Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Балалардың қарым-қатынас нышандарын дамыту жаттығулары » ZHARAR
— топты біріктіру;
— сабақ үстіндегі мінез — құлық ережелерін құру.
1. «Сәлеметсіздер ме, мен танысқаныма қуаныштымын».
Жаттығудың өту барысы: әрбір оқушы 3 минут ішінде өзіне ұнамды ат таңдайды да, оны алдын — ала арнайы дайындалған парақшаларға фломастермен жазып, басқа оқушыларға көрінетіндей етіп өзінің кеудесіне бекітеді. Содан кейін, 10 минут ішінде топ мүшелерінің әрқайсысы шеңбер бойынша келесі сөзді айтып шығуы қажет: «Сәлеметсіздер ме, мен танысқаныма қуаныштымын!». Кейін, өз аттарын атап, өзі туралы бірнеше сөз айтады.
Танысу кезінде басқалардың есінде қалу үшін, әрбір қатысушы өзінің ерекше қасиетін атауы қажет.
Жүргізушіге ұсыныс: танысу кезінде топтағы оқушылар орындарында отырып сөйлей береді, сөйлеу кезегі шеңбер бойымен жүзеге асады. Бұл жаттығу қатысушыларды байсалдық пен салмақтылыққа бағыттап, олардың әрқайсысының ұжымда бейімделуіне септігін тигізу керек. Тіпті қарапайым танысу да басқа адамдар туралы көптеген ақпараттар бере алады.
2. Сабақтағы мінез — құлық ережелерін өндеу.
3. Сабақтың өту барысы: жүргізуші сабақтағы мінез — құлықтың бірнеше ережелерін ұсынады. Сонымен қатар, бұл ережелердің бәріне, мұғалімге де, оқушыларға да бірдей екендігін ерекше атап өтеді:
1. Қарым — қатынастағы сенімділік. Біз өз тобымызда бір бірімізге сенуіміз керек және де «сен» деп тіл қатуымыз керек.
2. Дұрыс немесе дұрыс емес жауаптар болмайды. Сенің білдірген әрбір ойың дұрыс болып табылады.
3. Сабақты басқа біредің мінез — құлқын немесе қылықтарын талдайтын, сынып сағатына айналдыруға болмайды. Айтылған мәселелер мен өмір жағдаяттарының құпиялылығын сақтау қажет.
4. Қарым — қатынастығы шынайылық. Топпен бірге жұмыс істеген кезде әрқайсымыз болып жатқан оқиғаға қатысты шын сезімімізді, яғни тек қана шындықты айтамыз. Егер де шындықты айтқымыз келмесе, онда біз үндемей отырамыз. Мұндай жағдайда, өзіңнің не ойлайтынынды айтпасаң, онда үндемей қалған дұрыс.
5. Топтағы басқа адамдардың сөзіне баға беруге болмайды, егер ол сеннен сұрамаса. Топтағы жағдайды талқылаған кезде біз оқушыларды емес, ал олардың іс — әрекеті мен мінез — құлқын ғана бағалаймыз. Біз «Сен маған ұнамайсың» — деген пікірді қолданбаймыз. Біз барлығымыз бірдейміз!
6. Сабақта болған жайттарды, бір — біріміз туралы ойларды сабақтан тыс уақытта талқыламауымыз керек. Сабақтағы болған нәрселердің бәрі біздердің ортақ құпиямыз болып қалсын.
7. Сөз сөйлеп жатқан адамды сыйлау. Топтағы оқушылардың біреуі сөйлеп жатқан кезде оның сөзін бөлуге болмайды, біреуден бір нәрсе сұрағанда сол адамға қарап сөйлеу керек.
8. Сабаққа белсенді қатысу. Біз белсенділік танытамыз, қараймыз, сезінеміз, өз — өзімізді, топтың басқа мүшелерін және тұтастай топты тыңдаймыз. Біз тек өзімізді ғана ойламаймыз. Біз үнемі топпен біргеміз, басқаларға ықыластымыз.
9. Топтың тұрақты құрамы. Ешкім сабаққа кешігіп келмеуі тиіс.
Жүргізушіге ұсыныс: осы ережелерді топтың әрбір мүшесіне түсінікті етіп, нақтылай түсіндіру, қатысушылар тарапынан қойылатын сұрақтарға жауап беру. Содан кейін оқушылар тарапынан ұсынылған ұсыныстарды талқылау. Барлық қатысушыларға өз ойларын білдіруге мүмкіндік беру.
Ережелерді қабылдау дәстүрі: жүргізуші жоғарыда ұсынылған ережелерді ұстанатынына «салтанатты түрде ант» береді және сабаққа қатысушыларға дәл солай істеуді ұсынады. Кейін, әрбір сабақтың басында бұл ережелерді еске түсіріп тұру қажет.
4. «Жел кімге қарай соғады?» ойыны
Ойынның барысы: оқушылар үлкен шеңбер бойына тізіліп отырулары шарт. Ал, ойынның жүргізушісі «Жел кімге қарай соғады?» деген сөздермен ойынды бастайды. Яғни, келесідей: «Жел жануарларды жақсы көретіндерге қарай соғады»- сол кезде, топтағы барлық жануарларды ұнататын балалар ортаға жиналады. Топтағы оқушылар бір — бірін жақынырақ танып білу үшін, ойын барысында қойылатын сұрақтар әртүрлі болуы мүмкін.
«Жел бойы ұзындарға қарай соғады», «кімнің достары көп», «кім сабақты жақсы оқығысы келеді», «кім мектепке келуді ұнатады» және тағы басқалар.
Ойын ойнау барысында әрбір қатысушыға басқаларға сұрақ қоюға мүмкіндік беру үшін, жүргізушіні ауыстырып отыру қажет.
5. «Шеңбер» ойыны.
Ойынның барысы: балаларға бір — бірінің қолдарын ұстап, шеңбер құрып тұру ұсынылады. Сонымен қатар, шеңбер бойымен тұрған балалардың әрқайсысы өзіне қарсы тұрған баланың көзіне қарап, жылы жүзбен күлімсіреу керек. …..
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
Дереккөз: zharar.com