Мектеп лидері – 2017 — Сценарилер — Bilim

0

Мектеп лидері – 2017

Б.Жаникешев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің

ұйымдастырушы педагогы

Ашенова Индира Серикбаевна

Мектеп лидері – 2017

Армысыздар халайық, қайырлы күн қадірлі әлеумет. Бүгін бізде Мектеп лидері — 2017 зияткерлік сайысы.

Білімпаз – қарудың басты тетігі, Ал білім үздіксіз ізденістен қалыптасады.

Ендеше біз ізденісті оқушыларымыздан күтеміз. Білім бәйгесінің қатысушылары 8-10 сынып оқушылары. Өздеріңізді қысқаша таныстырып кетсеңіздер.

Мектеп лидері — 2017 зияткерлік сайысы 3 айналымнан тұрады.

БӘЙГЕ

ЖОРҒА

ДОДА

Алғашқы айналымның ойын шарты төмендегідей. Сіздерге тест түрінде ортақ 7 сұрақ оқимын, әр сұрақта 4 түрлі нұсқа бар. Нұсқалардың ішінен қолдарыңыздағы параққа дұрыс жауабын тауып белгілейсіздер. Ойлануға 7 секунд уақыт беріледі. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады. Мектеп лидері — 2017 зияткерлік сайысы толығымен арнайы сарапшылардың бақылауында.

Бүгінгі білім сайысын бағалайтын сарапшы мамандарымызбен таныс болыңыздар.

1.    Оқу ісі жөніндегі орынбасар Ашығалиева Райхан Есенболатқызы

2.    Математика пәнінің мұғалімі Елемесова Тұрсынгүл

3.    Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шамшетдинова Гүлнар Елтайқызы

4.    Геогрфия пәнінің мұғалімі Адилова Жания

«Білім марапатқа жету үшін емес, парасатқа жету үшін қажет» деп сайысымызды бастаймыз

Олай болса алғашқы айналым. БӘЙГЕ.

1. Асыл тасқа қайсысы жатпайды.

А) Жақұт

В) Лағыл

С) Меруерт

Д) Опал+

2. Дәстүрлі мүшел есебінің бірінші жылы

А) Сиыр жылы

В) Барыс жылы

С) Жылан жылы

Д) Тышқан жылы+

3. Созақ ауданындағы шаруалар көтерілісінің жетекшісі

А) Жақыпов +

В) Тюрин

С) Мұқанов

Д) Панкаров

4. Қазақта «құла», «баран», «күрең» сияқты түстер қай түлікке қатысты қолданылады.

А) Сиырға

В) Қойға

С) Түйеге

Д) Жылқыға+

5. Қазақстан Республикасымен шекараласпайтын мемлекет

А) Өзбекстан

В) Қырғыстан

С) Тәжікстан+

Д) Түркменстан

6. Әлемдегі ең биік сарқырама

А) Ниагара

В) Анхель+

С) Игуасу

Д) Окаванго

7.1819 ж. Уәли хан өлген соң патша үкіметі Орта жүзді басқаруға байланысты қандай шешім қабылдады.

А) Хан демократиялық жолмен сайлады

В) Ресейден билеуші әкелінді

С) Хандық билік жойылды+

Д) Билікті төре тұқымына берді

Осымен бірінші айналым аяқталды. Парақтарыңызды сарапшыларға тапсыра қойсаңыздар.

Сараптама қорытындысы бойынша

1 орында………………………………

2 орында …………………………………………………..

3 орында …………………………………………………..

4 орында …………………………………………………..

5 орында …………………………………………………..

6 орында …………………………………………………..

Құрметті сайыскерлер 2-і айналымның ойын шартымен таныстырып кетейін, алғашқы айналымда жинаған ұпайларыңыз толығымен сақталады. Енді 2 айналымның ойын шарты мынадай. Қазір 15 сұрақтан әзірленген 6 ұяшық алдарыңызға шығады. Әр ойыншылар осылардың ішінен өзі қалағанын таңдап, 1 минут ішінде қойылған сұрақтарға жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады. Осы айналымнан кейін өкінішке орай ұпайлары төмен 3 ойыншы ойыннан шығарылады. Сайысты алғашқы айналымда ең көп ұпай жинаған сайыскер бастайды. Келесі кезең ЖОРҒА

Ал бізде 1 болып бастайтын ………………………………………. . ………………. көңіл күй қалай?

