Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жеңіс тойы жаса мәңгі » ZHARAR

0

Құрметті: тәрбиешілер, балалар!
Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиыншылықтарды, халық көтерген қасіреттерді еске ала отырып, «Жеңіс тойы, жаса мәңгі!» ертеңгілігімізді бастаймыз.

Бала атпен шауып келеді. Ауылға Зейнұр күйші, ауыл ауылды күй тыңдауға шақырамын. Балалар келіп дөңгеленіп отырады, күй тыңдайды.
Осы кезде соғыс басталғанын хабарлайды.

«Майдан» әні
Ер балаларды соғысқа шығарып салады.

Сабина: Құрдан қол бұлай отыра бергеніміз жарамас азаматтарымыз соғысқа кетті, еңбек етіп қол ұшымызды тигізейік, жұмысқа кірісейік.

Ашу мен кек оятты ел намысын,
Отан үшін жан пида болды үлкен сын
Ер азамат жауменен арпалыста,
Әйелдер терін төкті майдан үшін
Үдетті соғыс оты қайғы – мұңды,
Төрт жыл өтті, соғыс әлі бітпей қойды
Кемір – шал, әйел – бала ауылдағы
Сеніммен күтуші еді жеңіс тойды.

Егін даласындағы әйелдердің бірі.
Сабина: Мына сұрапыл пәле, соғыс та бітпеді – ау…
Азаматтарымыздың хабары да жоқ, ошары да жоқ.
Тамирис: Қайта соған қуансайшы. Өткен жолы білесің бе, анау көрші кемпірдің баласынан хабар келеді деп жүргенде, қара қағаз келгенін. Қазір хабар жоғына қуану керек. Әйтеуір, тірі дағы.
(Осы кезде сахнаға бригадир келеді).
Ә, Ә беке, амансыңдар ма? Балалар да шаршаған болар? Мен сендерге демалыс бере келдім. Демалып алыңдар кішкене.
Мирас: Ә беке — ау! Біздің армия жайлы, майдан жайлы қандай хабарың бар, айта отыр.
1 қарт: Бізге қарағанда сауаттысың ғой.
Зейнұр: 2 қарт.
Ой, құдайға шүкір біздікілер Герман жеріне басыбайлы кіріп фашист жауызыңды ойсыратып жеңіп жатқанға ұқсайды.
Мирас: Әп, бәрекелді. Арам қатқырларға, иттерге де керегі сол.
«Ей балам, су әперіп жіберші. Тамағы құрғыр кепті – ау». (отырған балалардың бірі су әперіп сұрақ қояды).

Тойғұл: Ата, осы фашист деген ит қандай екен?
1 қарт: Ә беке, мына баланың сауалына жауапты өзің берерсің.
2 қарт: Балам – ау «фашист» деген кәззап қой. Басына кішкене қазанды төңкере киген, үстіне бүкіл жер бетіндегі темір терсек атаулыны, мата біткенді жамыра салған, қолына қайқиған шолақ мылтық ұстаған сайтанның сапалағы секілді. Өздері адамда емес, жануар да емес аяғы қисық бірдеңе әркімнің жерін жаулап аламыз деп еді, енді ауыздарына құм құйылыпты ғой.
Осы кезде бір бала жүгіріп келеді.
Тойғұл: Пошташы Наурызбай атам келе жатыр.
Дауыстар: Мына пошташы Наурызбай ақсақалдың жүрісі өзгеріп кетті.
Әсемай: Ей, мына кісіге не болған?
Томирис: Бұл кісіге не болған, бұлай қатты жүрмеуші еді ғой.
Наурызбай: Сүйінші! Халқым, жұртым, сүйінші!
Асан: Неміс фашистері кеше тізе бүгіп, жеңілгендерін мойындапты.
Жеңіс! Жеңіс! Біз жеңдік!
Әйел: О, жасаған! Аузыңа май, шыныменен қарғыс атқан соғыстың біткені ме?
Дауыстар: Ақсарбас! Ақсарбас! шынымен тәңірім, көз жасымызды көргені ме?

