Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық балабақшадағы ашық сабақтар

0

СҚО, Шал ақын ауданының Еңбек бастауыш мектебі» КММ жанындағы «Еркетай» шағын орталығының тәрбиешісі                                                              Венинг Марина Ивановна
Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық
Қазіргі таңда Қазақстандық білім беру жүйесі қарқынды дамуда.Бағыты –тура, мақсаты – айқын, міндеттері жоспарлаулы білім саласының бүгінгі жеткен жетістіктері аз емес. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауларында ел тарихындағы маңызды салалардың бірі, әрі бірегейі ретінде білім саласына басты назар аударып отырады.Себебі, білімді ұрпақ — ел келешегі. Білімді ұрпақ болашағының жарқын болуында негізгі орын алатын балабақшалар мен мектептерде білім мен тәрбие берудің бүкіл жүйесін қайта құру және жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда елімізде 8590 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істесе, оларға 644,3 мың бала  барады. Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарымен қамтылуын іске асыруды бастағанда 36% ( пайыз) болса, қазіргі таңда  71,5 %-ды құрап отыр.     Елбасының тапсырысымен бірегей «Балапан» бағдарламасы 2020 жылға дейін ұзартылды, осы бағдарламаның аясында 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 100% қамту қарастырылуда. Мектеп жасына дейінгі балаларды толық қамту проблемасы мектепке дейінгі білім беру мазмұнын модернизациялауды талап етеді.
Біз бағдарлама мақсатына қол жеткізуіміз үшін мынадай міндеттерді шешуіміз қажет:                     
   — инклюзивті білім беруді дамыту (мектепке дейінгі ұйымдарды пандустармен, кіреберістермен, көтергіштермен және жеделсатылармен және т.б. жарақтандыру)
—    мектепке дейінгі ұйымдардың тапшылығы проблемаларын шешу үшін қажетті қаржылық-экономикалық жағдайлар жасау
—    мектепке дейінгі ұйымдарды білікті кадрлармен толық қамтамасыз етуді және олардың біліктілігін тұрақты түрде арттыруды жүзеге асыру
      Болашақ ұрпақтың сапалы білім алуы  мектепке дейінгі мекеме  мен бастауыш буын арасындағы сабақтастығымен тығыз байланысты.   Сабақтастық дегеніміз, біріншіден, екі буын арасындағы ортақ мақсат міндеттер, ортақ мазмұндық жүйе, баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағыттау, екіншіден білім берудің әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімділігі.
Балалар білім икемдігі мен машықтарын пайдалану және одан әрі дамыту кезінде олардың оқу ісінде әр алуан байланыстар орнату, жаңа білім мен бұрынғы білімді өзара байланыстыру. Сонымен бірге, білімді кеңейту мен тереңдету, оқығандарды жаңа, жоғары деңгейде байыптау.
Балабақша мен мектеп арасындағы байланыс формаларының сабақтастығын екі өзара байланысты аспектіге бөлуге болады: ақпараттық – ағартушылық және тәжірибелік.
Бірінші аспект, мұғалімдер мен тәрбиешілердің оқу — тәрбие жұмысының міндеттерімен өзара танысуын, балабақшаның жоғарғы топтары мен мектептің бірінші сыныбы бағдарламалар мазмұнын зерттеуді болжайды. Осы мақсатқа байланысты мынадай формалары мұғалімдер мен тәрбиешілердің біріккен педагогикалық кеңестерінде балалардың мектепке дайындығы мәселесі бойынша қатысуы, дәрістермен өзара алмасуы және т. б. жұмыстарды жүзеге асыру керек.
Екіншісі аспект, бір жағынан мұғалімдердің балабақшада өздерінің болашақ оқушыларымен алдын ала танысу, екінші жағынан, тәрбиешілердің бұрынғы тәрбиеленушілерді бақылап отыруымен бейнеленеді. Берілген мазмұнды жүзеге асыру формалары: мұғалімдердің болашақ оқушылармен танысу үшін балабақшадағы дайындық топтарға жүйелі қатысуы, олардың іс — әрекетін бақылау, балалардың диагностикаларының нәтижелерімен және мінездемелерімен танысу.                                                                                                         

