Мектепке баратын жол
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Мектепке баратын жол
Автор: Музапарова Дидар Баяхметовна
Бағыты: Жаратылыстану Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 1 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-15
Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш білім беру
Пәні: дүниетану | Мектеп:№37 гимназия |
Күні :12.10.2018 | Мұғалім: Орымбекова Мадина |
Сынып: 1 «А» | Қатысқандар саны: Катыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы | Мектепке баратын жол |
Оқу арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты(оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.4.4. Жолда жүру тәртібін, жаяу жүргіншілер қозғалысын реттейтін жол белгілерінің мәнін түсіндіру;1,1,4,5 Үй мен мектеп арасындағы қауіпсіздік маршрут жоспарын құру; Жүргінші жолының неге жолақ етіп жасалғанын ұғындыру. |
Сабақ мақсаты: | Оқушылардың жолда жүру ережесін меңгеру дағдысын қалыптастыру. |
Ойлау деңгейлері | Білу,түсіну,қолдану |
Бағалау критерийлері | 1.Жол қауіпсіздігі ережелерін білетін болады. 2. Үйден мектепке дейінгі жол бағытын сызып үйренеді. |
Пәнаралық байланыс | музыка( ширату жаттығулары),математика (үйден мектепке дейін қанша уақыт жүреді?) |
Тілдік мақсат: | Мектепке баратын жолдағы қауіпсіздік ережесіндегі кейбір сөздерді 3 тілде үйрету:үй — дом — house;Мектеп — школа — school;қауіпсіздік – безопасность – safety; жаяу жүргінші – пешеход – pedestrian;бағдаршам – светофор – traffic light; бағдаршам, зебра(жаяу жүргіншілер жолы). |
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуге топтық жұмыстар арқылы тәрбиелеу |
АКТ-ны қолдану дағдылары | Бейнефильм. |
Алдыңғы білім | 2.1. Мен және менің мектебім. |
Жоспар:
Сабақтың жоспарланған кезеңдер | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы
Миға шабуыл |
Психологиялық ахуал.—«Амандасу» тренинг.«Қызыл қолдар»-« құшақтасып амандасады».«Сары қолдар»- «көрісіп амандасады».«Жасыл қолдар»- «бетпе-бет амандасады».-Рахмет оқушылар.Топқа бөлу:Жұмбақ:Бір көзім “кідір” дейді, Бір көзім “жүгір” дейді, Бір көзім “абайла” дейді.Бұл не балалар?(бағдаршам)-Балалар,бағдаршамның неше көзі бар екен? (3) Жарайсыңдар! Бәрекелді!Ітоп » Қызылдар «тобыІІ топ» Сарылар «тобыІІІ топ «Жасылдар «тобы. Әр топқа түстерге сәйкес дөңгелекшелер тарату.Үй жұмысын тексеру.Әр топқа суреттер беріледі:—I-топқа дәрігердің суреті,—II-топқа мұғалімнің суреті,—III-топқа аспаздың суреті беріледі. Әр топ ақылдасып өзіне берілген сурет бойынша мамандық иелерін тауып атайды және қандай қызмет атқаратынын айтады.(ҚБ) Жақсы жауап берген оқушыларға кубоктар сыйлау. |
Бағдаршам суреті 3 түсті дөңгелектер(қызыл,сары, жасыл) кубоктар |
Сабақтың ортасы Білу.ТүсінуТүсіну.Қолдану | Жаңа тақырыппен таныстыру.Оқылым.үй — дом — house;Мектеп — школа — school;қауіпсіздік – безопасность – safety; жаяу жүргінші – пешеход – pedestrian;бағдаршам – светофор – traffic light.Балаларға суретін көрсету арқылы жаңа сөздермен таныстыру.Және әр суретке түсінік беру.Жаяу жүретін адамды жаяу жүргінші деп атайды. Ол жолда қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс. Оның көмекшісі – бағдаршам. Оқушылар, бұл сөз «жаяу жүру» деген мағынаны білдіреді, «бағдаршам» деген сөз «бағдар» (бағыт) және «шам» (бағытты көрсететін шам) деген сөздерден тұрады. Бұл жағдайда сөздерді құрамы бойынша талдау оқушыларға есте жақсы сақтауға мүмкіндік береді. Айтылым.«Суреттер сөйлейді «ойыны(Т.Ж)3 топқа әртүрлі көрініс беріледі. -Топ бойынша оқушылар шығады бір оқушы жүргізуші, бір оқушы бағдаршам, бір оқушы жаяу жүргінші, бір оқушы тәртіп сақшысы болады. Балалар көрініс көрсетеді.Бұл жағдайда не істеу керек?Бағдаршамда қандай түс жанып тұр?Қандай тәртіп бұзушылық орын алды?деген сұрақтарға басқа 2 топ жауап береді. (Қ.Б)Суреттер бойынша ең көп сөйлеген оқушыға кубоктар үлестіреді» Дескриптор:1.Білім алушы суретте кім бейнеленгенін айтады. 2.Бағдаршамда қандай түс. жанып тұрғанын біледі. 3.Бұзылған ережені айтады. |
3 тіл жазылған сөздер суретімен Әр оқушыға арналған қалпақшалар |
Сергіту сәті | Ширату жаттығулары: «Бала ,бала —балапан» әуеніне билету | өлең |
Жазылым.Үйден мектепке дейінгі жолды сызып, жолда кездескен нысандарды салыстыру арқылы реті бойынша торкөзге орналастыру.«Сұрақты қағып ал» әдісі конверттегі сұрақтарды қағып ал.Оқушыларға зебра мен көшедегі ала жолақ суретін көрсету. «Зебра мен жолдың қандай ұқсастықтары бар?» «Жаяу жүргінші өтпесі неліктен жолақ етіп жасаған?» деген сұрақты талқылау. Адам баласы барынша қауіпсіз болуы үшін барлық жағдайдың жасалғаны туралы деген қорытындыға келу.Жауабы:Жаяу жүргіншілер өтпесі жүргізушіге де, жаяу жүргіншіге де анық көрінуі үшін жолақ етіп жасалған. | ||
Сабақтың соңы | Кері байланыс(Рефлекция)«Жол сақшысының» суретіне сабақта не ұнағанын және не ұнамағанын смайликтің суретін стикерге салу арқылы көрсетеді.Бағалау.Оқушылар сабақ соңында жинаған кубоктарына байланысты марапатталады.Марапаттау кезінде смайликтер беріледі.Үй тапсырмасы.20,21 беттерді оқу. | Жол сақшысының суреті |
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.