Математика сабағында ойын элементтерін пайдалану

0









Математика сабағында ойын элементтерін пайдалану

Автор: Нургалиева Гулжахан

Бағыты: Математика Бөлімі: Мақала Сыныбы: Барлық сыныптар

Жарияланған уақыты: 2019-01-26


Материал туралы қысқаша түсінік

сабаққа ойн түрлерін қолданғыңыз келсе пйдалануға болады




Математика сабағында ойын элементтерін пайдалану. Ойынсыз ақылойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес.Ойын арқылы оқушыны білім алуға , оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады.Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспеттес. Ойын оқушылардың негізгі ісәрекеті ретінде психологиялық , анатомиялықфизиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады.Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып,адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Қазіргі таңда ойын элементтерін сабақ барысында пайдалану оқушылардың білімді қабылдау қабілетін нақтылап, мазмұнын бала санасына жақындатады.Математика сабағында қазақтың ұлттық ойындары қолданылады. Мысалы,Сақина салу, Ақсүйек, Көкпар ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын.Ойынға толық сынып қатысады.Кестедегі белгісіз сандардың орнына ақсүйек тығылып жатыр.Кім дұрыс шығарса, сол табады.Кім ақсүйекті көп тапса,сол ұтады.Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының ой-өрісін дамытатын Сақина тастау ойыны.Дидактикалық мақсаты: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш фигураларын тақтаға іліп,сақинаны өзі қалаған оқушыға салады.Ойын осылайша жылдам түрде жалғасады.Ойынды басқара жүріп, мұғалім оқушының жеке басының ерекшелігіне, оның санасына, сезіміне, ерікжігеріне, мінезқұлқына ықпал жасайды.Алайда,ойын арқылы есептер мен тапсырмаларды орындау ақылой, адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің мақсаттарына жету үшін пайдалану орынды.Оқушының қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді.Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада:олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады,қабілеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың жан дүниесіне әсер етіп, оның рухани адамгершілік сезімінің дамуына ықпалын тизізеді.Ойындар халық педагогикасының негізі бір саласы ретінде оқушыларға жанжақты білім беруде, олардың өмір тәжірибелерін кеңейтуде, дүниені танып білу қабілеттерін жетілдіруде аса қажетті тәрбие құралдарының бірі.Ойындар отбасы тәрбиесінен бастап мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында, үзілісте де бос уақыттар да өткізілетін ертеңгіліктер мен кештерде дидактикалық, қосымша материал ретінде пайдалану болады.Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақтың түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны.Ойын элементтерін оқу үрдісін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерін де, қайталау сабақтарында пайдалануға болады.Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық тәрбиелік маңызы да арта түседі.Оны тиімді пайдалану сабақтан әсерлігін, танымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығы артады.Тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын, оқушылардың зор ынтасымен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі.Сабақ барысында ойын түрлерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың маңызы зор.Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттерімен қатар білімге, өнерге құштарлығы қалыптасады.Тіпті нашар оқиды ау деген оқушылардың өздері де ойын түрлері араласқан сабаққа зер салып, ынталана түседі.Ойын араласқан жерде жарыс болмай тұрмайды.Оқушы жолдастарынан қалып қоймау үшін сабаққа белсене қатысып, қойылған сұрақтарға жауап іздеп, ойлана бастайды.Сабақтан ойын түрлерін пайдалану оқушының ой –өрісін дамытуға әсер етеді.Педагогика ғылымында оқушының жеке адам ретінде дамуы үшін ойын ерекше орын алады.Ойын бұл жасөспірімнің өзінше еңбегі.Жалпы өмірде ойынның да қоғамдық мәні бар.Ойын әлеуметтік қызмет, ол оқушының жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге, оны өзгертуге құштарлығын арттыратын құрал.Онда екі қызмет: таным және бағдарлық.Ойынның танымдық қызметі тануға деген мүдделікті қалыптастыру, ол бағдарлық қызметке араласуға ынтаны арттырады.Ойын түрлері оқу үрдісінде пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңінде, қайталау сабақтарында пайдалану тиімді.Ойын түрін материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұны неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі.Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, татымдылығын күшейтеді.Оқушының сабаққа ынтасымен қызығушылығын арттырады.Дидактикалық ойындар барлық сыныптарда қолданылады.Ойын үстінде өмірдің өзіндегідей қуанып, ренжиді.Сондықтан мұғалім оқушыны сабаққа талабын шаттандыратындай болу керек.Баланың белсенділігін саналы ойлана білуін,ой өрісінің дамуын, қиындықты жеңу,төзімділікке баулуды үйрету мұғалімнің негізгі міндеті.Сондықтан оқушының сабаққа белсенділігін, ой ұшқырлығын, ынтасын дамытуда ойындардың маңызы зор.

Сабақ барысында оқушының білімін оңайдан қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай, меңгеру үшін ойындар (бинго, асық ойыны, көкпар, балық аулау, бұлт ойыны, қыз қуу, аукцион, саяхат, бақытты сәт,сөзжұмбақтар, логикалық сұрақтар, тест түрлерін) пайдалану.Өз сабағымда мынадай ойын элементтерін қолданамын:1.»Кім шапшаң» ойыны өтілген тақырып бойынша есептеулермен байланысты мысалдар қарастырғанда қолданамын. 2.Сәйкестендіру тесті.3.«Ойлан тап» ойынын бірнеше мысалдар қарастырғанда,соны дұрыс ойлап тапқан оқушыны «Ойшыл» оқушы.4.“Кім жүйрік” ойыны.Ауызша есептерді орындағанда қолданамын.

>







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.