Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Біз мектепке барамыз

0

Мақсаты: Мектепалды даярлық сыныбының жыл бойы алған білімінің, үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету, балалардың сөздік қорын, тілін, ой — өрісін кеңейтіп дамытумен бірге оларды отансүйгіштікке, бауырмалдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Барысы:
Жүргізуші: Айналайын, балалар,
Сендерде ой, сана бар.
Өздеріңнен өседі,
Өнершілер, даналар.
Өсті, міне, бойларың,
Өсті, міне, ойларың,
Қуанышқа ортақпын.
Құтты болсын, тойларың.
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.

Құрметті ұстаздар, ата — аналар! Бүгінгі «Біз мектепке барамыз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Бүгін бүлдіршіндеріміз аз уақыт ішінде мектептен тәлім — тәрбие алып, өнер үйреніп, жыл бойы білімге жол ашқан даярлықпен қоштасып, бірінші сыныпқа қадам басқалы отыр. Балаларымыздың қадамдары құтты болсын дей отырып, бүгінгі ертеңгілігімізді бастаймыз. Сыныбымыздағы балалармен таныстырып өтейін.

Үмітай: Сәлем саған мектебім,
Сәлем білім ордасы.
Жасыл бақты көктемім,
Жастық шақтың ордасы.

Дамир: Даярлық сынып қош енді,
Әркез аман бол деймін.
Әкемменен шешемді,
Енді ертіп келмеймін.
Жыламаймын енді мен,
Сабақтан да қалмаймын,
Ата — ана үмітін,
Әрмен қарай жалғаймын. …..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!