Мазмұндама «Піл мен тышқан»

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Мазмұндама «Піл мен тышқан»

Автор: Базарбаева Жібек Махсутқызы

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Эссе, шығарма, мазмұндама Сыныбы: 4 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-12


Материал туралы қысқаша түсінік

әдебиет пәнінен 4 сынып оқушыларына арналған мазмұндама




Пәні:әдебиеттік оқу Уақыты: Сыныбы: 4 « »
Сабақтың атауы Мазмұндама«Піл мен тышқан»
Сілтеме Әдебиет оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Піл мен тышқанның суреті
Жалпы мақсаттар Мақсаты:жоспар бойынша мәтін мазмұнын,түсінгенін сауатты жазуға үйрету;сөздік қорын дамыту;мейірімділікке,қамқорлыққа баулу.
Оқыту  нәтижесі
Ынтымақтастық атмосферасы Сәлеметсің бе,Көк АспанСәлеметсің бе,Нұрлы КүнСәлеметсің бе,Жер АнаСәлеметсіз бе,қонақтарСәлеметсіз бе,мұғалімСәлеметсіз бе,жан досымМіне,менің қолым босЖылуыңа жылу қос

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады

Жоспар құру Мазмұндама жоспары:1.Піл мен Тышқанның достығы.2.Тышқанның арамдығы.3.Піл мен Тышқан арасындағы өшпенділік.
Мағынаны тануМәтінді тізбектеп оқу Піл мен Тышқан Ертеде Піл мен Тышқан дос екен. Екеуі бірлікте егін салып, астық жинапты. Қамбадағы астықты Пілдің иеленіп алуынан қорыққан Тышқанның ойына арамдық еніпті. Ол қамбадағы астықтың астынан ін қазып,астықты жер астындағы өз қамбасына таситын болыпты. Әр күні түнде Піл ұйқыға кеткен кезде Тышқан ұрлық істейді екен. Бір күні қамбадағы іннің аузын байқап қалған Піл оны бітеп тастаса, ертесіне тағы да ашылып қалыпты. Тышқаннан сұраса, ол ештеңе көрмегенін, естімегенін айтып,зәрезап болыпты. Ақыры Тышқан бүкіл астықты ұрлап тауысыпты. Бар пәленің Тышқаннан келгенін енді ғана сезген аңқау Піл ашуы келіп, оған тап беріпті. Қуып жетіп табанымен таптап өлтірмекші болғанда,тышқан інге кіріп құтылыпты. Арам Тышқан өз дегеніне жетіпті. Ал аңқау Піл тақырға отырыпты. Осылайша олардың достығы жаулыққа айналыпты. Күні бүгінге дейін Пілдің Тышқанның інін көрсе,табанымен басып тұрып алатыны сол өшпенділіктен қалған екен.Ж.Шәкен

Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері:  зәрезап,тақырға,арамдық,өшпенділік

Сергіту сәті Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.Жаттығу жасаймын.Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқЖаттығу оңай-ақ.

Оқушылар денелерін жатықтырады

Үй тапсырмасы Қайталау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Бағалау парақшаларын тарату Парақшаларды толтырады
Кері байланыс







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.