Машина балабақшадағы ертеңгіліктер
Машина
«Айжұлдыз» мектепке дейінгі кіші орталық
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Машина» өлеңі Н.Әлімқұлов
Тәрбиеші: Рысбаева Баян Рүстемқызы
Қызылорда қаласы
2015 жыл
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Н.Әлімқұловтың «Машина» өлеңі
Мақсаты: Балаларды шағын өлеңді жатқа айтуға дағдыландыру, шығарманың мазмұнын түсініп, қоршаған ортамен байланыстыруға үйрету. Есте сақтау қабілеттерін арттырып, сөздік қорларын молайту , тіл байлығын дамыту. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, жұмбақ, әңгімелеу, көрсету, жаттау, ойын.
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: Бейнетаспа, үнтаспа, ойыншық машина, суреттер, дидактикалық ойындар, жұмыс дәптері.
Сөздік жұмыс: тарт алға, құр босқа, зулаймын.
Билингвалды компонент: көлік-транспорт, машина-машина, жол-дорога, ұшақ-самолет, пойыз-поезд.
Іс-әрекет
кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық -Балалар, бүгін ерекше күн, өйткені біздін топқа көп қонақтар келді. Қонақтарға таңғы сәлемімізді жолдайық.
«Айжұлдыз» атты бақшаның
Тәрбиелі баласы
Алдыменен үлкенмен
Амандасып алады.
Қайырлы таң қонақтар!
Қайырлы таң достарым!
Қош келдіңіздер.
Балалар қонақтарға, достарына таңғы сәлемін жолдайды.
Ұйымдас-тырушылық
ізденістік -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінің қазір қай айы?
-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, шешуін табуға тырысындар.
Жұмбақ.
Төрт аяғы дөңгелек,
Қозғалады орнынан
Жүреді ол дөңгелеп,
Жүйткиді желменен,
Дауысы бар гүрілдек.
(Машина)
-Жарайсындар, дұрыс таптыңдар. Ол-машина. (Қораптан ойыншық машинаны алып көрсетемін)
-Машина қайда жүреді?
-Дұрыс айтасындар, машина жолда жүреді. Машинаның қандай түрлерін білесіңдер?
Ғажайып сәт:
Балаларға бейнетаспа көрсетемін.
Бейнетаспада машина сөйлейді:
-Саламатсыңдар ма, «Балапан» тобының бүлдіршіндері! Мен сендерге тапсырма алып келдім. Мен жайлы тақпақ жаттап үйреніңдер.
-Балалар, машинаның тапсырмасын орындаймыз ба?
-Бүгінгі көркем әдебиет оқу іс-әрекетімізде Нұрсұлтан Әлімқұловтың «Машина» өлеңімен танысамыз.
Машина
Ойыншық машина
Тарт алға асыға
Сенімен тасимын
Көмір мен тасымды.
Құр босқа тұрмаймын
Тек алға зулаймын.
-Балалар өлең не туралы?
-Машинамен не тасиды екен?
Билингвалды компонент: машина-машина, жол-дорога, көлік-транспорт
Сөздік жұмысы:
тарт алға-алға қарай жүру,
құр босқа-босқа қарап тұрмау,
зулаймын-жылдам жүру.
-Енді «Машина» өлеңін жаттап көрейік.
Ойыншық машинаны жүргізіп корсету арқылы өлеңді балаларға қайталатамын.
-Балалар білімімізді кеңейту үшін белсенділік орталықтарға бөлінейік.
Әдебиет орталығы: Н.Әлімқұловтың «Машина» өлеңін жаттау. Кітапшамен жұмыс.
Мақсаты: өлеңді суретпен көрсету арқылы (мнемотехника) және ойыншық машинаны пайдаланып жаттату.
Кітапшада берілген көлік түрлерін жүретін жолына қарай қарындаш арқылы сызып көрсету.
Үстел үсті ойын орталығы: 1.Дидактикалық ойын «Ұшады, жүреді, жүзеді»
Мақсаты: балаларды көліктердің аттарын атап, түрлерін ажыратып, өз орындарына сәйкестендіре орналастыруға үйрету.
2.Үстел үсті ойыны «Машина құрастыр»
Мақсаты: балаларды дайын текшелер мен доңгелектерден машина құрастыруға үйрету.
Өнер орталығы: Жапсыру
«Жүк машинасы»
Мақсаты: балаларды геометриялық пішіндерден жүк көлігін жапсыруға үйрету, ұқыпты жұмыс істеуге дағдыландыру.
Сылдырмақ арқылы балаларды ортаға жинаймын
Сергіту сәті: «Машина» әні
Т.Тұяқбаев
«Бип-бип, бип,»- дейді
«Жолдан былай кет,»- дейді
Күшікті басуға, басуға
Болмайды, болмайды машина.
«Бип-бип, бип,»- дейді
«Жол шетінде күт,»- дейді
Көшеде жүруге асыға
Болмайды, болмайды машина.
-Балалар, бойымызды сергітіп алдық. Енді өздерің қалаған орталықтарыңа барып, жұмыстарыңды жалғастырыңдар. (балалардың ауысымдық жұмыстары.)
Балалар жұмыстарын аяқтаған соң ортаға жинап, қай орталықта қандай жұмыс жасағандарын сұрау.
-Балалар, олай болса қазір «Көлік түрін дауысынан таны» ойынын ойнаймыз.
Дидактикалық ойын: «Көліктің түрін дауысынан таны»
Мақсаты: балаларды көлік түрлерін дауысынан ажыратуға үйрету.
Шарты: балаларға әр-түрлі көліктің суреттері таратылып беріледі. Үнтаспадан көліктердің дауысы тыңдатылады. Қандай көліктің дауысы естілсе, сол көліктің суреті бар балалар карточкаларын көрсетіп, көліктің атын атап орнына апарады.
ұшақ-самолет, пойыз-поезд, кеме-теплоход, машина-машина.
-Балалар ойын ұнады ма?
-Көліктің дауыстарын жақсы ажырата алады екенсіңдер. -Қыс мезгілі.
-Ақпан айы
-Машина .
-Машина жолда жүреді
-Жеңіл машина, жүк машина, автобус.
-Балалар машинаға таңдана қарайды. Бейнетаспадағы машинаның тапсырмасын тыңдайды.
-Ия, орындаймыз.
-Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.
-Машина туралы
-Машинамен көмір, тас тасиды.
-Балалар қайталайды.
-тарт алға-алға қарай жүру,
Балалар сөздердің орыс тіліндегі аудармасын қайталайды.
тарт алға-алға қарай жүру,
құр босқа-босқа қарап тұрмау,
зулаймын-жылдам жүру.
Балалар сөздердің мағынасын түсінеді.
-Балалар өлеңді қайталайды.
-Балалар суреттер арқылы мазмұнын түсініп, жаттайды. Кітапшамен жұмыс жасайды.
Балалар көлік түрлерін ажыратып, өз орындарына сәйкестендіре қояды.
Балалар дайын текшелер мен дөңгелектерден машина құрастырады.
Балалар дайын қиылған пішіндерден машинаны құрастырып, жапсырады.
Балалар өлең сөздеріне сәйкес қимылдар жасайды.
Балалар қалаған орталықтарына барып жұмыс жасайды.
Балалар қай орталықта жұмыс жасағандарын айтады.
Балалар көлік түрлерін дауысына қарай ажыратып, аттарын атап карточкаларын орнына апарып салады.
ұшақ-самолет,
пойыз-поезд,
кеме-теплоход,
машина-машина
-Ойын ұнады.
Рефлексивті түзетушілік -Балалар бүгін біз қандай өлең жаттадық?
-Балалар олай болса бәріміз бірге «Машина» өлеңін қайталайық.
-Балалар бүгін сендер өте жақсы жұмыс жасадыңдар. Жарайсыңдар!
(Бейнетаспадағы машина сөйлейді:
-Жарайсыңдар балалар! Сендер тапсырманы жақсы орындадыңдар. Сендерге әкелген арнайы сыйлығым бар. Сау болыңдар балалар!
-Балалар машина сендерге риза болып, мына сыйлықты беріп кетті.
(Балаларға сыйлықтарын таратып беремін)
Олай болса өзіміздің тақпағымызды айтып, келген қонақтармен қоштасайық.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық! -«Машина» өлеңін жаттадық.
Балалар тәрбиешімен ілесе өлеңді қайталайды.
-Балалар қуана сыйлықтарды қабыл алады.
-Балалар қонақтармен қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: шағын өлеңді жатқа айтуды.
Нені игереді: жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.
Нені біледі: көлік түрлерін ажыратуды
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!