маубастық, жалқаулық, қорқақтық, ашушаңдық, уақытты босқа өткізу, жасқаншақтық, табыс, жетістік туралы қанатты сөздер

0
Жетістіктің кез — келген түріне қайсарлықтан басқа маңызды қасиет бар деп ойламаймын.
Джон Дэвисон Рокфеллер

Жетістікке жетудің үш ережесі: өзгелерден артық білу, өзгелерден көп еңбектену, өзгелер күткеннен азға үміт ету.
Уильям Шекспир

Басқалар байқамағанды көре білу жетістікке жетудің негізгі кілті.
Роберт Кийосаки

Егер табысқа жеткіңіз келсе, мына алты кеселден бойыңызды аулақ ұстаңыз: маубастық, жалқаулық, қорқақтық, ашушаңдық, уақытты босқа өткізу және жасқаншақтық.
Джеки Чан

Салың суға кетпесін. Салың ешқашан суға кетпесін. Менің үлкен жетістікке жетуімнің құпиясы ешқашан рухани күйремеу. Біреудің көзінше ешқашан рухани құлама.
Эрнест Хемингуэй

Жетістікке жету үшін ғаламның 98 пайыз тұрғынынан арылуыңыз керек.
Дональд Трамп

Ұлыңызды еркелетіп, қолына қалаған сомасын беруге асықпаңыз. Бұл оны көр етіп, жетістікке жетудің маңызы еңбекте екенін ұмытуына алып келеді.
Дональд Трамп

Жетістік – ол энтузиазмды жоғалтпай, сәтсіздіктен сәтсіздікке дейін қимылдай білу.
Уинстон Черчилль

Адамның ең биік жетістігі – адамдық борышты атқару.
Нельсон Мандела

Мені жетістігіме бола құрметтемеңдер, құлаған жерімнен қайта тұра алғаным үшін бағалаңдар.
Нельсон Мандела

Елестете білу — адамзатты жетістікке жетелеген үлкен қасиет.
Карл Маркс

Бастау үшін ұлы болудың қажеті жоқ, бірақ ұлы болу үшін бастау қажет.
Зиг Зиглар

Жетістіктің құпиясы ойдағы істі бастап кетуде
Марк Твен

… Бір рет те құламай, сәби жүруді үйренбейді, себебі біз жүруді құлай — құлай үйренеміз. Бизнестің жолы да солай. Неліктен қоғамның көп бөлігі ауқатты адамдардан тұрмайды, себебі олар жеңілуден қорқады. Ал жеңіс тұғырынан көрінгендер жеңілістің дәмін де татқандар. Сәтсіздік ол жетістікке жетудің бір бөлігі. Сәтсіздікке жолағысы келмеген адамдар жетістікке де жете алмайды.
Роберт Кийосаки

Егер сіз тезірек жетістікке жеткіңіз келсе, онда сәтсіздіктер жиілігін еселеуіңіз қажет. Сәттілік сәтсіздіктің арғы бетінде.
Томас Уотсон

Дұрыс сөйлей білу — өмірде жетістікке жетудің ең қысқа жолы.
Дейл Карнеги

Ағысқа қарсы жүзгенде ғана ең биік жетістікке жетесіз.
Дональд Трамп

Адамгершілігі барлар, басқаларға тірек болады, осыны өздері де қалайды, басқаларға жетістікке жетуге көмектеседі, өзі де сол жетістікке жетуді қалайды.
Конфуций

Жетістікке жетудің үш құпиясы: басқалардан көп білу, өзгелерден көп жұмыс істеу, басқаларға қарағанда аз нәрсе күту.
Уильям Шекспир

Өз кемшіліктерімізді көре білейік. Жетістікке жетудің басты жолы осы.
Дейл Карнеги

Ең үлкен қателік тез берілетіндігімізде. Қалағаныңа қол жеткізу үшін тағы бір көруге болады ғой.
Томас Эдисон

Ақымақтарға алғыс айтайық. Олар болмағанда, басқаларға жетістікке жету қиын болар еді.
Марк Твен

Данышпан болу өнерің сыры – нені назарға алмау керегін білу.
Уильям Джеймс

Дереккөз: http://bilimsite.kz/