Нешінші ұяшық?

Ендеше бастаймыз.

1 ұяшық

1.    М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поямасындағы батырдың қолынан қаза тапқан інісі? Ноян

2.    Ең суық жыл мезгілі? Қыс

3.    Құлын байлауға арнап әдейі керілген арқан? Желі

4.    Ең ежелгі көл? Байкал

5.    Білекке тағылатын әшекейлі, сәнді бұйым? Білезік

6.    Ерлігімен көзге түскен ержүрек адамға берілген атақ? Батыр

7.    Төрт орындаушыдан құралған ансамбль? Квартет

8.    Ақшаны зерттейтін ғылым саласы? Нумизматика

9.    Алмас алғаш рет қай елден табылды? Оңтүстік Африка елі

10.  Эвгленаның дене тұрқы – қанша мм? 0,005 мм

11.  Бокс жекпе-жегі өтетін алаң? Ринг

12.  Қытайдың ұлттық валютасы? Юан

13.  Рейхстагқа алғышқылардың бірі болып ту тіккен қазақ жауынгері? Қошқарбаев

14.  Адыраспан қандай өсімдік. Аса улы

15.  1947 ж. Шыққан «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдары» монографиясының авторы?  Бекмаханов

2 ұяшық

1.    «Абай жолы» роман эпопеясының авторы? М.Әуезов

2.    Ең ыстық жыл мезгілі? Жаз

3.    Атқа міну үшін аяқ салуға арналған, жезден, темірден жасалған тұрман?  Үзеңгі

4.    Адам лимфа түйіндерінің саны? Үшеу

5.    Ежелгі Үндістандағы «раджалар» деген кімдер? Тайпа көсемдері

6.    Әділдігі мен тапқыр шешендігімен төрелік айту беделіне ие болған адам? Би

7.    Бес орындаушыдан құрылған ансамбль?

8.    Жануарларды зерттейтін ғылым саласы? Зоология

9.    «Менің атым Қожа» филміндегі Нұрлан Сегізбаевтың ролі. Қожа

10.  «Соңғы көш» тарихи романының авторы? Қабдеш Жұмаділов

11.  Жердің Күнді толық бір рет айналып шығу уақыты? Жыл, 365 күн

12.  Теңгенің айналымдағы ең ірі банкноты? Он мың

13.  «Шашасына шаң жұқпау»қандай мағына береді. Жүйрік

14.  Жерден ең алыс орналасқан ғаламшар? Ниптун

15.   «Джейн Эйр» романының авторы? Шаблотто Бронте

………. жылдам жауап бердің озат оқушының қасиетіне тән қасиет көрсеттің 15 сұрақтың …………….. оқыдым, соның ………………….. жауап бердің.

Сонымен келесі ойыншымыз ………………………………..

………………………….. Дайынбыз ғой.  Қобалжу жоқ па? Нешінші ұяшық.


3 ұяшық

1.    І. Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы қазақтың қай ақыны туралы. Ақан сері

2.    Қысты ауыстыратын жыл мезгілі, Көктем

3.    Малдың мүйізіне, құлағына салынатын белгі? Ен

4.    Фотосинтез үдерісінің нәтижесінде түзілетін зат? Глюкоза

5.    Ұлы Отан соғысынан кейін ақша реформасы қай жылы жүргізілді? 1947

6.    Әр сөзді асқан шапшаңдықпен айтуға дағдыландыратын ауыз әджебиет үлгісі. Жарапазан

7.    «Атамекен» әнінің композиторы Е.Хасанғалиев, ал сөзін жазған кім. Қ.Мырзалиев

