Мақала Рухани жаңғыру-заман талбына сай жаңғыру

0







Құрметті ұстаз тілегі сайтының қолданушылары. 05-06.02.2019ж. аралығында сайтта жөндеу жұмыстары жүреді. Сондықтан осы уақыт аралығында сайтта кейбір беттер дұрыс көрінбеуі мүмкін. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Мақала Рухани жаңғыру-заман талбына сай жаңғыру

Автор: Ермекбаева Жауқасын Болатбекқызы

Бағыты: Барлық пәндер Бөлімі: Мақала Сыныбы: Барлық сыныптар

Жарияланған уақыты: 2019-02-06


Материал туралы қысқаша түсінік

Материал рухани жаңғыру туралы жазғысы келетін, білгісі келетін оқушылар мен ұстаздарға көмектеседі деген ойдамын




Рухани жаңғыру-заман талабына сай жаңғыру Биылғы жылы Елбасымыздың «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» мақаласы мазмұны терең, мәнді бағдарлама деуге болады. Рухани жаңғыру-адам баласының оның ішкі әлемінің жаңғыруы.Рухани жаңғыруды өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз.Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай:«Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын». Елбасымыз рухани жаңғырудың бірнеше принциптерін ұсынды. Бәсекеге қабілеттілік.Яғни қазіргі кезде халық бәсекеге қабілеттілік қасиеттерін арттыра отырып жұмыс жасауды қолға алуы керек.Білім саласында да өнімді еңбек етуді талап етеді. Прагматизм.Ұлан-ғайыр даламызды ұтымды пайдалануды көздейді. Әр адам туған жеріне жанашырлықпен, қанағатшылдықпен, үнемдік көзқараспен қараса нұр үстіне нұр болар еді. Ұлттық бірегейлікті сақтау. Елбасымыз үшінші қағидасында ата-дәстүрімізді, халқымыздың асыл мәдениетін сақтауды баса айтты.Рухани жаңғыру деген сөздің өзі-ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Білімнің салтанат құруы. Болашақ-білімді жастардың қолында екенін айта отырып,жастарға сенім артады. Сондай-ақ елімізде бірқатар зияткерлік мектептер мен жоғары деңгейдегі универсиеттер бой түзеді. Сыннан сүрінбей өткен оны дәстүрлерді жаңғырудың басты көзіне айналдыра білуіміз қажет.Озық технологияларды меңгере отырып, сапалы білім нәрімен сусындатып, білімді ұрпақ тәрбиелесек , ең жақсы жетістігіміз сол болмақ. Қазақстан революциялық емес, эволюциялық дамуы. Қазақстан бүгінгідей зайырлы мемлекет болып жету жолындағы өткерген, жүрген жолдардан сабақ ала отырып, революциялық емес, эволюциялық даму қажеттігін айтты. Сананың ашықтығы. Әрбір адам өз ана тілін біліп, құрметтеу керек. Бірақ заман талабына сай ағылшын тілін меңгеру қажет. Ағылшын тілін еркін меңгеру арқылы жаһандық әлемге еркін кірігіп, жұмыс жасау қажеттігін айтып өтті.Ағылшын тілін білу арқылы өз еліңдегі ғана емес, өзге елде не болып жатқандығынан хабардар бола аламыз. Ағылшын тілі-әлемдік кеңістікке еркін қанат қақтыратын тіл. Сондықтан Елбасымыздың меңзеген дара жолымен жас ұрпақты жетелейік!

Жауқазан ЕРМЕКБАЕВА№60 орта мектептің мұғалімі.Арал ауданы,Сазды ауылы







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.