Математикадан күнделікті сабақ жоспары, күнделікті жоспар математика 4 сынып

0
157
Математика 4 сынып
1 – ші сабақ
Тақырыбы: Сандардың нумерациясы
Мақсаты:
1. Үш таңбалы сандардың құрылу тәсілдерін қорытындылау; оларды салыстыру; алдыңғы, келесі түсініктерін пайдалана отырып, натурал сандар қатарындағы сандарды табу дағдыларын жетілдіру.
2. Есеп шығару және есептеу дағдыларын жетілдіру, ой – өрістерін дамыту;
3. Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, жинақтау
Пән аралық байланыс: еңбекке баулу, күнделікті өмірмен
Көнекіліктер және ТҚЖ: кесте, карточка
Қолданылатын технологиялар: қазіргі дәстүрлі, топтық.
Сабақтың типы: қайталау
Сабақтың өту әдісі:
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі. а) Психологиялық дайындық.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
ІІІ. Тірек білім, білік және дағдыларын белсендіру.
ІV. Жаңа сабақ.
V. Сергіту сәті.
VІ. Бекіту.
VІІ. Үй тапсырмасы. Бағалау. Сабақты қорыту.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Кел балалар ойнайық,
Ойнайық та ойлайық.
Қандай сұрақ болса да,
Таппай оны қоймайық.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Демалыс кезіне берілген қосымша тапсырмаларды тексеру, қандай қиындықтар болғанын анықтау(көбейту кестесі, күрделі теңдеулер).

ІІІ. Тірек білім, білік және дағдыларын белсендіру.
Ауызша тапсырмалар:
 «Санда қанша бірлік, ондық, жүздік бар» ойын – жаттығуы? (берілген үш таңбалы сандардың бірл. онд. жүзд. атау) 789, 654, 321, 963, 852.
 «Қандай зат қалдырылып кеткен?» ойын – жаттығуы.
Мақсаты: сандардың ретін білуді пысықтау, оқушылардың зейінін дамыту. Кестеге 220 – дан 240 – қа дейінгі сандарды шашыраңқы жазу, оқушылар оны ретімен жазу.
№ 1 Кестедегі жасырын сандарды атау

IY. Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс.
№2 а) Сандарды ата. Оларды кему ретімен жазу: 970, 596, 500, 489, 200, 43.
ә) Сандардың бірл., онд., жүзд. атау.
№3 Сандарды салыстыру.
№4 Өлшем бірліктерін өрнектеу.
Сандардың нумерациясы жүктеу
Арифметикалық амалдар жүктеу
Шамалар, олардың өлшем бірліктері жүктеу
Теңдік және теңсіздік, өрнек, теңдеу жүктеу
Геометриялық фигуралар. Периметр. Аудан. жүктеу
Есептер шығару жүктеу
Жаңа санау бірлігі – мыңдықтардың құрылуы. Разрядтар мен кластар жүктеу
Мыңдар класы. Көп таңбалы сандарды оқу және жазу жүктеу
Миллиондар класы. Көп таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру жүктеу
Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу жүктеу
Сандар нумерациясына негізделген есептеу тәсілдері жүктеу
Масса және оның өлшем бірліктері. жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/