Мектепалды дайындық сабақ жоспары: М дыбысы мен әрпі » ZHARAR

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Мақсаты:
а) білімділік: М м әрпімен таныстыру арқылы білім беру, М дыбысын сөз ішінен таба білу, дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру. М дыбысына мысалдар ойлату арқылы сөздік қорларын молайту.
ә) дамытушылық: дидактикалық материалдарды пайдаланып. Дидактикалық ойындарды ойнатып, балалардың ойлау қабілеттерін, қиялдарын, зейіндерін дамыту.
б) тәрбиелік: әдемі – көркем жазуға қолдарын жаттықтыру.
Көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, әліппе – дәптер.
Әдіс – тәсілі: түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ – жауап.
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру
– Сәлеметсіңдер ме балалар?
– Сәлеметсіз бе?
Шаттық шеңбері.
(ортаға шығып) Шеңбер болып тұрайық
Алақанды ашайық
Күннің нұрын алайық
Жүрекке жылу салайық
Жиналған жылы шуақты
Бір – бірімізге шашайық.
– Рахмет балалар.

2. Қайталау.
– Балалар өткен сабақта не өттік? Қай дыбыспен таныстық?
– Д д дыбысымен
– Ол қандай дыбыс
– Қандай сөздермен таныстық?
– Доп, домбыра, долана, дөңгелек.
– Бүгін біз М м әрпімен танысамыз.

3. Жаңа сабақ
– Балалар мені мұқият тыңдаңдар:
Мамырда бар
Ақпанда жоқ
Қамырда бар.
Ақ нанда жоқ.
– Қай сөзде М м дыбысы естіліп тұр?
– Мамырда, қамырда
– М қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?
– Дауыссыз
– Неліктен? Еріндеріміз бір – біріне тиіп, кедергі болып тұр. Тақтада ілініп тұрған суреттерді атап, сөздерді буынға бөліп, сөйлемдер құраймыз.
– Балалар, Мақта қыз дегеніміз кім?
– Ол ертегі кейіпкері
– Ендеше сол Мақта қыз бүгін біздің сабағымызға келіпті, оны қарсы алайық
– Сәлеметсіңдер ме балалар, мен сендерге арнайы ертегілер елінен тапсырмалар алып келдім, орындасаңдар сендерге жұлдызшалар беремін.

1 – тапсырма: «Жұмбақ шешу»
1 қатар: Инеліктің апасы
Ызыңдаған дыбысы
Шақса белгі салады
Қаныңды да сорады. (маса)
2 қатар: Қыста жылт – жылт етеді
Қолдан суық өтеді
Күн жылынып жылбырап
Су боп ағып кетеді. (мұз)
3 қатар: Мұртын сипап тілімен
Бетін сусыз жуады
Тышқанды аңдып түнімен
Көзі оттай жанады. (мысық)
2 – тапсырма:
Әріптер жазылған карточкалар, сол әріптер арасынан М әрпін тауып, көк түспен бояу.
3 – тапсырма:
Жасыл, сары, қызыл конвертке суреттер салынған, балалар өз қалаулары бойынша түс таңдап, суреттерді атап, буынға бөліп, сөйлемдер құрау.
4 – тапсырма: Сауат ашу дәптеріндегі М м дыбысын үлгі бойынша әдемі, маржандай етіп жазу
Тапсырмаларды орындап болған соң Мақта қызбен қоштасу.
– Рахмет саған Мақта қыз, дайындап әкелген тапсырмаларың өте қызықты екен.

4. Сергіту жаттығуы.
«Қара жорға» әуенімен билеп неше түрлі қимылдар жасау
5. «Ұшты – ұшты» ойыны

6. Қорытындылау.
– Балалар бүгін қандай дыбыспен таныстық?
– Мақта қыздың тапсырмалары ұнады ма?
Сұрақ – жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін бекіту, бағалау……

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com

Загрузка...