Медицина қызметкерінің мәденилігі | Скачать Реферат

0

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік
Медицина Университеті

Мамандығы: Стоматология
Кафедра: Дәлелді медицина және ғылыми менеджмент
Дисциплина: Дәлелді медицина
Тақырыбы: Медициналық қызметтің құқықтық негіздері. Дәлелді медицинаның
құқықтық және этикалық аспектілері. Ғылыми зерттеудегі пациенттің ролі.
Денсаулығы туралы ақпаратқа пациенттің құқығы
Топ: 205

Орындаған: Сайлау
А.Н.
Тексерген:
Абитова А. Ж.

Ақтөбе 2018

Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Медицина қызметкерлерінің өзін-өзі ұстау тәртібі
б) Медицина қызметкерінің мәденилігі
в) Дәрігердің науқаспен қарым-қатынасы
г) Дәрігердің науқастың туысқандарымен қарым-қатынасы
д) Дәрігердің моральдық –этикалық аспектілері
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе
Медицина – ең ежелгі мамандықтардың бірі. Ол ем қолданып, шипа дарытудың
бай тәжірибесін меңгеріп, адам іс әрекеттерінің өзге түрлерінен
ерекшеленетін белгілі бір қасиеттер иеленеді. Көне замандардан бері
дәрігерлікпен шұғылданатын адамдарға айрықша адамгершілік талаптар қойылып
келеді. Ежелгі дәуір медицинасында дәрігерлер басшылыққа алуға тиісті
адамгершілік талаптардың тұтас бір жиынтығы калыптасқан.
Дәрігер беделіне жете мән берген ежелгі дәуір медицинасының негізін қалаушы
Гипократтың (б.д.д. 460-377 жж..) адамгершілік қасиеттері кең таралды.
Арада едәуір уақыт (2500 жылдан астам) өткеніне, әрі заманның ғылыми
жетістіктеріне қарамастан, кейінгі деонтологиялық қағидалардың барлығы,
тіпті қазіргілері де Гиппократ антының мазмұнын бұлжытпай қайталайды.
Орта ғасырлар кезінде медицина қызметкерлерінің мінез құлқына философ,
ғалым Әбу Әли ибн Сина (Авиценна) жеке көңіл бѳлген. Авиценна медицина
ғылымында ѳшпес із қалдырған ғұлама емші болды. Оның Канон врачебной
науки, – атты негізгі еңбегі бес ғасыр бойы (ХН-ХѴІІ) шығыстың да, батыс
европа елдерінің де, медицина университетгерінде оқытылып келді және 35 рет
қайта басылып шықты. Авиценна, дәрігер айрықша тәндік және рухани
қасиеттерге -сұңкардың қырағылығына, қыздай жұмсақ қолына, жыланның
даналығы мен арыстанның жүректілігіне ие болуға тиіс, – деп есептеді.
Қоғамдағы адамдардың мінез-құлқы мене ѳзара қарым-қатынасы көптеген
нормалармен, ережелермен және салт-дәстүрлермен реттеледі.

Медицина қызметкерінің өзін өзі ұстау мәдениетін екі түрге бөлуге болады:
1.Ішкі мәдениет. Бұл еңбекке жауапкершілікпен қарау, тәртіп сақтау, құрал
жабдықтарға ұқыпты қарау, достастық пен ұжымдық.
1.Сыртқы мәдениет. Сөйлеу мәдениеті, сыртқы көрінісі, дөрекі сөйлемеу және
т.б.

Медицина қызметкері Медициналық қызметкеріне ең қымбат нәрсе сенімге
беріледі – ол адам өмірі. Денсаулық адам байлығы. Ол тек науқастың, оның
туысқандарының алтында ғана жауапты емс, толығымен мемлекеттің алтында
жауапты. Өкінішке орай, қазіргі кезде де науқасқа немқұрайлы қарау
оқиғалары, өзіңнен науқасқа қарасты жауапкершілікті шешу, сол
жауапкершілікті басқа біреуге жүктеу жағдайлары кездеседі. Бұл дұрыс емс.
Медициналық қызметкерлерінің негізгі қасиеттері, оның ішкі мәдениеті болып
сана лады: Медицина – адамның адамшылдығың әрдайым сына уши сала.
А.П.Чехов

