Математикалық сайыс, сайыс сабақ, ондық бөлшектер, Пифагор
Есептер шығару.
Мақсаты: Ондық бөлшектер туралы ережелерді әртүрлі есептеулерде пайдалана біледі. Әрбір оқушыға сапалы терең білім беріледі. Ақпараттық құралдар арқылы алған білімдері толықтырылып бекітіледі.
Бүгінгі күн сайыста
Ешкімен сен қалыспа,
Білімі кімнің көп болса,
Сол озады сайыста — деп
«Әй, осы математика»
атты сайысымызды бастаймыз.
Шын жүйрік шабысынан танылады
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
Өту жоспары:
Математика жайлы әңгімелер
Логикалық есептер
Мақал — мәтелдер сайысы
Есепке кім жүйрік?
Кім көп біледі?
Қорытынды
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К. Гаусс)
2. Ақыл — ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек.
(М. В. Ломоносов)
3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.
(Р. Бэкон)
Бастауыш геометрияның ең алғашқы авторы гректің алғашқы математигі Евклид өзінен бұрынғы ғасырлар бойы жиналған деректерді бір кітапқа сыйғызып, «Негіздер» деген атпен оқулық жазған. Тарихшылардың айтуынша, Евклид өте адал, шыншыл, кіші пейілді адам болған, ғылымға мейілінше берілген, ғылым жолын қатты ұстаған ғалым болған. Патшаның геометриямен айналысқысы келген сұрағына, «Геометрияда патшаларға арналған жеңіл жол жоқ» — деген екен.
Пифагор (б. э. д. 580 — 500 ж) Самостық Пифагордың атағы тек математиктерге ғана емес, мектепте оқыған жастардың бәріне әйгілі. Оның тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасының квадраты оның катеттерінің квадраттарының қосындысына тең деген теоремасы көпшілікке әйгілі.
Ол – 1, 2, 3, 4 – сандарын: от, жер, су және ауа деген. Бұл сандардың қосындысы – 10 – бұл барлық тіршілікті бейнелейді деген екен. Ол сандарды жұп және тақ, жай және құрама сандарға бөліп, музыканың математикалық теориясын ашты.
Әй, осы математика…сайысы. жүктеу