланды. Жұмыс
басталғанда балалардың қуанышында шек болмады: жер қазып, су тасыды. Үлкен
шұңқыр қазылып, даярлық жұмыстары да аяқталды. Шұңқырды сумен толтырғанда
күтпеген оқиға орын алды: шұңқырдағы су лайланды. Балалар шұңқырдың түбін
таспен қалап, цементтеуді ұйғарды. Цементтеу жұмыстары басталды. Кейін
түсінікті болғандай, тоған дөңгелек емес, сопақ пішінді болып шықты. Ақыр
соңында балалар қуанышқа бөленіп, Су келді! деп айқайлады.
Еңбек ету процесінде тәрбиешілер мен балалар еңбектенудің қуанышын,
ұжымдық еңбектің табыстылығын сезінді. Барлық жұмыстар балалардың пікірімен
санаса отырып атқарылды. Такасэ тәрбиешінің пікірінше балалар өздерін
ересектермен тең сезінді, жұмысқа басшылық ету тәрбиеші – бала, бала – бала
сызбасы бойынша жүзеге асырылды.
2.2 Жоба әдісі арқылы сабақтарды ұйымдастыру.
Баланың субмәдениеті – ересектер ұға бермейтін, өз заңдылықтары бар
үлкен әлем. Мектеп жасына дейінгі бала белсенді іс-қимылға, қарым-қатынас
жасауға, өзін көрсетуге, жарқын әсерлерге ұмтылады. Балалар белсенділігінің
екі түрі болады: баланың өзі анықтайтын белсенділігі және ересектердің
араласуымен пайда болатын белсенділік.
Мектепке дейінгі білім беру мекемелері педагогтерінің жұмыс
тәжірибесінен белгілі болғандай, баланың жеке тұлғасын сыйлау, оның мақсат-
мүдделерін, қызығушылықтарын қабылдау, өзін барынша көрсетуіне жағдай жасау
оның шығармашылығын белсенді дамытады. Ересектердің күштеп араласуынсыз
баланың өмірі ойындарға, саяхаттарға, оқиғалар мен тәжірибелерге толы
болады.
Ересектердің іс-әрекетінің көмегімен даму мен баланың жеке
белсенділігі арқасында өздігінен дамуының оң қатынасы қағидатын жүзеге
асыруға бала – ересек қатынасы бар жобалау технологиясы мүмкіндік береді.
Осы технологияны қолдана отырып, педагог баланы жетелеп отырады:
ересектердің өмірін бақылау, олардың өміріне біртіндеп араласу, серіктестік
және қызметтестік. Ересектер мен балалар тең қатынас жасайды: біреу біреуге
бұйырмайды, бақыламайды, бағаламайды. Аталған технологияны тәжірибеге
енгізу педагогке мектеп жасына дейінгі баланы оқыту мен тәрбиелеуді
гуманизациялауға, баланың қоршаған ортаны танып білуде қандай да бір
тәжірибесі бар екендігін есепке алуға мүмкіндік береді.
Баланың немесе балалар мен ересектердің бірлескен жобалық қызметінің
мазмұны білім беру, тәрбиелеу міндеттерімен шектеседі. Педагогтің топпен
жұмысы – пайда болған мәселелерді қарастыру, осы кезде баланың мәселелерді
өз бетінше шешу қабілеті қалыптасып, дамиды. Баланың өзі бір-бірімен
астасып, қиылысып жатқан аса күрделі әлемнің бір бөлігі.Олардың
кейбіреулері анық көрініп тұрса (табиғат, қолмен жасалған әлем), басқалары
(психикалық өмір) іс-ірекеттерден көрінеді.
Д.И.Фельдштейн былай деп жазады: Еңбек ету процесінде қоршаған
ортаны, ондағы заттар мен қатынастарды, табиғатпен қарым-қатынас жасаудың
тарихи қалыптасқан тәсілдері мен адами қарым-қатынас жасау нормаларын игере
отырып, бала өзінің жас ерекшелігіне сай дамуына байланысты қоғамдық
тәжірибені игеріп, өз игілігіне айналдырады. Бұл баланың қоғамдық
қабілеттерін көрсету мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Осы кезде оның
әлеуметтенуі пайда болады.
Шартты түрде мәселенің төрт түрге бөлеміз: бала және оның жанұясы,
бала және табиғат, бала және қолмен жасалған әлем, бала, қоғам және
қоғамның мәдени құндылықтары.