Этика— адамгершілік туралы және оның әлеуметтік мәні туралы ілім.
Медициналық этика – медицина қызметкерлерінің адамгершілік қасиеттерінде
кѳрініс табуда. Ол медицина қызметкерлерінің ерекшеліктері мен қоғамда
алатын орнына байланысты мінез-құлық нормаларын реттейтін қағидалар
жиынтығын қамтып, дәрігердің науқастармен және олардың туыстарымен өзара
қарым-қатынасын, тән және жан тазалығын қарастырады.
Медициналық этиканың құрамдас бѳлігі деонтология болып табылады. Бұл жаңа
ғылым саласы XIX ғасырдың басында пайда болды (грекше dеоn – тиісті; lоgоs
– ғылым, ілім). Деонтология термині қолданысқа енгеніне аса кѳп болтан жоқ:
өткен ғасырдың басында ағылшын философы И. Бентам оны адамның кәсіби мінез-
құлқы туралы ғылымның атауы ретінде ауызға алған.

Медициналық деонтология- медицина қызметкерлері қызметінің моральді-
этикалық негіздерін, олардың рухани және жеке қасиеттеріне қойылатын
талаптарын, қоғам мен халық алдындағы жауапкершіліктерін, науқастармен,
олардың туыстарымен, әріптестерімен өзара қарым-қатыстарын қамтиды. Бұған
дәрігердің кәсіби тұрғыдан өсу, науқастардың тілек талаптарын мейлінше
қанағаттандыру мақсатымен емдеу, аурудың алдын-алу мекемелерінің қызметін
ұйымдастыру мәселелері жатады. Дәрігершеберлігі ұғымын техникалық
тәсілдер қауызына қамап қоюға болмайды. Бұл – дәрігердін бойына біткен
клиникалық ойлау жүйесі деп аталатын, интеллектуальді жұмыс түрінде
көрінетін творчестволық үрдіс. Яғни, дәрігердің мінез құлқына, алдына
келген ауруды қабылдай біліп, мұқият, әрі толықтай тексеруіне, лайықты
қортынды жасауына тікелей қатысты нәрсе. Дәрігер ауру адамға көмек
көрсетіп, оны сырқатынан айықтыруға, еңбек ету қабілетін қалпына келтіріп,
ажалдан арашалап калуға жаралған. Бұл үшін ол өз мамандығын сүйіп кана
коймай, кәсіби шеберлігін де ұдайы арттырып отыруы тиіс. Тек жеткілікті
клиникалық тәжірибесі бар дәрігер ғана тиімді көмек бере алады.

нормалармен, ережелермен және салт-дәстүрлермен реттеледі

Медициналық деонтология дәрігерлік қызметтің адамгершілік нормаларын
зерттеуші білім саласы ретінде қоғамдык мораль мен этиканың құрамдас болігі
болып саналады. Дәрігердің іс әрекетіндегі деонтологиялық қагидалардың
орындалуына бақылау жасау моральді-этикалық өлшемдер, коғамдык пікір арқылы
жүзеге асырылады. Бұл қагидалар ресми нормативтік актілерден гѳрі, әр
дәрігердін ар-ожданына, дүние танымына негізделеді. Деонтологиялық
қагидалардың өміршендігі, оған бақылау жасаудың тиімділігі нақ осыларға
сүйенеді. Заң баптарын кейде орағытып өтуге болатын шығар, ал оз ар-
ожданынды алдап-арбауға немесе тайдырып кету әсте мүмкін емес.

Медициналық деонтология мораль мен этика туралы ғылымның бір бѳлігі ретінде
коғамдық-саяси және экономикалық жағдайлармен, үстемдік құрушы
идеологиямен, сондай-ақ медицинаның ғылыми және тәжірибелік даму деңгейімен
тығыз байланыста.