Мектепке дейінгі мекеменің міндеттері:
•    салауатты өмір сүру салтының құндылығына балаларды қатыстыру; 
•    эмоционалдық аман-саулығын қамтамасыз ету, әр түрлі көркемдік іс-әрекет түріне жағдай жасау; 
•    талабын, білуге құмарлығын, еркіндігін дамыту; 
•    айналадағы әлем жайында білімін қалыптастыру.
 Бастауыш мектептің міндеттері:
•    салауатты өмір сүру салтының құндылығын қалыптастыру және өзінің тәртібін осыған сай реттеу; 
•    қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынас дайындығын дамыту. (эмоционалды, интеллектуалды, коммуникативті және іскери) 
•    мектепте оқуға,  үйрену деген тілегін қалыптастыру; 
•    әр түрлі әрекетте бірлесе жұмыс істей білуі мен өздігінен жұмыс істеуін дамыту; 
•    мектепке дейінгі мекемедегі жетістігін жетілдіру, мектепке дейінгі мекемеде дамуында қалыптаспаған сапасына арнайы көмек көрсету.
Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сыныптың сабақтастық бойынша жұмысын ұйымдастыру:                                                                       
•      мектепте оқып үйренуіне жағдай жасау; 
•      мектепте оқуға психологиялық дайындығын қалыптастыру; 
•      бала дамуының үздіксіз білім беру жүйесін құру.
 Екі ұйым арасындағы әрекет:                                                                               Мектепке дейінгі мекеме —танымдық әрекет —мағлұмат алады, талдайды, ойнайды, білім алып, тәжірибе жасайды. Бастауыш сынып —оқу әрекеті —оқи алуға үйренеді, оқығысы келеді, жаңа мазмұнды меңгереді, жаңа түсініктер қалыптасады.                                                                                                 Мектеп пен мектепке дейінгі мекемедегі сабақтарды салыстыра отыра келесі ұқсастықтарды атап айтуға болады:                                                                                 1.Бір маңыздылық: балалардың танымдық әрекетін басқару, білім және білікпен қаруландыру бірмезетте жан-жақты тәрбиелеу. Оқыту мектепте де, мектепке дейінгі мекемеде де бағдарлама бойынша өткізіледі.                              2.Айқын және қатаң ұйымдастыру: әрқашан, әр уақытта нақты сабақ кестесі, әр баланы оқыту міндеті, педагогтың барлық балалармен ұжымдық жұмыс жүргізуі.  
Мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етудің маңызы зор. Осы сабақтастық аясында Еңбек негізгі мектебінің 3-сынып оқушыларымен біздің шағын орталық тәрбиеленушілерімен сабақтастық ұйымдастырдық. Бұл екі ұйым арасындағы сабақтастықтың негіздемесі:
•    балалардың білуге деген құмарлығын дамыту;
•    балалардың интеллектуалдық және тұлғалық дамуына бағытталған шығармашылық қиялын дамыту;
•    тілдік қарым-қатынасын дамыту (құрбы-құрдастарымен, ересектермен тіл табысып, сөйлесе білу) ұйымдастырылған сабақта балалар мектепке саяхат қана жасамай ашық сабаққа белсене қатысып, «Мен оқушы боламын…» — деген ой түйіп қайтты.                                 
Тәрбиешілермен ұстаздар да қызықты ашық сабақтарында оқытудың кіріктірілген түрлері мен іс-әрекеттің әр түрінде сабақтастықтың тәсілдерін көрсете білді. Сабақ соңында мектеп оқушылары мен шағын орталық тәрбиеленушілері мектеп байланысын орнату үшін біреге даму жолымен жүру керек деген тұжырымға келді.
        Мұнда мектеп белгілі бір мектепке дейінгі мекемені өз қарамағына алу, тәрбиелік шараларды бірге өткізу; мектепте 1 — сыныпқа оқушыларды қабылдауда балабақша тәрбиешілерін қатыстыру, мектеп туралы кинофильмдер көрсету, кездесулер ұйымдастыру, еңбек әрекетін бірігіп өткізу қажеттілігі туады.                                                                                              «Балапан»  бағдарламасы бойынша алға қойған мақсат-міндеттерді дұрыс жүзеге асырғанда ғана мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық нығая түседі. Әсіресе, биылғы Талдықорған қаласында  мектепке дейінгі балалық шақ республикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен  Педагогикалық оқуларда  сабақтастық мәселесін тәжірибелі, үздік тәрбиешілер қызу талқылады.                                                     Құрметті тәрбиешілер, ұстаз болу үлкен шыдамдылықты, ізденісті талап етеді. Ұстаз үнемі ізденіп, жаңа нәрселерді өзіне алып отыруы тиіс.Бүгінгі күні біздің елімізде Елбасының  салиқалы саясаты жастарды қолдап, шығармашылық жұмыспен қызу айналысып, өз-өзінді көрсетуге толық мүмкіндік бар және дұрыс бағаланады. Өз жұмысымның ең жоғары бағаланғандығынын дәлелі  Елбасымен кездесу болған еді. Барша ұстаздардың атынан Елбасымыздың ұстаздарға деген  қолдауы мен қамқорлығына алғыс айту мен үшін зор мәртебе болды. Бұл кездесу менің өмірге деген дүниетанымымды кеңейтіп, жеке тұлға ретінде қалыптасуыма зор ықпалын тигізіп, ұстаздық жолымдағы игі мақсаттарға жетелейтін баспалдақ ретінде болды.                             
   Даңққа тұлпар дүлділділігімен, ер азамат білгірлігімен, әйел заты іскерлігімен жетеді. «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деп Елбасымыз айтқандай, құрметті мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері, Сөзіміз-түзу, Еңсеміз-биік, Рухымыз-мықты болсын десек бірегей ұстаз мамандығын ұлықтай білеік!   
                                                                                                                                    
Қолданылған әдебиеттер :
1. Мектепке дейінгі тәрбие стандарттарын дайындау мәселелері жөніндегі халықаралық конференцияның материалдары. Алматы-2007ж.                                                                2.Дошкольное воспитание, № 3, 2007                                                                               3.М. Жұмабаев, «Педагогика» —1992

 

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!