Күні:21.01 |
Мұғалімнің аты-жөні: |
Сынып: 5 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы |
Мәтін есептер шығару |
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.5.2.3жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтін есептер шығару (мысалы, бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер және т.б.); |
Сабақ мақсаттары |
Мәтін есептің математикалық моделін құрап, бірлесіп орындалатын жұмыстарға және қозғалысқа қатысты есептерді шешу дағдыларын дамыту. Бекіту сабағы. |
Бағалау критерийлері |
Оқушы оқу мақсаттарына жетеді, егер:
«ағыспен», «ағысқа қарсы», «көлде» және т.б. сөз тіркестерінің мағынасын түсінеді;
есепті шығару жоспарын құрастырады;
мәтін есептің математикалық моделін құрастырады;
жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтін есептер шығарады.
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар— мәтін есептерде әріпті өрнектердің құрастырылуын сипаттайды;— мәтін есептердің шешімін түсіндіреді; — практикалық есептердің математикалық моделін сипаттайды. |
Құндылықтарды дарыту |
Ашықтық, ұйымшылдық, академиялық шындық. |
Пәнаралық байланыстар |
Физика |
АКТ қолдану дағдылары |
Интерактивті тақтамен жұмыс |
Бастапқы білім |
Жай бөлшектерге амалдар қолдану |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
Сабақтың басы 3 мин
3 мин
Сабақтың ортасы 5мин
|
Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу.
Сабақтың кезеңдерімен, мақсатымен, жетістік критерийлерімен таныстыру.
BRAIN GYM (Миға шабуыл)
Сұрақтың орнына қандай сан қою керек?Али -21Гани -22Максат -24Саламат -? Жауабы: 34
Өткен білімді бекіту
Оқушылар мұғалім қойған сұрақтарға қол көтеріп ауызша жауап береді.
1.Бүтіннің бөлігі бөлшекпен берілсе, бұл бөлікті қалай табамыз? Жауабы: Бүтінді бөлшектің бөліміне бөліп нәтижені оның алымына көбейту керек. 2. Егер ізделінді бүтіннің бөлігі бөлшекпен өрнектелген болса, бұл бүтінді қалай табамыз ?Жауабы: Берілген бөлікті бөлшектің алыма бөліп және нәтижені оның бөліміне көбейтеміз.3. Бірлесіп жұмыс істеу есептерінде қандай өлшемдер қолданылады? Жауабы: Жұмыс, өнімділік, уақыт. 4. Жұмыстың өнімділігі дегеніміз не? Жауабы : Өнімділік бұл уақыттың бірлік өлшемінде орындалған жұмыстың бөлігі.5. Өнімділікті салыстыруға бола ма? Бұл салыстыру нені көрсетеді? Жауабы: Өнімділік неғұрлым көп болса, соғұрлым жұмыс көп жасалынады.
6. Қайықтың меншікті жылдамдығы дегеніміз не?
Жауабы: Қайықтың тынық судағы (көл) жылдамдығы.
7. Ағыс жылдамдығы дегеніміз не?
Жауабы: уақыттың бірлік өлшемінде затты қанша арақашықтыққа апаратынын көрсетеді.
8. Өзен ағысымен жүзген қайықтың қалай табамыз?
Жауабы: меншікті және ағыс жылдамдығын қосамыз
9. Өзен ағысына қарсы жүзген қайықтың жылдамдығын қалай табамыз ?
Жауабы: меншікті және ағыс жылдамдығын айырмасын табамыз
10. Салдың өзен бойындағы жылдамдығын қалай табамыз?
Жауабы: өзен ағысына тең.
|
http://www.matematikus.info/arifmetika/zadachi_na_drobi.php
|
15 мин
12 мин
|
Тапсырмалар сыныптың қабырғаларына, тақтаға ілінеді. Оқушылар кез-келген бір есептен бастап шығарып бастапқы шығарылған есебіне қайтып келеді. Мұғалім есептің жауабын сандық тізбек арқылы тексере алады.