Емдеу жұмыстары барысындағы дәрігер мен науқастын өзара қарым-қатынасының
моральді-этикалық мәселелері деонтологияның маңызды тармағы болып табылады.
Емдеу мекемесі туралы алғашкы әсердің жағымды, не жағымсыз болуы медицина
қызметкеріне, осы жердегі жұмыс тәртібі мен жай-ахуалға байланысты
қалыптасады. Емдеу мекемесіндегі орта мен ахуал науқастардың көңіл-күйіне,
сайып келгенде, емдеу ісіне зор ықпалын тигізеді.
Бөлімшедегі жалпы жай ахуалдың да маңызы зор. Егер науқас ұқыпты да, мұқият
жұмыс істеп отырған медицина қызметкерін көрсе, көңілі орнығып,
табалдырықтан сеніммен аттайды. Егер де, науқас тек жоғары білікті маманды
ғана емес, сонымен қатар жаны жайсаң, жүрегі ізгі жанды керсе, қамкор
пейілін сезінсе, онымен бүкпесіз байланыс жасайды, ал мұның өзі емнің
шипалы болуына септігін тигізеді.

Аурухананың хирургиялық бөлімдері, ѳзге бѳлімдерге қарағанда, өзінің
қаталдау сипатымен ерекшеленеді. Мұндай қаталдык, әдетте, тазалықты,
асептикалық және антисептикалық қағидаларды сақтау қамынан туындайды.
Әлбетте, тазалық барлық жерде, әсіресе, хирургияда керек. Алайда, нақ сол
тазалықты науқастар жүріп тұратын орындардын – бөлмелердің, холлдар мен
тынығу мүйістерінің интерьерлерін көңіл жұбанып, көз қуанарлықтай әсем де,
жылышырай безендіру аркылы да, сақтауға болады ғой. Операция жасайтын,
жараны таңатын бѳлмеде, ем кабылдау бѳлмесінде, т.б. медициналық ем
шаралары қолданылатын орындарда асептикалық және антисептикалық шарт қатаң
сақталуы тиіс. Ал басқа орындарда, мейлінше оңтайлы ахуал орнатып, кәдуілгі
үйшілік жағдайға жақындатып қойған жөн. Мәселен, декоративті өсімдіктер,
аквариумдар науқастардың уайым-мұңын сейілтіп, сырқатын бір сәтке ұмытуына,
көңілін сергітуіне әсер етеді. Ѳздігінен жүріп тұратын науқастардың
тынығып, келушілер-мен жолығуы үшін, әсем безендірілген холлға жұмсақ кілем
төсеп, жайлы дивандар мен креслолар, аласа үстелдер, гүлдер қойса артық
болмайды.

Бөлмелер науқастардың жүріп-тұруына, мазасыз демалуына қолайлы, үйреншікті
тұрмысын еске саларлық әдеппен жасақталуы тиіс. Тұрмыстық жағдай жасаумен
қатар, науқастардын психикасына эстетикалық, сезімдік тұрғыдан да әсер
етіп, олардың көңіл-күйін көтеруді, сезімін сергітуді де ұмытпаған жөн.

Хирургияда микробқа қарсы асептикамен қатар, психологиялық асептиканы да
сақтау кажет; ол тікелей жараның аскынуына әсер етпегенімен, науқастың
психогенді жарақаталуына себепкер болуы мүмкін. Бұрынғы науқастардан қалған
қаннын дақтары, іріңі баттаскан мақта, дәке кесінділері кейін келген ауру
адамға кері әсер етіп, қозу күйіне ұшыратуы мүмкін. Сондықтан, келесі
науқасты бөлменің ішін жиыстырып, тиісті тәртіпке келтірген соң, шакырған
жөн.

Науқас бөлімшеге түскен бойда оны емдеуші дәрігер қарсы алып, бүкіл
медициналық тексеруден ѳткізеді, ем қолданып, оның нәтижесіне жауап береді.
Сондықтан, емдеуші дәрігер науқас адам туралы, онын ѳмірі мен түрмысы,
жүргізілген диагностикалық тексерулердің нәтижелері, өзінің сырқатын
сезінуімен ой толғанысы туралы бәрін біледі. Осындай жағдайларға орай,
емдеуші дәрігер стационарға келген кезінде, ауру адам үшін ең жақын жанға
айналады, оған әлгі науқас жан тәнімен сеніп, өзінің уайымы мен ой күдігін
жасырмай айтады.
Емдеуші дәрігер кез-келген мекеменің буыны, бетке ұстар беделі болып
табылады. Сондықтан, дәрігерге құрметпен карап, жоғары беделге жетуіне
колдау корсету аурухана әкімшілігінің де, клиника басшылығының да, маңызды
міндеті саналмақ. Әрине, емдеуші дәрігерлер әркилы болады, олар бір-бірінен
жеке, кәсіби қаситтерімен ерекшеленеді. Олардың кейбіреулерінің кателік
жіберетін кездері де кездесіп қалады, сонда олардың қызметін объективті
түрде бағалау, тіпті әділ жазасын беру қажеттігі туындауы мүмкін. Бірақ
мұның бәрі науқастар назарына жетуге, палата дәрігерлерінің беделіне нұқсан
келтірілмеуі тиіс. Осынау өзекті деонтологиялық кағиданы барша жұрт барлық
жер, әсіресе клиникалар мен ауруханалардың басшылары қатаң сақтауы тиіс.

