Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ынтымақ мерекесі » ZHARAR
1 Мамыр мерекесі туралы өлеңдер оқыту арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Елімізде тұратын ұлттарды сыйлауға, олармен достық қарым — қатынаста болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: мерекеге арналған сюжетті суреттер.
Кіріспе бөлім.
Шаттық шеңберін құру. Дөңгелене тұрып, «Достығымыз жарасқан» әнін орындау. Бір — біріне мерекеге арналған тілектер тілейді.
Негізгі бөлім.
Дәптердегі ұлттар достығы бейнеленген сурет арқылы жұмыс жүргізу. Жұмыс сұрақ — жауап, көрнекілік, түсіндіру әдістері арқылы өтеді.
Сөздік жұмысын жүргізу.
Ынтымақ – адамдар арасындағы бірлік.
Мереке – салтанатты той, мейрам.
Тәрбиеші Қазақстан Республикасында тұрып жатқан халықтардың тұрмысы мен мәдениеті жайлы қысқаша түсіндіреді.
1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мен достығын паш ететін айтулы мереке. Еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың достығы мен бірлігі, татулығы мен ынтымағы өзге елдерге өнеге боларлықтай. Заманында қазақтың дархан даласы көптеген ұлттарға пана, қамқор болды. Соның нәтижесінде қазақ жері бауырластар мекені, достықтың құтты ұясы атанды. Жүректері жомарт, алақандары ашық қазақтар өзге ұлт өкілдерімен бір ананың баласындай ғұмыр кешуде. «Бірлік бар жерде – тірлік бар», «Ырыс алды – ынтымақ» дейді халық даналығы.
Тәрбиеші С. Оспановтың достық туралы өлеңін дауыстап оқиды, мазмұнын түсіндіреді. Өлеңді балаларға бірнеше қайталаттырып жаттатады.
Біз – балдырған тең басқан,
Дос құшағын елге ашқан.
Тілегіміз – бейбіт күн,
Ашық болсын кең аспан!
Ұлттар достығын бейнелейтін сурет салдыру.
Сабақта алған білімдері сұрақ — жауап әдісі арқылы пысықталады.
Күтілетін нәтиже:
Жүйелейді: ынтымақ мерекесі туралы
Қолданады: бейбітшілік туралы өз ойларын айта біледі.
Түсінеді: үлкендердің еңбегін құрметтеуді …..
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
Дереккөз: zharar.com