Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Құстардың қысқы тіршілігі

0

Тақырыбы: Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі.
Мақсаттары:
а) білімділігі: Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. Құстардың пайдасы туралы мағлұмат беру. Құстар туралы ой — өрістерін дамыту.
ә) дамытушылығы: Озық технологиялардың әдістерін, жабдықтарын қолдана отырып, балалардың ой — өрісін, дүниетанымын, көру, шығармашылық қабілеттерін, сөздік қорын, белсенділігін, қызығушылығын, қиялын, тілін дамыту. Қыс кезіндегі құстардың тіршілігі туралы әңгімелету арқылы балалардың қамқорлық жасауға деген белсенділіктерін арттыру.
б) тәрбиелігі: Отанын, жерін, орманын, көлін, құстарын, табиғатын сүюге, аялауға тәрбиелеу. Балаларды әсемдікті, әдемілікті көре білуге, табиғатты қорғап аялауға үйрету.
Сөздік жұмыс: Жем, нан қоқымдары, кептірілген жемістер, үйшіктер.
Көрнекілігі: тақырыптық мазмұнына байланысты бейнелі және заттық суреттер, жемшашар және оның үстіне әзірленген құстар дастарханы.
Әдіс — тәсілі: сұрақ — жауап, түсіндіру, сөзжұмбақ, тақпақ, ойын, көрсету.

Ынталандыру. Сезімдерін ояту
Балаларды дөңгелендіріп тұрғызып, төмендегі өлең жолдарын айтады.
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.

Ізденістер Ұйымдастыру
1. Қыс мезгілінің ерекшеліктерін әңгімелейді.
— Жылдың қай мезгілі?
— Қыс мезгілінің қай айы?
— Қыста табиғатта қандай құбылыстар болады?
Жауып тұрған қарлар артындағы сұрақтарға жауап берейік.
— Біз немен дем аламыз?
— Нені басып жүреміз?
— Тіршіліктің нәрі не?
— Жерге жарық пен жылу сыйлайтын не?
— Осының бәрін бір сөзбен қалай атаймыз?
Т. Молдағалиевтің «Қыс» туралы өлең оқиды.
Бейне сюжетті тамашалау.

2. «Құстар қалай қыстайды?» ертегісін оқу арқылы құстардың қысқы тіршілігімен таныстыру. Құстардың қысқы тіршілігі бейнеленген суреттер арқылы балаларға құстардың тіршілігі жөнінде түсінік беру. Қыс мезгіліндегі құстардың азығы, олардың немен қоректенетінін әңгімелесу. Адамдардың құстарға жасайтын көмектері туралы мағлұмат береді.

3. Сергіту жаттығуын орындату
Күнде аспанға қараймыз,
Қайтқан құсты санаймыз.
Үшбұрыш боп тырналар,
Көк жүзінде сырғанар.

Жұмбақ
Қонып алға жарға,
Қарқылдайды қарға (Қарға)
Ғажайып сәт «Қарға» келеді.
Балаларға қарғаға тақпақтар айтып береді.
Қарға тапсырмасы:
1. Менің қысқы достарымның аттарын атап буынға бөліп беріңдерші?
2. Сөзжұмбақты шешіп беріңдерші?
3. Құстар дауысын тыңдайық, неліктен әртүрлі сайрайды? Құстардың сайрағанынан нені сезіндік?
«Сәйкесін тап» ойыны

4.»Құстар» дидактикалық ойыны:
Шарты: суреттер бойынша құстарды екі топқа топтастыру.
Жыл құстары және отырықшы құстар.
— Құстар болмай қалса не болады?
— Ал, ондай болмас үшін не істеуіміз керек?
— Құстарға көмек жасауымыз керек.
Жылы жаққа ұшпайтын,
Біздің жақта қыстайтын.
Құстар жүрсе жуықта,
Жем шашуды ұмытпа! – деп, бүгінгі қарға досымызға жем шашарды достарымен бірге «Құстар дастарханына шақырайық!»
5. Сабақты қорытындылау.
Балалардың білімдерін бекіту үшін төмендегідей сұрақтар қойылады. 1. Біздің өлкемізде қандай құстар қыстап қалады?
2. Олардың тіршілігі туралы әңгімеле?
3. Қыстап қалатын құстарға адамдар қандай көмек көрсетеді? …..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!