Дәрігерлік құпия

1. Медициналық көмекке жүгіну фактісі, аза­маттың денсаулығының жай-күйі,
оның ауруының диагнозы туралы ақпарат пен оны зерттеп-қарау және (немесе)
емдеу кезінде алынған өзге де мәліметтер дәрігерлік құпияны құрайды.

2. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгі­ленген жағдайлардан басқа,
оқыту, кәсіптік, қыз­мет­тік және өзге де міндеттерді орындау кезінде
дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтер белгілі болған адамдардың оларды
жария етуіне жол берілмейді.

3. Дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді пациенттің немесе оның заңды
өкілінің келісімі­мен пациентті зерттеп-қарау және емдеу мүддесіне орай,
ғылыми-зерттеулер жүргізу, осы мәліметтерді оқыту процесінде және өзге де
мақсаттарға пайда­лану үшін басқа жеке және (немесе) заңды тұлға­ларға
беруге жол беріледі.

4. Дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді азаматтың немесе оның заңды
өкілінің келісімінсіз беруге мынадай жағдайларда:

1) өзінің жай-күйіне байланысты өз еркін білдіруге қабілетсіз азаматты
зерттеп-қарау және емдеу мақсатында;

2) айналасындағыларға қауіп төндіретін ауру­лар­дың таралу қатері болған
кезде;

3) тергеу немесе сот талқылауын жүргізуге байланысты анықтау және алдын ала
тергеу органдарының, прокурордың, адвокаттың және (немесе) соттың сұратуы
бойынша;

4) кәмелетке толмаған адамға немесе әрекетке қабілетсіз адамға медициналық
көмек көрсету кезінде оның заңды өкілдерін хабардар ету үшін;

5) азаматтың денсаулығына зақым құқыққа қарсы әрекеттер салдарынан
келтірілді деп есеп­теуге негіздер болған кезде жол беріледі.

5. Пациенттің рұқсатынсыз оның жеке өміріне қатысты жеке сипаттағы
ақпаратты автоматтан­дырылған деректер базаларына енгізуге және пайдалануға
жол берілмейді.

Жеке сипаттағы автоматтандырылған деректер базаларын пациенттердің жеке
өміріне қатысты жеке сипаттағы ақпаратты пайдалану кезінде пациенттердің
рұқсатынсыз, оларды басқа деректер базаларымен байланыстыратын желілерге
қосуға жол берілмейді.

Бап. Дәрігерлік құпия

1. Медициналық көмекке жүгіну фактісі, аза­маттың денсаулығының жай-күйі,
оның ауруының диагнозы туралы ақпарат пен оны зерттеп-қарау және (немесе)
емдеу кезінде алынған өзге де мәліметтер дәрігерлік құпияны құрайды.

2. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгі­ленген жағдайлардан басқа,
оқыту, кәсіптік, қыз­мет­тік және өзге де міндеттерді орындау кезінде
дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтер белгілі болған адамдардың оларды
жария етуіне жол берілмейді.

3. Дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді пациенттің немесе оның заңды
өкілінің келісімі­мен пациентті зерттеп-қарау және емдеу мүддесіне орай,
ғылыми-зерттеулер жүргізу, осы мәліметтерді оқыту процесінде және өзге де
мақсаттарға пайда­лану үшін басқа жеке және (немесе) заңды тұлға­ларға
беруге жол беріледі.

4. Дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді азаматтың немесе оның заңды
өкілінің келісімінсіз беруге мынадай жағдайларда:

1) өзінің жай-күйіне байланысты өз еркін білдіруге қабілетсіз азаматты
зерттеп-қарау және емдеу мақсатында;

2) айналасындағыларға … жалғасы

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз