Мәшһүр Жүсіп Көпеев Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі ашық сабақ — Ашық сабақтар

0

Сабақтың тақырыбы: Мәшһүр Жүсіп Көпеев «Қазақ жұртының осы күнгі 
                                           әңгімесі»
Сабақтың мақсаты:
1.    Білімдік. 
а) ақын шығармаларының идеялық көркемдік мәнін түсіндіру;
ә) әдеби – теориялық талдау жасауға үйрету;
б) өлеңдері  туралы білім көзқарастарын жинақтап қорыту.
2.    Дамытушылық. 
а) сұрақ арқылы оқушының ойына қозғау салу, өз бетінше салыстыру, қорытынды жасай білуге дағдыландыру;
ә) оңайдан күрделіге аяқ баса отырып, ой тұжырымдауға дағдыландыру.
3.    Тәрбиелік. 
Адамгершілікке, ізгілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: пысықтау – жинақтау сабағы
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, салыстыру, еркін жазу.
Болжамдаған нәтиже: 
—    өлеңнің мазмұнына талдау жасай алады;
—    ақынның өзіндік стилі мен тілдік ерекшелігін табады.
—    оқушының өзіндік ой-пікірі қалыптасады.
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың көрнекілігі: слайдты суреттер, кестелер.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды түгелдеу.
ІІ. Үй тапсырмасы
1.    Мәшһүр Жүсіп – көп қырлы ғалым тақырыбында ізденіс жасап, пікір ұсыну тапсырылған.

сөзіне түсінік беру керек.
    Оқушылар ізденіп келген тақырыптарында сөйлеп, өз пікірлерін қоса ұсынады.
Мұғалім қорытындылайды.
ҚО -сатысы. Әр заман ойшылдары мен тұлғаларын қандай мәселелер толғандырған?
Идеялар тақтасына жазу.
—    адамгершілік мәселесі;
—    ғылым, білім, өнер;
—    еркіндік, бостандық;
—    ақыл, мінез;
—    имандылық;
—    еңбек;
—    әділеттік.
V –VIII ғ.ғ. Күлтегін жырында
XIV – XVIII ғ.ғ. Асан қайғы үш би
XIX ғ. Зар заман ақындары
XX ғ. Алаш қайраткерлері
XXI ғ. Жаңа толқын-жас талап

МА. Мұғалімнің кіріспе сөзі. 
«… Өзіме көрінемін өзім мінді,
Кісендеп, бекітпедім неге тілді?!
Жасырмай өз ойыма келген сөзді,
Айтайын әңгіме қып сіздерге енді …»

    Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі» шығармасындағы көтерілген қазақ халқына бостандық беру, жер мәселесі, ғылым, білімді үйрету – басты өзегі.
Арада көп жылдар, ғасыр өтсе де, әлі күнге дейін күн тәртібінен түспей келе жатқан тақырып. Ақынның шығармаларында ол үшін, жер үшін, еркіндік пен тәуелсіздік үшін жүргізген күрестердің ерлік шежіресі бар.
    «Әркім өз жанын тірілтуі керек болса, ғұмырын ғылым-білімге сары қылсын. Ғылымға ғұмырын сары қылған адамның жаны тіріліп сыйлы болады.» 
Мәшһүр Жүсіп Көпеев.
(эссе жазбаларынан)
    Бүгін осы аталған тақырыптарда жазылған ақынның өлеңдерін талдаймыз. Бұл өлеңдері «Хан-ахуал», «Тіршілікте көп жасағандықтан тамашалаймыз» атты көлемді шығармаларынан үзінді мәтіндер талданады.
1.    Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі (Сарыарқа кітабынан)
2.    Қара өлең. («Тірлікте көп жасағандықтан …»)
3.    «Жалқаулар» өлеңі
4.    Ғибратнама («Хал-ахуал» кітабынан)
5.    Шайтанның саудасы (мысалдар)

Әр мәтіннен кейін сұрақ -тапсырмалары болады.
1)    Жер мәселесі «Қазақ жұртының осы күнгі мәселесі»
Тапсырма: 
1.    Өлеңдегі отаршылдыққа қарсы айтылған ақын ойын мәтінге сүйене отырып дәлелдеңіз.
2.    Зар заман ақындарының шығармаларымен салыстырыңыз.
2)    Қара өлең 
Тапсырма:
1.    Тірек сөздерді табыңыз. Мәнін ашыңыз.
2.    Елбасының бүгінгі саясатымен үндестігі бар ма?
3)    Жалқаулар туралы айтқаны
1.Жалқау ұғымына қатысты эпитеттерді табыңыз.
2. «Жалқаулық… ойды аяқтаңыз.
   4) Ғибратнама
       1.Астарлы ұғымды білдіретін сөздерді табыңыз, мәнін түсіндіріңіз.
        2. «Қызыл тіл», «Ұзын түн» сөздерінің бір-бірімен байланысты табыңыз.
   5) Шайтанның саудасы (мысалдар)
            Бұл өлең – сатиралық туынды . Себебі … .
    6) Ақының тіл шеберлігі. Әдебиет теориясы.
        1) Әркімнің өз пайдасы ойлағаны,
           Тереңде түсіп жатыр бойлағаны.
        «Бостандық» деген сөзді жоқ қылам деп,
        Аш бөрі бізді жеуден тоймағаны.
         Өлең тармақтарындағы тірек сөздердің мәнін түсіндіріңіз. Дәлелдеңіз.
       2) Ақын өлеңдеріндегі «ұзақ», «түн», «қараңғы», «поселкелер» сөзіне  
         байланысты ойын анықтаңыз.
      3) «Өтірік өрттей лаулап, жанып жатыр,
Ессіз жұрт көбелектей барып жатыр.
Бірін – торғай, біреуін – бөдене қып,
Өзі мен өзін жаулап алып жатыр.»
     а) Ақын дерексіз ұғымды көзге дәл көрсетеді.Себебі …
Қорытындылау. 
Сұрақ: 5 өлеңдегі өзектілік, үндестік, ұқсастық неде деп ойлайсыңдар?

Мәшһүр Жүсіп
 Көпеев.

Ал, Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі ХХІ ғасырда не туралы болмақ?
(оқушы пікірін тыңдау) 
«Еркін жазу» стратегиясы. Білімді болу не үшін қажет? (эссе, өлең, арнау, хат) 
Қорыту:
«Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның жан дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл бір ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді»                                 
                                                                                                           З.Ахметов
Үйге тапсырма: 
          1. «Гүлшат — Шеризат» толық оқып келу.
2.Ақынның тілдік шеберлігі бойынша шешендік толғау, айтыс, жайлы пікір жазып келу.

Бағалау:

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!