Мейрамханадағы ұжымдық мәдениет слайд,презентация

0

Мейрамханадағы ұжымдық мәдениет слайд,презентация

 

 

Кәсіпорынның жұмысындағы негізгі жайлардың жинағын білдіреді. Яғни ол компанияның даму стратегиясы мен негізгі мақсаты, әлеуметтік нормалар мен құндылықтарға байланысты болады. Ұжымдық мәдениет келесіден тұрады:
Бекітілген жетекшілік жүйесі
Байланыс (коммуникация) жүйесі
Жанжалдарды шешу стилі
Қолданыстағы символикалар – кәсіпорындағы шектеулер мен тыйымдар
Кәсіпорындағы әрбір адамның орны
Ұжымдық мәдениет компаниянынң негізгі мақсатына, әрекеттеріне негізделеді. Яғни компанияда өз өзін ұстау ережелерін бекіту қажет. 
Ұжымдық мәдениет жұмысшылардың арасындағы жанжалдарды шешуге көмектеседі. Жұмысшылар арасындағы жанжалдар әкімшілікпен шешілу керек. Бір бірлерінің арасындағы дауларды шешкен кездегі айтылған дөрекілік үшін жазалауға болады. Егер офисте немесе өндірісте жұмысшылар ұрысып жатса, онда олар клиенттердің алдында да ұрысулары мүмкін. Себебі бұл әдетке айналуы мүмкін.  
Мәдениет компания өмірінде өте маңызды рөл атқарады. Сондықтан, әкімшіліктің назарында болуы тиіс. Барлығы да басшылықтан шығады. Егер басшы жұмысшыларына мысалы компьютердегі барлық ойындарды өшіруге бұйрық ьерсе, онда ол өзі де міндетті түрде жасау қажет. Басшылық белгілі бір ережелер мен нормаларды орнатса, онда олар өздері де мұндай ережелерді ұстануы қажет. 
Мәдениет жұмысшылардың өздеріне және олардың не істейтіндеріне байланысты емес. Ал керісінше олар қалай жұмыс істетйтіндеріне байланысты болады. Жанжалдар азайған кезде, шешімдер де тез қабылданады. Себебі ең жоғарғы сатыда өзара түсінушілік бірінші орында тұрады. Ал жанжалдардың азаюымен қатар, жұмыс нәтижелігі де ұлғаяды. Жақсы ұйымдастырылған ұжымдыұ мәдениет жұмысшыларды ынталандырып, олардығ потенциалдарын арттырады.

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!