8.    Жүректі зерттейтін медицина саласы? Кордиология

9.    Адам жасушасының негізгі органоиды? Ядро

10.   Пуни соғыстарында Риммен соғысқан ел Карфаген

11.   Өсімдіктің жерасты мүшесі? Тамыр

12.   Астана қаласының елтаңбасында бейнеленген алып ағаш? Бәйтерек

13.   «Гамлет», «Отелло» атты шығармалардың авторы? Шекспир

14.   «Жау жүрек мың бала» фильміне үкіметтен бөлінген бюджет? 12 миллион доллар

15.   Ежелгі грек поэмасындағы Одиссейдің Отаны? Итака

Кезек ………………………… өзіңізде

Нешінші


4 ұяшық

1.    «Бейбарыс сұлтан» фильмі қай кейіпкердің ішкі монологіне негізделген?  Бейбарыстың

2.    Күзді ауыстыратын жыл мезгілі? Қыс

3.    Астық тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін қсімдік. Тары

4.    Ағзада нулейн қышқылдары қандай қызмет атқарады? Ақпараттық

5.    Әлемдегі ең жүйрік сүтқоректі? Гепард

6.    Ханның кеңесшісі? Уәзір

7.    Теңгенің айналымдағы ең кіші банкноты? 200

8.    Кібісе неше жыл сайын қайталанып отырады? 4

9.    Леонель Массидің алдында әлем бойынша «үздік футболшы» атанған спортшы? Реанальдине

10.   Түнде тіршілік ететін жартасқа, ағаш дініне үйдің керегесіне жақсы өрмелейтін кесіртке, Геккондар

11.   Қасқырдың күшігі. Бөлтірік

12.   Қазақстанның Каспи арқылы шектесетін маңызды көршісі. ИРАН/Әзірбайжан

5 ұяшық

1.    «Қан мен тер» романының авторы? Нүрпейісов

2.    Жазды ауыстыратын жыл мезгілі? Күз

3.    Асау жылқыны ұстау үшін арқаннан 12-15 құлаш етіп жасалған құрал? Құрық

4.    Ташкент қаласында жыл сайын өтетін халықаралық кинофорум қалай аталады? Алтын гипарт

5.    Қолтырауынның қазіргі кезде неше түрі бар? 23 түрі

6.    Кемер белбеумен бірге тұратын, пышақ салынатын әшекейлі, былғары бұйым? Қын

7.    Жеті орындаушыдан құралған ансамбль?

8.    Өсімдіктер мен жануарлар қорғалатын тұтас табиғи аймақ? Қорық

9.    Жердің ауа қабаты? Атмосфера

10.    Кеңес кезінде барлық жоғары оқу орындарында оқытылған тарих ғылымының саласы? Компартия тарихы.

11.    Халықтың көшіп қонуы. Миграция

12.    «Ленфильм» қазақтың бірінші дыбысты фильмі. «Амангелді»


6 ұяшық.

1.    Абылай ханның ақылщы биі, «Көмекей әулие» атанған жырау Бұқар жырау

2.    Аптаның төртінші күні Бейсенбі

3.    Темірден, жезден жасалған қылыш кеспес, найза, садақ оғы өтпес бас киім Дулыға

4.    Лондон олимпиадасындағы жүлделердің жалпы саны 302 конфект 39 спорт түрінде

5.    ХІХ ғасырда Испания король мен католог шіркеуіне қарсы шыққан нидерландтарды қалай атады?гуезде

6.    Қазақ хадқының жерге меншік құқығының бұзылуынан туындаған дау? Жер дауы

7.    Алматы қаласының негізгі белгісіне айналған жеміс? Алма

8.    Мұзтафа Өзтүрік спорттың қай түрінен «жетінші дан иегері» атанды? Тайфонда

9.    Ықылас атындағы қазақ халқы аспаптар мұражайын жинақтаған ғалымБолат Сарыбаев

10.  Шыңғыс ханның әкесі Есугей батыр

11.  Музыкалық шығарманы ұжым болып орындаушыларды басқаратын адам? Дережер

12.  Қазақстанның шығыстағы көршісі

13.  24 жасында «КСРО халық әртісі» атағын алған қазақ әншісі? Күләш Байсейітова

14.  Дүниежүзінде жерінің ауданы бойынша бірінші орын алатын мемлекет Ресей мемлекеті

15.  Ең ұзын жота қай мұхиттың түбінде орналасқан? Атлант мұхитының түбінде


Ұпай саны аз болғандықтан ………….., ….., ……………. сіздер керемет ойын көрсеттіңіздер, ойын бірақ сіздер үшін осы жерден тоқтайды.