Жүргізуші: Күткен жеңіс жарық етті сәуле шашып, Жеңіс келді, қуандық тасып, жауды жойып батырлар елге оралды, Ата – анаменқауышты құшақ ашып.
Соғыстан келеді. (бір – бірімен қауышу).

Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар»
(ана тұрады баласын күтіп).

Диас: Жанарынан ең соңғы жасы тамып,
Жығылады ол карпаттан асып тұрып.
Жолдастары жіберді анасына,
Солдаттың қонышындағы қасықты алып.
(қарт анаға баласының қасығын береді).

Заман: Қасіреттің қара аты қанында ұйып,
Қарт ананы жайлады жалын, күйік.
Ұзақ тұрады мұнартқан тау тәрізді,
Қарапайым қасықтың сабын сүйіп.

Тойғұл: Ойға батты қиялмен тау, құзды асып,
Майданды да шарлады қанды із басып.
Жан ұлының қалдырған бар мұрасы,
Қолындағы қалайы, жалғыз қасық.

Асан: Сүт кенженің шаттығы мен қайғысын,
Басқалардан бұрын сезген байғұсым.
Қан төгіске қарсы қойдық біз бүгін,
Жүрдің күшін, күннің күшін, ай күшін.

Қарақат: Сақтық керек. Менен туған үш ұлан,
Үш қыраным, тас қияға ұшырған.
Үш офицер, құлыншағым, ақ ботам,
Рауандай рухыңа ұсынам.

Рамазан: Қайран шеше! Жымиғаның зерікпей,
Кімді қойған елжіретпей ерітпей.
Әлі көптей бір өзіңе сыйлығым,
Бар жақсылық өз қолыңда өріктей.

Әсемай: Шашырап бір шыққан күндей боп,
Араласты жолын шашып гүл мен от.
Жүрегінің оты өшкен сол солдат,
Мәңгі от боп қалатынын білген жоқ.

Қарақат: Ана.
Егер соғыс аяқталса,
Шалым мен үш ұлын.
Оралмай ма ауылға,
Зарықтырып
Жеткенменен жеңіске,
Қарық қылып.
Кенелгенмен ел үшін,
Жүрегімде майдан әлі біткен жоқ
Соғыс әлі жүріп жатыр мен үшін.

Аружан: Ер азат, еңбек, ерлік, ел ерікті,
Еңбектің өрнегімен жер көрікті,
Мыңдаған Қазақстан күрескері.
Жеңіске жеткізді елін, ерлері елі.

Рамазан: Сол сұрапыл қанды ұрыста
Түн түңдігі түрілген.
Күн күлімдеп, таң шапағы білінген.
Сол сұрапыл қанды ұрыста
Біздің ерлік танылған.
Әрбір көше, әр бұрышта
Жеңіс дабылы қағылған.

Бақыткелді: Дейтін ана
Ашу ыза кекпенен
Жеңіс күнін көппенен
Төрт арысын толғанады есте алып
Күткен күнге дәм тұздары жетпеген.

Аружан: Оралмады, күткенменен зарығып
Өшті ақыры
Көкейдегі бар үміт
Күн қағар қып қарауды да қойдан ана
Жалғыз аяқ жол жаққа да жалығып.

Айсұлтан: Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама.
Жеңіс келді әке боп,
Елдегі бар балаға.
Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән көрік.
Жеңіс келді алақай.
Тойып жейтін нан болып.

Ақниет: Айтылмаған
Айтылмаған жыры көп
Қан майданның қайғысы мен сыры көп
Адам сенбес хабар келді бір күні
Қарт ананың үлкен ұлы тірі деп.

