Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ұзын құлақ сұр қоян » ZHARAR

0

Оқу іс — әрекетінің тақырыбы: «Ұзын құлақ сұр қоян»
Мақсаты: Балаларды елестету арқылы таныс бейненің мүсінін жасауға, қоянның жеке бөліктерін: басы, денесі, құйрығын анық жасай білуге үйрету. Есу, жалпайту, шаншу әдістерін жалғастыру. Бейнені мәнерлі түрде жеткізіп, балалардың шығармашылық қабілетін, қиял — елесін дамыту.

Қоршаған ортаны сүйе білуге, аңдарға жан – жануарларға қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Құрал — жабдықтар: Саз, тақтайша, шүберек, үлгі.
Методикалық әдіс: Сұрақ — жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету.
Сөздік жұмыс: Сақ құлақ, үркек, қорқақ.
Мотивациялық қозғаушы
Балалар қане айтыңдаршы сендердің алдарыңда қандай заттар жатыр?
Саз, тақтай, шүберек.
— Дұрыс айтасыңдар. Ендеше бізде қандай оқу іс — әрекеті?
Мүсіндеу іс — әрекеті, саздан ойыншық жасаймыз
— Дұрыс айтасыңдар. Бізде мүсіндеу оқу іс — әрекеті болады. Өткен оқу іс-әрекетінде қандай ойыншықтар мүсіндеп едік. Қане есімізге түсірейікші
Кесе — шәйнек, құмыра, аққала, домалақ нан, печенье
Жарайсыңдар, жасаған ойыншықтарыңды ұмытпаған екенсіңдер.

Іздену ұйымдастырушы
— Енді сендер мына суретке қараңдаршы ненің суретін көріп тұрсыңдар?
Қоянның суретін көріп тұрмыз.
— Дұрыс айтасыңдар балалар. Бұл қоянның суреті екен.
— Қоян нені жақсы көреді?
— Қане Бақтияр сен айтшы қоян нені жақсы көреді екен? (сәбізді)
— Ал енді қоян неше бөліктен тұрады, соны санап жіберейік
— Қоян неше бөлік екен?
— Басы қандай балалар?
— Басында несі бар?
— Ал енді денесіне қараңдаршы, денесі қандай пішінде?
— Денесінде несі бар?
— Балалар сендер өте жақсы біледі екенсіңдер, біз бұл қоянды бұрыннан білеміз, қояндар орманда болады, ал үйде де асырауға болады екен.
Қоян өте сақ, елеңдеп жан — жағындағы дыбыстарды тыңдап, және өзі өте қорқақ, үркіп отырады екен.
— Сендер осы қоян туралы өлең білесіңдер ма?
Үркек қоян, сақ қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы — қырлы жерлермен,
Ытқып — ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын салып көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
— Жарайсыңдар балалар, енді біз осы өлеңдегі қоянды мүсіндей аламыз ба, соны көрейікші.
Біз қоянды мүсіндеу үшін алдымен сазды төртке бөліп аламыз.
1 — ші үлкен бөлік, 2 — ші кішілеу бөлік, 3 — 4 — ші бөлік олардан да кіші болады.
— Мына үлкен бөліктен — денесін жасаймыз, екінші бөліктен — басын, ал мына үлкен бөліктен – денесін жасаймыз, екінші кішілеу бөліктен — басын, ал үшінші бөліктен — құлағын, төртінші бөліктен — аяқ, қолын жасаймыз.
— Балалар денесі қандай пішінде еді?
— Онда сопақша пішінді дене жасау үшін, сазды алақанымызға салып домалақтаймыз да, алақанымызбен есеміз, міне қараңдаршы сопақша пішінді денесі шықты ма?
— Енді басын жасаймыз, басы қандай болады?
Басын алақан арасына салып. домалақтаймыз, сонда не шықты?
— Енді басын денесіне жапсырамыз. Құлағын жасаймыз сазды екіге бөліп аламыз да, алақан арасына салып домалақтап, оны есемізде бірінші екінші саусақпен жалпайтамыз. Көрдіңдер ме, құлағы дайын болды.
— Енді қай жері қалды?
— Дұрыс айтасыңдар енді аяғы — қолы қалды. Ал аяғын, қолын жасау үшін сазды тағыда алақанымызға салып домалақтап, содан соң сәл есіп аламызда денесіне жапсырамыз. Мінекей менің қояным дайын болды.
Қоянның қолына сәбіз ұстатуға болады.
— Қоянды жасауға болады ма?
(тақтада 1, 2 балаға жасату)
— Біз қоянымызды жасамас бұрын орнымыздан тұрып жаттығу жасап жіберейік.

Сергіту сәті: Ерінбе қояным
Ертеңмен оянғын.
Секеңде сен енді,
Шынықтыр денеңді.
Бір, екі үш, бір екі, үш,
Тартынба, үдет күш,
Шынықсаң оңарсың,
Шын батыр боларсың.
Қоянды ауада жасату.
— Ал енді жұмысымызды бастамас бұрын не істейміз?
Балаларға жұмыс жасату, жұмыстарын бақылап, жеке баламен жұмыс жүргізу.

Рефлексивті коррексиялаушы
Оқу іс — әрекетін — бірінің қорыту.
Балалар: Мал бақсаң сиыр бақ
Сүт кетпейді шарадан.
Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның, көл көсір т. б
— Сулы жер — нулы жер.
— Табиғат туған бесігің.
— Не ексең, соны орасың ың жұмысын бағалап, мадақтау, бір жұмыстарын тамашалау

Күтілетін нәтиже: Балалар қоян туралы біледі, суреттеп айтады.,.
Қоянды мүсіндеп жасай алады. …..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com