Ойынымыз одан әрі  жалғасады 3-і кезеңде 2 айналымда жинаған ұпайларыңыз толығымен сақталады. Қазір сіздерге 3 тақырып бойынша 20,30,40,50 ұпайдан тұратын 12 сұрақ оқылады сонымен қатар әуенді сұрақ және бейне сұрақ беріледі.  Ойлануға 8 сикунт уақыттарыңыз бар. Ал жауап берілмесе немесе жауап дұрыс болмаса жүргізуші қарсыластар деген кейін бірінші болып түймені басқан адам жауап бере алаады. Сайысты жоғарғы ұпай жинаған сайыскер бастайды. Олай ойынымызға көшейік.  Соңғы айналым ДОДА

Сіздерге үш тақырып берілген біріншісі

РӘМІЗДЕР

20 ұпай  «ҚР мемлекеттік рәміздері туралы» заң қашан қабылданды – 2007 жыл 4 маусым

30 ұпай  Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2

40 ұпай  ҚР нышандары – Туы, Елтаңбасы, әнұраны бар қай бап – 9 бап

50 ұпай «Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді» деген кімнің сөзі – Н.Ә. Назарбаев

МЕНІҢ МЕКТЕБІМ

20 ұпай «Нариман» жеті жылдық мектебі қай жылдары «Нариман» орта мектебі болып құрылды. 1960-1961

30 ұпай бейне сұрақ Ұлы Отан соғысынан кейін еліміздің басынан небір қиын кезеңдерді кешкені мәлім. Осы орайда болашаққа деген нық сенімді тудырып, 1951 жылы қыркүйек айында Нариман жетіжылдық мектебі құрылды. Мектептің алғашқы директоры кім? Бегалиев Жамалетдин

40 ұпай Мектеп түлегі сахипов Мирболат қай ғылымның кандидаты атанды? математика

50 ұпай Тұңғыш атты әскер полкінің комиссары Бисен Жаникешев есімі қай жылы берілді және сол кезде директор болып кім тағайындалды. 1963-1964 оқу жылында, Есенғалиев Ізғали

АУЫЛЫМ — АЛТЫН БЕСІГІМ (Бөкей ордасы бойынша сұрақтар)

20    ұпай 1930 жылдың 7-қыркүйегінен бастап «Жаңа жол» деген атаумен шыққан газет? («Орда жұлдызы» газеті)

30    ұпай Қазақтың күйші-композиторы, күй өнеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы. Бірнеше күйлердің авторы, мысалы, «Қос алқа», «Құдаша», «Желдірме», «Салық өлген» т.б. (Дәулеткерей Шығайұлы)

40    ұпай Бұл жер географиялық тұрғыдан теңіздің табаны. Бұдан бірнеше жыл бұрын теңіз тартылып, орнына ағаштар өсіп, шағын ормандар пайда болған. Жергілікті халық ағаш басындағы құс ұяларының көптігіне байланысты атаған. Бұл қай жер? (Ұялы)

50 ұпай бейне сұрақ. 1826 жылы Жәңгір хан орыс патшасына тарту ету мақсатында осы сыйлықты арнайы жасатқан. Бұл сыйлықты 11 ат жеккен темір торлы 3 арбаға тиеген. Камышин, Саратов арқылы үш ай жол жүріп, Санкт-Петербургке 1827 жылы жеткізген. Оны көрген патша Жәңгір ханға үлкен ризашылығын білдірген және бұл сыйлықты неміс крорлі Вильгельм Фридрихқа сыйлаған. Бұл сыйлық қазір Майндағы Франкфурт қаласындағы орталық мұражайда сақтаулы. Бұл қандай сыйлық? (Киіз үй)