Мәтін есептер, бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтін есептер шығару (мысалы, бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер және т. б.);
Сабақ мақсаттары: Мәтін есептің математикалық моделін құрап және бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептерді шешу дағдыларын дамыту. Бекіту сабағы.
Бағалау критерийлері: Оқушы оқу мақсаттарына жетеді, егер:
1. «осыншаға арттыру», «бірнеше есе кеміту» және т. б. сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіреді;
2. есепті шығару жоспарын құрастырады;
3. мәтін есептің математикалық моделін құрастырады;
4. жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтін есептер шығарады.
Тілдік мақсаттар Оқушылар
— мәтін есептерде әріпті өрнектердің құрастырылуын сипаттайды;
— мәтін есептердің шешімін түсіндіреді;
— практикалық есептердің математикалық моделін сипаттайды.
Құндылықтарды дарыту: Ашықтық, ұйымшылдық, академиялық шындық.
Пәнаралық байланыстар: Тарих, экономика
АКТ қолдану дағдылары: Интерактивті тақтамен жұмыс
Бастапқы білім: Жай бөлшектерге амалдар қолдану
Сабақтың басы 2 мин
Оқушылармен амандасу.
Сабақтың тақырыбын, оқу мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау.
Сабақтың ортасы
1) “True or False” («Дұрыс немесе Бұрыс»)
Оқушылар ұсынылған тұжырымдар бойынша «Т» немесе «F» карточкаларын қолданып қорытынды жасайды.
a) Тіктөртбұрыштың b ені осы тіктөртбұрыштың ұзындығынан 2 есе артық болса, онда b=2∙a;
True
b) Егер жеңіл көліктің V1 жылдамдығы жүк көліктің жылдамдығынан 30 км/сағ — қа артық болса, онда V1+30= V2;
False
c) Егер 2 кг алма a тг болса, онда 3 кг алма 3a тг тұрады.
False
d) Егер тіктөртбұрыштың ауданы шаршының ауданынан 2 есе кем болса, онда тіктөртбұрыштың ауданы S: 2 ге тең.
True
e) Егер қазір Сауле Олядан 1 жасқа үлкен болса, онда а жылдан кейін ол одан (1+а) жасқа үлкен болады.
False
2) Фронтальды жұмыс
Есептің шарты бойынша оқушылар теңдеу құру керек:
1. 24 т суды бірінші насос 6 сағатта, ал екінші насос 3 сағатта ағызады. Екі насос бірлесіп жұмыс жасаса, 24 т суды қанша уақытта ағызады?
2. 36 бөлшекті бірінші жұмысшы 3 сағатта, ал екіншісі 6 сағатта дайындайды. Егер екеуі бірлесіп жұмыс жасаса, 36 бөлшекті қанша уақытта жасап бітіреді?
3. Қыштан зат істеуші 3 сағатта 12 құмыра істей алады, ал оның шәкірті – 6 сағатта істейді. Егер шебер мен шәкірті 2 сағат бірлесіп жұмыс жасаса, қанша құмыра жасап бітіреді?
4. Мектеп кабинетін жөндеуді екі бригада жасады. Бірінші бригада кабинетті 15 күнде бітіреді, егер екінші бригадамен бірлессе 12 күнде бітіреді. Ал екінші бригада бұл істі неше күнде бітірер еді?
3) Жұппен жұмыс
1. XVII ғасырдағы математика жазбаларынан ескі есеп.
«Екі ұста ауланы дұрыстамақ болады. Біріншісі былай дейді:
— Егер мен жалғыз істесем, жұмысқа 3 жыл уақыт кетер еді.
Екіншісі:
— Ал мен бұл жұмысқа 6 жыл уақыт жұмсар едім.
Екі ұста жұмысты бірлесіп істейтін болып келіседі. Олар ауланы қанша уақытта дұрыстап бітіреді?»
Жауабы: 2 жыл.
2. Жылқы бір арба шөпті бір ай жейді, ешкі – екі ай, қой – үш ай жейді. Жылқы, ешкі, қой барлығы бірлесіп бір арба шөпті қанша уақытта бітіреді?
Жауабы: 6/11 (ай).
Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер жүктеу
Дереккөз: http://bilimdiler.kz/