Мектепалды дайындық сабақ жоспары: У дыбысы және әрпі » ZHARAR
Әдіс — тәсілдер: түсіндіру, көрсету, жазу, оқыту, ойын.
Көрнекіліктер: текшелер, суреттер, кеспе әріптер, құстардың суреттері (көгершін, бұлбұл, сауысқан)
І. Ұйымдастыру.
Күндей жылы бол!
Алмадай тәтті бол!
Доптай көңілді бол!
Айнадай жарық бол!
Жүзік сияқты әдемі бол!
— Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Біз қонақтарды тәрбиелі тәртібімізбен, білімімізбен қарсы алып, шығарып салуымыз керек.
— Балалар, бүгін біз ертегі сабағын өткіземіз.
Ерте — ерте, ертеде орманның ішінде бір құс өмір сүріпті. Ол таңның атысы, күннің батысы ағаштарды тұмсығымен шоқып, тоқылдатумен болыпты. Қатты дыбыстан мең — зең болып бастары ауырған ормандағы аңдар мен ағаштар құсты орманнан қуып жіберіпті. Құс кетіп, біраз күн өткен соң ормандағы ағаштардың жапырақтары қурап, бұтақтары сынып, діңдеріне құрт — құмырсқа түсіп, шіри бастайды. Құрт ауруына шалдыққан ағаштар күні — түні көмек сұрап, зарлай береді екен. Оның дауысын естіп, бір күні көгершін ұшып келеді.
Мән — жайды түсінген соң мен дәрігердің кім екенін білмеймін, дегенмен іздеп келейін деп көгершін ұша жөнеледі.
— Балалар, ағаштарға сендердің көмектескілерің келе ме?
— Олай болса, көгершінмен бірге дәрігер іздеп жолға шығайық. Алдымен мына тапсырманы орындап жіберейік.
І. Суреттер көрсету. Суреттегі заттардың атын атау.
У әрпі қандай дыбыстан кейін келіп тұр, оның дауысты, дауыссыз екенін түсіндіру.
Тауық ———— у дыбысы дауыссыз сауысқан
уық ————— у дыбысы дауысты қоңырау
Уық сөзіне сөйлем құрастыру.
— Көгершін одан әрі ұшып кетіпті. Қалың тоғайдың қасына келгенде құйқылжыта ән салып отырған бұлбұлды көреді. Ол бұлбұлдан ағаштарға көмектесуін өтінеді. «Кешір, көгершін, мен үшін әуре болма. Менің қолым тимейді. Менің әнімді тоғайдағы аңдар, құстар түгілі адамдар да жақсы көреді. Мен үшін адамдардан көмек сұра», — дейді. Олай болса, бұлбұлдың тілегін орындап бір сергіп алайық.
Сергіту сәті.
ІІ.«Ұйқасын тап» ойыны.
1. Өзінше ноян,
Қорқақ кім?… (қоян)
2. Алмастан тыным,
Шабады… (құлын)
3. Бата алмас түлкі
Үсті тікен… (кірпі)
4. Айбат шегер алыстан,
Аң патшасы… (арыстан)
У дыбысы бар сөздерді айту У дауысты ма, дауыссыз ба, ажырату.
Көгершін ілгері қарай ұшып кетеді. Айдын көлде сыланып жүзіп жүрген аққуға келеді. Оған да «ағаштарды емдей көр» деп өтініш айтады. Сонда аққу:
— Мен қасиетті, киелі құспын ғой. Мен бұл жерден кете алмаймын. Маған көп құстар келеді, ақыл — кеңес сұрайды. Осы тоғайда үйсіз — күйсіз, жұмыссыз жүрген құстар бар, сен солардың біреуін тауып, өтініш айт. Мүмкін солардың біреуі саған ілесіп, ағаштарды емдеп қалар, — дейді. Кәне, көгершінге ілесіп, мына тапсырманы орындайық.
Көгершін аққудың ақылын тыңдап, орманды аралайды. Онда бос жүрген құстардың ішінен бір құсқа кез болады. Ол құс көгершіннің тілегін орындап, орманға келіп, ағаштарды емдеп құрт ауруларынан жазған екен дейді.
— Ол қандай құс болуы мүмкін, сендер қалай ойлайсыңдар?
Орманның біз емшісіміз,
Тоқ — тоқ — тоқ.
Құрт біткенді жоқ етеміз,
Жоқ, жоқ, жоқ,
Жоқ, жоқ, жоқ,
Тоқ — тоқ — тоқ.
Міне, балалар, ақымақ ағаштар тоқылдақтың пайдасын түсінбей, орманнан қуып жіберіп, өздері құрып кете жаздады. Тоқылдақтың кешірімді, ақылдылығының арқасында ағаштар құрт ауруынан құлан — таза айықты. Қазір орман жайқалып өсіп тұр дейді.
Дәптермен жұмыс
Сөздеріне дыбыстық талдау жасату арқылы У дыбысының сөздегі орны мысалмен түсіндіріледі.
Өткен дыбыстармен у дыбысы қатыстырылып буын, сөздер оқытылады. Ауызша хормен қайталанады.
Дәптердегі үлгі бойынша У дыбысының кіші және үлкен әріптерін үзік сызықтарды қосу арқылы жазу жұмысы орындатылады.
Сабақты қорытындылау.
— Қандай дыбыспен таныстық?
— У дыбысына сөз ойлаңдар.
Балаларды мадақтау.
Нені білді: У әрпімен танысты, дауыссыз дыбыс екенің білді.
Қандай түсініктерді игерді: У әрпі бар сөздер ойлату, сөздерді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасауды білді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері сөздік қорларын толықтыру, байланыстыра сөйлеуге үйрету. …..
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
Дереккөз: zharar.com