Медицина және денсаулық сақтаудың теориялары слайд,презентация

0
401

Медицина және денсаулық сақтаудың теориялары слайд,презентация

Медициналық экология (Медицинская экология) — адам экологиясының бір бөлімі және қоғамдық денсаулық байланыстары мен төуелділіктеріне және оның қоршаған табиғат, әлеуметтік және технологиялық орта факторларынан бұзылуына таддау жасайітын бүгінгі профилактикалық медицина I бағыты. XX ғасырдың ортасынан бастап, технологиялық әрекеттің салдарынан қоршаған орта жағдайының кенет нашарлауына байланысты экологияға назар аудару артып, сонымен бір мезгідде оны адамзат қоғамының табиғи ортамен әрекеттестігі және осы әрекеттестіктің салдары туралы ғылым ретінде кеңінен түсіндіру өріс алды. Экологияны бұлайша қабылдау бірқатар терминология тудырды — мысалы, «әлеуметтік экология» деген уғым пайда болды, бұл мәселе биологиялық қүбылыс туралы емес, биологиялық салдары бар алеуметгік қүбылыс туралы дегенді білдіреді. Экологияны «әлеуметтендіру» процесі медицинаны да қамтып, адамды жан-жақты зерттеуге жол ашылды. Қоғамдық сана мен қазіргі заманғы ғылымды экологияландыру бірсыпыра экологияландырылған ғылыми бағыттарды — геохимиялық экология, радиоэкология, денсаулық экологиясы, аурулар экологиясы, экологиялық-гигиеналық зерттеулер, т.б. тудырды. Бұлардың борінің жиынтығы медициналық экологияны құрайды. Бірақ бұлардың қай қайсысы да медициналық проблемалар шеңберіңде калып қоймайды. Мысалы, геохимиялық экология геохимиялық жағдайлардың тек қана адамға емес, сондай-ақ кез келген басқа да тірі организмдерге осерін зертгейді, ал осының осерінен пайда болатын эндемиялық аурулар адамдармен катар жануарлар арасында да байқалуда. Медициналық экология өзінің көптеген принциптері мен одістерінде медициналық география жоне географиялық патологияга уқсас. Медициналық экологияда биология, медицина,социология, экономика, осы әдістер мен техникалық зерттеу тәсілдерінің методологиялық өзегі ретінде басын біріктіре отырып, жүйелі түрде пайдаланады.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!