мақала, мәлімет, мақала, жасушаның құрылыс туралы

0
Жасуша (клетка, cellula) – дененің ең кішкене құрылыс бірлігі. Жасушаны зерттейтін ілім – гистология. Жасушалар барлық жануарлар мен өсімдіктер құрылысының дамуы және тіршілік әрекетінің негізі. Жасуша туралы ілімнің негізін қалаушы неміс ғалымы Т. Шванн (1810 — 1882 ж. ж). Т. Шванн 1839 жылы барлық жан — жануарлардың дене құрылысының негізі, олардың құрылыс бірлігі жасуша екенін дәлелдейді.

Жасушалардың түрі мен пішіні әр түрлі болады. Олар сопақ, домалақ және тағы басқа пішіндерде болуы мүмкін. Оның үлкендігі 3 — 7 микроннан 200 мкметрге дейін жетеді. Денедегі ең үлкен жасуша жыныс жасушалары.

Жасуша цитоплазма мен ядродан тұрады.
Ядро (nucleus) – жасушаның негізгі бөлігі. Ол көбіне жасушаның орталығында орналасады. Ядро бір немесе бірнешеу болуы мүмкін. Көбіне жасуша бір ядролы болады. Ядроның да пішіні әр түрлі: домалақ, сопақ, таяқша т. б. болуы мүмкін. Ядроның пішіні оның тіршілік әрекетіне байланысты өзгереді. Ядрода дизоксирибонуклеин қышқылы бар. Дизоксирибонуклеин қышқылында нәсілден нәсілге өтетін хабаршы “ген” сақталады.

Ядроның құрамында оның сұйықтығы – кариоплазма, ядро қабығы және ядрошық болады. Кариоплазма судан, жәй ақуыздан, дизоксирибонуклеин қышқылынан (ДНҚ), калий, кальций, магний иондарынан тұрады.

Ядрошық – жасушаның ең қатты бөлігі. Оның құрамында рибонуклеин қышқылы (РНҚ), дизоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) және ақуыздар болады.

Ядро қабығы ядроны цитоплазмадан бөліп тұрады.

Цитоплазма – жасушаның негізгі бөлігі. Оның құрамында гиалоплазма және органеллалар мен кіріспелер болады. Гиалоплазма гректің “шыны” деген сөзінен шыққан, цитоплазманың негізгі бөлігі. Оның құрылысында тұрақты органеллалар болады. Органеллолар ядро мен цитоплазманың байланысын қамтамасыз етеді, жасушаның қалыпты қызметіне жағдай туғызады. Жасушаның органеллаларына митохондриялар, эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, жасуша орталығы, лизосомдар жатады. Олар жасушада әр түрлі қызмет атқарады. Эндоплазмалық тор ақуыздың синтезделуіне қатынасады, ал митохондриялар протеиндер мен ферменттерге бай. Олар негізінен жасушаның энергия көзі болып саналады. Жасуша орталығы – домалақ дене. Оның ішінде екі қатты дене – центирололар болады. Лизосомдар жасушада фагоцитоз қызметін атқарады. Лизосомдар фагоцитозға қатынасатын лимфоциттерде, моноциттерде, бауыр және жіңішке ішектің жасушаларында көп болады. Гольджи аппаратын 1898 жылы жүйке жасушаларынан тапөан итальяндық ғалым Камило Гольджи құрметіне атаған. Ол барлық жасушада кездеседі. Оның жасушадағы қызметі толық анықталмаған.

Жасушаның цитоплазмасында органеллалармен бірге ақуыз, май, көмірсу, нуклеин қышқылы, ферменттер, бейорганикалық заттар, су, липидтер болады. Цитоплазмада 5%- тен 8 %- ге жуық ақуыз, 1 — 5% көмірсу, 5 — 9% май болады. Су жасушаның 75 — 85% салмағын алады. Бейорганикалық заттар – калий, магний тұздары, нуклеин қышқылдары. Ақуыз жасушадағы су мен тұздар, сонымен бірге оның осмотик қысымын, электрлік зарядын қамтамасыз етеді. Нуклеин қышқылы ақуыздың биосинтезіне қатынасады. Биосинтездің негізінде дененің дамуы, өсу механизмі, нәсілден нәсілге өтетін белгілер қалыпты жағдайда сақталады.

Дереккөз: http://bilimsite.kz/