Мақала: Шығармашылық жол — асыл дініміздің талабы

0









Мақала: Шығармашылық жол — асыл дініміздің талабы

Автор: Тулегенов Султангазы Есмуратович

Бағыты: Қазақ әдебиеті Бөлімі: Мақала Сыныбы: Басқа

Жарияланған уақыты: 2019-01-30


Материал туралы қысқаша түсінік

Ислам құндылықтарының әлем мәдениеті мен өркениетіне тигізген ықпалы туралы. Орта дәуірлердегі ислам білімінің құлдырауы туралы. Білім, ғылым және шығармашылық ізденістерге ұмтылуға деген харекеттеріміздің ұдайы болуы туралы қасиетті кітабымыз құран өсиеттері мен пайғамбар хадистерінен түсініктемелер.




Шығармашылық жол — асыл дініміздің талабыИслам пайғамбары Мұхаммед (с.ғ.с) бір ғана дінді әкелді. Ал қазіргі уақытта біз Ислам бойынша түрлі бағыттардың барын білеміз. Өз нанымдарын түрлі түсіндірулерге бөлген. Қазіргі таңда мұсылмандар сол рөлді атқара алмай отыр. Тарихқа көз жүгіртсек, бір кездері сол бір өңірлерде орындаған. Бер жағындағы Осман дәуіріндегі кезеңдерді айтсақ та жеткілікті. Нәтижесінде ислам әлсіреп, сол кезеңдегі даму жолына бағыт алған халықтардың, ұттардың құралына айналып шыға келді. Қай кезеңдеде ғылым жолындағы білім бірінші орында тұратынын ескерсек, ол кезеңдеде діни білім бар сауаттылар ислам заңдары мен таныс болғанымен , олар ғылымның жетістіктерін түсінуге қабілеттері айтарлықтай жетпейтін болды. Себебі олардың шығарып отырған фатуаларын, ғылыми білімге қабілетті адамдардың қабылдауы мүмкін еместей деңгейде болды.Ғылымға деген бейтарап қараушылық, қазіргі кедейленген мұсылмандар жағдайының айтарлықтай себепшісі болды. Қазіргі жағдайдағы мұсылмандар тіршілігінің көрінісі сол дәуірлердегі ғылымның жетістіктерін мойын бұра алмауларында жатыр.Орта дәуірдегі еуропа халықтарының ғылыми білімді игерулеріне ислам ғалымдарының еңбектерінің жемісі екенін мынадан аңғара түсеміз. Ислам пайғамбары Мұхаммад (с.ғ.с.) кітап оқуды көп өсиет еткен. «Ғылымды Қытайда болса да игеріңдер» (хадис). Оқуға қажетті білімнің барлығын оқуға, үйренуге шақырған. Әрине бұл жаратушының тапсырмасы еді. Алғашқа дәуірлердегі мұсылмандар грек ғалымдарының,математиктерінің және философтарының еңбектерін сондай-ақ парсылардың, үнділердің,қытайлықтардың еңбектерін оқыған. Сол үшін де ислам әлемінде математика мен ғылымның өрлеуі басталды. Ислам ғалымдары ғылымның тірегін дамытып және жаң пәндерді, астрономия, жаратылыс тану, математиканың жаңа атауларын жасады. Олар есептеулерді жеңілдетіп және олардың көлемін шексіздікке дейін көбейтіп,айналымға сандарды кіргізді.Бертін келе яғни он бесінші ғасырларға таман, мұсылман ғалымдары жоғарыда баяндағанымыздай түрлі ғылымдарды тануда өздеріне шек қоя бастады. Олар осындай бағыттан бас тартқан жағдайда келешектегі өмірде(ахирет) мәртебелі болады деген түсінікте қалып, тек қана діни білімді оқуға көшті. Осылай істеудің барысында ойлай жүйесі керітартпалыққа ұшырады. Ал бұл кезеңде еуропалықтар ғылыми білімді ұғынуда белсенді жұмыс жасай бастаған еді.Мұсылмандар осындай тар ойларының шырмауында жүрген кезде, еуропалықтар өндірістің жаңа әдістерін жасап, өздерінің өрлеуіне шыға бастады. Оның ішінде қаруларды жасап шығаруды, соңынан бар әлемді сол қарумен бас игізуге мүмкіндік алды. Керісінше, мұсылмандар математика сияқты зиялы ғылымдарды оқуды ұмытып, кей жағдайларда мүлде бас тартып, қорғаныс қабілеттерінен әлсіретіп, айырылып қалды. Бұлай мелшиген күйде қалулары, бүгінде ислам жолын қуушылардың немесе қазіргі мұсылмандардың азап шегіп, әр түрлі жағдай бойынша қысым көруінің бірден-бір себепшісі болды.Құранның түпкі және негізгі талаптарын түсінуге және түсіндіріп беруге деген қабілетсіздік, мұсылмандаға көтеген бақытсыздық әкелді.Адам баласының ғылымға деген талпынысы жоқ, талапсыз болған жерде ,кез-келген мәдениетке зиян әкелетіні осы кезеңде бағамдап отырмыз. Бұл мұсылман халықтарының бұл әлемдегі бағытының жоғалтып алуының бір ғана көрінісі.Құранда айтылғандай, егер біз өзімізді,өз өмірімізді өзгертуге талап жасамасақ, онда жаратушымыз біздің қазіргі таңдағы кедейлік жағдайымызды өзгертпейді. Бұл үшін ғылыми білімге талпыну мен шығармашылық іздену үстінде жүруіміз керек-ақ. Жас жеткіншектердің бүгінгі ғылымға деген талпынысы, мүмкін біздерді бұл жағдаяттардан алып шығар. Тек талаптарына жаратушы иеміз көмектессін деп тілек тілейік.Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің оқытушысы С. Төлегенов







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.