«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында пәндік дамытушы ортаның жағдайы және жетілдіру жолдары»

0
768

1 бет

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында пәндік дамытушы ортаның жағдайы оны жетілдіру жолдары

2 бет

Пәндік -дамытушы орта-бұл мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық, эмоциялық, әлеуметтік және зияткерлік дамуын қамтамасыз ететін жағдайлардың жүйесі.Қазіргітаңда жан-жақты жетілген, білімді азамат дайындау – қоғам алдындағы үлкен міндет. Бала – болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілетін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке
дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді
пайдалануға мүмкіндік берді. Сондықтан оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізіп, оны тиімді пайдаланып, балаларға сапалы білім беру, жан-жақты дамыған бүлдіршіндерді тәрбиелеу – біздің басты мақсатымыз.

3 бет

Мақсаты: балалардың ерте жастан психо- физиологиялық мүмкіндіктерін жағымды дамытуға мүмкіндік беретін пәндік-дамытушы ортаны ұйымдастыру, әлеуметтік белсенді жеке дара баланы қалыптастыру және жетілдіру.
Міндеттері: – балаларды жан-жақты және үйлесімді ерте жастан дамыту үшін жағдайлар жасау және оның мектепке дейінгі жаспен сабақтастығы;- әр баланың шығармашылық бастамасын, ойынды өз бетінше құру және ойлаған ойын іске асыру, өзін ойын желісі мен ережесіне сәйкес ұстауды дамыту;- пайдаланған әдістер мен көрнекіліктерімді балардың ойларының дамуына ықпал ету;

4 бет

Дамыту ортасында мектеп жасына дейінгі баланың  сенсорлық дағдылары қалыптасады, өмірлік тәжірибе жинақтайды, әртүрлі заттарды және құбылыстарды реттеу мен салыстыруға үйренеді,ересектермен,қатарластарымен өзара эмоционалдық-практикалық тәжірибеге ие болады, өзіндік тәжірибеде білім алады. Мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылған пәндік-дамытушы орта (топта)әр балаға тұлғаның қандай да бір қасиетін иеленуге, жан-жақты дамуына теңдей мүмкіндік береді. Топтық кеңістікте пәндік-дамыту  ортасын  ұйымдастыру кезінде әрбір баланың тұлғалық негізгі сипаттарының қалыптасуына, оның қызығушылықтары мен қабілеттіліктерінің дамуына көмектесетін барлық жағдайды ескеруі тиіс.

5 бет

Пәндік-дамытушы орта тәрбиеленушілердің  жас ерекшеліктеріне, оқу кезеңі және педагогтармен іске асырылатын бағдарламаға байланысты өзгерукеректігін естен шығармау қажет. Пәндік-дамытушы ортаны құрған жағдайда келесі ережелерді есте сақтау қажет:1.Пәндік дамытушы орта білім беруші, дамытушы, тәрбиелеуші,ынталандырушы, ұйымдастырушы, коммуникативтік функциясын атқаруы тиіс. Пәндік-дамытушы ортаның топтасуы балалардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуі қажет, білім беру үдерісінің біртұтастылық қағидатына сай келуі тиіс;2. Кеңістікті икемді және вариативті қолдану қажет. Орта баланың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналуы тиіс;

6 бет

3. Заттардың формасы мен дизайны балалардың қауіпсіздігіне және жасына бағдарлануы тиіс;4. Әрбір топта балалардың эксперименттік іс-әрекеттеріне арналған орынды қарастыруы қажет;5. Топтық кеңістікте заттық ортаны ұйымдастыра отырып , психикалық даму заңдылықтарын, олардың денсаулық көрсеткіштерін, психофизиологиялық және коммуникативтік ерекшеліктерін, жалпы және сөйлеуінің даму деңгейін, сонымен қатар,эмоционалдық -қажеттілік саласының көрсеткіштерін ескеру қажет;6. Түс палитрасы жылы, пастельді түстерде болуы тиіс;7. Топтық бөлмеде дамытушы кеңістікті құру кезінде ойынның басты рөлін ескеру қажет;8. Топтың заттық -дамытушы ортасы балалардың жас ерекшеліктерін, оқу кезеңі мен білім беру бағдарламасына байланысты ауысуы тиіс.

8 бет

Біздің балабақшада мектепке дейінгі баланың дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Ұйымдастырылған іс – әрекет әрбір тәрбиешінің шығармашылық жұмысы. Тәрбиешінің кәсіби жұмысы қаншалықты жоғары болса, ол оқытып тәрбиелеген тәрбиеленуші де, соншалықты ақыл – ойы дамыған, сауатты болады. Көп іздену, дайындалу, қосымша әдебиеттерді орынды қолдана білу тәрбиешінің негізгі мақсаты.
Біздің балабақшадағы топтарда пайдаланған әдістер мен көрнекіліктерімді балалардың қиял – ойларының дамуына ықпал ететіндей етіп жасайды.
Пәндік дамыту ортасы мақсаттарды, міндеттерді және білім беру бағдарламасының мазмұнын іске асыруға мүмкіндік береді.

