Математика 1 сынып.Логикалық есептер шығару.

0


Математика 1 сынып.Логикалық есептер шығару.

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 1 сынып

Оқу мақсаты: сәйкестік пен ақиқаттықты анықтауға берілген қарапайым логикалық есептерді шығарады.
Барлық оқушылар:
Оқушылардың басым бөлігі:

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Сабақ тақырыбы: Логикалық есеп шығаруМектеп: Күні :Мұғалімнің есімі: СЫНЫП: 1-сыныпҚатысқандар саны: Қатыспағандар саны:Оқу мақсаты:сәйкестік пен ақиқаттықты анықтауға берілген қарапайым логикалық есептерді шығарады.Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар:Ресурстар:3 алма салынған себет;3 түсті парақша;А4 қағазындағы 3х3 кестесі;1 есеп жазылған 3 қағаз;2 есеп жазылған 3 қағаз.Тірек сөздерлогикалық есеп.Сабақтың мақсаты:Көрнекі суреттердің көмегімен шығарылатын логикалық есептермен таныстыру, ойлау қабілеттерін­ арттыру.Сабаққа байланысты деректі материалдарСабаққа қатысты ескертпелер

Логикалық есептер әртүрлі әдіс-тәсілдерді қол­ данып шешуге болатын тапсырмалар болып саналады­. Сонымен бірге оларды шешу үшін стандартты емес тәсілдер қолда­ны­лады:­ салыстыру, болжау, талдау. Бұл сабақта көрнекілікті қолданып, суреттің көмегі­ мен шығарылатын логикалық есептерді шешуге­ көңіл бөлу керек.Блиц-турнирге арналған сұрақтар (сізге өз сұрақ­ тарыңызды қосуға немесе кейбіреулерін өзгертуге болады):— Екі тышқанның неше құлағы бар? (4.)— Екі қонжықтың неше табаны бар? (8.)— Әженің Гүлназ деген немересі, Марғау деген мысығы және Ақтөс деген иті бар. Әженің неше немересі бар? (1.)

— Құстар өзен үстінде ұшып жүр: кептер, шортан, 2 сарышымшық, 2 сұр қарлығаш және 5 мөңке балық. Құстар­ нешеу? Тезірек жауап бер! (5.)— Тәрелкеде үш сәбіз бен төрт алма жатыр. Тәрелкеде­ неше жеміс бар? (4.)— Кіреберісте алты аяқкиім тұр. Бөлмеде неше бала ойнап жүр? (3.)— Ақтөс деген ит күшіктеді: балалары­ның­ біреуі қара, екеуі ақ түсті. Ақтөстің неше күшігі бар? (3.)— Екі сарышымшық, екі сұр қарлығаш және екі сужылан ұшып келді. Менің үйімнің қасында барлығы неше құс болды? (4.)Оқушыларға математикада тапқырлық пен зеректікке арналған есептер болатынын, оларды бірден шығару қиын екенін, ол үшін алдымен ойлану, салыстыру және шығару тәсілін табу қажет екенін айтып түсіндіріңіз.Әр топқа есептерді параққа жазып таратып, талқылауға уақыт беріңіз.1-есеп. Себетте үш алма бар. Үш қызға үш алманы беріңіз, бірақ себетте бір алма қалуы тиіс.Жауабы:бір қызға алманы себетпен бірге беру керек.Оқушыларды жұмыс барысында тапсырманы жақсы орындағаны үшін марапаттап отырыңыз.

2- есеп. Бес қыздың бір-бірден інісі бар. Жанұяда неше бала бар?

Жауабы:6 бала.

Жұмысты бірінші есепті орындағандай жүргізі­ ңіз. Топта талқылауға уақыт беріңіз, ал содан кейінтақтаның алдында көрсетіңіз.Суреттер. Оқушылардан қыздардың аттары кім екенін, олар бұл суретті қайдан көргенін, Әлия туралы ненің белгілі екенін, нені білу керегін сұраңыз. Сұраққа жауапты өз беттерінше іздеу үшін уақыт беріңіз. Оқушылардан олардың сұрақты талқылау барысын сұраңыз: Сара мен Әлия суреттерді журнал мен кітаптан қарады. Әлия кітаптан қараған жоқ, яғни ол журналдан қарады. Олай болса, Сара суретті кітаптан қарады.

Жауабы:Әлия журналдан, Сара кітаптан қараған.

Достар. Оқушылардан тапсырмада неше бала туралы айтылғанын, Асхат, Марат, Ілияс туралы ненің белгілі екенін сұраңыз. Жұппен жұмыс ұйым­ дас­тырыңыз­. Оқушыларға суретпен жұмыс жасауға­ уақыт беріп, содан соң олардың жауабын тыңдаңыз­. Олардан сұрақтарды талқылау барысын айтып беруді сұраңыз.

Жауабы:Асхат — ең ұзыны, одан аласа — Ілияс, ең аласа-сы — Марат.

Орындап көр. Оқушыларға суреттерді қарауға­ уақыт беріңіз және жұпта өзара тексеруді ұйым­ дастырыңыз.

Жауабы:алмасы бар бұтақ; алма салынған ыдыс; алманың дәні.Тілдік құзыреттілікті қалыптастыруҚосымша тапсырмалар

Бұл сабақ “логикалық есеп” деген түсінікке кіріс­ пе сабақ болып саналады. Есепті шешу үшін оқушы­­ лардан есептің шартын анықтауды, сұрағын табуды, дауыстап талдауды, шығару жоспарын құруды­ сұраңыз. “Миға шабуыл” әдісін қолданып, есептің­ шешімі бойынша қанша оқушы өз ойын айта алатынын­ анықтаңыз.Көңілді клоундар.Оқушылар тапсырманы біртіндеп орындайды. Алдымен бояуды ұсыныңыз. Оны орындап болған соң жұппен өзара тексеру жүргізіледі. Сіз тапсырманың­ шартын­ оқыңыз, ал оқушылар оны суретпен салыс­ тырады.Көршілер. Топта оқушыларға өз ойымен бөлісуге мүмкіндік беріңіз. Өздігінен орындағаннан кейін жұппен тексеруді ұйымдастырыңыз. Әр топтың бірнеше оқушысынан нәтижелерін сұраңыз.Жауабы:бірінші үйде — ит, екінші үйде — мысық, үшінші үйде — әтеш.БағалауОқушылар сабақ соңында:көрнекі суреттердің көмегімен қарапайым логи­ калық есептердің шешімін табуды;шешу тәсілдері мен ойлануды меңгереді.Оқушылардың сабақты меңгеру деңгейін бағалау­ үшін сұрақтар қойыңыз:— логикалық есептерді шығару үшін нені орын­ дау қажет?Логикалық есептерді шығару қадамдарын қайта­ лаңыз:— есептің шартын, сұрағын мұқият оқу;— суретін салу немесе есепті ойын түрінде көрсету;— шешу жоспарын құру;— шешудің әртүрлі тәсілдерін іздеу;— есеп шартының орындалғанын (орындалма­ға­­­ нын) тексеру.Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо-йынша­ өзін-өзі бағалатыңыз.


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.