Екі жұмысшы кейбір жұмысты бірігіп 6 сағатта орындайды. Олардың бір өз бетімен сол жұмысты 15 сағатта жасайды. Екінші жұмысшының жұмыс өнімділігін табыңыздар. Жауабы: 10
Айдар және Қанат қысқа ағаш дайындап қоюға келісті. Егер Айдар ағашты өзі жалғыс шабатын болса оған 11 күн, ал Қанатқа бұл жұмысқа 9 күн керек болады. Жалпы жұмыс өнімділігін табыңыз. Жауабы: 20/99
Хауыз бір құбыр арқылы 7 сағат , ал екіншісі арқылы 8 сағатта толады. Екі құбырды да ашып қойса хауыз неше сағатта толады? Жауабы: 56
Компьютер ойынын аяқтау үшін Серік жалпы 42 сағат жұмсады. Егер ол әр күн сайын ойынның -ін ойнайтын болса Серік күніне неше сағат ойнаған? Жауабы: 3
Ақерке үйден мектепке дейінгі жолға 18 минут уақыт жоғалдады. Жолдың бөлігін жүруге неше минут кетеді? Жауабы: 12
Ағаш өңдеуші 48 тақтай жасауы керек. Егер 1 күн ішінде ол жұмыстың -ін орындайтын болса барлық жұмысқа неше күн кетеді? Жауабы: 6
Жұппен жұмыс
Оқушылар есептерді жұппен талдай отырып шығарады. Оқушылар өздерінің жұмысын дискрипторлар бойынша бағалай алады:
Моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығы 10 км/сағ, ал ағыс жылдамдығы 2 км/сағ. Егер жағалаулардың арақашықтығы 24 км болса моторлы қайық біріншісінен екіншісіне және кері қайтуға қанша уақыт жұмсайды?
Моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығы 15 км/сағ, ал ағыс жылдамдығы 2 км/сағ. Егер жағалаулардың арақашықтығы 36 км болса моторлы қайық біріншісінен екіншісіне және кері қайтуға қанша уақыт жұмсайды?
Катердің меншікті жылдамдығы 18 км/сағ, ал ағыс жылдамдығы 2 км/сағ. Катердің ағыс жылдамдығымен және ағысқа қарсы жылдамдығын табыңыз. Жағалаулар арасындағы қашықтық 80 кмге тең. Катер біріншісінен екіншісіне және кері қайтуға қанша уақыт жұмсайды?
Катердің меншікті жылдамдығы 12 км/сағ, ал ағыс жылдамдығы 3 км/сағ. Катердің ағыс жылдамдығымен және ағысқа қарсы жылдамдығын табыңыз. Оның 3 сағатта ағыспен жүріп өткен арақашықтығын табыңыз?
|
|
Сабақтың соңы
мин
|
Үй жұмысын беру. “Мәтін есептер шығару” тақырыбына есептер құрастыру және келесі есептерді шешу.
Вини Пух 2 бәнкі балды 2 сағатта жейді, ал оның досы Пятачок 3 сағатта жейді. Осындай жұмыс өнімділігімен бірігіп сондай балды неше сағатта жейді?
Қайық 6 км/сағ меншікті жылдамдықпен өзен ағысымен жүзеді. Өзен ағысының жылдамдығы 2 км/сағ. Қайық 3 сағатта қанша қашықтық жүзіп өтеді?
Рефлексия
Сабақта үйренген 3 нәрсе …Сабақта орындаған 2 тапсырма …Жауабын білгім келетін 1 сұрақ…?Оқушылар өздерінің жұмысын критерийлер бойынша бағалай алады: — «осыншаға арттыру», «бірнеше есе кеміту» және т.б. сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіреді;— есепті шығару жоспарын құрастырады;— мәтін есептің математикалық моделін құрастырады;— жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтін есептер шығарады. |
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды. Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға көмектеседі. |
Өзін-өзі бағалау түрі қолданылады. Сабақта оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін фронтальды жұмыс жасайды. |
Сабақ басында оқушылар қауіпсіздік техникасымен таныстырылады. |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
|
Жалпы бағаСабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|