Мектеп директорын ауыстыру жемқорлықты жоймайды

0
161

Мектеп директорларын 3 жыл сайын ротациялап тұрса жемқорлық азаяды дегенге өз басым өліп кетсем де сенбеймін.

Жемқорлықпен дәлелденуге бір-ақ қадам тұрған атышулы Шардаралық аудиожазбаларды дәлелдеп неге күреспейді? Керісінше, осылай ротациялаудың білім саласына тигізер зардабы орасан болмақ.

Бар болғаны 3-ақ жылға келіп, шабаданының үстінде отыратын басшының мектепті көркейтуге қолы бара қояр ма екен?

Бірінші жылы ұжымның әлеуетін зерттеп білсе, үшінші жылы шабаданын жинауға кетеді.

Ортадағы бір жылда не бітіреді?

Келесі бір үлкен проблема ротацияланған директорлардың көшіп-қонуы.

Аумағына бірнеше мемлекет сиятын Созақ секілді аудандарды айтпай-ақ қояйын.

Шымкент қаласының құрамындағы Шапырашты, Өтеміс, Абдуллаабад ауылдарындағы мектептердің директорлары қаланың екінші жағындағы Жаңаталап, Тұрлан, әуежай жақтағы мектептерге күн сайын қатынап үлгеруі мүмкін емес.

Ал көшіп барса оған тұрғын үйді мемлекет береді ме?

Оған қымбатшылықтан шаршай бастаған салық төлеуші көне қояр ма екен?

БжҒМ осы бір асығыс әрекетімен білім саласына ғана емес, салық төлеушілердің көңіл-күйіне де теріс әсер етерін түсінбей отырғаны қынжылтады.

Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ, әлеуметтік желідегі жазбасынан.