Өзінің алғашқы әлеуметтік қатынастарын бала ата-анасымен, жақын
туыстарымен құрады, сәби үшін олар – өмірдегі басты адамдар. Өмірінің
алғашқы айлары мен жылдарында баланың дамуы оның түрлі қажеттіліктерін,
оның ішінде әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыратын жақын туыстарына
тәуелді. Ерте сәбилік кезеңге жатқызылатын қарым-қатынастың тығыз шеңбері
(А.Н.Леонтьев) орнатылады. Келесі деңгейде бала өз қатарластарымен, басқа
да ересек адамдармен қарым-қатынас орнатады. Олармен қарым-қатынас жиі
жасалғандықтан, оларды таныстар санатына жатқызуға болады. Әрі қарай қарым-
қатынас жасау шеңбері кеңейе түседі. Мектепке дейінгі жаста бала адамдардың
қоғамдық қызметіне, олардың тәртіп нормаларына, қызметтерінің мәніне
сүйеніп, әлеуметтік қатынастарды терең түсініп, балалар мен ересектердің іс-
әрекетін бағалай алатын болады.
Оқиғаларды ұжымдық түрде бастан кешіру балалар мен ересектерді
жақындастырып, топтағы микроклиматты жақсартады. Мектеп жасына дейінгі
балаларды оқытып-тәрбиелеудегі жобалау технологиясын қолданатын
педагогтердің айтуынша, осы технологиямен атқарылған жұмыстар
тәрбиеленушілерді жақсы тануға, олардың ішкі әлеміне енуге мүмкіндік
береді.
Жобалау процесінде идеяның пайда болып, нәтижеге жеткенге дейін бала
тапсырыс беруші, орындаушы, қатысушы ретінде, сонымен бірге сарапшы ретінде
қатыса алады. Жобалау қызметінде бала, мамандардың айтуынша, өзін көрсету
қажеттілігімен бетпе-бет келеді:
— өз мақсаттарын қою, өзі туралы түсінік беру, серіктестерімен (балалар
мен ересектер) сөз таластыруда өз дегеніне жету;
— өз қиыншылықтары туралы ашық және дәл айту, оның себептерін табу, оны
өз бойынан да іздеу;
— мақсаттарын өзгелермен келістіру, осы жолда өз пікірінен таймай, ортақ
шешімге келу.
Баланың жобалауға қатысу сипаты өзгеріп отырады. Мысалы, ерте сәбилік
шақта ол ересектердің қызметін бақылаумен шектелсе, орта сәбилік шақта
ішінара араласып, серіктестік рөлін игеруге тырысады; ересек топқа жеткенде
– қызметтестік деңгейге келеді. Еңбек қызметіне араласу – тең құқылы қарым-
қатынас жасау, яғни ересек адамдар нұсқау беріп, бұйырып, бағалай алмайды
дегенді білдіреді.
2.3 Балалардың танымдық қабілетін арттыруда жоба әдісінің тиімділігі
Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі жобалардың түрлері алуан
түрлі. Негізінен төрт түрі бар: өндірістік, тұтынушылық, мәселені шешу және
жоба-жаттығу.
ХХ ғасырдың басында профессор Коллингс, Миссури штатының ауылдық
мектептерінің бірінде тәжірибе ұйымдастырушы оқу жобаларын төмендегідей
жіктеуді ұсынды:
— ойындық – балаларға арналған сабақтар, топтық жұмысқа араласу
(ойындар, халық билері, сахналау, түрлі шаралар);
— экскурсиялық, қоршаған табиғатпен, қоғамдық өмірмен байланысты
мәселелерді шешуге бағытталған;
— баяндаушылық, балалар алған әсерлерін, сезімдерін ауызша, жазбаша
түрде, ән арқылы, сурет салу арқылы жеткізеді;
— конструктивті, нақты пайдалы зат жасауға мақсатталған: құстарға ұя
жасау, мектепшілік таңғы ас әзірлеу, гүлзарлар жасау.
ХХ ғасырдың аяғына қарай жобаның жаңа түрлері дамыды. Е.Полат (1999)
жобаларды типологиялық белгілеріне сай сипаттайды: қатысушыларының санымен,
басымдыққа ие әдісімен, қарым-қатынас жасау сипатымен, координациялау
тәсілімен, ұзақтығымен. Осы белгілерге сүйене отырып, автор мектепке
дейінгі білім беруде өзекті болып отырған жобаларды топтастырудың өз
нұсқасын ұсынады:
… жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz