Математикадан олимпиада тапсырмалары, математикадан есептер шығару
Жоғарғы ұпай саны — 30 балл.
Жұмысты орындау уақыты — 45 минут
Оқушының тегі, аты
Сыныбы
1. Әкесі 35 жаста, ал баласы 7 жаста. Баласының жасы әкесінің жасынан неше есе кіші? (1 балл) _________________________________________________________
2. Атаның жасы ең кіші үш таңбалы санмен көрсетілді. Сол үш таңбалы сан, өсу және кему ретін сақтамай, әртүрлі цифрмен көрсетілді. Атаның неше жаста? (1 балл) __________________________________________________________
3. Бірдей 5 шыны ыдысқа 15 л сүт құйды. Осындай 7 шыны ыдысқа неше литр сүт құюға болады?
—————————————————————————————————————(1 балл)
4. Қалада түскі уақытта күн ашық тұрды. Егер ауа — райы үш күн бойы жауын — шашынсыз болатын болса, енді 36 сағат өткен соң, күннің көзі жарқырап, күн ашық тұрады болады деуге бола ма? (2 балл) _____________________________________________________________
5. Ажар анасынан: Жасыңыз нешеде?- деп сұрады. Анасы: егер менің жасымды 15 — ке арттырса,
шыққан санды екі есе кемітсе, маған 25 болар еді. Анасының жасы нешеде? (3 балл)
_________________________________________________________________________________????
6. Қандай сан шығады, құпия кодты шешіп көр: — — — —
а) бірінші санды тап, егер екінші саннан 2 сан артық.
б) үшінші санды тап, егер біріншіден 3 сан артық. (4 балл)
в) сандардың қосындысы, 17 — ге тең.
г) екінші сан 3.
_____________________________________________________
7. Қорапшада ақ, қара және қызыл түсті текшелер бар. Барлығы 50 текше. Қара текшеге қарағанда, ақ түсті 11 есе артық. Қызыл текше ақ текшеден аз, бірақ қара текшеден көп. Қызыл текшенің саны қанша? (4 балл)
______________________________________________________________
8. Торай мен иттің салмағы 64 кг, қой мен торайдың салмағы да 64 кг — ға тең, ит пен қойдың салмағы – 60 кг. Торайдың салмағы қандай? (4 балл)
___________________________________________________________________
9. Қорада жайылып жүрген қаздар мен ешкілердің бастарының саны 8 — ге, ал аяқтарының саны 26 — ға тең. Қорада неше қаз және қанша ешкі жайылып жүр.
(5 балл)
___________________________________________________________________
10. Айгүл, Сәуле және Раушан мерекеге 12 бәліш сатып алуға келісті. Сәуле бірдей бағамен 5 бәліш сатып алды, Раушан сол бағамен 7 бәліш сатып алды, ал Айгүл өзінің үлесі үшін 24 теңге берді. Егер бұл қыздар бірдей бәліш жеген болса, онда бұл ақшаны Сәуле мен Раушан қалай бөлісіп алулары қажет? (5 балл)
Жауаптары:
1. 5 есе.
2. 102 жаста
3. 21 литр
4. түн болады, сондықтан
5. анасы 35 жаста
6. Код – 5381
7. ақ – 33, қара – 3, қызыл – 14.
8. ит пен қойдың салмағы бірдей, сондықтан 60: 2 = 30, әрбіреуін тауып алдық. 64 — 30 = 34
торай 34.
9. 3 қаз, 5 ешкі., қаздың аяғы 3*2 = 6 аяқ, ешкі 5*4 = 20 аяқ. Барлығы: 26 аяқ.
Математикадан олимпиада тапсырмалары жүктеу
Дереккөз: http://bilimdiler.kz/