машина тігістерінің түрлері, технологиядан ашық сабақ жоспары

0

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: машина тігістерінің түрлерімен таныстыра отырып, тігістер жасау, үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың ой — өрісін, білімдерін іс жүзінде жүргізуге ықпал ету, жұмысты орындаудағы ептілігін дамыту.
Тәрбиелік: еңбек мәдениетіне, іскерлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, көрсету
Сабақта қолданатын көрнекіліктер: слайд, суреттер, тігін машинасы.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа қатысуды бақылау. Жұмыс киімін оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Өткен сабақты қайталау.
1. Машина тігістерінің сапасына не әсер етеді?
2. Тігін машиналарының бөлшектерін ата?
3. Жіптің тартылуын реттеу?

Тігін машиналарын жұмысқа дайындау: 1) үстіңгі жіпті сабақтау, 2) астыңғы жіпті сабақтау, 3) жіптің тартылуын реттеу.

Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
1. Жұмыс орнын ретке келтіру.
2. Шашты жинап, жеңді қайыру.
3. Машинада тіке, орындыққа толық жайғасып, денені жай ғана еңкейтіп, басты алға қарай иіп отыру керек.
4. Жарық жұмыс орнына сол жақтан немесе алдынан түсуі керек.
5. Тігін машинасын тікелей мұғалімнің жетекшілігімен іске қосу.
6. Машина мен жұмыс орындаушының ара қашықтығы 20 — 30 см
7. Аяқтар толығымен еденде немесе аяқ қойғышта (подставка) орнығуы керек.
8. Машина үстінде артық заттар жатпау қажет.
9. Машина тігісін бастарда бұйымда түйреуіштер немесе инелер болмауы тиіс.
10. Жұмыс бастамай тұрып орналасуын тексеру (табанды реттегіш бұранда жақсы ұстап тұр ма, ине тесігіне тура келе ме).
11. Матаны қойып, табанды түсірмей тігін машинасын жүргізуге болмайды.
12. Тігістерді ауыстырғанда инені жоғары көтеріп қою.

ІІІ. Жаңа тақырып.
1. Қызығушылықты ояту.
Оқушылардың зейінін аудару мақсатында сұрақтар қойып, жауап алынған соң негізгі бөлімге көшеміз.
– Машина бізге не үшін керек?
– Тігу үшін. Біз бұйымды тігу үшін бір ғана тігіс емес бірнеше тігістер қолданамыз. Олай болса біз бүгін тігіс түрлерімен танысамыз.

2. Мағынаны тану.
Тігіс тігетін машиналарда бөлшектерді қосу екі жіптің, ине жібі мен шөлнек жібінің өрілуі арқылы жүреді.
Бір немесе бірнеше материалдар қабатын тігіммен қосудың нәтижесінде тігіс аламыз. Машина ине шаншымдары арқылы сырылған, торланған, аралас, әрлейтін, жапсырма және т. б. әр түрлі тігістерді алуға болады.
3. Машина тігістерінің түрлері.
Киімді дайындау кезінде әр түрлі жұмыстар атқарылады: қолмен тігу, машинамен тігу, ылғалды — жылулық өңдеу.
Машина тігістері қолданылуына байланысты біріктіру, шет және әрлеуші тігіс болып бөлінеді

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!