10 бет

Ойын орталығы: Біздің балабақшада сюжетті – рөлдік ойындарға арналған бұрыш бар. Мұнда әр түрлі аңдардың, жан – жануарлардың бетперделері жинақталған. Мен бұл бұрыштағы заттарды көркем әдебиет, тіл дамыту сабақтарында пайдаландым. Нәтижесінде баланың ұйымдастырылған іс – әрекетке деген қызығушылығы оянды.Қуыршақ театры: Қуыршақ театрын көркем әдебиет сабағында жиі пайдаланамын.

11 бет

Сюжетті рөльдік ойындар:

12 бет

Балалардың ой – өрісін сөздік қорын, ұлттық сана – сезімін дамытатын «қазақы бұрышымыз» бар. Мұндағы мақсатымыз балаларға ұлттық тәрбие беру. Ұлы ақын Абай Құнанбаев «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас» деп ұлттық құндылықтарды жоғары бағалаған. Нәтижесінде, балалардың тілі, ой – өрісі, қиялы дамиды.

13 бет

Ғылыми орталық: Балалардың табиғи ортаға деген сүйіспеншілігін арттырып, оны қорғауға деген жауапкершілігін, туған жерге, қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастыру мақсатында, тобымызда «Табиғат бұрышы» жасалынған.
Ұйымдастырылған іс – әрекетімізде көрсетілген «бақылау» бөлімі бойынша бөлме гүлдерін баптап, суарып, жақсы өсуіне көңіл бөлеміз. Нәтижесінде, балалар ұйымшылдықпен жұмыс жасайды. Балалар білуге, ойланып әрекет жасауға дағдыланады.

14 бет

Әдеби орталық: Балабақшада балалар өздігінен оқи алмайтындықтан, әңгімелеп айтуға, көркем сөздермен таныстыру жұмысы бағдарлама талабына сәйкес тақырыптық ұстанымдарға негізделген. Осыған орай, біздің шағын орталығымызда осы жастағы балалардың тілін, ойын дамытатын кітаптар бұрышы жасалынған. Балалар өздігінен осы кітаптардағы суреттерге қарап қысқаша әңгімелер, жұмбақтар құрастырады. Нәтижесінде, баланың тілі жаттығып, танымдық қабілеті дамып, сөздік қоры толығады.

15 бет

Қызықты математика орталығы: әртүрлі түстегі және әртүрлі геометриялық пішіндерден заттар құрастыра алады ; пішіндерді, түстеді ажырата алады .

16 бет

Музыкалық ойыншықтар бұрышы  шығармашылық қызмет ерте жастан бастау алады. Ерте жастағы кішкентай балалар сылдырлайтын, сыңғырлайтын, салдырлайтын түрлі дыбыс шығаратын заттармен, ойыншықтармен ойнағанды жақсы көреді

17 бет

Белсенді қозғалыс орталығы- ерте жастағы балаларды дамытудың басты бағыттарының бірі-балалардың қимыл-қозғалыс белсендігін арттыру.Әртүрлі қимыл қозғалыс балада жағымды көңіл күй туғызып, өмірлік маңызды қимыл-қозғалыстарын жетілдіреді.шаршаудың алдын алады, бұлшық еттерін дамытады.

18 бет

Сәндену бұрышы-жеке бас гигиенасының ережелеріне үйрету, мәдени- гигиеналық және өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру, алған тәжірибені қолдануға үйрету.

19 бет

Күтілетін нәтиже: Мақсатқа бағытталып ұйымдастырылған пәндік-дамытушы орта баланың үйлесімді дамуы  мен тәрбиеленуінде маңызды рөл атқарады.Эстетикалық талғаммен жасақталған дамытушы орта мектеп жасына дейінгі балаларда қуаныш сезімін оятып, балабақшаға деген жағымды эмоционалдық  қатынасты,  оған бару ниетін тудырады, жаңа әсерлері мен білімдерін байытады , белсенді шығармашылық қызметке шақырады, балалардың зияткерлік дамуына көмектеседі .Дамытушы ортада ұйымдастырылатын белсенді іс-әрекеттер, белсенді ойындар, жаттығулар,еркін ойындар, танымдық тапсырмалар балалардың  ерте жастан белсенділігін, байқампаздығын, даралығын, шығармашылық қабілеттерін дамытып,  балаларды бір-бірімен және үлкендермен жағымды  қарым-қатынасқа, ұйымдаса ойнауға, еркіндікке, тәртіпті болуға тәрбиелейді

20 бет

Назарларыңызға рахмет!