Алламжар: Қақ жүрегім, дүрсіліңді ұлғайт сен,
Жеңісіңді бар әлемге Күнге айт сен.
Не десең де, сенің сөзің қуатты,
Күнім сөйле, тағы да сөйлей түс таңым.
Қаптап көкке абырой мен баққұсың,
Самға, самғай бер менің Қазақстаным!

Томирис: Демеді ешкім
Азаматтар жиылсын
Сезінбеді балатынын қиын сын
Әйелдері жүгірісіп ауылдың.
Елден бұрын сұрамақ боп сүйінші
Бірінен соң бірі кеп.
Апа, ұлың тірі екен, тірі деп.

Диас: Тойтарып анталаған жаудың бетін
Көрсеткен батырлықтың құдіретін
Жиырма сегіз батырын туған елі
Ардақтап, мәңгі жасар құрметін.

Томирис: Тастар көкке атылды
Орман шулап, тау құлап
Жиырма сегіз батырды
Жеңе алмайды жау бірақ.

Оқ астында зулаған
Туған жермен бір болып
Жау алдында тұрады
Жиырма сегіз шың болып.

Ердәулет: Танктер Москваға келді төніп
Ағылды жау әскері желіктеніп
Ұшқыштар біздің сонда түйілгенді
Отына пулеметтің ерік беріп.

Нұрлан: Отанға жаулар қаптады,
Опасыз жаулар тапталды.
Қасиетті жер үшін
Қастерлеп батыр елі үшін.
Әлия, Мәншүк, Төлеген,
Жаулардың көзін жойды олар.

Карим: Даламыздың гүлісің
Балауса гүл, балғын қыз.
Жанын қиып, халқы үшін,
Жанып түскен ақ жұлдыз.

Мәңгі жасап жерде енді,
Биік бол деп таулардан.
Сенің балғын бейнеңді,
Жасап қойдық мәрмәрдан.

Мадина: Бақыт деген келер дәйім күреспен,
Бақыт үшін қарт бабалар күрескен.
Бақыт үшін арпалысты әкелер,
Тек бақытқа қол созумен ұл өскен.

Мая: Тағдыр кейде
Сан тарапқа тарта ма
Өмір сынын
Өлшеусіз көр арта ма
Соғыс енді аяқталған екен деп
Қуаныштан жүріп кетті қарт ана.

Тәрбиеші: Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін су кешіп талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауменен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана жарын жоғалтқан жесір, бала — әкесінен, анасынан айырылған жетім атанды. Фашистердің тұтқын лагерінде ана мен бала айуандықпен өлтірілді. Ал тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы қасіретін арқалай жүріп бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс істеді. Олардың бойындағы Отаншылдық сезім, қолына қару алып көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігімен ерлігі Жеңіс сағатын жақындата түсті.
Біздің қазақстанда соғыс оты шарпымаған шаңырақ кемде кем. Жүз мыңдаған аға — әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде – ақ майданға аттанды. Жауға атылған 10 оқтың тоғызы қазақстанда
жасалды.
Дәл осынау жадыраңқы жәй күні
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы
Ұлы Отаным басымды иіп бір минут.
Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына,- деп бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік.

Ән: «Ел қорғауға әзірміз»

Адам тарих! Адам кешкен жолын ұқ,
неше ұрпақ күнтізбектен алындық.
Бүкіл жерді бүркеп ұстап зұлымдық
қанша тер мен қан ұрттады зұлымдық.

Сұрапылдан дауа таппай шерленген,
әлем деймін әрең алды шеңберден.
Ажыратып қанды қара шеңгелден,
жарып шықты қарғыс пенен дозақтан.

Диас: Қос дұшпан қаһар төгіп келген шақта,
өңмендеп Москваға төнген шақта.
Гастелло жарқ — жұрқ найзағайдай
ауды өртеп, өмір берген келер сапқа.

Би: «Катюша»
Ән: » Жеңіс күнін тойлаймыз «…..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com