Мектеп шеберханасына саяхат, Р дыбысы мен әрпі

0
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Сауат ашу
Күні:
Сынып: 1 сынып
Қатысқандар:
Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы: Мектеп шеберханасына саяхат. Р дыбысы мен әрпі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
1. 1. 9. 1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау
1. 1. 9. 3 сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау
Сабақ мақсаттары: 1. Р дыбысының түрін ажыратып, дұрыс дыбыстайды.
2. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың түрлерін біледі.
3. Сөздерді буынға бөліп, буын санын ажыратады.
Бағалау критерийі: 1. Сөздегі дыбыс түрлерін ажыратады.
2. Р дыбысы қай буында тұрғанын айтады.
3. Құрамында Рр дыбысы бар жаңа сөздерді меңгереді.
Тілдік мақсат: Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Ара — пила — saw (сэо)
Талқылауға арналған сұрақтар:
— Дыбыс дегеніміз не?
— Қандай дыбыстарды білесіңдер?
— Бүгінгі күнге дейін танысқан дауыссыз дыбыстарды атаңдар.
Құндылықтарға баулу: Шығармашылық құндылық, сын тұрғысынан ойлау, зерттеушілік.
Пән аралық байланыс: Дүниетану, математика.
Алдыңғы білім: Лл дыбысы мен әрпі.
Жоспар
Уақыты Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
3мин
8мин
8 мин
3мин
12мин
3мин
Психологиялық дайындық
І. «Дүкен» әдісі арқылы психологиялық ахуал туғызу.
— Қайда бардың?
— Дүкенге
— Не сатып алдың?
— Рогатка
Не сатып алдың?
— Ролики
— Не сатып алдың?
— Робот
Дүкеннен сатып алған заттарды атап, алғашқы дыбысына назарларын аударамыз. Сөйтіп, жаңа тақырыпқа шығамыз.
Қалыптастырушы бағалау: «Шапалақтау»

1 тапсырма: «Кубизм» әдісі.
Суреттерді (робот, раушан, анар, сарымсақ, балалар) Сөздің басында, ортасында, кейбір басқа тілден енген сөздерде сөздің соңында кездеседі. Сөздерді атайды және буынға бөлгізу. Рр дыбысының баспа және жазба түрлерімен таныстыру. Баспа әрпін таяқшалармен құрастырады. Ауада жазу. Дыбыстық талдау. Көркем жазу.
Дескриптор
Сөздерді буынға бөледі.
Р дыбысы қай буында тұрғанын айтады.
Сол сөздерге сөйлем құрайды.
Дәптерге көркем жазады.

Ынталандыру үшін бағалау:«Бас бармақ»

2 — тапсырма. «Санадағы кинофильм» әдісі арқылы көздерін жауып мәтінді тыңдату.(41 бет)
Оқушыларға оқиғаны тоқтаған жерден жалғастырып, одан әрі дамытуды сұраймын.
Дескриптор
Мәтінді мұқият, зейін қойып тыңдайды.
Мәтіннің мазмұнын жұбына айтып береді.
Ол балалардың орнында өздері болса, қандай әрекет жасайтынын айтады.

Қ. Б «Күлегештер» арқылы оқушыларды ынталандырамын.

Сергіту сәті: «Белсенді дене»
Р әрпін мұрымен, иықпен, тіземен, аяқтың ұшымен ауада жазу.

3 — тапсырма: Топтасып «Алып кел, көрсет, айтып бер» әдісі арқылы шеберханаға қатысты суреттерді алып келіп, көрсетіп, айтып беріп, жабыстырады.
Дескриптор
Шеберханаға қатысты суреттерді ажыратады.
Шеберханаға қатысты суреттерді атап береді.
Шеберханаға қатысты суреттерді көрсетеді.

Қалыптастырушы бағалау: «Үш шапалақ» арқылы мадақтау.

4 тапсырма. « Белсенді әріптер» әдісі
Әріптер мен сандарды пайдаланып сөз құрастыр.
1 топ – екі әріптен тұратын сөз құрастырады.
2 топ — үш әріптен.
3 топ – төрт әріптен.
а н л р
1 2 3 4
Дескриптор
Сандарды пайдаланып, жаңа сөздер құрастырады.
Жаңа сөзге сөйлем құрайды
Қ/Бағалау: «Бағдаршам»

Таяқшалар
Дәптер, қалам

Интербелсенді тақта
3 мин — Кері байланыс:
«Еркін микрофон» әдісі
Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалады және ұсыныстарын берді.
Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінді деп ойлаймын.
(Бүгінгі сабақ ұнады ма? Бүгін қандай дыбыспен таныс болдық? Қандай жаңа сөзбен таныс болдық?)

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 2 – бөлім «Менің мектебім»
Мектеп: Ақсу қаласы №2 жалпы орта білім беру мектебі
Мұғалімнің аты – жөні: Ахметова Сулушаш Заркешовна

Дереккөз: http://bilimsite.kz/